Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес, төменде көрсетілген лауазымды
адамдардың отставкаға кетуін қабылдамау жөніндегі шешімнің қабылдануына
байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне мыналар
тағайындалсын:
Баймағамбетов Серік Нұртайұлы - вице-министр;
Власов Николай Афанасьевич - вице-министр;
Отто Иван Иванович - вице-министр.
2. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағына сәйкес және жазбаша өтініштері негізінде мыналардың отставкаға кетуі қабылдансын және атқарған қызметтерінен босатылсын:
Молдияр Молыбайұлы Оразалиев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
бірінші вице-министрі;
Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсеков - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
вице-министрі.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне мыналар
тағайындалсын:
Василий Васильевич Симачев - бірінші вице-министр;
Мұрат Ермұқанұлы Аманбаев - вице-министр, ол бұрынғы атқарған
қызметінен босатылсын;
Мерзатдинов Ерғали Серікбайұлы - вице-министр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.