Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы жылдық есептi
бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы 2001 жылғы жылдық есептi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 U010543_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы жылдық есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002 жылғы 1 мамырға дейiнгi
мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2001 жылғы жылдық есеп және
сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз
етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, 2002 жылғы ___ сәуір
N ____
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы "___"_______
N ____ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы 2001 жылғы жылдық есеп
1-бөлiм. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ
ТYСIМДЕРI ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ
ЕСЕП
---------------------------------------------------------------------------
р/с! ! Сомасы
N ! ! (мың теңге)
---------------------------------------------------------------------------
1 Қордың есептi кезеңнiң басындағы ақшалай қаражаты
БАРЛЫҒЫ: -
2 Түсiмдер БАРЛЫҒЫ: 197353993
Оның iшiнде:
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы: 67777053
қосылған құн салығы 16859
үстеме пайдаға салынатын салық -
бонустар 72291
роялтилер 20662540
жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмдi бөлу
жөнiндегi Қазақстан Республикасының үлесi -
ресми трансферттер -
Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кiрiстер 10096227
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер 98729023
3 Пайдаланылуы БАРЛЫҒЫ: 7546324
Оның iшiнде:
бюджеттердiң шығындарын өтеу 7509108
мақсатты трансферттер -
Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті
жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу 37216
4 Қордың есептi кезеңнiң аяғындағы ақшалай қаражаты
БАРЛЫҒЫ: 189807669
---------------------------------------------------------------------------
2-бөлiм. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН
СЕНIМДI БАСҚАРУ ЖӨНIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ БАНКIНIҢ ҚЫЗМЕТI ТУРАЛЫ ЕСЕП
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН СЕНIМДI БАСҚАРУ
НӘТИЖЕЛЕРI ТУРАЛЫ ЕСЕП
---------------------------------------------------------------------------
р/с! ! Сомасы
N ! ! (мың теңге)
---------------------------------------------------------------------------
1 Қор активтерiнiң есептi кезеңнiң басындағы
нарықтық құны: -
2 Қордың операциялары бойынша кірiстер: 10096227
2.1 бағалы қағаздардың және басқа да қаржы
құралдарының ағымдағы құнының өзгеруiнен
алынатын кiрiстер 2373152
2.2 бағалы қағаздарды және басқа да қаржы
құралдарын сатып алу-сатудан алынатын кiрiстер 1450448
2.3 акциялар бойынша дивидендтер түрiндегi кірістер -
2.4 сыйақы түрiндегi кiрiстер 809180
2.5 валюталық бағамның өзгеруi нәтижесінде туындаған
он бағамдық айырма 5463447
2.6 сыртқы басқаруға берілген активтер бойынша кiрістер -
3 Қорды басқару жөніндегі шығыстар: -
3.1 бағалы қағаздардың және басқа да қаржы
құралдарының ағымдағы құнының өзгеруiнен
болатын шығыстар -
3.2 бағалы қағаздарды және басқа да қаржы
құралдарын сатып алу-сатудан болатын шығыстар -
3.3 валюталық бағамның өзгеруi нәтижесiнде
туындаған терiс бағамдық айырма -
4 Қор активтерiнің есептi кезеңнiң аяғындағы
нарықтық құны: 187221885
---------------------------------------------------------------------------
3-бөлiм. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН
БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕКТЕР
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын қалыптастыру көздерi
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының (бұдан әрi - Қор) жұмыс iстеу кезеңiнде оған түсетiн түсiмдердiң негiзгi үлесi "Теңiзшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне мемлекеттiк үлестi сатудан түсетiн қаражаттың есебiнен қалыптастырылды, оның сомасы капиталдандыруды ескере отырып, 674378570,70 АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа, Қордың жұмыс iстеу сәтiнен бастап 2002 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың шотына ұлттық валютада 88528,7 млн. теңге түстi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың шотына түскен шетел валютасында есептелген теңгенi АҚШ долларына айналдыруды мезгiл-мезгiл жүргiзiп отырды.
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен 82257689 мың теңге сомасында шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң 2001 жылға арналған түсiмдердiң жылдық көлемi, оның iшiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне 51765715 мың теңге және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне 30491974 мың теңге бекiтiлдi. 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан iс жүзiнде 163477326
мың теңге түстi, оның iшiнде республикалық бюджетке 47155542 мың теңге
және жергілiктi бюджеттерге 27793041 мың теңге есепке алынды. Нәтижесiнде
шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн түсiмдердiң сомасы 88528743 мың
теңгенi құрады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң өтемақысы
Қордан толық көлемде өтелдi және 7509108 мың теңгенi құрады, оның iшiнде:
Ақтөбе - 2632185
Атырау - 74850
Шығыс Қазақстан - 1141049
Батыс Қазақстан - 1840223
Қарағанды - 412491
Маңғыстау - 1408310
Салықтардың түрлерi бойынша Қорға түсетiн қаражат түсімдерiнiң
құрылымы тұтас алғанда 2001 жыл үшiн мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
---------------------------------------------------------------------------
Салықтық төлемдердiң түрi ! Сомасы ! Жалпы көлемдегi
! (мың теңге) ! үлес (%)
---------------------------------------------------------------------------
Заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығы 48679078 54,99
Резидент заңды тұлғалардан
алынатын, төлем көзiнен
ұсталатын табыс салығы 4625192 5,22
Резидент емес заңды тұлғалардан
алынатын, төлем көзінен
ұсталатын табыс салығы 14472783 16,35
Барлығы заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығы 67777053 76,56
Қосылған құн салығы 16859 0,02
Бонустар 72291 0,08
Роялтилер 20662540 23,34
БАРЛЫҒЫ (өтеудi есепке алмай) 88528743 100,0
---------------------------------------------------------------------------
Шикiзат секторы ұйымдарынан Қорға түсетiн түсiмдердің негiзгi бөлiгiн - 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейiн үлесi түсiмдердiң жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және 14472 мың теңге сомасындағы немесе түсiмдердiң жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы түсiмдердiң жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар - 0,08%-ын және қосылған құн салығы (бұдан әрi - ҚҚС) - 0,02%-ын құрады.
Шикiзат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының
жоспары 60411610 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзiнде 104010265 мың
теңге түстi, ол 172,2%-ды құрады. Қорға жоспардан тыс төлемдер түрiнде
48679078 мың теңге табыс салығы аударылды. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және
Батыс Қазақстан облыстарының шикiзат секторы ұйымдары - заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығы бойынша жоспар орындалған жоқ, осыған байланысты
салықтың осы түрi бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң
шығындарын өтеу 5280423 мың теңгенi құрады. Кәсіпорындар бөлiнiсiнде табыс
салығы жоспарының орындалуын талдау мынадай көрсеткiштермен сипатталады:
---------------------------------------------------------------------------
! Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
! (мың теңгемен)
Ұйымның атауы !---------------------------------------------------
! Жоспар ! iс жүзiндегi ! ауытқ. ! Ұлт. қорға
! ! ! ! түскенi
---------------------------------------------------------------------------
Ақтөбе
"Ақтөбемұнайгаз СНПС"
ААҚ 3569700 1535184 -2034516 198729
"Дөң кен байыту к-ты"
ААҚ 1180000 1050964 -129036 189282
облыс бойынша жиыны 4749700 2586148 -2163552 388011
Атырау
"Теңiзшевройл БК" ЖШС 20725864 42590018 21864154 21545143
"Қазақойл-Ембi" ААҚ 2956966 4108118 1151152 1470163
облыс бойынша жиыны 23682830 46698136 23015306 23015306
Шығыс Қазақстан
"Қазмырыш" ААҚ 5045000 4670159 -374841 566208
облыс бойынша жиыны 5045000 4670159 -374841 566208
Батыс Қазақстан
"Қарашығанақ Петр. Опер. 253000 0 -253000 0
Б.В."
облыс бойынша жиыны 253000 0 -253000 0
Қарағанды "Қазақмыс" ААҚ 10450000 12324210 1874210 2227733
облыс бойынша жиыны 10450000 12324210 1874210 2227733
Қызылорда "Харикейн 4997580 10065893 5068313 5068313
Құмкөл Мұнай" ААҚ
"Торғай Петролеум" ЖАҚ 2363500 3972525 1609025 1609025
облыс бойынша жиыны 7361080 14038418 6677338 6677338
Маңғыстау "Маңғыстау. 3250000 14228532 10978532 10978532
мұнайгаз" ААҚ
"Өзенмұнайгаз" ААҚ 4553188 8397850 3844662 4825950
"Қаражанбасмұнайгаз" ААҚ 1066812 1066813 1
облыс бойынша жиыны 8870000 23693195 14823195 15804482
Түсімдердің барлығы 60411610 104010266 43598656 48679078
---------------------------------------------------------------------------
"Ақтөбемұнайгаз СНПС" ашық акционерлiк қоғамы бойынша табыс салығының жоспары жасалған келiсiм-шарт бойынша осы кәсiпорынның құрылыс бойынша шығындарды шегерiмдерге жатқызуы нәтижесiнде 2034516 мың теңгеге орындалған жоқ. Сол сияқты "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының жоспары мырышқа экспорттық бағаның 1049 $/т-дан 772 $/т-ға төмендеуiне байланысты 374841 мың теңгеге орындалған жоқ.
Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы 4625192 мың теңге сомасында түстi, ол жоспардан тыс төлемдер ретiнде Қорға толығымен есепке алынды. Осыған ұқсас 14472783 мың теңге мөлшерiнде резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы Қорға есепке алынды.
ҚҚС жоспары 233000 мың теңге мөлшерiнде Ақтөбе облысы ("Дөң кен-байыту комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы) үшiн ғана бекітiлдi, ҚҚС түсiмдерiнiң iс жүзiндегi көлемi 169238 мың теңгенi немесе 72,6%-ды құрады, оның iшiнде 16859 теңге Қорға есепке алынды. 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап Ресеймен тауар айналым бойынша "тағайындалу елi" қағидатымен ҚҚС алуға көшуге байланысты 63762 мың теңге сомаға ҚҚС жете түскен жоқ. Республикалық бюджетке түсетiн өтем сомасы 80621 мың теңгенi құрады.
Бонустар бойынша жоспар 149700 мың теңге мөлшерiнде, оның iшiнде "Қазақойл-Ембі" ашық акционерлiк қоғамы және "Торғай Петролеум" жабық акционерлiк қоғамы 4850 мың теңгеден бекiтілдi. "Торғай Петролеум" жабық акционерлiк қоғамы бойынша ғана iс жүзiнде 147141 мың теңге түстi, оның iшiнде Қорға 72291 мың теңге есепке алынды. Келiсiм-шарт бойынша өндiру көлемi жоспарының орындалмауына байланысты "Қазақойл-Ембi" ашық акционерлiк қоғамынан алынатын бонустардың түсiмi болған жоқ, сондықтан Атырау облысының шығынын өтеу 74850 мың теңгенi құрады.
Шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын роялтидің жоспары 18601686 мың теңге мөлшерiнде бекiтiлдi, iс жүзінде 38778236 мың теңге түстi, ол 208,5%-ды құрады. Қорға жоспардан тыс төлем түрiнде 20662540 мың теңге роялти аударылды. Республикалық бюджеттiң шығынын өтеу 485990 мың теңге мөлшерiнде өтелдi.
Жасалған келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының үлесi түсiмдерiнiң жоспары тек Батыс Қазақстан облысы бойынша 2861693 мың теңге мөлшерiнде ғана жеткiзiлген. Төлемнiң осы түрi бойынша iс жүзiнде 1274470 мың теңге немесе 44,5% түстi. Ресеймен ҚҚС алу амалының реттелмеуiне байланысты Батыс Қазақстан облысының бюджетiне Қордан өтелген 1587223 мың теңге жете түскен жоқ.
2. Қордың шығыстары
Қордың есебiнен есептi кезеңде мынадай шығыстар жүргiзiлдi:
республикалық және жергiлiктi бюджеттерге шығындарды өтеу түрiнде (шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi сомасының арасындағы айырма) 7509107631,83 теңге, оның iшiнде республикалық бюджетке 4710173888,36 теңге және жергiлiктi бюджеттерге 2798933743,47 теңге аударылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 қаулысымен мақұлданған Сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Қорды басқарғаны үшiн сыйақы түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 37216032,45 теңге аударылды.
Бұдан басқа, 2001 жылдың 4-тоқсанына төлеуге Қорды сенiмдi басқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 35226 мың теңге сомасында комиссиялық сыйақы, заң кеңесшiсi қызметтерiне 826 мың теңге есептелдi.
