Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Влодимеж Чимошевичтің Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 27-30 сәуірдегі ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) Астана қаласында, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын;
сапарды өткізуге, соның ішінде ресми делегация мүшелерінің тұруына 743496 (жеті жүз қырық үш мың төрт жүз тоқсан алты) теңге сомасындағы шығыстарды 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды;
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бірлесіп, Польша Республикасының ресми делегациясы мүшелерін орналастыру, оларға қызмет көрсету және көлікпен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша) Польша Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Влодимеж Чимошевичтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін;
Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында арнайы ұшақтың қонуын, ұшып шығуын, оған техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен бірлесіп:
Қазақстан Республикасы және Польша Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерінің, кәсіпкерлерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" ұйымдастыруды;
Польша Республикасының кәсіпкерлері үшін Астана қаласында болған
кезде жеке бағдарлама дайындауды қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының
әкімдері Польша Республикасының ресми делегациясын күтіп алу және шығарып
салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.