1. Мыналар:
қоса берiлiп отырған Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесi;
қоса берiлiп отырған Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С Школьникке жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1739 қаулысымен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелерiн қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану ережесi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың энергия жүйесiне орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану тәртiбiн реттейдi.
2. Құжаттарды дайындау және ұсыну
2. Тиiстi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi (бұдан әрi - әкiмшi) болып табылатын энергиямен жабдықтау ұйымы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың энергия жүйесiне орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуға орталық мемлекеттiк органдар бөлетiн қаражат мөлшерiнiң есеп айырысуларын;
энергиямен жабдықтау ұйымының орталық мемлекеттiк органдарға берген желiлерге қосылуға арналған техникалық шарттарының көшiрмелерiн ұсынады.
3. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар бойынша қорытынды ұсынады.
4. Энергиямен жабдықтау ұйымының жарғылық капиталындағы үлестi республикалық меншiкке беру - әкiмшi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) және энергиямен жабдықтау ұйымы тараптар болып табылатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтау ұйымының, Комитетке энергиямен жабдықтау ұйымының акциясын, жүзеге асырылған қаржыландыру сомасына беру мiндетi шарттың мiндеттi шарттары болып белгiленсiн. Бұл ретте акцияның бағасы, акцияларды жазылу бойынша таратқан жағдайда, оның бастапқы құнына тең болуы тиiс.
3. Есеп айырысуды жүргізу тәртiбi
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен әкiмшiге "Орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемелер қосу кезiнде энергетикалық қуаттарды қайта құруға және ұлғайтуға қатысуы" республикалық бюджеттiк бағдарламасын iске асыруға қаражат бөледi.
6. Әкiмшi энергиямен жабдықтаушы ұйым ұсынған есептердің және
объектілерді жылу-энергиямен жабдықтау көздеріне қосу туралы кесімнің дұрыстығы туралы уәкілетті органның қорытындысының негiзiнде ақшаны өзiнiң бюджеттiк шотынан энергиямен жабдықтау ұйымының есептiк шотына аударады. <*> Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.14. N 305 қаулысымен. P020305_ 4. Есеп және есептiлiк 7. Әкiмшiнiң бухгалтерлiк есебiнде және есептiлiгiнде қаражаттың бөлiнуi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасына сәйкес көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1739 қаулысымен бекiтiлген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылғаны үшiн қарызын өтеуi қажет орталық мемлекеттiк органдар объектiлерiнiң тiзбесi ___________________________________________________________________________ Астана қаласы ___________________________________________________________________________ !Объектiнiң! Тех.шарттың !Жылу !Электр.!Жиыны ! Жүктемені ! атауы ! күні және !жүкте.!лік. !Млн. ! растайтын ! ! нөмірі !месі !жүкте. !теңге ! құжаттар ! ! !Гкал/ !ме ! ! ! ! !сағ. !кВт ! ! ___________!__________!_____________!______!_______!______!________________ 1. ҚР Қаржы Жеңіс N1591/04-19 2,104 2200 474,14 28.02.00 ж. министрлiгi даңғылын. 12.11.99ж. энергия сарап. дағы N1835/01-18 тау қорытынды. әкімшілік 15.12.99ж. сы. Есептеу корпус "Әдістемеге" сәйкес жүргізілді. ҚР ішкi Манас N880/04-32 2,322 700 154,054 14.05.99ж. істер көшесін. 21.02.01ж. N533 энергия министрлiгi дегі. N505/04-32 сараптау қоры. әкімшілік 02.03.01ж. тындысы. ғимараты Есептеу "Әдістемеге" сәйкес жүргізілді. ҚР Ұлттық 125 - N1333/06 0,24 70 7,46 10.02.00ж. қауiпсiз. орамдағы 01.10.01ж. N1856 энергия дiк Спорт - N5-13-1166 сараптау комитетi сауықтыру 01.10.01ж. қорытындысы. кешені Есептеу "Әдістемеге" сәйкес жүргізілді. 83 - N1997/04-32 1,034 190 38,746 14.12.00ж. орамдағы 02.10.01ж. N3142 энергия 90 пәтерлi N5-22-1164 сараптау тұрғын үй 01.10.01ж. қорытындысы. Есептеу "Әдістемеге" сәйкес жүргізілді. 133 - N1173/07 0,31 46 4,816 29.06.98ж. орамдағы 06.11.00ж. шартқа емхананы N5-14-509 N3 қосымша кеңейту 26.06.00ж. ҚР Прези. Ресми N5-107-835 280 12,3 Есептеу дентiнiң адамдарға 02.11.98ж. "Әдістемеге" Iс арналған сәйкес Басқармасы қонақ үй жүргізілді. "Самал" N1163/01-06 3000 308,484 Есептеу ш/а. 27.09.99ж. "Әдістемеге" сәйкес жүргізілді. ___________________________________________________________________________ Жиыны 1000 ___________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.