Алматы қаласы 2002 жылғы 16 ақпан N 56
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенiмгерлiк басқару кезiнде инвестициялық
операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi туралы
2001 жылғы есептi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 655 P010655_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шартын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару кезiнде
инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi туралы 2001 жылғы есеп
бекiтiлсiн.
2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.) осы қаулы
қабылданған күннен бастап үш күндiк мерзiмде оны және Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару кезiнде инвестициялық
операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi туралы 2001 жылғы есептi Қазақстан
Республикасының Yкiметiне жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Ұлттық қордың 2001 жылғы есебi
1. Мақсаты және ұйымдастыру
1.1. Ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi "Қор") Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 тамыздағы N 402 U000402_ Жарлығымен елiмiздiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшiн қаржылай қаражат жинақтау (жинақ қызметi) және экономиканың жағымсыз сыртқы факторлардың ықпалына тәуелдiлiгiн азайту (тұрақтандыру қызметi) мақсатында құрылды. Қор Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиесiлi, ол республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген түсiм сомаларынан шикiзат секторындағы ұйымдардан салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi көбейтуден түсетiн түсiмдердiң есебiнен қалыптасады.
Осы Жарлыққа сәйкес Қорды басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктеледi. Осыған байланысты Үкiмет пен Ұлттық Банк 2001 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару туралы шарт жасады.
Қорды басқарудың алғашқы сатысындағы Ұлттық Банк қызметiнiң негiзгi бағыттары:
- инвестициялық стратегияны;
- Қор активтерiн сақтау үшiн кастодиан таңдауды;
- Қор активтерiнің бiр бөлiгiне сыртқы басқарушыларды таңдауды әзiрлеу болды.
Ұлттық Банк маусым айында Қордың инвестициялық стратегиясын Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi "Ереже") әзiрледi және оны Үкiмет мақұлдады.
Бұл Ереже Қордың инвестициялық операцияларын, оның iшiнде валюта, құралдар класы, сыртқы басқарушылар және кастодиан бөлiгiндегi түрлер мен үлес салмағы бойынша шектеулердi жүзеге асырудың жалпы тәртiбiн белгiлейдi. Сонымен қатар Ереже Қорды басқару кезiнде туындайтын тәуекелдердi басқару тәртiбiн, эталондық портфельдi таңдауды, Ұлттық Банктiң Қорды сенiмгерлiк басқару жөнiндегi өз қызметi бойынша Yкiмет алдында есеп беру кезектiлiгi мен мазмұнын белгiлейдi.
Сол сияқты кастодианды және Қор активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдауға көп көңiл бөлiндi.
1.2. Инвестициялық стратегияның принциптерi
Инвестициялық стратегияның негiзгi мақсаттары:
1. активтердiң сақталуы;
2. Қор активтерiнiң жеткiлiктi деңгейдегi өтiмдiлiгiн қолдау;
3. Тәуекел деңгейi бiрқалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi болашақта Қор активтерiнiң жеткiлiктi жоғары деңгейдегi кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Тұрақтандыру портфелi Қор активтерiнiң жеткiлiктi деңгейдегi өтiмдiлiгiн қолдау үшiн қажет. Жинақ портфелi негiзiнен тәуекел деңгейi бiрқалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi болашақта Қор активтерiнiң жеткiлiктi деңгейдегi жоғары кiрiстiлiгiн қамтамасыз етуге арналған. Жинақ портфелi өз кезегiнде кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар портфелiне - 60% және акциялар портфелiне 40% бөлiнедi. Жинақ портфелi үшiн "Salomon World Government Bond Index 80% USD hedged (SWGBI 80% USD hedgeg) және "Morgan Stanley Capital International World Index excluding Energy" (МSСI World Index ех. Energy)" индекстерi эталондық портфельдер болып табылады.
"SWGBI 80% USD hedgeg" индексi кiрiсi белгiленген бағалы қағаздардың эталондық портфелi болып табылады, бұл индекстi АҚШ долларымен салыстырғанда 80%-ке хеджирлеу портфельдiң рыноктық құнының валюталардың айырбас бағамының өзгеруiне тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
"МSСI World Index ех. Energy" индексi акциялар портфелiнiң эталондық портфелi болып табылады. Индекстен энергетикалық секторды шығарып тастау осы сектордың мұнайдың бағасымен арақатынасқа ықпалын болдырмауға арналған.
"SWGBI 80% USD hedgeg" индексiне 19 елдiң облигациялары кiредi, ал "МSСI World Index ех. Energy" индексiне өнеркәсiбi дамыған 23 елдiң компанияларының акциялары кiредi.
Инвестициялық стратегиядағы тәуекелдердi бақылау мен басқару мақсатында Қор активтерiмен операциялар бойынша лимиттер мен шектеулер белгілендi (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 9.06.2001 ж. N 787 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiнiң" 3-6-тарауларын қараңыз).
Тәуекелдердi басқару және бақылау үшiн Банк кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар және акциялар портфельдерiнiң тәуекелдерiн бағалау бойынша қызмет көрсету саласында жетекшi орындағы "Ваrrа International" компаниясымен келiсiм жасады. Оның iшiнде мульти-факторлық үлгi негiзге алынған осы компанияның үлгi басқарылып отырған портфель кiрiстiлiгiнiң эталондықтан (Expected Tracking error) ауытқудың күтiлетiн өзгерiсiн бағалауға, портфельдi оңтайландыруға, тәуекел көлемi көрсеткiшiн бағалауға (Value at Risк, VaR) мүмкiндiк бередi.
2. 2001 жылғы рыноктарға шолу
Экономикалық шолу
2001 жылдың басында әлемдiк экономика, әсiресе, АҚШ экономикасының бұдан әрi дамуына қатысты өте тұрлаусыз кезеңде болды. Бұл жоғары технология секторында инвестицияларға сұраныстың азаюынан туындады.
Алайда корпорациялар кiрiстерiнiң азаюы тұтынушылық сұранысқа аз әсер еттi. Жылжымайтын мүлiк рыногындағы сатып алушылар сұранысы 2001 жылдың бiрiншi жарты жылдығы iшiнде ерекше жоғары болды. АҚШ-тағы тұтынушылар және бизнес оптимизмi өсе түстi. Оптимизмге проценттiк ставкалардың төмендеуi, 2000 жылдың күзiнде салық ставкаларының әдеттегiден тыс төмендеуi, сондай-ақ акциялар рыногындағы құбылмалылықтың бәсеңдеуi себеп болды. Федералды Резервтiк банк ставкаларды бiрiншi тоқсанда 1.5%-ке, екiншi тоқсанда 1.25%-ке төмендеттi.
Еуропалық Орталық банк есептiк ставканы 2001 жылы 1.5%-ке төмендеттi. Бұған еуро аймақтағы экономиканың нақты секторын дамытудың өсу көрсеткiштерiнiң бұрын-соңды болмаған дәрежеде төмен болуы себеп болды, мұның өзi Еуропалық Орталық банкке проценттiк ставкаларды төмендетуге қысымды күшейтті.
Жапонияны қоса алғанда кейбiр азия елдерiнiң экономикалары әсiресе жоғары технологиялар секторындағы сұраныстың төмендеуiнен қатты зардап шектi. Қарашадағы жағдай бойынша, өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң қысқаруы өткен 12 айда 13% болды. Қараша-желтоқсанда тұтыну бағасының индексi - 0,8%. Бөлшек сатудың көлемi жыл аяғына таман - 3,5%-ке дейiн түстi, қарашада осы көрсеткiштiң мәнi - 0,7% болды.
Акциялар рыногы
2001 жылғы кiрiстiлiк акциялар рыногында тұтастай алғанда терiс мәндi болды. Акциялар рыноктары елдер мен экономика секторлары арасындағы кiрiстiлiктегi үлкен айырмашылықпен сипатталды.
МSСI World Index деректерi бойынша, акциялардың бағасы 7,7%-ке түскен 2000 жылмен салыстырғанда 2001 жылы 16,5%-ке түсті.
Акциялар рыногындағы бағалар 2001 жылғы бiрiншi тоқсан iшiнде АҚШ-та тұтынудың төмендеген деңгейiне, әсiресе инвестицияларға төмендеген сұранысқа байланысты төмендедi. 2001 жылғы сәуiрдiң басында акциялар рыногындағы бағалар технологиялық сектордағы iрi компаниялардың пайда бойынша алдағы жоғары емес болжамды деректер туралы хабарлауына байланысты төмендедi. Нақты сандар пайда болғаннан бастап сәуiр мен мамырда рыноктағы бағалар өсе бастады. Екiншi тоқсанда акциялар бағасы американдық компаниялардың акцияларына оң тренд көрсеттi.
Технологиялық компаниялардың акцияларына бағалар 2001 жылғы 2 тоқсан бойы тұрақтандырылды. Бiр жыл бұрын инвесторлар технологиялық компаниялардың болашақтағы кiрiстерiне қатысты үлкен жаңалықтар күткен болатын және акцияларға бағалар ағымдағы кiрiстермен салыстырғанда рекордтық биiктерге қол жеткiздi. Акцияларға бағаның төмендеуi 2001 жылғы үшiншi тоқсанның iшiнде жалғаса түстi, әсiресе акциялар бағасы 11 қыркүйектен кейiн төмендедi. Қыркүйектiң аяғында бағалар тұрақтандырылды. Әсiресе еуропа және жапон рыноктарында бағаның түсуi елеулi болды - тиiсiнше 31 және 28 процент.
Төртiншi тоқсанда американдық және еуропалық компаниялардың акцияларына бағалар АҚШ экономикасының рецессиядан шығу белгiлерiне байланысты өстi.
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар рыногы
2000 жылмен салыстырғанда мемлекеттiк облигациялар бойынша кiрiстiлiк Salomon Smith Barneyn World Government Bond Index индексiнiң деректерi бойынша 2000 жылғы 7.7%-тен 2001 жылы 5.7%-ке дейiн төмендедi.
Кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар рыногы 2001 жылдың iшiнде жоғары құбылмалылық деңгейiмен сипатталды. 10 жылдық мемлекеттiк облигациялар бойынша кiрiстiлiктiң өзгеруi акциялар рыногындағы өзгерiстермен қатар жүрдi. Еуропалық облигациялар бойынша кiрiстiлiк сол трендке сүйендi, бiрақ жалпы алғанда Еуропадағы инфляция күткендегiден төмен мәнге азайғандықтан АҚШ-тағыдан төмен болды. Жапонияда облигациялардың кiрiстiлiгiне саяси оқиғалар әсер еттi. Жапонияның орталық банкi тұтыну бағасын төмендетудi баяулатқысы келетiнi туралы белгi бере отырып қысқа мерзiмдi проценттiк ставкаларды азайтқаннан кейiн кiрiстiлiк айтарлықтай азайды. Көптеген талдаушылар орталық банктiң осы арқылы бағаны тұрақтандыру үшiн ақша ұсынуды, яғни нольдiк инфляцияны қолдауды бақылап отырғысы келедi деп есептейдi.
Екiншi тоқсанда облигациялардың кiрiстiлiгi АҚШ-та және Германияда 0.25%-ке өстi және Жапонияда сол деңгейде қалды. Бұл жоғарылау тоқсанның басындағы әдеттегiден тыс төмен проценттiк ставкалар және инвесторлардың экономикалық өсу мен болашақта проценттiк ставкалардың өсуi туралы күтуi тұрғысынан қарастырылуы тиiс. Екiншi тоқсанда АҚШ-та жарияланған кейбiр экономикалық көрсеткiштер, әсiресе автомобиль және құрылыс секторында күткендегiден жоғары болды. Жоғары инфляция және сатып алу қабiлеттiлiгiнiң күткендегiден неғұрлым жоғары болуы ұзын облигациялар бойынша жоғары кiрiстiлiктi көрсеттi.
Үшiншi тоқсанда кiрiсi белгiленген бағалы қағаздар рыногы АҚШ-та және Еуропада елеулi кiрiске қол жеткiздi. Федералды Резервтiк банк және Еуропалық Орталық банк тоқсан iшiнде есептiк ставканы бiрнеше рет тиiсiнше 1.25%-ке және 0.75%-ке төмендеттi. Проценттiк ставкалардың ең көп төмендеуi 11 қыркүйектен кейiн орын алды, бұл АҚШ-тағы террорлық актiлердiң экономикалық ықпалын бәсеңдетудi мақсат еттi.
Жапондық облигациялар бойынша кiрiстiлiк үшiншi тоқсанда әлсiз терiс мәнде көрiндi. Жапония ұзаққа созылған кезең iшiнде экономикалық тоқырау кезеңiн бастан кешiруде. Ставкалар өте аз болғандықтан бұл рыноктағы проценттiк ставкалардың қандай да болмасын айтарлықтай төмендеуiн көздеу қиын. Экономикалық жағдай да сол сияқты проценттiк ставкалардың жоғарылауына мүмкiндiк бермейдi.
Еуропалық орталық банктiң проценттiк ставкаларды төмендету сериясы мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiктi төмендеттi. Кiрiстiлiк содан кейiн 11 қыркүйектегi терактiлерден кейiн күрт төмендедi, ал жылдың аяғында көтерiлдi. Осылайша, облигациялар бойынша кiрiстiлiк жыл аяғында жыл басындағы кiрiстiлiкке шамамен тең болды. Болашақта экономиканы дамыту және тұрақтандыру немесе проценттiк ставкаларды көтеру туралы өскелең оптимизм сезiмi облигациялар бойынша кiрiстiлiктi арттыруға ықпал еттi. Қарашада мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша кiрiстiлiк соңғы он күндiк iшiнде ең төмен болғанына қарамастан АҚШ-тың мемлекеттiк бағалы қағаздары бойынша жылдық кiрiстiлiк 6.75% болды.
3. Қордың қызметi
3.1. Басқару.
2001 жылғы 18 мамырдан бастап Ұлттық қордың есепшотына алғашқы сомалар түсе бастады. Сол сияқты 2001 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атынан Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орналастырған депозит аяқталғаннан кейiн Қордың есепшотына 674.378.570,70 АҚШ долларындағы сома есептелдi. Жоғарыда аталған депозит түскеннен кейiн Ұлттық Банк қор портфелiн басқару бойынша белсендi операцияларға кiрiстi.
Ұлттық қордың валюталық портфелiнiң жалпы рыноктық құны 2001 жылғы 31 желтоқсанда 1.240.372.900 АҚШ долларына тең болды. Қор портфелiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздардың рыноктық құны Ұлттық Банктiң қарсы әрiптесi Morgan Stanley Dean Witter деректерiне негiзделедi және есептi күнi халықаралық рыноктарда сатыла алатын осы қағаздардың бағасын көрсетедi. Осы есепте Ұлттық қор портфелiнiң рыноктық құнын бағалауға мәмiле жасалған күн негiзге алынды.
15 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейiн қордың теңгемен есепшотына 93 492.764.938,90 қазақстандық теңге түстi, оның ішiнде 88.528.743.97,53 теңге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен және 4.964.021.741.37 теңге республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарына өтемақы аудару үшiн АҚШ долларын қайта айырбастаудан түстi. Ұлттық қордың Ұлттық Банктегi теңгемен есепшотынан есептi кезең iшiнде 90.906.981.243.95 теңге алынды, оның iшiнде 37.216.032,45 теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарғаны үшiн сыйақы ретiнде Ұлттық Банктiң пайдасына аударылды. Ұлттық Банк келiп түскен теңгенi, жалпы сомасы 83.360.657.579,67 теңгенi, мезгiл-мезгiл АҚШ долларына айырбастап отырды, ол Ұлттық қордың шетел валютасындағы есепшотына есептелдi. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң шығындарына өтемақы үшiн аударылған сома 7.509.107.631,83 теңге болды. 2001 жылғы 31 желтоқсанда айырбасталмаған (қорытынды
айналымдарды қоса алғанда) 2.585.783.694,95 қазақстандық теңге қалды.
2001 жылғы 31 желтоқсанда Қордың барлық активтерi тұрақтандыру
портфелiн құрады, оның рыноктық құны Қордың барлық активтерінiң рыноктық
құнының кемiнде 20%-i болуы тиiс.
Есептi кезеңде Ұлттық қор активтерiмен Ұлттық Банк жүргiзген
операциялардың iшiнде 65-i бағалы қағаз сатып алу, 34-i бағалы қағаз сату
болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
бөлу динамикасы
---------------------------------------------------------------------------
АҚШ доллары ! 30.06.01 ! 30.09.01 ! 31.12.01
---------------------------------------------------------------------------
МБК 16,56% 11,88% 27,84%
МФО 9,99% 9,56% 0,00%
Агенттік қағаздар 67,11% 76,76% 71,44%
Барлық облигациялар 93,67% 98,21% 99,28%
Депозиттер 6,26% 1,79% 0,72%
Барлық депозиттер 6,26% 1,79% 0,72%
Қолма-қол ақша 0,07% 0,00% 0,00%
Барлық қолма-қол ақша 0,07% 0,00% 0,00%
Барлығы 100% 100% 100%
---------------------------------------------------------------------------
Есептi кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкi Қордың активтерiн негiзiнен
ақша рыногы құралдарына, оның ішінде Ұлттық қор портфелiндегi 2001 жылғы 31 желтоқсандағы үлесi 27,84% болған АҚШ-тың мемлекеттiк бағалы қағаздарына орналастырды. АҚШ агенттiктерiнiң бағалы қағаздарының үлесi 71,44% болып, портфельдiң неғұрлым iрi бөлiгiн құрады. Ұлттық қор портфелiнiң шамалы бөлiгi 2001 жылғы 31 желтоқсанда АҚШ-тың Федералды Резервтiк Жүйесi арқылы бағалы қағаздар кепiлдiгiне бiр күнге шетелдiк банктерге орналастырылатын ақшадан құралды.
Кiрiстiлiк және тәуекелдер
2001 жылғы 1 маусымнан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңде тұрақтандыру портфелiнiң кiрiстiлiгi 2,86% немесе жылдық 4,87% болды. Salomon 6-month US Treasury Bill Index эталондық портфель кiрiстiлiгi сол кезеңде 2,13% немесе жылдық 3,66% болды. Осылайша, 2001 жылғы 1 маусымнан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңдегi тұрақтандыру портфелiнiң үстеме кiрiстiлiгi эталондық портфельмен салыстырғанда 0,73% болды. Тұрақтандыру портфелiнiң кiрiстiлiгi дюрацияны басқару нәтижесiнде эталондықпен салыстырғанда неғұрлым жоғары болды (кестенi қараңыз). Ұлттық Банк есептi кезең iшiнде қысқа мерзiмдi проценттiк ставкаларды өзгертудi күтуге байланысты дюрацияны 0,67 деңгейге дейiн өсiрдi және 0,44 деңгейге дейiн төмендеттi. Тұрақтандыру портфелiнiң дюрациясы Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiне сәйкес
0,75 көрсеткiштен аспауы тиiс. Сол сияқты кiрiстiлiктi ұлғайтуға
портфельдiң бағалы қағаздар құрамының арақатынасының өзгеруiн басқару және
бағалы қағаздарға иелiк еткен уақытта кiрiстiлiк 6 айға дейiнгi
депозиттердiң және бағалы қағаздардың кiрiстiлiгiнен жоғары болған 6 айдан
12 айға дейiнгi секторды таңдау айтарлықтай үлес қосты.
Портфель кірістілігінің эталондық портфельге
қатысты салыстырма кестесі
---------------------------------------------------------------------------
! Портфель ! Эталон ! Үстеме кірістілік
---------------------------------------------------------------------------
Маусым 0,26 0,37 -0,11
ІІ тоқсан 0,26 0,37 -0,11
Шілде 0,42 0,35 0,07
Тамыз 0,35 0,33 0,02
Қыркүйек 0,92 0,30 0,62
ІІІ тоқсан 1,70 0,98 0,72
Қазан 0,47 0,29 0,19
Қараша 0,08 0,25 -0,17
Желтоқсан 0,33 0,23 0,09
IV тоқсан 0,88 0,77 0,11
2001 2,86 2,13 0,73
---------------------------------------------------------------------------
Есептi кезеңде, яғни 2001 жылғы 18 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейiн жалпы кірiс (iске асырылған және iске асырылмаған) 30.965.699,63 АҚШ долларына тең.
Ұлттық қор портфелiнiң кірiстілiгi Күн сайын қайта бағалау әдiсiмен (Daily Valuation Method) есептелдi. Қолданылып жүрген әдiстердiң ішiнде осы әдiс ең дәл әдiстердiң бiрi болып табылады. Кiрiстiлiкті есептеу методологиясы принпиалдың рыноктық құнын күн сайынғы өзгерту сияқты кiрiстiлiк есебiне негiзделедi, портфель кезеңнiң басында және кезеңнiң аяғында рыноктық баға бойынша бағаланады. Портфельдiң рыноктық құнына кiрістер, жинақталған сыйақы және негiзгі капиталдың амортизациясы кiредi. Барлық кiру ағыны мен шығу ағыны келесi жұмыс күнiнiң басындағы рыноктық құнға кiредi.
3.2. Сыртқы басқару
Ережеге сәйкес Қордың барлық активтерiнiң 80%-iне дейiн сыртқы басқаруға берiлуi тиiс. Бiр сыртқы басқарушыға берiлетiн Қор активтерiнiң рыноктық құны 150 млн. АҚШ долларынан аспауы тиiс. Ең алдымен әңгiме жинақ портфелiн басқару туралы болып отыр: акциялар (Global Eguities) және кiрiсi белгіленген бағалы қағаздар (Global Fixed Inсоме). Осыған байланысты Ұлттық Банк мандаттың осы түрi бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау жөнiнде тендер өткiздi. Global Fixed Income мандатының түрi бойынша тендерге 16 компания қатысты, Global Eguities мандатының түрi бойынша 8 компанияның ұсынысы қарастырылды. Тендер қатысушыларының салыстырмалы түрде алғанда аз болуына Ұлттық Банктің тендердiң әлеуетті қатысушыларына қоятын жоғары талаптары себеп болды. Сыртқы басқарушыларды таңдау кезiндегі неғұрлым маңызды өлшемдер - жалпы, сол сияқты мандаттың әр түрi бойынша жеке басқарылатын активтердiң көлемi, жұмыс тәжiрибесi және портфельдiк менеджерлер мен талдаушылардың кәсiби деңгейi, тұрақты қаржылық жағдайы, мандаттардың осы түрлерi бойынша соңғы 5 жыл iшiндегi басқару нәтижелерi. Нәтижесiнде 6 сыртқы басқарушы таңдап алынды: 3 сыртқы басқарушы - Global Fixed Income мандатының түрi бойынша (Deutsche Asset Маnаgемеnt, State Street Global Аdvisоrs, BNP Paribas Asset Маnаgемеnt/FFТW), және 3 - Global Eguities түрi бойынша (Morgan Stanley Investment Маnаgемеnt, HSBC Asset Маnаgемеnt, Credit Suisse Asset Маnаgемеnt). 2001 жылғы 28 желтоқсанда Ұлттық Банк барлық таңдалған сыртқы басқарушылармен Қор активтерiн басқару туралы келiсiмдерге қол қойды.
3.3. Кастодиан таңдау
Ұлттық Банк қазiргi уақытта бiр бас кастодианмен жұмыс iстейдi, онымен жасалған шартқа 2001 жылдың аяғында қол қойылды. Бас кастодианмен жұмыс iстеуге шешiм қабылдау үшiн акцияларға инвестициялар есептеу және есеп айырысу, салық есептерiн жүргiзу бойынша бөлiмше iшiнде тәжiрибенiң (эталондық портфельге сәйкес 21 елдiң бағалы қағаздарына инвестициялау болжамдалады) болмауы, шоғырландырылған есептi алудың артықшылығы, портфельдегi барлық бағалы қағаздар есебiне бiрыңғай тұрғыдан келу объективтi себептер болды. Бұл салада өз қызметтерiн көрсетудi JPMorgan Chase & Со; Deutsche Bank АG; State Street Ваnк, Воstоn; ABN AMRO Mellon Global Securities Services компаниялары ұсынды. Берiлген тапсырыстардың негiзiнде Ұлттық Банк бас кастодианды таңдау бойынша жұмыс жүргiздi. Кастодианды таңдау кезiнде негiзгi кастодиандық қызметтердiң сапасы, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетулердiң сапасы мен алуан түрлiлiгi және олардың құны маңызды өлшемдер болды. Барлық берiлген тапсырыстарды
зерделегеннен кейiн ABN AMRO Mellon Global Securities Services компаниясы
Ұлттық қордың бас кастодианы болып таңдалды. ABN AMRO Mellon компаниясы өз
клиенттерiне талап етiлетiн барлық қызметтiң толық түрiн (соrе & Value
;Added) бiр пакетте ұсынады. Сонымен қатар оның қызметтерiнiң құны неғұрлым
бәсеке қабiлеттi болғанын айта кеткен жөн.
Аударма ағылшын тіліндегі түпнұсқадан жасалған
Қаржылық есеп
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
31 желтоқсан 2001 жыл
Дербес аудиторлардың қорытындысымен бірге
Ernst & Young
;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
Дербес аудиторлардың қорытындысы
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгіне
Бiз ұсынылған 31 желтоқсан 2001 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (мәтiн бойынша әрi қарай - "Қор") активтерi мен мiндеттемелерi туралы есептiң және қаржы-шаруашылық қызметi мен 23 тамыз 2000 жыл мен 31 желтоқсан 2001 жыл аралығындағы мерзiмге таза активтердiң өзгерiсi мен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы сәйкес есептердiң аудиторлық тексеруін өткiздiк. Қаржылық есепке Қордың басшылығы жауап бередi. Бiз өзiмiз өткiзген аудиторлық тексерудiң негiзiнде айтылған қаржы есебi туралы пiкiрiмiзге жауап беремiз.
Бiз өзiмiздiң аудиторлық тексеруiмiздi Қазақстан Республикасының аудит қалыптарына сәйкес өткiздiк. Осы қалыптарға сәйкес бiз аудиторлық тексерудi қаржылық есеп беруде қомақты бұрмалаушылықтың жоқтығына жеткiлiктi дәрежеде көзiмiздi жеткiзетiндей етiп жоспарлап өткiзуге тиiспiз. Аудит қаржылық есептеп сомалар мен онда ашылған мәлiметтердiң құжатты түрде растау үшiн мәлiметтердiң таңдаулы тексеруiн қамтиды. Аудит, сондай-ақ қолданбалы бухгалтерлiк есепке алудың принциптерiн және басшылықпен жасалған қомақты субъективті бағалаудың сараптамасын, сонымен қатар қаржылық есептің жалпы көрiнiсiнің сараптамасын қамтиды. Біз өзiмiз өткiзген аудиторлық тексеруіміз негiзiнде пiкiр айтуға жеткiлiктi негiз бередi деп сенемiз.
Біздiң пiкiрiмiзше, бұл қаржылық есеп барлық қомақты арақатынаста 31
желтоқсан 2001 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаржы жағдайы туралы, оның қаржылық есептiң халықаралық қалыптары
жөнiндегi Комитетпен құрылған қаржы есебiнiң Халықаралық қалыптарына
сәйкес 23 тамыз 2000 жылдан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi
қызмет ету аралығындағы мерзiмге қаржы нәтижелерi мен ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы шынайы көрiнiс бередi.
30 наурыз 2002 жыл
Алматы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
31 желтоқсан 2001 жылғы
Активтер мен міндеттемелер туралы есеп
(қазақстандық теңгедегі мыңдықтарда)
Активтер
Ақша қаражаттары (5-ескерту) 2.622.785
Сауда-саттықтағы бағалы қағаздар (6-ескерту) 187.184.884
189.807.669
Міндеттемелер
Есептелген шығындар (7-ескерту) 43.244
Таза активтер 189.764.425
Таза активтер төмендегілерден тұрады:
Үкіметтің есепшоты 179.748.658
Жинақтаушы кірістер 10.015.767
Жалпы таза активтер 189.764.425
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
2000 жылдың 23 тамызынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына
дейiнгi қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп
(қазақстандық теңгедегi мыңдықтарда)
Инвестициялық қызметтен алынған кiрiс
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен
өткiзiлген таза кiрiс 2.259.628
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен
өткiзiлмеген кірісті ұлғайту 2.373.152
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiс 4.192.090
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлген кiрiс 1.271.357
Жалпы инвестициялық кiрiс 10.096.227
Шығындар
Бiрлескен шығындар (4-ескерту) 72.442
Кәсiби қызметті төлеу шығындары (10-ескерту) 8.018
Жалпы шығындар 80.460
Таза табыс 10.015.767

дейiнгi аралықтағы мерзімге таза активтердің өзгерісі туралы есеп
(қазақстандық теңгедегi мыңдықтарда)
Үкіметтің Жинақтаушы
есепшоты кіріс Жалпы
______________________________________
23 тамыз 2001 жылғы Сальдо - - -
ҚР Қаржы Министрлігінен түскен
түсімдер (8-ескерту) 187.257.766 - 187.257.766
Республикалық және жергілікті
бюджеттерге сомалар аудару
(9-ескерту) (7.509.108) - (7.509.108)
Таза кіріс - 10.015.767 10.015.767
______________________________________
31 желтоқсан 2001 жылғы Сальдо 179.748.658 10.015.767 189.764.425

Операциялық қызмет
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен таза кiрiс 10.015.767
Түзетулер:
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiс өзгертуiне (4.192.090)
Бағалы қағаздар бойынша өткiзiлмеген кiрiс өзгертуiне (2.373.152)
____________
3.450.525
Операциялық активтердi ұлғайту:
Сауда-саттық бағалы қағаздары (180.619.642)
Операциялық мiндеттемелердi ұлғайту:
Есептелген шығындар 43.244
______________
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының
таза пайдаланылуы (177.125.873)
______________
Қаржылық қызмет
ҚР Қаржы Министрлiгiнен түскен түсiмдер (8-ескерту) 187.287.766
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударымдар
(9-ескерту) (7.509.108)
______________
Қаржы қызметiнен алынған таза ақша қаражаттары 179.748.658
______________
Ақша қаражаттарының таза ұлғайтылуы 2.622.785
Мерзiм басына арналған ақша қаражаттары -
______________
Мерзiм аяғына арналған ақша қаражаттары 2.622.785
______________
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
Қаржылық есепке жасалатын ескертулер
1. Қызметтiң суреттемесi
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (мәтiн бойынша әрi қарай - "Қор") Қазақстан Республикасы Президентiнiң 23 тамыз 2000 жылғы Қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi шеңберiнде Қазақстанның болашақ буынын сақтап қалу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiнен (мәтiн бойынша әрi қарай - "Министрлiк") алынған қаражаттарды инвестициялау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгi Қорды қадағалайды, Қордағы ақша қаражаттарын орналастыру және аудару рәсiмiн басқарады, Қордың есебiнен аударудың авторизация рәсiмiн басқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қордың Менеджерi болып тағайындалған (мәтiн бойынша әрi қарай - "Менеджер"). Қаражаттарды есепке алу, басқару және сақтаудың барлық функцияларын Қор Менеджерге тапсырды.
Қор өзiнiң қызметiн қаржы Министрлiгi Қорға бiрiншi жарна енгiзгеннен кейiн 18 мамыр 2001 жылы бастады.
Қор Қазақстан Республикасында орналасқан. 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Қордың қызметкерлерi болмаған.
2. Қаржылық есептi ұсыну негiзi
Қордың қаржылық есебі қаржы есебiнiң Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есепке алудың Қалыптары (мәтiн бойынша әрi қарай - "ҚРБЕҚ") түсiндiрмелерге сәйкес дайындалды.
ҚРБЕҚ-ң талаптарына сәйкес Қор есепке алу құжаттамасын жүргiзiп, қазақстандық теңгеде қаржылық есептi құрастырады.
3. Есепке алу саясатының негiзгi принциптерiне шолу
Есеп ұсыну негiзi
Ұсынылатын қаржылық есеп бағалы қағаздардың есептелген әдiл құнын есепке ала отырып, түзетiлген бастапқы құн принципi бойынша дайындалған.
Қаржылық есептi дайындау басшылықтың қаржылық есепте көрсетiлген сомаларға ықпал ететiн бағалаулар мен рұқсаттарды пайдалануын қарастырады. Субъективтi баға беру қаржылық есепті құрастыру күнiндегi мәлiметтерге негізделген, сондықтан да iс жүзiндегi нәтижелер осындай субъективтi баға беруден ерекшеленуi мүмкiн.
3. Есепке алу саясатының негізгі принциптеріне шолу (жалғасы)
Есеп ұсыну негізі (жалғасы)
Ұсынылатын қаржылық есеп 2002 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен (мәтiн бойынша әрi қарай - "ҚРҰБ") және қаржы Министрлiгiмен бекiтiлген. Қордың Кеңесi осы қаржылық есептi ол шығарылғаннан кейiн толықтыру өкiмiне ие.
Сауда-саттық бағалы қағаздары
Сауда-саттық бағалы қағаздары сауда-саттық мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздардан тұрады және сауда операциялары жасалған күнгi жағдайы бойынша есепке алынып, әрбiр бағалау күнiнiң есеп айырысудың әдiл құнында көрсетiледi. Барлық бағалы қағаздар бастапқыда әдiл құны болып табылатын және осы сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты сатып алу комиссиясының құнын қамтитын құны бойынша көрсетiледi. Бастапқы көрiнiстен кейiн саудаға арналған бағалы қағаздар есеп айырысудың әдiл құнында көрсетiледi. Бағалы қағаздардың әдiл құнына енгізiлген өзгертулер мен олар бойынша проценттерден түсетiн кiрiстер қаржы-шаруашылық қызметi туралы берiлген есептегi инвестициядан түсетiн кiрiстiң есебiне кiредi.
Осындай бағалы қағаздардың есептелген әдiл құнын анықтау барысында олардың сол бағалы қағаздар айналатын негiзгi рыноктағы соңғы бағасы немесе Блумберг кодтау жүйесiнен немесе мойындалған маркетмейкерлерден немесе дилерлерден алынған ұсыныс бағасының котировкасы пайдаланылады.
Бағалы қағаздарға, сондай-ақ РЕПО келiсiмдерi бойынша сатып алынған қағаздар да жатады. Ондай бағалы қағаздар инвестициялық операциялар болып табылады және сондай бағалы қағаздардың мойындалған маркетмейкерлерден немесе дилерлерден алынған ұсыныс бағаларымен өлшенген әдiл құны бойынша есепке алынады.
Салықтар
Қазақстандық заңдарға сәйкес Қор барлық салық төлемдерiнен босатылған.
Шетел валютасын айырбастау
Қазақстандық теңге Қазақстан Республикасынан тыс еркiн айырбасталатын валюта болып табылмайды. Шетел валютасында депозитке салынған операциялар ҚРҰБ белгiленетiн бағамды пайдалана отырып есепке алынады, ол бағам шамамен Қазақстандық қорлық биржаға белгiленетiн рыноктық айырбастау бағамына тең келедi 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша рыноктың айырбастау бағамы бiр АҚШ долларына 150.94 теңге құрған. 2002 жылдың 30 наурызына рыноктың айырбастау бағамы бiр АҚШ долларына 152.44 теңге құрған.
3. Есепке алу саясатының негізгі принциптеріне шолу (жалғасы)
Шетел валютасын айырбастау (жалғасы)
Шетел валютасындағы операциялар аудару операцияларды жасау күнiндегі бағам бойынша есепке алынады. Осындай операцияларды тамамдаудан туындайтын кiрiстер мен шығындар қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ұсынылған есебiндегi шетел валютасында депозитке салынған активтердi қайта бағалаудың өткiзiлген кiрiсiне есептелген.
Шетел валюталарында депозитке салынған активтер мен мiндеттемелердi аудару кiрiстерi ұсынылған қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептегi шетел валютасында депозитке салынған активтердi қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiсiне есептелген.
Түсiмдер
Түсiмдер қаржы Министрлiгiнен алынған сомалардың әдiл құны бойынша көрсетiледi.
Аударымдар
Қаржы Министрлiгiнен алынған нұсқауларға сәйкес Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілiктi бюджеттерiне аударылған аударым сомаларының әдiл құны бойынша көрсетiлген.
Кiрістер мен шығындарды есепке алу
Проценттер бойынша кiрiстер мен шығындар есептеу әдiсi бойынша есепке алынған, яғни олардың алынуы немесе шегілуi бойынша есепке алынған.
Байланысты тараптар
Байланысты тараптар ҚРҰБ және Қазақстан Республикасының Үкiметiн, сонымен қоса қаржы Министрлiгi мен Үкiметтiң жергiлiктi органдарын қамтиды. Қор ҚРҰБ өзiнiң активтерiн сақтау және басқару жөнiндегi кастодианы және Менеджерi ретiнде пайдаланады. Қордан түскен барлық түсiм қаржы Министрлiгiмен жасалған. Барлық аударымдар қаржы Министрлiгiнен төлемдер бойынша келiп түскен нұсқауларға сәйкес Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілiктi бюджеттерiне жасалған.
4. Бiрлескен шығындар
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының сенiмдi басқаруы туралы Шартқа сәйкес (мәтiн бойынша әрi қарай - "Шарт") Менеджер Қорға кеңес беру және әкiмшiлiк қызметтер көрсетедi. Шартқа сәйкес Менеджер Қордың активтерiн қадағалау және басқаруын бағалауды жүзеге асырудың толық жауапкершiлiгiн артады. Менеджер өз қалауы бойынша Қордың активтерiн инвестициялау сұрақтары бойынша, бағалы қағаздардың портфелiн, сонымен қатар өзге де бағалы қағаздарды сатып алу, сату сұрақтарының шешiмдерiн қабылдайды. Осы Шартқа сәйкес менеджер Қордың әдеттегі операцияларын өткізуге қажеттi қызметтердi қамтамасыз етуге өз есебiнен жауап бередi, оның қатарына кастодиалды, әкiмшiлiк, трансферттi қызметтер, портфельдi есепке алу қызметтерi де кiредi. Менеджер сонымен қатар комиссионды брокерлердiң төлемақысы, проценттерi, сыйақылары, сот процесiне немесе қажеттілiк туындаған жағдайда өтемақы төлеуге қатысты туындаған төтенше бiр уақыттағы шығындарды төлеу бойынша барлық шығындарды артады. Сенiмдi
басқару туралы Келiсiмге сәйкес Қор Менеджерге Қордың таза активтерiнiң
орташа айлық сомасының 0,075 проценті мөлшерiнде есептелген (мәтiн бойынша
әрi қарай - "Бiрлескен шығындар") ай сайын комиссия төлейдi, ол тоқсан
сайын төленiп отыруға тиiс.
5. Ақша қаражаттары
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ақша қаражаттары ҚРҰБ
ағымдағы процентсiз есепшоттарында орналастырылған ақша қаражаттарынан
құралады.
6. Бағалы қағаздар
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы инвестициялар келесi бағалы қағаздарға
жасалған болатын:
АҚШ-ң қазыналық вексельдерi 30.959.966
АҚШ-ң қазыналық облигациялары 21.163.601
АҚШ агенттiгiнiң облигациялары 133.748.139
Керi РЕПО келiсiмi бойынша сатып алынған
бағалы қағаздар 1.313.178
___________
187.184.884
АҚШ-ң қазыналық вексельдерi бойынша проценттiк ставка жылына 1,8 процент құрайды. Өтеу мерзiмi 2002 жылдың мамыр айы.
АҚШ агенттiгiнiң облигациялары АҚШ Yкiметiнiң ассоциацияларымен шығарылған бағалы қағаздарды танытады. Олар бойынша проценттiк ставка жылына 1,8 процент пен 2,4 процент аралығында құбылады. Оларды өтеу мерзiмi 2002 жыл. Бұл бағалы қағаздар АҚШ Үкiметiнің барлық кiрiстерiмен және қарыздарымен тура қамтамасыз етiлмеген.
Керi РЕПО келiсiмi бойынша сатып алынған бағалы қағаздар жылына 1,58
процент мөлшерiндегi сыйақымен қоса АҚШ Үкiметi шығарған бағалы
қағаздардан тұрады. Төлем мерзiмi 2002 жылдың қаңтар айы.
7. Есептелген шығындар
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелген шығындар
мыналардан құралған:
Есептелген бiрлескен шығындар (4-ескерту) 35.226
Кәсiби қызмет төлемiне есептелген шығындар 8.018
______
43.244
Есептелген бiрлескен шығындар менеджерге 2001 жылдың төртiншi
кварталына төленуге тиiстi комиссиядан тұрады.
8. Түсiмдер
Түсiмдер қазақстандық заңдарға сәйкес қаржы Министрлiгiнiң түрлi
көздерден алған және Қорда орналастырылған қаражаттарынан тұрады. Қаржы
Министрлiгiнен түскен Қор құрылған сәттен 23 тамыз 2000 жылдан бастап
2001-жылдың 31-желтоқсанына дейiнгi мерзiмдегi түсiмдер қаржы
министрлiгiнен алынған хабарландыруларға сәйкес топталып, төмендегiден
тұрады:
Мұнай өндiретiн бiрлескен кәсiпорындағы мемлекеттiң
үлесiн сатудан түскен табыс 98.729.023
Табыс салығы 67.777.053
Роялти 20.662.540
Бонустар 72.291
Қосымша құн салығы 16.859
__________
187.257.76
6
__________
9. Аударымдар
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiнгi мерзім ішінде Қордың аударымдары қаржы министрлiгiнің
нұсқауларына сәйкес келесі облыстардың жергiлiктi және Республикалық
бюджеттерiне жасалған:
Атырау облысы 74.850
Қарағанды облысы 412.491
Маңғыстау облысы 1.408.310
Батыс Қазақстан облысы 1.840.223
Шығыс Қазақстан облысы 1.141.049
Ақтөбе облысы 2.632.185
_________
7.509.108
10. Кәсiби қызметтердi төлеу шығындары
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiнгi мерзiмде кәсiби қызметтердi төлеу шығындары
төмендегінi құрды:
Аудиторлық қызметтер 7.192
Заң қызметтерi 826
_____
8.018
11. Активтер мен мiндеттемелердiң мерзiм бойынша сараптамасы
Ақша активтерi мен мiндеттемелерiнiң өтеу мерзiмдерi жiберiлетiн
шартқа және баланс күнi ақша активтерi мен мiндеттемелерiн рәсiмдеу
талаптарына сәйкес берешектi өтеу күнiне дейiнгi қалатын мерзiмдi
бiлдiредi, оның қатарына мерзiмдерi талаптарға тәуелсiз "талап еткенге
дейiн" өтелуге тиiстi деп көрсетiлген бағалы қағаздар кiрмейдi. Тәжiрибе
жүзінде ақша активтерi мен мiндеттемелерiн өтеудiң iс жүзiндегi мерзiмдерi
ауызша келiсiмдердiң немесе осы шартқа жасалатын қосымша негізiнде
ерекшеленуi мүмкiн.
2001 жылдың 31 желтоқсанында барлық монетарлы активтер мен
мiндеттемелер берешектi өтеу мерзiмiне дейiн бiр айдан аз қалдық мерзiмiне
ие болған.
12. Қаржылық құралдар
Қаржылық құралдарды негiзiнен 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы Қордың
баланс баптары құрған. Кредит қатерi, процент ставкасының қатерiне және
валюта қатерiне шалдығу Қордың бизнесiн қалыпты жүргiзу барысында
туындайды.
Кредит Қатерi
Қор өзiнiң кредит қатерiн өзiнiң барлық активтерiн ААА кредит рейтингi бар, рыноктарда қол жеткiзуге болатын ең жоғарғы кредит рейтингі бар жоғары жойылымдылықтағы бағалы қағаздарға орналастыру жолымен басқарады.
Рыноктық қатер
Рыноктық қатер рыноктық бағаларды өзгерту нәтижесiнде, яғни
проценттік ставкалар мен айырбастау бағамдарын өзгерту нәтижесiнде
қаржылық құралдардың құнын оң және терiс өзгерту мүмкiндiгiн танытады. Қор
өзiнiң рыноктық қатерiн активтерiн қазақстандық теңгемен салыстырғанда ең
тұрақты болып табылатын валютаға АҚШ долларына, өзгертуге ең аз шалдығатын
бағалы қағаздар - мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру жолымен
басқарады.
Қаржылық құралдардың әдiл құны
2001 жылдың 31 желтоқсанына Қордың барлық активтерi мен
мiндеттемелерi әдiл құны бойынша есептелген.
13. Шетел валютасында көрсетiлген активтер мен мiндеттемелер
Келесi кестеде барлық ақша активтерiнiң 2001 жылғы 31 желтоқсандағы
барлық ақша активтерiнiң балама сомалары көрсетілген.
Теңге АҚШ доллары Жалпы
Активтер
Ақша қаражаттары 2.585.784 37.001 2.622.785
Сауда-саттық бағалы қағаздар - 187.184.884 187.184.884
Жалпы ақша активтерi 2.585.784 187.221.885 189.807.669
Мiндеттемелер
Есептелген шығындар 42.418 826 43.244
Жалпы ақша мiндеттемелерi 42.418 826 43.244
Таза провизия 2.543.366 187.221.059 189.764.425
14. Байланысты тараптармен жасалатын операциялар
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiн Қор байланысты тараптармен келесi операция түрлерiн
жүзеге асырды:
Бiрлескен шығындар 72.442
ҚР қаржы Министрлiгiнен түскен түсiмдер 187.257.766
Республикалық және жергілiктi бюджеттерге аударымдар (7.509.108)
Есептелген бiрлескен шығындар 35.226
Байланысты тараптармен операциялар бойынша қосымша мәлiмет алу үшiн
сонымен қатар 4, 7, 8 және 9 Қосымшаларды қара.
15. Баланс күнiнен кейiнгi жағдайлар
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Yкiметiмен
қабылданған саясатқа сәйкес Қордың 80 процентке жуық активтерi түрлi
халықаралық менеджерлерде Қордың саясатына сәйкес шекте белгiленген
инвестициялау құқығына ие активтермен орналастырылуға тиiс.
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор өзiнiң инвестицияларының
глобальды кастодианы етiп АБН АМРО Мэллон Глобал Секъюритис Сервисистi
тағайындады.
Аударма ағылшын тіліндегі түпнұсқадан жасалған
Қаржылық есеп
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
31 желтоқсан 2001 жыл
Дербес аудиторлардың қорытындысымен бірге
Ernst & Young
;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
Дербес аудиторлардың қорытындысы
Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгіне
Бiз ұсынылған 31 желтоқсан 2001 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (мәтiн бойынша әрi қарай - "Қор") активтерi мен мiндеттемелерi туралы есептiң және қаржы-шаруашылық қызметi мен 23 тамыз 2000 жыл мен 31 желтоқсан 2001 жыл аралығындағы мерзiмге таза активтердiң өзгерiсi мен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы сәйкес есептердiң аудиторлық тексеруін өткiздiк. Қаржылық есепке Қордың басшылығы жауап бередi. Бiз өзiмiз өткiзген аудиторлық тексерудiң негiзiнде айтылған қаржы есебi туралы пiкiрiмiзге жауап беремiз.
Бiз өзiмiздiң аудиторлық тексеруiмiздi бухгалтерлердің Халықаралық федерациясы құрған Халықаралық аудит қалыптарына сәйкес өткiздiк. Осы қалыптарға сәйкес бiз аудиторлық тексерудi қаржылық есеп беруде қомақты бұрмалаушылықтың жоқтығына жеткiлiктi дәрежеде көзiмiздi жеткiзетiндей етiп жоспарлап өткiзуге тиiспiз. Аудит қаржылық есептегі сомалар мен онда ашылған мәлiметтердiң құжатты түрде растау үшiн мәлiметтердiң таңдаулы тексеруiн қамтиды. Аудит, сондай-ақ қолданбалы бухгалтерлiк есепке алудың принциптерiн және басшылықпен жасалған қомақты субъективті бағалаудың сараптамасын, сонымен қатар қаржылық есептің жалпы көрiнiсiнің сараптамасын қамтиды. Біз өзiмiз өткiзген аудиторлық тексеруіміз негiзiнде пiкiр айтуға жеткiлiктi негiз бередi деп сенемiз.
Біздiң пiкiрiмiзше, бұл қаржылық есеп барлық қомақты арақатынаста 31 желтоқсан 2001 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы жағдайы туралы, оның қаржылық есептiң халықаралық қалыптары жөнiндегi Комитетпен құрылған қаржы есебiнiң Халықаралық қалыптарына сәйкес 23 тамыз 2000 жылдан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi қызмет ету аралығындағы мерзiмге қаржы нәтижелерi мен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы шынайы көрiнiс бередi.
Біз, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тура сол
мерзімге Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепке алудың
Қалыптарына сәйкес дайындалған қаржылық есебі бойынша жеке қорытынды
дайындадық. Жоғарыда көрсетілген қаржылық есепте Қазақстан
Республикасындағы қаржылық есеп берудің Халықаралық қалыптары мен
бухгалтерлік есепке алудың Қалыптары арасында айырмашылық жоқ.
30 наурыз 2002 жыл
Алматы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
31 желтоқсан 2001 жылғы
Активтер мен міндеттемелер туралы есеп
(қазақстандық теңгедегі мыңдықтарда)
Активтер
Ақша қаражаттары (5-ескерту) 2.622.785
Сауда-саттықтағы бағалы қағаздар (6-ескерту) 187.184.884
___________
189.807.669
Міндеттемелер
Есептелген шығындар (7-ескерту) 43.244
Таза активтер 189.764.425
Таза активтер төмендегілерден тұрады:
Үкіметтің есепшоты 179.748.658
Жинақтаушы кірістер 10.015.767
___________
Жалпы таза активтер 189.764.425
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
2000 жылдың 23 тамызынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына
дейiнгi қаржы-шаруашылық қызмет туралы есеп
(қазақстандық теңгедегi мыңдықтарда)
Инвестициялық қызметтен алынған кiрiс
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен
өткiзiлген таза кiрiс 2.259.628
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен
өткiзiлмеген кірісті ұлғайту 2.373.152
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiс 4.192.090
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлген кiрiс 1.271.357
__________
Жалпы инвестициялық кiрiс 10.096.227
Шығындар
Бiрлескен шығындар (4-ескерту) 72.442
Кәсiби қызметті төлеу шығындары (10-ескерту) 8.018
Жалпы шығындар 80.460
__________
Таза табыс 10.015.767
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
2000 жылдың 23 тамызынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына
дейiнгi аралықтағы мерзімге таза активтердің өзгерісі туралы есеп
(қазақстандық теңгедегi мыңдықтарда)
Үкіметтің Жинақтаушы
есепшоты кіріс Жалпы
23 тамыз 2001 жылғы Сальдо - - -
ҚР Қаржы Министрлігінен түскен
түсімдер (8-ескерту) 187.257.766 - 187.257.766
Республикалық және жергілікті
бюджеттерге сомалар аудару
(9-ескерту) (7.509.108) - (7.509.108)
Таза кіріс - 10.015.767 10.015.767
31 желтоқсан 2001 жылғы Сальдо 179.748.658 10.015.767 189.764.425
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
2000 жылдың 23 тамызынан бастап 2001 жылдың 31 желтоқсанына
дейiнгi аралықтағы мерзімге таза активтердің өзгерісі туралы есеп
(қазақстандық теңгедегi мыңдықтарда)
Операциялық қызмет
Сауда-саттық бағалы қағаздарынан түскен таза кiрiс 10.015.767
Түзетулер:
Шетел валютасында депозитке салынған активтердi
қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiс өзгертуiне (4.192.090)
Бағалы қағаздар бойынша өткiзiлмеген кiрiс өзгертуiне (2.373.152)
___________
3.450.525
Операциялық активтердi ұлғайту:
Сауда-саттық бағалы қағаздары (180.619.642)
Операциялық мiндеттемелердi ұлғайту:
Есептелген шығындар 43.244
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының
таза пайдаланылуы (177.125.873)
Қаржылық қызмет
ҚР Қаржы Министрлiгiнен түскен түсiмдер (8-ескерту) 187.257.766
Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударымдар
(9-ескерту) (7.509.108)
Қаржы қызметiнен алынған таза ақша қаражаттары 179.748.658
Ақша қаражаттарының таза ұлғайтылуы 2.622.785
Мерзiм басына арналған ақша қаражаттары -
Мерзiм аяғына арналған ақша қаражаттары 2.622.785
Есепке алу саясаты мен ескертулер қаржылық есептің
айнымас бөлігі болып табылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Аударма ағылшын тiлiндегi түпнұсқадан жасалған
Қаржылық есепке жасалатын ескертулер
1. Қызметтiң суреттемесi
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (мәтiн бойынша әрi қарай - "Қор") Қазақстан Республикасы Президентiнiң 23 тамыз 2000 жылғы Қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi шеңберiнде Қазақстанның болашақ буынын сақтап қалу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiнен (мәтiн бойынша әрi қарай - "Министрлiк") алынған қаражаттарды инвестициялау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының қаржы Министрлiгi Қорды қадағалайды, Қордағы ақша қаражаттарын орналастыру және аудару рәсiмiн басқарады, Қордың есебiнен аударудың авторизация рәсiмiн басқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қордың Менеджерi болып тағайындалған (мәтiн бойынша әрi қарай - "Менеджер"). Қаражаттарды есепке алу, басқару және сақтаудың барлық функцияларын Қор Менеджерге тапсырды.
Қор өзiнiң қызметiн қаржы Министрлiгi Қорға бiрiншi жарна енгiзгеннен кейiн 18 мамыр 2001 жылы бастады.
Қор Қазақстан Республикасында орналасқан. 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Қордың қызметкерлерi болмаған.
2. Қаржылық есептi ұсыну негiзi
Қордың қаржылық есебі қаржы есебiнiң Халықаралық қалыптары жөніндегі Комитетпен шығарылған (ҚЕХҚК) қаржы есебінің Халықаралық қалыптарына (мәтін бойынша әрі қарай - "ҚЕХҚ") және ҚЕХҚК-гі күші бар түсiндiрмелері бойынша Комитетпен жасалған түсіндірмелерге сәйкес дайындалды.
Қазақстанның заңдарына сәйкес Қор Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепке алу Қалыптарына сәйкес (мәтін бойынша әрі қарай - "ҚРБЕҚ") есепке алу құжаттамасын жүргізіп, қаржылық есеп құрастыруға тиісті. ҚРБЕҚ-ң талаптарына сәйкес Қор есепке алу құжаттамасын жүргiзiп, қазақстандық теңгеде қаржылық есептi құрастырады.
3. Есепке алу саясатының негiзгi принциптерiне шолу
Есеп ұсыну негiзi
Ұсынылатын қаржылық есеп бағалы қағаздардың есептелген әдiл құнын есепке ала отырып, түзетiлген бастапқы құн принципi бойынша дайындалған.
Қаржылық есептi дайындау басшылықтың қаржылық есепте көрсетiлген сомаларға ықпал ететiн бағалаулар мен рұқсаттарды пайдалануын қарастырады. Субъективтi баға беру қаржылық есепті құрастыру күнiндегi мәлiметтерге негізделген, сондықтан да iс жүзiндегi нәтижелер осындай субъективтi баға беруден ерекшеленуi мүмкiн.
Есеп ұсыну негiзi (жалғасы)
Ұсынылатын қаржылық есеп 2002 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен (мәтiн бойынша әрi қарай - "ҚРҰБ") және қаржы Министрлiгiмен бекiтiлген. Қордың Кеңесi осы қаржылық есептi ол шығарылғаннан кейiн толықтыру өкiмiне ие.
Сауда-саттық бағалы қағаздары
Сауда-саттық бағалы қағаздары сауда-саттық мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздардан тұрады және сауда операциялары жасалған күнгi жағдайы бойынша есепке алынып, әрбiр бағалау күнiнiң есеп айырысудың әдiл құнында көрсетiледi. Барлық бағалы қағаздар бастапқыда әдiл құны болып табылатын және осы сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты сатып алу комиссиясының құнын қамтитын құны бойынша көрсетiледi. Бастапқы көрiнiстен кейiн саудаға арналған бағалы қағаздар есеп айырысудың әдiл құнында көрсетiледi. Бағалы қағаздардың әдiл құнына енгізiлген өзгертулер мен олар бойынша проценттерден түсетiн кiрiстер қаржы-шаруашылық қызметi туралы берiлген есептегi инвестициядан түсетiн кiрiстiң есебiне кiредi.
Осындай бағалы қағаздардың есептелген әдiл құнын анықтау барысында олардың сол бағалы қағаздар айналатын негiзгi рыноктағы соңғы бағасы немесе Блумберг кодтау жүйесiнен немесе мойындалған маркетмейкерлерден немесе дилерлерден алынған ұсыныс бағасының котировкасы пайдаланылады.
Бағалы қағаздарға, сондай-ақ РЕПО келiсiмдерi бойынша сатып алынған қағаздар да жатады. Ондай бағалы қағаздар инвестициялық операциялар болып табылады және сондай бағалы қағаздардың мойындалған маркетмейкерлерден немесе дилерлерден алынған ұсыныс бағаларымен өлшенген әдiл құны бойынша есепке алынады.
Салықтар
Қазақстандық заңдарға сәйкес Қор барлық салық төлемдерiнен босатылған.
Шетел валютасын айырбастау
Қазақстандық теңге Қазақстан Республикасынан тыс еркiн айырбасталатын валюта болып табылмайды. Шетел валютасында депозитке салынған операциялар ҚРҰБ белгiленетiн бағамды пайдалана отырып есепке алынады, ол бағам шамамен Қазақстандық қорлық биржаға белгiленетiн рыноктық айырбастау бағамына тең келедi 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша рыноктың айырбастау бағамы бiр АҚШ долларына 150.94 теңге құрған. 2002 жылдың 30 наурызына рыноктың айырбастау бағамы бiр АҚШ долларына 152.44 теңге құрған.
Шетел валютасындағы операциялар аудару операцияларды жасау күнiндегі бағам бойынша есепке алынады. Осындай операцияларды тамамдаудан туындайтын кiрiстер мен шығындар қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ұсынылған есебiндегi шетел валютасында депозитке салынған активтердi қайта бағалаудың өткiзiлген кiрiсiне есептелген.
Шетел валюталарында депозитке салынған активтер мен мiндеттемелердi аудару кiрiстерi ұсынылған қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептегi шетел валютасында депозитке салынған активтердi қайта бағалаудан түскен өткiзiлмеген кiрiсiне есептелген.
Түсiмдер
Түсiмдер қаржы Министрлiгiнен алынған сомалардың әдiл құны бойынша көрсетiледi.
Аударымдар
Қаржы Министрлiгiнен алынған нұсқауларға сәйкес Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілiктi бюджеттерiне аударылған аударым сомаларының әдiл құны бойынша көрсетiлген.
Кiрістер мен шығындарды есепке алу
Проценттер бойынша кiрiстер мен шығындар есептеу әдiсi бойынша есепке алынған, яғни олардың алынуы немесе шегілуi бойынша есепке алынған.
Байланысты тараптар
Байланысты тараптар ҚРҰБ және Қазақстан Республикасының Үкiметiн, сонымен қоса қаржы Министрлiгi мен Үкiметтiң жергiлiктi органдарын қамтиды. Қор ҚРҰБ өзiнiң активтерiн сақтау және басқару жөнiндегi кастодианы және Менеджерi ретiнде пайдаланады. Қордан түскен барлық түсiм қаржы Министрлiгiмен жасалған. Барлық аударымдар қаржы Министрлiгiнен төлемдер бойынша келiп түскен нұсқауларға сәйкес Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілiктi бюджеттерiне жасалған.
4. Бiрлескен шығындар
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының сенiмдi басқаруы туралы Шартқа сәйкес (мәтiн бойынша әрi қарай - "Шарт") Менеджер Қорға кеңес беру және әкiмшiлiк қызметтер көрсетедi. Шартқа сәйкес Менеджер Қордың активтерiн қадағалау және басқаруын бағалауды жүзеге асырудың толық жауапкершiлiгiн артады. Менеджер өз қалауы бойынша Қордың активтерiн инвестициялау сұрақтары бойынша, бағалы қағаздардың портфелiн, сонымен қатар өзге де бағалы қағаздарды сатып алу, сату сұрақтарының шешiмдерiн қабылдайды. Осы Шартқа сәйкес менеджер Қордың әдеттегі операцияларын өткізуге қажеттi қызметтердi қамтамасыз етуге өз есебiнен жауап бередi, оның қатарына кастодиалды, әкiмшiлiк, трансферттi қызметтер, портфельдi есепке алу қызметтерi де кiредi. Менеджер сонымен қатар комиссионды брокерлердiң төлемақысы, проценттерi, сыйақылары, сот процесiне немесе қажеттілiк туындаған жағдайда өтемақы төлеуге қатысты туындаған төтенше бiр уақыттағы шығындарды төлеу бойынша барлық шығындарды артады. Сенiмдi
басқару туралы Келiсiмге сәйкес Қор Менеджерге Қордың таза активтерiнiң
орташа айлық сомасының 0,075 проценті мөлшерiнде есептелген (мәтiн бойынша
әрi қарай - "Бiрлескен шығындар") ай сайын комиссия төлейдi, ол тоқсан
сайын төленiп отыруға тиiс.
5. Ақша қаражаттары
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ақша қаражаттары ҚРҰБ
ағымдағы процентсiз есепшоттарында орналастырылған ақша қаражаттарынан
құралады.
