Жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1724

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні қызмет ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және мемлекеттік органдарды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2001 жылғы 27 желтоқсандағы 
N 1724 қаулысына       
қосымша        

Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      2.  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      3.  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      4.  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Шаруашылық басқармасы     
      5.  Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Өндірістік-пайдалану кәсіпорны
      6.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      7.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Тыл және қамтамасыз ету қызметі
      8.  Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Өндірістік-пайдалану бірлестігі
      9.  Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы 
      10. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұланы"
      11. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы
      12. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Шаруашылық басқармасы

О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2001 года N 1724

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 года N 2335 Z952335_ "О государственном предприятии" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать республиканские государственные предприятия на праве хозяйственного ведения согласно приложению путем преобразования в республиканские государственные казенные предприятия (далее - Предприятия).
      2. Основным предметом деятельности Предприятий определить осуществление эксплуатации служебных зданий и выполнение снабженческих функций государственных органов.
      3. Органам государственного управления Предприятиями в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить уставы Предприятий и обеспечить их государственную регистрацию;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

     5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

     Республики Республики



                                        Приложение



                                        к постановлению Правительства

                                        Республики Казахстан

                                        от 27 декабря 2001 года N 1724



 
 
                                Перечень
          республиканских государственных предприятий на праве
             хозяйственного ведения, реорганизуемых путем
           преобразования в республиканские государственные
                         казенные предприятия
 
      1. Хозяйственное управление Министерства финансов Республики Казахстан
      2. Хозяйственное управление Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
      3. Хозяйственное управление Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
      4. Информационно-презентационный центр Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
      5. Производственно-эксплуатационное предприятие Министерства

 

энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан

     6. Хозяйственное управление Министерства юстиции Республики Казахстан

     7. Служба тыла и обеспечения Агентства Республики Казахстан по

чрезвычайным ситуациям

     8. Производственно-эксплуатационное объединение Министерства

культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан

     9. Дирекция административных зданий Администрации Президента и

Правительства Республики Казахстан Управления Делами Президента Республики

Казахстан

     10. "Улан" Республиканской гвардии Республики Казахстан

     11. Хозяйственное управление Министерства иностранных дел Республики

Казахстан

     12. Хозяйственное управление Министерства государственных доходов

Республики Казахстан


(Специалисты: Склярова И.В.,

              Умбетова А.М.)