РҚАО-ның ескертпесі!
Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Шекара мәселелері бойынша өзара ақпараттық іс-қимылы туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің
Шекара мәселелері бойынша өзара ақпараттық
іс-қимылы туралы
Келісім
(2002 жылғы 27 мамырдан бастап күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 7, 51-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
1996 жылғы 29 наурыздағы Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы Шарттың, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық мекемелері туралы Шарттың шекара мәселелері бойынша ережелерін нақты іске асыру мүдделерін басшылыққа ала отырып,
1993 жылғы 24 қыркүйектегі көпжақты келісімнің орындалуын ақпараттық қамтамасыз ету туралы Келісімді және шекаралық мәселелер бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қол жеткізген келісушіліктерін ескере отырып,
сыртқы шекараның сенімділігін арттыруға және осы саладағы ақпараттық ынтымақтастықтың тиімділігін ерекше көңіл бөле отырып,
Тараптардың шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарының қалыптастыру және пайдалану кезіндегі қатынастарды құқықтық реттеуге маңызды мән бере отырып,
тараптардың шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарының толық және сапалы толықтырылуына, мемлекетаралық ақпарат алмасу үдерісінде оларды қажетті қорғау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде бір-біріне ауқымды көлемде көмек көрсетуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсатында төменде көрсетілген терминдер келесі мағынаға ие:
сыртқы шекаралар - Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - ЕурАзЭқ) қауымдастыққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскелері;
ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі - ақпараттарды құжаттау тәртібін, меншік құқығын, оған ену деңгейі бойынша ақпараттар санатын және ақпараттарды құқықтық қорғау тәртібін белгілейтін нормалар;
құзыретті органдар - Тараптардың мемлекеттік органдары және ұйымдары, сондай-ақ Тараптардың белгілі бір ретте іс-қимыл жасайтын уәкілетті ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер интеграциясын басқару органдары;
ақпарат - ұсынылу нысандарына қарамастан, адамдар, заттар, деректер, оқиғалар, құбылыстар және үдерістер туралы мәліметтер;
құжат - ақпараттық үдерістерді іске асыру үшін қажетті белгіленген нысан және ақпараттық ережелер бойынша жазылған жеткізуші;
ақпаратты материалдық жеткізуші - ақпараттарды жазып алу және сақтау үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір физикалық қасиеттері бар материал;
құжатталған ақпарат - салыстыруға мүмкіндік беретін реквизиттермен материалдық жеткізушіге жазылған ақпарат;
ақпараттық ресурстар - белгілі бір тәртіпте өңделген ақпараттық жүйедегі құжатталған ақпараттар жиынтығы;
ақпараттық жүйе - ақпараттық үдерістерді іске асыратын ақпараттық ресурстарды және ақпараттық технологияларды ұйымдастырушылық тәртіпке келтіру жиынтығы;
ақпараттық технологиялар - құжатталған ақпаратты өңдеу әдістерінің, тәсілдерінің, амалдары мен құралдарының және оны қолданудың реттелген тәртібінің жиынтығы;
ақпараттық үдерістер - ақпараттарды пайдаланушыға жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, жаңғырту, іздеу және ұсыну;
ақпараттарды пайдаланушы (тұтынушы) - Тараптардың ақпараттық жүйеге қажетті ақпарат алу үшін енетін және оны тиісті белгіленген тәртіпте пайдаланатын уәкілетті құзыретті органдары;
мемлекетаралық құпиялар - Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес анықталған, Тараптардың әрқайсысымен белгіленген тәртіпте ынтымақтастықты жүзеге асыру шеңберінде осы Тараптар берген мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ бірлескен жұмыс үдерісінде қалыптасқан құпиялар;
мемлекеттік құпиялар - бір-біріне тәуелсіз Тараптардың әрқайсысы қорғайтын құпиялар;
құпиялар - егер Тараптардың әрқайсысының нормативтік актілерінде көзделген құпиялылықтың басқа дәрежесі (белгілері) ескертілмесе, аса маңызды, өте құпия және құпия мәліметтер, құжаттар және бұйымдар;
жасырын ақпарат - Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдарына не олардың ынтымақтастығын жүзеге асыру шеңберінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес енуге шектеу берілетін ақпарат.
2-бап
Осы Келісімнің мәні Тараптардың арасындағы шекара мәселелері бойынша ақпараттық әрекеттестікті ұйымдастырудың жалпы қағидаларын анықтау және жоғарыда көрсетілгендерді жүзеге асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысының ақпараттық ресурстар бөлігіндегі құқықтық келісімге келу болып табылады.
Тараптар:
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің осы келісімге қоса берілетін шекара мәселелері бойынша мемлекетаралық ақпарат ресурстарын алмасу үшін құжатталған ақпарат түрлерінің Тізбесі шеңберінде шекаралық мәселелер бойынша ақпараттық ресурстар алмасуды ақысыз негізде жүзеге асыруға;
Тараптардың бірлесіп пайдалануы үшін ақпараттық ресурстардың өзара келісілген регламентін ұсыну тәртібін және мерзімін қамтамасыз ету, сондай-ақ Тараптардың осы Келісіммен анықталатын шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарының құқықтық режимін орындауға;
шекара мәселелері бойынша ЕурАзЭҚ жұмыс тілінде құжаттандырылған ақпараттарды беру жолымен ақпараттық ресурс алмасуды электронды түрде немесе ақпараттарды осы Келісімге мүше мемлекеттердің шеңберінде біржақты немесе көпжақты негізде материалдық жеткізушілерде жүзеге асыруға;
Тараптардың өзара келісімі бойынша ерекше жағдайларда, арнайы сұраулар негізінде жоғарыда көрсетілген құжатталған ақпарат түрлерінің Тізбесіне енбеген ақпараттық ресурстардың басқа түрлерімен алмасуды жүзеге асыруға міндетті.
Тараптар осы мәселелер бойынша шекараларды құру жөнінде шараларды келісіп, ұлттық ақпараттық жүйені құрады, бірлесіп немесе дербес тараптардың құзыретті органдарын анықтайды. Олар тиісінше:
шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстардың иелері;
шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар;
шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды мемлекетаралық алмасуға қатысатын субъектілер болып табылады.
Тараптар:
ақпараттық ресурстарға меншік құқығын;
ақпараттарды құжаттау, ақпараттық құжаттарға заң күшін беру және оны растау тәртібін;
ақпараттық ресурстарға ену деңгейі бойынша санаттандыруды;
ақпараттық ресурстарды қорғаудың мақсаттары мен тәртібін;
шекара мәселелері бойынша мемлекетаралық ақпарат ресурстарын алмасуға қатысатын Тараптардың құзыретті органдарының құқықтарын бекітетін шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстардың құқықтық режимін анықтайды.
3-бап
Тараптар өздеріне бағынышты құзыретті органдар құрған шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстардың меншік иелері болып табылады және осы ресурстарды иелену, пайдалану және билік ету құқығын, уәкілеттіктерін толық көлемде, соның ішінде оларға жатқызылатын ақпараттық ресурстарды және оларға ену режимін, өңдеу ережесін және қорғауды бекіту құқығын іске асырады.
Тараптар - Тараптармен бірлесіп пайдалану үшін құжатталған ақпараттарды ақпараттық ресурстармен мемлекетаралық алмасу үдерісінде ұсынылатын шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстар иесі осы ақпаратқа иелігін және оны пайдалану құқығын жоғалтпайды.
Шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды иеленушілер болып нақты ақпараттық ресурстардың Тараптар - меншік иелері белгілейтін көлемде көрсетілген ақпараттық ресурстарды құру, иелену, пайдалану бойынша уәкілеттікті іске асырушы Тараптардың құзыретті органдары танылады.
Тараптардың бірлескен келісімімен шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинақтау және өзара мүдделеріне пайдалану мақсатында Тараптардың құзыретті органдарының пайдалану құқығымен ұжым болып пайдаланатын тақырыптық ақпараттық жүйе құрылуы мүмкін.
Шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар Тараптардың осындай ресурстарды иеленушілерге немесе меншік иелеріне барған қажетті құжатталған ақпараттарды алушы және оларды пайдаланушы құзыретті органдары болып табылады.
Меншік иесінің иеленушіге ақпараттық ресурстарды немесе олардың бір бөлігін беруі оған меншік құқығының осы ресурстарға бір мерзімде өтуін білдірмейді, өйткені ақпараттық жүйелерге немесе технологияларға олардың көмегімен өңделетін ақпараттық ресурстарға меншік құқығы берілмейді.
4-бап
Ақпаратты құжаттау мемлекетаралық ақпараттық алмасуға арналған шекара мәселелері бойынша Тараптардың ақпараттық ресурстар құрамына оны алдын ала қосу үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттық ресурстарды мемлекетаралық алмасудың әрбір тәсілі үшін ақпараттарды құжаттау тәртібі Тараптардың келісілген түрлеріне сәйкес анықталады.
Құжатталған ақпарат, соның ішінде автоматтандырылған ақпарат жүйесінен тікелей алынған, оған құзыретті лауазымды адам қол қойғаннан кейін заңды күшіне енеді.
Автоматтандырылған ақпарат жүйелерінде сақталатын және әзірленетін құжатталған ақпараттың заңды күші, сондай-ақ байланыстың техникалық жүйесін пайдалану арқылы берілетін және деректерді беру осы жүйелерде Тараптар өзара таныған қол қоюларды салыстырулардың бағдарламалық-техникалық құралдарының болуы және көрсетілген құралдарды қолданудың бекітілген режимін Тараптардың сақтауы жағдайында электронды цифрлық қол қоюмен бекітілуі мүмкін.
5-бап
Тараптардың мемлекетаралық алмасу үшін шекара мәселелері бойынша беретін ақпараттық ресурстары, әдеттегідей, Тараптардың ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар үшін ашық және жалпыға бірдей болып табылады.
Бұларға Тараптардың мемлекетаралық құпияларды құрайтын құжатталған ақпараттары, Тараптардың мемлекеттік құпиялары және шекара мәселелері бойынша тиісті ақпараттық ресурстардың меншік иелері - әрбір Тарап ұлттық заңнамаларына сәйкес ену жүзеге асырылатын жасырын ақпараттары жатпайды.
Тараптардың өздері бірлесіп анықтайтын бірлесіп пайдалануға арналған шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарға ену тәртібін, пайдаланушылар мен ұжымдық пайдаланудың тақырыптық ақпараттық жүйесінде бар құжатталған ақпараттарды алмасу ережесінің тізбесін анықтауды көрсетілген ақпараттық ресурстарды иеленушінің құқықтары мен уәкілеттіктері берілген құзыретті органға жүктейді.
6-бап
Шекара мәселелері бойынша Тараптардың меншіктері болып табылатын, сондай-ақ олардың бірлесіп пайдалануындағы не Тараптар анықтаған құзыретті органдардың иелігіндегі ақпараттық ресурстар міндетті түрде есепке алуға және қорғауға жатады.
Ақпараттық ресурстарды қорғаудың мақсаттары:
ақпараттық ресурстар мен жүйелерге рұқсатсыз енудің және заңсыз араласудың кез келген нысандарындағы Тараптардың қауіпсіздігіне төнген қатерді жою;
әрбір Тараптың мемлекетаралық және мемлекеттік құпияларын, құжатталған ақпараттардың құпиялылығын және қолда бар ақпарат жүйесіндегі жеке деректерді сақтау;
ақпараттардың жария болуының, ұрлануының, жоғалуының, бұрмалануының және қолдан жасалуының алдын алу;
Тараптардың меншік объектісі ретінде құжатталған ақпараттың құқықтық режимін, сондай-ақ ақпараттық үдерістердегі субъект құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды меншіктенуші Тарап енуі шектелген санатқа жатқызған құжатталған ақпаратты құрайтын ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар мұндай ақпаратқа иелік етуге және оны тек қана меншіктенуші Тараптың құзыретті органдарының рұқсатымен пайдалануға құқылы, сондай-ақ көрсетілген ақпараттарды қорғау бойынша оларға талаптарды бұзудың барлық деректері туралы хабарлауға міндетті.
7-бап
Шекара мәселелері бойынша Тараптар, олардың құзыретті органдары және осы Келісімге сәйкес анықталған ақпараттық ресурстарды пайдаланушылар осы ресурстарға енудің тең құқықтарын пайдаланады және оларды иеленушілердің алдында сұраған ақпараттарды алудың қажеттілігін негіздеуге міндетті емес. Енуі шектелген ақпарат бұларға жатпайды.
Шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды иеленушілер осы Келісімнің ережелерін сақтай отырып, осы ресурстарды меншіктенушілер анықтаған тәртіпте құжатталған ақпаратпен пайдаланушыларды қамтамасыз етеді.
Шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану үшін жауапты Тараптар анықтаған құзыретті органдар, Тараптар қол жеткізген келісушіліктер мен өзара міндеттемелерге сәйкес құжатталған ақпараттарды пайдаланушылардың толық және жедел ұсынуы үшін жағдай жасайды.
Шекара мәселелері бойынша енуі шектелген ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртібін ұлттық заңнамаларға, мемлекетаралық (үкіметаралық) келісімдерге және Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әрбір Тараптың құзыретті органдары анықтайды.
8-бап
Осы Келісімнің 4, 6-баптары ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар:
әрекеттестік байланыстарын жүзеге асыру үшін шифрлық құралдарды пайдалану;
шифрланған байланыс саласында өзара құрал-жабдықтарды қою және мамандардың делегацияларын алмасу;
қорғалған ақпараттық жүйені құру мақсатында коммуникациялық және шифрлық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша келісілген әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
9-бап
Тараптар осы Келісімнің орындалуы, қажетті кеңестерді (келіссөздерді) өткізу және оның құзыретінің шеңберінен шықпайтын келісушіліктерге қол жеткізу бойынша үйлестіру шараларын Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша Кеңесіне жүктейді.
Осы Келісім қатысушылары Тараптар болып табылатын басқа да халықаралық ережелерге әсер етпейді.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамамен ресімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
10-бап
Осы Келісім Тараптардың ұлттық заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде, қол қойылған күнінен бастап қолданылады және Тараптан оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындау туралы үшінші хабарды Депозитарийден алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім қалған қатысушы мемлекеттерінің әрбірі үшін, оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындау туралы хабарды Депозитарийден алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімнің Депозитарийі Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық Комитеті болып табылады.
11-бап
Осы Келісім 1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартқа және 2000 жылғы 10 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы Шартқа, осы Келісімнің мақсаттары мен қағидаларын қолдайтын басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
12-бап
Осы Келісімді қолдану немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер кеңестер мен келіссөздер арқылы шешіледі.
13-бап
Келісім бес жыл бойы әрекет етеді, сосын келесі бес жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.
Әрбір Тарап осы Келісімнен алты айдан кем емес мерзімде бұл жөнінде депозитарийге жазбаша хабарлап, шығуға құқығы бар.
Бір түпнұсқа данасы орыс тілінде 2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында жасалды.
Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің қатысушы мемлекеттерінің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жіберетін ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінде сақталады.
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Шекара мәселелері бойынша Еуразия
экономикалық қауымдастыққа мүше
мемлекеттердің ақпараттық әрекеттестігі
туралы Келісімге қосымша
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің
шекара мәселелері бойынша ақпараттық ресурстармен
мемлекетаралық алмасу үшін құжатталған ақпарат түрлерінің
Тізімі
1. Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің (одан әрі - ЕурАзЭҚ) сыртқы шекараларында, осы мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін дағдарыс ахуалының пайда болуының алғы шарттары туралы.
2. ЕурАзЭҚ мүше болып табылмайтын мемлекеттердің ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы жағдайға тұрақсыздық әсерін тигізетін, саяси, экономикалық және өзге де сипаттағы акциялар өткізу туралы.
3. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен және халықаралық келісімдермен алып келуге және алып кетуге тыйым салынған қаруларды, оқ дәрілерді, жарылғыш, радиоактивті, уландыратын және жүйкеге әсер ететін заттарды, басқа да заттар мен жүктерді, материалдық және мәдени құндылықтарды ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің шекаралары және аумақтары арқылы алып өтуге дайындықтар (жүзеге асырылған) туралы, сондай-ақ шекарада контрабандалық қолдану арналары, құралдар және әдіс-тәсілдер туралы.
4. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларына келуі мүмкін халықаралық ұйымдасқан қылмыстарға (қару саудасына, есірткі саудасына, терроризмге, экстремизм және ұйымдасқан қылмыстық әрекеттердің басқа да түрлеріне) қатысы бар адамдар, олардың келу және кету арналары туралы.
5. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің сыртқы шекарасы арқылы ұлтаралық дауларды тұтандыру мақсатын көздейтін ұйымдардың және топтардың қызметі туралы.
6. Ұлттық заңнамаларға сәйкес келісілген ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларындағы учаскелерде шекаралық операцияларды (іздеулерді) өткізу туралы.
7. Шекараны бұзушылардың амал әрекеттеріндегі жаңа элементтер және олар қолданатын әдіс-тәсілдер туралы.
8. Шекара қорғаудың жаңа тәсілдері, шекара бұзушыларды ұстаудың жиі кездесетін мысалдары туралы.
9. Шекара маңындағы аудандарда экологиялық, эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайлардың күрт өзгеруі туралы.
10. Шекара мәселелері бойынша мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық актілер, шекара мәселелері бойынша ұлттық заңнамаларды бұзушыларға қолданылатын құқықтық санкциялар және олардағы өзгерістер туралы.
11. Шекаралық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне байланысты және ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің шекарасы және аумағы арқылы заңсыз көші-қон үдерістері туралы.