Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 626 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекiтiлсiн.
      Ескерту. Кіріспеге және 1 тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметінің              
2002 жылғы 19 қаңтардағы       
N 62 қаулысымен           
бекiтiлген              

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
құралдарының жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру
ережесi

       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметінің  
                                            2002 жылғы 19 қаңтардағы
                                                 N 62 қаулысымен   
                                                      бекiтiлген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары

       Ескерту. Ставкалары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1345 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметінің
                                           2002 жылғы 19 қаңтардағы
                                               N 62 қаулысымен
                                                    бекiтiлген

         Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен
         жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат
                        етiлген өлшемдерi

         1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi

      1. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік өлшемдері мен басқа да сызықтық мөлшерлері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
      1) рұқсат етілген ұзындығы:
      жүк автомобилі                                           12
      тіркеме                                                  12
      екі білікті автобустар                                   13,5
      екі біліктен артық біліктері бар автобустар              15
      буындастырылған автобус                                  18
      буындастырылған автокөлік құралы                         24
      автопоездар                                              24;
      2) рұқсат етілген ені:
      барлық автокөлік құралдары                               2,55;
      автокөлік құралдарының изотермиялық қораптары            2,6;
      3) рұқсат етілген биіктігі:
      барлық автокөлік құралдары                               4,0.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.06 N 1406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды.
      3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің бiлiгi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара
қашықтық 12 метрден аспауы тиiс.
      5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық бiлiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс.
      6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс.        7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс.
     8. Жүк автомобилiнiң артқы бiлiгi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс.
     9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң бiлiгi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс.
     10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
     әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар;
     алдыңғы бетiндегi және бүйiрiндегi таңбалаушы тiлiмшелер;
     пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
     брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
     электр жарығына арналған жабдықтар;
     артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар;
     ауаарна түтiкшелерi;
     тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары;
     қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн көтергiш;
     жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас жабдықтар.
     11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған:
     антенналар;
     көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс.
     Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс.
     12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi:
      пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
     брезенттi бекiту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар;
     автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар;
     кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi;
     жарықтандыру жабдықтары;
     жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар;
     артты шолу айналары;
     шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары;
     көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе баспалдақтар;
     автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып тұрған қисық бөлiгi.

     2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары

      13. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтары төменде келтірілген мәннен (тоннамен) аспауы тиіс:
      1) жеке автокөлік құралдары:
      екі білікті                                              18
      үш білікті                                               25
      төрт білікті                                             32
      бес білікті                                              38
      алты және одан да көп білікті                            44
      әуе немесе оған балама аспасы бар автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмағы бір тоннаға ұлғаяды;
      2) құрамдастырылған автокөлік құралының бөлігін құрайтын автокөлік құралдары:
      екі білікті тіркеме                                      18
      үш білікті тіркеме                                       24
      төрт білікті тіркеме                                     32;
      3) құрамдастырылған автокөлік құралдары:
      ершікті автопоездар:
      екі білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш    36
      үш білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш     38
      екі білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш     38
      үш білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш      38
      төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш    44
      төрт білікті жартылай тіркемесі бар төрт білікті тартқыш  48;
      4) автобустар:
      екі білікті                                               18
      үш білікті                                                24
      топсамен буындастырылған үш білікті                       28
      топсамен буындастырылған төрт білікті                     28.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.06 N 1406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген бiлiкке түсетiн жүктемелерi

      14. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген біліктік жүктемелері төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
      1) дара білік үшін (жақын орналасқан біліктердің арасындағы арақашықтық 2,0 метрден асқан кезде)                            10;
      2) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктер арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 12,0
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 14,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,0
      1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
      3) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 14,0
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 16,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                18,0-ден аспауы тиіс;
      4) бір қатарлы немесе қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған бір көтеру (ленивтік) білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 11,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 13,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               15,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
      5) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 16,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 19,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               22,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                24,5-ден аспауы тиіс;
      6) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 17,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 21,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               24,0
      1,8 метрден 2 метрге дейін                26,5-ден аспауы тиіс;
      7) бір қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,10
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7
      1,8 метрден 2 метрге дейін                                 7,5
      болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
      8) қос қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                                 8
      болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.06 N 1406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14-1. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.
      Ескерту. 3-бөлім 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.06 N 1406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi бiлiгiне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.
      16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.
      17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн
анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi.
      Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметінің
                                          2002 жылғы 19 қаңтардағы
                                              N 62 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 шілдедегi N 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 379-құжат) 1-тармағы.
      6. "Қалжат" өткiзу пунктi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қапланбек" өткiзу бекетiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 234-құжат) 1-тармағы.

Об утверждении допустимых параметров автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2002 года № 62. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 626

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 626 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 342

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" Правительство Республики Казахстан постановляет:
       Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009).
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) (Исключен - постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009) ;
      2) (Исключен - постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009) ;
      3) допустимые параметры автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009).
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерству внутренних дел Республики Казахстан принять необходимые меры для реализации настоящего постановления.
      3. (Исключен - постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009)
      4. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                        Утверждены
                                 постановлением Правительства
                                      Республики Казахстан
                                   от 19 января 2002 года N 62

      Правила проезда автотранспортных средств по территории
     Республики Казахстан и выдачи разрешительных документов

       Сноска. Правила исключены (см. пп.1) п.1) постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009).

                                    Утверждены
                             постановлением Правительства
                                 Республики Казахстан
                             от 19 января 2002 года N 62

        Ставки сбора за проезд автотранспортных средств по
                территории Республики Казахстан

       Сноска. Ставки сбора исключены (см. пп.2) п.1) постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1345 (вводится в действие с 01.01.2009).

                                               Утверждены
                                       постановлением Правительства
                                          Республики Казахстан
                                       от 19 января 2002 года N 62

            Допустимые параметры автотранспортных средств,
         предназначенных для передвижения по автомобильным
                   дорогам Республики Казахстан