6. Бағалы қағаздар
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы инвестициялар келесi бағалы қағаздарға
жасалған болатын:
АҚШ-ң қазыналық вексельдерi 30.959.966
АҚШ-ң қазыналық облигациялары 21.163.601
АҚШ агенттiгiнiң облигациялары 133.748.139
Керi РЕПО келiсiмi бойынша сатып алынған
бағалы қағаздар 1.313.178
___________
187.184.884
АҚШ-ң қазыналық вексельдерi бойынша проценттiк ставка жылына 1,8 процент құрайды. Өтеу мерзiмi 2002 жылдың мамыр айы.
АҚШ агенттiгiнiң облигациялары АҚШ Yкiметiнiң ассоциацияларымен шығарылған бағалы қағаздарды танытады. Олар бойынша проценттiк ставка жылына 1,8 процент пен 2,4 процент аралығында құбылады. Оларды өтеу мерзiмi 2002 жыл. Бұл бағалы қағаздар АҚШ Үкiметiнің барлық кiрiстерiмен және қарыздарымен тура қамтамасыз етiлмеген.
Керi РЕПО келiсiмi бойынша сатып алынған бағалы қағаздар жылына 1,58
процент мөлшерiндегi сыйақымен қоса АҚШ Үкiметi шығарған бағалы
қағаздардан тұрады. Төлем мерзiмi 2002 жылдың қаңтар айы.
7. Есептелген шығындар
2001 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелген шығындар
мыналардан құралған:
Есептелген бiрлескен шығындар (4-ескерту) 35.226
Кәсiби қызмет төлемiне есептелген шығындар 8.018
______
43.244
Есептелген бiрлескен шығындар менеджерге 2001 жылдың төртiншi
кварталына төленуге тиiстi комиссиядан тұрады.
8. Түсiмдер
Түсiмдер қазақстандық заңдарға сәйкес қаржы Министрлiгiнiң түрлi
көздерден алған және Қорда орналастырылған қаражаттарынан тұрады. Қаржы
Министрлiгiнен түскен Қор құрылған сәттен 23 тамыз 2000 жылдан бастап
2001 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмдегi түсiмдер қаржы
министрлiгiнен алынған хабарландыруларға сәйкес топталып, төмендегiден
тұрады:
Мұнай өндiретiн бiрлескен кәсiпорындағы мемлекеттiң
үлесiн сатудан түскен табыс 98.729.023
Табыс салығы 67.777.053
Роялти 20.662.540
Бонустар 72.291
Қосымша құн салығы 16.859
__________
187.257.76
6
__________
9. Аударымдар
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiнгi мерзім ішінде Қордың аударымдары қаржы министрлiгiнің
нұсқауларына сәйкес келесі облыстардың жергiлiктi және Республикалық
бюджеттерiне жасалған.
Атырау облысы 74.850
Қарағанды облысы 412.491
Маңғыстау облысы 1.408.310
Батыс Қазақстан облысы 1.840.223
Шығыс Қазақстан облысы 1.141.049
Ақтөбе облысы 2.632.185
_________
7.509.108
10. Кәсiби қызметтердi төлеу шығындары
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiнгi мерзiмде кәсiби қызметтердi төлеу шығындары
төмендегінi құрды:
Аудиторлық қызметтер 7.192
Заң қызметтерi 826
______
8.018
11. Активтер мен мiндеттемелердiң мерзiм бойынша сараптамасы
Ақша активтерi мен мiндеттемелерiнiң өтеу мерзiмдерi жiберiлетiн
шартқа және баланс күнi ақша активтерi мен мiндеттемелерiн рәсiмдеу
талаптарына сәйкес берешектi өтеу күнiне дейiнгi қалатын мерзiмдi
бiлдiредi, оның қатарына мерзiмдерi талаптарға тәуелсiз "талап еткенге
дейiн" өтелуге тиiстi деп көрсетiлген бағалы қағаздар кiрмейдi. Тәжiрибе
жүзінде ақша активтерi мен мiндеттемелерiн өтеудiң iс жүзiндегi мерзiмдерi
ауызша келiсiмдердiң немесе осы шартқа жасалатын қосымша негізiнде
ерекшеленуi мүмкiн.
2001 жылдың 31 желтоқсанында барлық монетарлы активтер мен
мiндеттемелер берешектi өтеу мерзiмiне дейiн бiр айдан аз қалдық мерзiмiне
ие болған.
12. Қаржылық құралдар
Қаржылық құралдарды негiзiнен 2001 жылдың 31 желтоқсанындағы Қордың
баланс баптары құрған. Кредит қатерi, процент ставкасының қатерiне және
валюта қатерiне шалдығу Қордың бизнесiн қалыпты жүргiзу барысында
туындайды.
Кредит Қатерi
Қор өзiнiң кредит қатерiн өзiнiң барлық активтерiн ААА кредит рейтингi бар, рыноктарда қол жеткiзуге болатын ең жоғарғы кредит рейтингі бар жоғары жойылымдылықтағы бағалы қағаздарға орналастыру жолымен басқарады.
Рыноктық қатер
Рыноктық қатер рыноктық бағаларды өзгерту нәтижесiнде, яғни
проценттік ставкалар мен айырбастау бағамдарын өзгерту нәтижесiнде
қаржылық құралдардың құнын оң және терiс өзгерту мүмкiндiгiн танытады. Қор
өзiнiң рыноктық қатерiн активтерiн қазақстандық теңгемен салыстырғанда ең
тұрақты болып табылатын валютаға АҚШ долларына, өзгертуге ең аз шалдығатын
бағалы қағаздар - мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру жолымен
басқарады.
Қаржылық құралдардың әдiл құны
2001 жылдың 31 желтоқсанына Қордың барлық активтерi мен
мiндеттемелерi әдiл құны бойынша есептелген.
13. Шетел валютасында көрсетiлген активтер мен мiндеттемелер
Келесi кестеде барлық ақша активтерiнiң 2001 жылғы 31 желтоқсандағы
барлық ақша активтерiнiң балама сомалары көрсетілген.
Теңге АҚШ доллары Жалпы
Активтер
Ақша қаражаттары 2.585.784 37.001 2.622.785
Сауда-саттық бағалы қағаздар - 187.184.884 187.184.884
Жалпы ақша активтерi 2.585.784 187.221.885 189.807.669
Мiндеттемелер
Есептелген шығындар 42.418 826 43.244
Жалпы ақша мiндеттемелерi 42.418 826 43.244
Таза провизия 2.543.366 187.221.059 189.764.425
14. Байланысты тараптармен жасалатын операциялар
Қор құрылған сәттен бастап 23 тамыз 2000 жылдан 2001 жылдың 31
желтоқсанына дейiн Қор байланысты тараптармен келесi операция түрлерiн
жүзеге асырды:
Бiрлескен шығындар 72.442
ҚР қаржы Министрлiгiнен түскен түсiмдер 187.257.766
Республикалық және жергілiктi бюджеттерге аударымдар (7.509.108)
Есептелген бiрлескен шығындар 35.226
Байланысты тараптармен операциялар бойынша қосымша мәлiмет алу үшiн
сонымен қатар 4, 7, 8 және 9 Қосымшаларды қара.
15. Баланс күнiнен кейiнгi жағдайлар
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Yкiметiмен
қабылданған саясатқа сәйкес Қордың 80 процентке жуық активтерi түрлi
халықаралық менеджерлерде Қордың саясатына сәйкес шекте белгiленген
инвестициялау құқығына ие активтермен орналастырылуға тиiс.
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор өзiнiң инвестицияларының
глобальды кастодианы етiп АБН АМРО Мэллон Глобал Секъюритис Сервисистi
тағайындады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қоры
Басшыларына хат
2001 жылдың 31 желтоқсаны
Ernst & Young Эрнст энд Янг
; 273 Furmanova St. 273 Фурманов көшесi
Almaty Kazakhstan 480099 Алматы Қазақстан, 480099
Рhоnе: 7(3272) 585 960 Телефон: 7(3272) 585 960
7(3272) 585 969 7(3272) 585 969
Fах: 7(3272) 585 961 Факс:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
Басшылығына
Құрметті мырзалар,
Бiз Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының құрылу кезеңi 2001 жылдың 23 тамызынан бастап 31 желтоқсанға дейiнгі аудитiн аяқтадық. Қаржы есебiн жоспарлау және аудитін жүргізу барысында бiз қаржылық есеп туралы нәтижелерiмiздi көрсету мақсатында аудиторлық рәсiмдердi анықтау үшiн Қордың ішкi бақылау құрылымын қарап шықтық, бiрақ бұл ішкi бақылау құрылым тиiмдiлігін растау үшiн жасалған жоқ.
Бухгалтерлiк есеппен және iшкi бақылаумен байланысты кейбiр мәселелердi ерекше атап өттiк, олар есеп берудiң шарттары ретiнде қаралды. Есеп беру шарттары - бiздiң назарымызға iлiккен және есепке алу рәсiмдерiнiң немесе iшкi бақылаудың жобалануында және қызмет етуiнде қомақты кемшiлiктер болып есептелiнетiн мәселелер болып табылады, бiздiң ойымызша, олар ұйымның қаржы мәлiметтерiн көрсету, өңдеу, жалпылау қабiлетiне, сондай-ақ қаржы есебi туралы басшылық бекiтулерiне сәйкес олар бойынша есеп беруге керi әсер етедi.
Қомақты кемшiлiктер есеп беру шарттары болып табылады, ол жерде iшкi бақылаудың бiр немесе бiрнеше компоненттерiнiң жобалануы немесе қызмет етуi қомақты қателiктердiң аудит жүргiзiлген қаржы есебiне қатысты пайда болатындығына және оны қызметкерлер өз мiндеттерiн орындау барысында дер кезiнде көрмей қалатындығына байланысты қатер салыстырмалы түрдегі төмен дәрежеге құлдырамайды.
Iшкi бақылауды тексеру есеп беру шарттары болып табылатын iшкi бақылаудың барлық мәселелерi жарыққа шығарылады деген сөз емес, және осыған сәйкес бұл жоғарыда сипатталған қомақты кемшiлiк болып табылатын есеп берудiң барлық шарттары жарыққа шығарылады деген мағынаны бiлдiрмейдi. Жүргiзiлген аудит барысында табылған қомақты кемшiлiктер осы хаттың 1-Тарауында көрсетiлген.
Сондай-ақ бiз есеп беру шарттары болып табылатын өзге де мәселелердi көрсетiп өттiк. Бұл мәселелер осы хаттың 2-Тарауында көрсетiлген. Есеп берудiң жоғарыда көрсетiлген шарттарына қосымша ретiнде бiз өзге мәселелер бойынша да түсiніктемелер бердiк, олар 3 Тарауда көрсетiлген.
Бұл Есеп ҚР Ұлттық қорын Басқару жөнiндегі Кеңестiң, басшылар мен
ұйым шегіндегi өзге тұлғалардың ақпараты үшiн және пайдалану мақсатына
арналған, және жоғарыда көрсетiлгендерден өзге тұлғалардың пайдалануы үшiн
ескерiлмеген.
Бiз Сiздермен жоғарыда көрсетілгендерді талқылауға және кез келген
сауалдарыңызға Өздерiңiзге ыңғайлы кез келген уақытта жауап беруге дайын
екендiгiмiздi бiлдiремiз.
Құрметпен,
Азамат Ержанов, Әрiптес
2002 жылдың 30 наурызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Басшылыққа хат - Мәселелер мен ескертулер
2001 жылдың 31 желтоқсаны
1. ҚОМАҚТЫ КЕМШІЛІКТЕР
1.1. ЕСЕПКЕ АЛЫНБАҒАН ОҢ БАҒАМ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Шетел валютасында (АҚШ долларында) депозитке салынған ақша активтерi мен мiндеттер бухгалтерлiк есепке алу бойынша халықаралық және қазақстандық қалыптарға сәйкес жабылу күнгі қаржылық есепте айырбас бағамы бойынша теңгеде қайта есептелмеген. Оң бағамдық айырмашылықтар 2001 жылдың тоқсандық есептерiнде есепке алынбаған және олар 5.463 миллион теңге сомасына енгiзiлмеген.
Кеңестер
Бiз Қорға шетел валютасында депозитке салынған баланс шоттарын ай
сайынғы негізде теңгеде қайта есептеп отыруға кеңес беремiз.
1.2. ҚОРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕПТI ЖYРГIЗУI
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi баланстан тыс шоттардағы
барлық есепке алу тiзбелерiн растайды. Менеджерге толық бухгалтерлiк
есепке алуды жүргізуге формалды түрде талап қойылмайтын болғандықтан,
Қордың есепке алу тiзбелерiне екi түрлi жазба енгізiлмейдi, ал бұл жағдай
мiндеттер мен кiрiс сомасын активтермен сәйкестендiру кезiнде қиыншылық
туғызды.
