Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "Бритиш Газ Интернэшнл Лимитед", "Бритиш Петролеум Қазақстан Лимитед", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.", "Филипс Петролеум Қазақстан Лимитед", "Шелл ҚазақстанҒДевелопмент Б.В.", "Статойл Қазақстан а.с.", "ТотальФинаЭльф" ЭиП Қазақстан" компаниялары арасында жасалған "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі