"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Z010149_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2002 жылға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,14 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.