Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жамбыл облысының әкіміне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 80 (сексен) миллион теңге, оның ішінде:
Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылындағы аурухана кешенінің құрылысын
аяқтауға - 45 (қырық бес) миллион теңге;
Шу ауданының Көктөбе ауылындағы мектептің құрылысын аяқтауға - 35
(отыз бес) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.