         1. Допустимые габариты автотранспортных средств

      1. Допустимые габаритные параметры и другие линейные размеры автотранспортных средств не должны превышать приведенные ниже значения (в метрах):
      1) допустимая длина:
      грузового автомобиля                                         12
      прицепа                                                      12
      двухосных автобусов                                        13,5
      автобусов, имеющих более чем две оси                         15
      сочлененного автобуса                                        18
      сочлененного автотранспортного средства                      24
      автопоезда                                                  24;
      2) допустимая ширина:
      всех автотранспортных средств                             2,55;
      изотермических кузовов автотранспортных средств            2,6;
      3) допустимая высота:
      всех автотранспортных средств                              4,0.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 06.11.2012 № 1406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      2. Допустимые размеры автотранспортных средств, указанные в пункте 1 настоящей части, включают в себя размеры съемных кузовов и тары для грузов, включая контейнеры.
      3. Автотранспортное средство при движении должно обеспечивать возможность поворота в пределах пространства, ограниченного внешним радиусом 12,5 метров и внутренним радиусом - 5,3 метра.
      4. Допустимое расстояние между осью запора сцепного устройства и задней частью комбинированного автотранспортного средства не должно превышать 12 метров.
      5. Допустимое расстояние, измеренное параллельно продольной оси автопоезда, от внешней передней точки кузова или платформы для установки груза за кабиной до задней внешней точки прицепа, за вычетом расстояния между задней частью тягача и передней частью прицепа, не должно превышать 17 метров.
      6. Допустимое расстояние, измеренное параллельно продольной оси автопоезда, от внешней передней точки кузова или платформы для установки груза за кабиной до задней внешней точки полуприцепа не должно превышать 16,4 метра.
      7. Установленный в кузове автотранспортного средства груз не должен выступать за заднюю внешнюю точку автомобиля или прицепа более чем на 2 метра.
      8. Расстояние между задней осью грузового автомобиля и передней осью прицепа должно быть не менее 3 метров.
      9. Горизонтально измеренное расстояние между осью шарнирного крепления полуприцепа и любой точкой передней части полуприцепа не должно превышать 2,04 метра.
      10. При измерении длины автотранспортного средства не учитываются следующие устройства, смонтированные на автотранспортном средстве:
      устройства для очистки стекол и брызговики;
      фронтальные и боковые маркировочные пластины;
      устройства для пломбирования и защитные приспособления для них;
      устройства для закрепления брезента и защитные приспособления для них;
      оборудование для электроосвещения;
      зеркала задней обзорности и приспособления для обзора пространства за автомобилем;
      воздуховодные трубки;
      длины клапанов и разъемов для соединения с прицепами или съемными кузовами;
      ступени для доступа в кузов, подъемник для запасной автопокрышки;
      подъемные платформы, ступени для доступа и иное аналогичное оборудование, не превышающее в рабочем положении 200 миллиметров и выполненное таким образом, чтобы оно не могло увеличивать предельную массу загрузки автомобиля, установленную изготовителем.
      11. При измерении высоты автотранспортного средства не должны учитываться смонтированные на автотранспортном средстве:
      антенны;
      пантограф в поднятом положении.
      Для автотранспортных средств, имеющих устройство для подъема оси, должен учитываться эффект от воздействия этого устройства.
      12. При измерении ширины автотранспортного средства не учитываются следующие устройства, смонтированные на автотранспортном средстве:
      устройства для пломб, печатей и защитные приспособления к ним;
      устройства для закрепления брезента и защитные приспособления к ним;
      устройства для опознавания повреждения автопокрышек;
      выступающие части брызговиков;
      осветительное оборудование;
      ступени подвесные платформы и иное аналогичное оборудование, которое в рабочем положении выступает не более чем на 10 миллиметров с каждой стороны транспортного средства, у которых обращенные вперед или назад углы ступеней имеют радиус закругления не менее 5 миллиметров, а их кромки - радиус закругления не менее 2,5 миллиметров;
      зеркала заднего обзора;
      индикаторы давления в шинах;
      втягивающиеся или убирающиеся в транспортном положении ступени или лестницы;
      искривленная часть поверхности автопокрышки, выступающая за точку ее контакта с поверхностью дороги.

              2. Допустимые массы автотранспортных средств

      13. Допустимая масса автотранспортных средств не должна превышать приведенные ниже значения (в тоннах):
      одиночные автотранспортные средства:
      двухосные                                                    18
      трехосные                                                    25
      четырехосные                                                 32
      пятиосные                                                    38
      с шестью и более осями                                       44
      допустимая масса автотранспортных средств, имеющих воздушную или эквивалентную ей подвеску, увеличивается на одну тонну;
      2) автотранспортные средства, образующие часть комбинированного автотранспортного средства:
      двухосный прицеп                                             18
      трехосный прицеп                                             24
      четырехосный прицеп                                         32;
      3) комбинированные автотранспортные средства:
      седельные автопоезда:
      двухосный тягач с двухосным полуприцепом                     36
      двухосный тягач с трехосным полуприцепом                     38
      трехосный тягач с двухосным полуприцепом                     38
      трехосный тягач с трехосным полуприцепом                     38
      трехосный тягач с четырехосным полуприцепом                  44
      четырехосный тягач с четырехосным полуприцепом              48;
      4) автобусы:
      двухосный                                                    18
      трехосный                                                    24
      трехосный шарнирно сочлененный                               28
      четырехосный шарнирно сочлененный                           28.
      Сноска. Пункт 13 в редакции постановления Правительства РК от 06.11.2012 № 1406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

