Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 Z952198_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 34, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 5-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-64-құжаттар; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 339-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
кіріспе алынып тасталсын;
мәтіндегі "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықта" деген сөздер тиісінше "Заңды", "Заңға", "Заң", "Заңның", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бапта:
үшінші абзацта "және олардың жарғылық құжаттарының республика заңдарына сәйкестігін" деген сөздер алынып тасталсын;
бесінші абзацта "мүдделі адамдарға уағдаластық шарттар" деген сөздер "монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаларды осы Заңға сәйкес тіркеуді";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдары мен өкілдіктерінің тізілімін заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізуді;";
төртінші абзацта "заңды тұлғаларды және" деген сөздер алынып тасталсын;
6-бапта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті тауар рыногында үстем жағдайдағы рынок субъектілерін мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды бірыңғай мемлекеттік тіркелімнен алып тастау туралы жазбаны енгізуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.";
жетінші бөлік алынып тасталсын;
сегізінші бөлікте:
"және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Шетел инвестициялары туралы" Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлікте "арнаулы заң актілерінде" деген сөздер "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші бөлікте "Осы Жарлықта" деген сөздерден кейін ", осы Заңда және өзге де заң актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу
Филиалды және өкілдікті есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды немесе өкілдікті құрайтын заңды тұлға уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
Өкінішке заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның филиалды (өкілдікті) құру туралы шешімі, заңды тұлға бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің екі данасы, заңды тұлға жарғысының (ережесінің) және оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері, филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген сенімхат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат қоса беріледі.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның құжаттары мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармамен ұсынылады.
Тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу күнінен бастап он күн ішінде жүргізілген тіркеу туралы филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органына хабарлайды.";
8-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні, оны тіркеу туралы деректер қамтылуы тиіс.";
11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол беріледі.";
12-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік";
бірінші бөлікте:
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалды;
", қайта тіркеуден өткен заңды тұлға - қайта тіркеу туралы куәлік. Филиалдар мен өкілдіктерге есептік тіркеу туралы куәлік беріледі, олар қайта тіркеуден өткен жағдайда - есептік қайта тіркеу туралы куәлік." деген сөздермен толықтырылсын;
14-бапта:
екінші бөлікте "құрылтай құжаттарына" деген сөздердің алдынан "заңды тұлғаның мөрімен бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік алынып тасталсын;
15-баптың бірінші бөлігінде "7 күн" деген сөздер "3 жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-баптың екінші және жетінші бөліктеріндегі "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
"16-1-бап. Филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару
Филиал (өкілдік) филиалды (өкілдікті) жабу туралы заңды тұлғаның шешімінің, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының және филиал (өкілдік) туралы ереженің, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын түбіртектің немесе құжаттың негізінде есептен шығарылуға жатады.
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, филиал (өкілдік) орналасқан жер бойынша салық органының салық органдарында есептік тіркеуден шығару туралы анықтамасы талап етіледі.";
18-баптың төртінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 339-құжат):
14-баптың 1-тармағында "сәттен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей" деген сөздер "күннен бастап бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-бап "тіркеу" деген сөздің алдынан "өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
21-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құқықтық кадастрдың мәліметтері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияға және өзге де құпияларға жататын мәліметтерден басқа, жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мүдделі адамдарға беріледі.";
2-тармақта "10 күннен" деген сөздер "бес жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті