"Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 417

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  Жарлығына  сәйкес және Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) мүлiк кешенi ретiнде белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн. 
      3. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1) <*>
      2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттері мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 153-жол алынып тасталсын; 
      3) <*>
       Ескерту. 1,3)-тармақшаларының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

О передаче Республиканского государственного предприятия "Казахский государственный цирк" из республиканской собственности в коммунальную собственность города Алматы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2002 года N 417

      В соответствии с Указом  Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 19 июня 1995 года N 2335 "О государственном предприятии" и с учетом предложения акима города Алматы Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Передать в установленном порядке из республиканской собственности Республиканское государственное предприятие "Казахский государственный цирк" Комитета культуры Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан (далее - Предприятие) как имущественный комплекс в коммунальную собственность города Алматы.

      2. Комитету культуры Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан, Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с акимом города Алматы в установленном законодательством порядке обеспечить передачу Предприятия в коммунальную собственность.

      3. Акиму города Алматы в установленном порядке принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) (исключен)
      2) в постановление  Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 1998 года N 1141  "О видах государственной собственности в отношении организаций и объектов, расположенных на территории города Алматы" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 41, ст. 371):
      в Перечне организаций, а также объектов государственного нежилого фонда, остающихся в государственной республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением, строку, порядковый номер 153, исключить;
      3) (исключен) <*>

      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 24 ноября 2003 г. N 1172  .

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан