Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамасының су-энергетикалық ресурстарын 2002 жылы және 2003 жылдың І тоқсанында пайдалану туралы келiсімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Кәрiм
Қажымқанұлы Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Yкiметінің атынан Қазақстан
Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi және Өзбекстан
Республикасының Yкiметi арасында Нарын-Сырдария су қоймалары
су-энергетикалық ресурстарын 2002 жылы және 2003 жылдың І тоқсанында
пайдалану туралы келісім жасасуға өкiлеттік берілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қырғызстан Республикасы Үкiметi және
Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасындағы Нарын-Сырдария тiзбектi
суқоймаларының су-энергетикалық ресурстарын 2002 жылы және
2003 жылдың 1-шi тоқсанында пайдалану туралы
Келiсiм
Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қырғызстан Республикасы Үкiметi және
Өзбекстан Республикасы Үкiметi, бұдан әрі Тараптар деп аталатын,
2002 жылдың наурыз айында Тоқтағұл су қоймасындағы су қоры көлемінің 2001 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 1,1 млрд текше метрге кем екендiгiн ескере отырып;
осы жағдайда су қоймасының режимiн үйлесiмді реттеудiң қажеттілігiн, су тастауды келiсiмдi жүзеге асыру, су және отын-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалануды мойындай отырып, төмендегiлерге келісті:
1-бап
1.1. Қырғыз жағы өзiнiң тұтыну қажеттілiгiнен жоғары жалпы өтiмділікте Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасына 2002 жылдың жазғы мерзiмiнде жер суландыруға қажетті көлемi 2,5 млрд текше метр суды Тоқтағұл су қоймасынан тастауды қамтамасыз етедi:
маусым - 457 текше метр/сек, шiлде - 573 текше метр/сек, тамыз - 530 текше метр/сек.
1.2. Қажеттілікке байланысты Тараптар тасталатын судың көлемiн су шаруашылық жағдайының қалыптасуын ескере отырып қайта қарайды және өзгертулер енгiзедi.
2-бап
Қазақстан Республикасының вегетация мерзiмiнде "Достық" каналына алатын суы 700 млн. текше метрді және Шардара су қоймасына құйылуы 2800 млн. текше метрді құрайды. 2002 жылдың сәуiр айында "Сырдария" АСШБ қазақстан және өзбекстан жағымен бiрлесiп "Достық" каналына берілетiн судың ай сайынғы режимiн анықтайды.
3-бап
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасына бекiтiлген жер суландыруға қажетті тасталатын және алынатын судың шектеуiн қамтамасыз ету үшін, Қырғыз Республикасы жазғы мерзiмде, бiрдей мөлшерде, 2200 млн. кВт-сағ. электр энергиясын өткiзудi жүзеге асырады, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасына 1100 млн. кВт сағ. дейін.
Өзбекстан Республикасына 1100 млн. кВт сағ. дейiн.
4-бап
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасына берілетiн электрэнергиясының есебi Қырғыз Республикасына энергоресурстар, электр энергиясы, қызмет көрсету және еркiн конвентуралы валютамен төлеу арқылы Тараптармен анықталған шаруашылық субъектілер арасындағы келiсiм шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Өзара есептесудiң нақты түрi мен көлемi, берiлген өнiмдердiң өлшем
бiрлiгiнің бағасы және көрсетiлген қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметi
мен Қырғыз Республикасы Үкiметi, Өзбекстан Республикасы Үкiметi мен Қырғыз
Республикасы Үкiметi арасындағы екi жақты Келiсiмде анықталады.
5-бап
Әрбiр Тараптың осы Келісiмдегі өз мiндеттерiн орындауы Келiсiмге
қатысушылардың жасалған келiсiм шарт қатынасы бойынша - мемлекеттiк
энергосистемасының параллелдi жұмыс iстеуiне негiзделедi.
6-бап
Тараптар келісiлген су тастау режимi мен электрэнергиясын өткiзуде
тәртіп бұзатын әрекет жасамайды, сонымен қатар өзара келiсiлген суды
алуда, электрэнергиясын өткiзуде және оларды өз территориясынан алып өтуде
басқа Тараптың құқығына қысым келтiрмейдi.
7-бап
Нақты осы Келiсiм шегiндегi заттар мен көрсетiлген қызмет барлық
экспорттық және импорттық кеден төлемiнен және салықтан босатылады.
8-бап
Тоқтағұл су қоймасынан тасталатын судың режимiн оперативтi түзету
және электроэнергиясын өткiзу, қажет кезде "Сырдария" АСШБ және "Энергия"
ОДО жүргізедi.
9-бап
Нарын-Сырдария су қоймалар тiзбегiнiң су энергетикалық ресурстарын
2003 жылға пайдалану мәселесiн, 2002 жылдың ІІІ тоқсанының соңында, Бішкек
қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан
Республикасы су шаруашылық, отын-энергетикалық кешендерi өкілдерінің
кеңесiнде қаралсын.
10-бап
Тараптар өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер және
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi
болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
11-бап
Осы Келiсiмнiң Баптарына түсiнiк беруде немесе пайдалануда туылатын
даулы сұрақтар, Тараптар оны келiссөз жүргiзу және кеңесу жолымен шешедi.
12-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Келiсiм 2002 жылдың ______________ қаласында әрқайсысы орыс тiлiнде
үш данадан жасалды және барлық мәтiндердiң күшi бiрдей болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы Өзбекстан Республикасы
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн Yкiметi үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.