Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар орталық аппараттарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 300 "Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй сатып алу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңге сомасында көзделген қаражаттың есебінен Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй сатып алуға ықтимал берушілердің арасында конкурсты ұйымдастырушы болып анықталсын.
2. Мыналар:
1) Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы, Экономика және сауда, Әділет министрліктерінің өкілдері кіреді;
2) әлеуеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және Мәжілісінің аппараты қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алу жеке бюджеттік бағдарламада көзделуіне байланысты осы ұйымдар қызметкерлерінің тізімдерін қоспағанда, бас қаланың көшірілуіне байланысты 1997-1999 жылдары қоныс аударған, тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген қызметкерлердің (бұдан әрі - Қызметкерлер) тізімдерін мемлекеттік органдар бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігіне ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) екі апта мерзімде осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қызметкерлердің бекітілген тізімдерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне береді;
4) қызметтікке теңестірілген пәтерлерді Қызметкерлерге кейіннен беру үшін оларды мемлекеттік органдарға бөлуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) бекіткен тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады;
5) Қызметкерлерге берілген тұрғын үйді сатып алу "Республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кейбір өзге де санаттарының тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджеттің ақшасы есебінен сатып алуға, сондай-ақ тұрғын үй салуға және сатып алуға несиелер берудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қбп қаулысына сәйкес жүзеге асырылады;
6) қызметтікке теңестірілген мемлекеттік тұрғын үйді бюджеттік
несиелердің және жеке қаражатының есебінен сатып алудан ақшалай қаражаттың
түсуі республикалық бюджетке жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тілеубердинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.