         3. Допустимые осевые нагрузки автотранспортных средств      

      14. Допустимая осевая нагрузка автотранспортных средств не должна превышать приведенные ниже значения (в тоннах):
      1) для одиночной оси (при расстоянии между ближайшими осями более 2,0 метров)                                                 10;
      2) для сдвоенных осей грузового, специализированного и специального автомобиля, автобусов, прицепов или полуприцепов с односкатными колесами сумма осевых масс не должна превышать при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                    12,0
      от 1 метра до 1,3 метра                                    14,0
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                  16,0
      от 1,8 метра до 2 метров                                  17,5;
      3) для сдвоенных осей грузового, специализированного и специального автомобиля, автобуса, прицепов или полуприцепов с двухскатными колесами сумма осевых масс не должна превышать при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                    14,0
      от 1 метра до 1,3 метра                                    16,0
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                  16,5
      от 1,8 метра до 2 метров                                  18,0;
      4) для сдвоенных осей грузового, специализированного и специального автомобиля, автобуса, прицепов или полуприцепов с односкатными или двухскатными колесами при одной подъемной оси (ленивец) сумма осевых масс не должна превышать при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                    11,5
      от 1 метра до 1,3 метра                                    13,5
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                  15,5
      от 1,8 метра до 2 метров                                  17,5;
      5) для строенных осей грузового, специализированного и специального автомобиля, прицепов или полуприцепов с односкатными колесами сумма осевых масс не должна превышать при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                    16,5
      от 1 метра до 1,3 метра                                    19,5
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                  22,5
      от 1,8 метра до 2 метров                                  24,5;
      6) для строенных осей грузового, специализированного и специального автомобиля, прицепов или полуприцепов с двухскатными колесами сумма осевых масс не должна превышать при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                    17,5
      от 1 метра до 1,3 метра                                    21,0
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                  24,0
      от 1,8 метра до 2 метров                                  26,5;
      7) для грузового, специализированного и специального автомобиля, прицепов или полуприцепов, а также смежных осей прицепов или полуприцепов с количеством осей более трех с односкатными колесами сумма осевых масс не должна превышать нагрузку из расчета на каждую ось, при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                       5
      от 1 метра до 1,3 метра                                    6,10
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                     7
      от 1,8 метра до 2 метров                                   7,5;
      8) для грузового, специализированного и специального автомобиля, прицепов или полуприцепов, а также смежных осей прицепов или полуприцепов с количеством осей более трех с двухскатными колесами сумма осевых масс не должна превышать нагрузку из расчета на каждую ось, при расстояниях между осями:
      от 0,5 метра до 1 метра                                     5,5
      от 1 метра до 1,3 метра                                     6,5
      от 1,3 метра до 1,8 метра                                   7,5
      от 1,8 метра до 2 метров                                     8.
      Сноска. Пункт 14 в редакции постановления Правительства РК от 06.11.2012 № 1406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      14-1. Одиночной осью автотранспортного средства считается ось, расположенная на расстоянии более 2,0 метров до ближайшей оси этого автотранспортного средства.
      Сноска. Допустимые параметры дополнены пунктом 14-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 06.11.2012 № 1406 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      15. Вес, передающийся на ведущую или ведущие оси автомобиля или комбинированного транспортного средства, не должен быть менее 25 % суммарного веса автомобиля или комбинированного автотранспортного средства.
      16. Весовые нагрузки могут быть уменьшены в связи с погодно-климатическими условиями на участках дорог с низкой несущей способностью покрытий по решению уполномоченного государственного органа.
      17. При определении весовых и габаритных параметров автотранспортных средств учитывают установленные погрешности измерительного оборудования.
      При этом погрешность толкуется в пользу перевозчика.    

                                               Приложение к   
                                   постановлению Правительства
                                       Республики Казахстан
                                   от 19 января 2002 года N 62

Перечень
утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 апреля 1995 года N 557 P950557_ "О мерах по развитию и совершенствованию организации международных автомобильных перевозок в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 14, ст. 169).
      2. Пункт 38 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан 20 августа 1996 года N 1031 P961031_ "О внесении изменений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 35, ст. 327).
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1397 P981397_ "О сборах за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан".
      4. Подпункты 1) и 3) пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 26 мая 1999 года N 643 P990643_ "Отдельные вопросы регулирования проезда автотранспортных средств по территории Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 22, ст. 219).
      5. Пункт 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2000 года N 1125 P001125_ "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 31, ст.379).
      6. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2000 года N 1897 P001897_ "О пункте пропуска "Кольжат" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 55, ст. 612).
      7. Пункт 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2001 года N 669 P010669_ "Об организации пункта пропуска "Капланбек" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 19, ст. 234).