Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жануарлар мен құстардың айрықша қатерлі аурулары жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылсын.
2. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық ветеринариялық зертхананы ұстауға әрі материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604
қаулысымен
.