Кеңестер
Қорға өзiнiң бухгалтерлiк тiзбелерiн қалыпты жағдайда ұстау үшiн екi
түрлi жазба енгізу тәсiлiн пайдалану керек.
2. ЕСЕП БЕРУДІҢ ӨЗГЕДЕ ШАРТТАРЫ
2.1. ЕСЕПТЕЛГЕН ПРОЦЕНТТЕР
Қордың есепке алу кезiнде есептелген проценттердi инвестициялардан
бөлмейтiндiгін байқадық. Есептелген проценттер инвестициялардың жалпы
құнына енгізiледi.
Кеңестер
Бiз Қорға өзiнiң есептелген процентiн инвестициялық шоттардан айыруды
жүзеге асыруға кеңес беремiз.
2.2. ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ - ҚРҰБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЕКIТУI
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Ұлттық Қордың сенiмдi
басқармасы жанындағы инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижелерi
жөнiндегі жылдық Есептi (бұдан былай мәтiн бойынша - "Есеп") аудит
аяқталғанға дейiн мақұлдады.
Кеңестер
Негiзінде ҚР Ұлттық банкi Басқармасының Есептi мақұлдауы аудит
аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылуға тиiс. Бұл шешiлмеген қайшылықтардың
алдын алуға мүмкiндiк бередi және қателiктер мен сәйкессiздiктер мөлшерiн
азайтады.
2.3. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ - КӨРСЕТКІШТЕРДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕР
Бiз Есепке енгізiлген кейбiр ақпараттарды Блумберг жүйесiнен алынған
архивтiк мәлiметтермен салыстырып, жылдық Есептен төмендегі қателiктердi
таптық:
"2001 жылғы рынокты шолу" Бөлiмi
Жапониядағы өндiрiстiк өндiрiс көрсеткiшінің төмендеуi 33% емес 13.7%
болған.
Жапониядағы жеке сату көлемiнiң төмендеуi 3.5% емес 3.2% болған.
АҚШ он жылдық қазыналық мiндеттердiң жылдық кiрiсi Есепте
көрсетiлгендей 6.75%, емес. Блумберг жүйесiндегі мәлiметтерге сәйкес бұл
облигациялардың әкелген кiрiсi 6.5% болған.
Кеңестер
Бiз Есептi даярлау рәсiмi кезiнде Қор мен Менеджерге мәлiметтердi
қатаң қадағалауға кеңес беремiз, бұны әр цифрдың дұрыстығына және ақпарат
көзiнiң дұрыс пайдалануына жауап беретiн тұлғаны сайлау арқылы жүзеге
асыруға болады.
2.4. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI - АҚПАРАТ ТОЛЫҚТЫҒЫ
Бiз Жылдық Есепте төмендегілер жөнiнде толық ақпараттың жоқтығын
байқадық:
- "2001 ж. рынокты шолу" бөлiмiнде АҚШ Федералды Резервтiк Банкiнiң 2001 жылғы ставкаларының төмендеуi бiр жылға емес алғашқы екi тоқсанға байланысты ғана көрсетiлген.
- Осы Есептiң "2001 ж. рынокты шолу" бөлiмiнiң соңғы тарауындағы Есеп мәлiметтерiнiң Жапонияға қатысты екендiгi анық көрсетiлмеген.
- "Қор қызметi" бөлiмiндегі "Кiрiс және қатерлер" бөлiмшесiнде 2001 жылдың 18 мамырынан бастап, 31 желтоқсанына дейiн есеп кезеңi iшiндегі жалпы кiрiс 31 миллион АҚШ долларында немесе орташа есептелген биржа бағамы бойынша 4.501 миллион теңге сомасында көрсетiлген. Бiрақ жоғарыда көрсетiлген сомаға бағамдық айырмашылықтан түскен кiрiстiң енгізiлмегендiгі айтылмаған. Бағамдық айырмашылықтан түскен кiрiсті қосып есептегендегі жалпы кiрiс 10.015 миллион теңге.
Кеңестер
Біз мына кеңестердi ұсынамыз
1. Басшылық Анализi бойынша Есептерде және нәтижелердi талқылауда екi тоқсандық қана емес, бiр жыл iшiндегi толық ақпаратты алу және барлық кезең мәлiметтерiн енгізу тиiмдi.
2. Есепке енгізiлген барлық ақпарат әр мәнге арналған толық сипатқа ие болуға тиiс.
3. Болашақта, халықаралық тәжiрибеге сәйкес Қор Есебiне төмендегі ақпараттардың енгізiлуi мүмкiн:
- Портфельдегi бағалы қағаздардың жалпы мөлшерi көрсетiлген бағалы қағаздар тiзiмi, СUSIР (идентификациялық нөмiр), құндар және әдiл құндар тізiмi.
- Жоғарыда көрсетiлген тiзiмнiң елдер қиылымында және өндiрiс түрiнде көрсетілуі мүмкін.
- Барлық акцияларда кiрiстiң есептелетiндігі немесе есептелмейтiндiгі жөнінде ақпарат болуға тиiс.
- Басшылықты анализдеу және олар бойынша нәтижелердi талқылау жөнiндегі Есеп тараулары әрбiр портфельдi басқарушы үшiн жеке даярлануға тиiс және осы Есепке жеке енгізiледi.
2.5. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI - АҚПАРАТ СӘЙКЕСТIЛІГІ
Осы Есептiң "Рынокты шолу" бөлiмiнiң "Акциялар рыногы" бөлiмшесiнде бағалы қағаздар рыногы туралы ақпарат көрсетiлген. 2001 жыл iшiнде бағалы қағаздардың бұл түрiне инвестициялау жүзеге асырылған жоқ. Сондай-ақ бұл жерде, Әлемдiк индекс МSСI анализдеу кезiнде пайдаланылған, ал басқа энергетикадан өзге индекс - Әлемдiк индекс МSСI - Қор Менеджерi ҚРҰБ-ға бағалы қағаздар бойынша стратегия үшiн эталон ретiнде көрсетiлген. 2001 жылы ҚРҰБ-да энергетикадан өзге Әлемдiк индекс МSСI қарау мүмкiндігіне ие болған жоқ.
Кеңестер
Бiз Есепке тек сәйкес ақпараттарды ғана енгізуге кеңес беремiз. Бұл ақпараттар барлық Есеп бойынша келiсiлген болуға тиiс.
2.6. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI - АҚПАРАТ СӘЙКЕССIЗДIГІ
Осы Есептiң "Қор қызметi" бөлiмiнiң "Басқару" бөлiмшесiнде төмендегілер көрсетiлген:
- Түсiмдер сомасы жекелей АҚШ долларында (674 миллион АҚШ доллары) және жекелей теңгеде көрсетiлген. 93.5 миллиард теңге мөлшерiнде түсiм ретiнде көрсетiлген соманы Есеп пайдаланушысы түсiмнiң жалпы сомасы ретiнде түсiнiп қалуы мүмкiн. 4.9 миллиард теңге мөлшерiндегі сома ақша қаражатын долларлық шоттан теңге шотына қарапайым аудару болып табылады және Есептен түсiндiру түсiнiктi емес.
- 90.9 миллиард теңге мөлшерiндегі сома алып алу ретiнде көрсетiлген, ал негізiнде ол теңге шотынан ақша қаражатының қарапайым қозғалысы болып табылады, оның iшiндегі тек 7.5. миллиард теңге ғана Республикалық және жергілiктi бюджетке аударулар жасау үшiн алып алынған және 83.4. миллиард теңге доллар шотына аудару және қызметтерге төлемдер болып табылады.
Кеңестер
Біз цифрлардың барлығының бір валюта - теңгеде көрсетiлуi жөнiнде кеңес береміз, қажет жерлерде ғана шетел валютасындағы баламасы көрсетiледi. Есептегі ақпарат Қордың қаржылық есебiне сәйкес болуға тиiс. Сондықтан бiз барлық пайдаланылған цифрлардың қаржылық есеп мәлiметтерiмен сәйкестендiрiлуi керек деп есептеймiз.
2.7. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБI - РАСТАЙТЫН АҚПАРАТТЫҢ БОЛМАУЫ
Бiз аудиторлық тексеру жүргізу кезiнде Қордың Есепте келтiрiлген төмендегі мәлiметтерi бойынша растайтын құжаттарының жоқтығын байқадық:
"2001 жылғы рынокты шолу" бөлiмiнде:
- "Акциялар рыногы" бөлiмшесiне сәйкес еуропа және жапон рыноктарында бағаның 31% және 28% төмендеуi туралы мәлiметтер.
- "Кiрiсi белгіленген бағалы қағаз рыногы" бабында мемлекеттiк облигациялар бойынша кiрiстiң 2001 жылы 5,7% және 2002 жылы 7,7% төмендеуi туралы мәлiметтер. (*)
- "Кiрiсi белгіленген бағалы қағаз рыногы" бабындағы 2001 жылдың екiншi тоқсанындағы АҚШ және Германиядағы кiрiстiң 0,25% өсуi туралы мәлiметтер. (*)
(*) ҚРҰБ бұл мәлiметтердi өзге ұйым - Норвегия Мұнай қоры есебiнен алған және бұл есептерге сiлтеме жасамай пайдаланған.
Кеңестер
Есепте пайдаланылған барлық ақпарат растайтын құжаттарға ие болуға тиiс. Бұл құжаттар жылдық Есептi шығаруға жауапты тұлға арқылы тексерiлуге тиiс.
2.8. СЕНIМДI БАСҚАРМА НӘТИЖЕЛЕРI БОЙЫНША ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕПТЕР
ҚРҰБ есепке алу тiзбесi есептеу принципi негізiнде жүзеге
асырылатынына қарамастан ҚРҰБ сенiмдi басқарма нәтижелерi бойынша
тоқсандық есептерiне ешбiр есептелген шығындар енгізiлмеген.
Кеңестер
Бiз Қордың есепке алу тiзбесiнiң және тоқсандық есептерiнiң iшiне
әрбiр есеп беру күнiне арналған есептеулердiң енгізуiне кеңес беремiз.
2.9. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ РӘСIМДЕР
Iс жүзiнде Қордың бекiтiлген есепке алу саясаты мен рәсiмдерi жоқ.
Осының нәтижесiнде жүйесiз немесе өкiлеттенбеген есепке алу саясаттың және
рәсiмдердiң қолданылуы мүмкiн.
Кеңестер
Бiз Қорға ресми түрде бекiтiлген есепке алу саясатын және рәсiмдердi
әзiрлеуге және енгізуге кеңес беремiз.
3. ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАР
3.1. АҚША ҚАРАЖАТЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАМАУ
Бiз әр аптаның соңында Менеджердiң Қордың қалған ақша қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі теңге шотынан доллар шотына аударатынын байқадық. Егер жасалған мәмiле құны түсiмнен жоғары болатын болса, шағын сомалар инвестицияларының немесе АҚШ долларына айырбастаудың тиiмсiздiгін түсiнемiз.
Кеңестер
Кiрiстi көбейту үшiн және шетел валютасы бойынша шығын қатерiн төмендету үшiн бiз Қорға ақша қаражатын инвестициялауды теңгеде жүзеге асыруға немесе оларды АҚШ долларына айырбастауды аптасына бiр рет емес, құн сайынғы негізде жүргізуге, бұл экономикалық жағынан тиiмдi болады, яғни айырбастау бойынша шығындар пайдадан асып кетпейдi деген шартпенен, кеңес беремiз.
3.2. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСТАПҚЫ МОЙЫНДАУ
Бiз инвестициялық операцияның валюталау күнi есепке алынатындығын байқадық, яғни Қордың есепке алу саясатында нұсқалғандай мәмiленi жасау күнiнде емес, ақшаның iс жүзiнде аударылу күнiнде есепке алынады екен.
Кеңестер
Бiз Қорға есепке алу саясатына сәйкес инвестициялық операцияларды
олар жүргізiлген күнi есепке алуға кеңес беремiз.
3.3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ БАҒАЛАУ
ҚР ҰБ күн сайынғы негізде инвестициялық портфельді бағалауды жүзеге
асыру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету пакетіне ие болып табылмайды.
Барлық есептерді "бэк-офис" қолмен жүргізеді. Жыл ішіндегі транзакциялар
көлемінің өсуі нарықтық құнды күн сайынғы есептеу кезіндегі адам факторы
нәтижесінде қателік жіберу қаупінің жоғарылауына әсер етеді.
Кеңестер
Біз Қорға осы процесс үшін ақпараттық жүйені енгізу мүмкіндігін
ескеруге кеңес береміз.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.