Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды өзара реттеу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа келiссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды өзара реттеу туралы келiсiмдi, оған Келiсiм жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, жасасуға уәкiлеттiк берiлсiн. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 40 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия
Республикасының Yкiметi арасындағы Жолаушылар мен
жүктердi автомобиль көлігiмен халықаралық тасымалдауды
өзара реттеу туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия Республикасының Yкiметi
екi мемлекет арасында, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен автомобиль көлiгiмен жолаушы және жүк тасымалдарын реттеудi жеңiлдету мақсатында және
өзара мүдделердi назарға ала отырып,
төмендегi туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар мемлекеттерiнің автокөлiк құралдары жолаушылар мен жүктердi Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына немесе аумағынан, сондай-ақ олар Тараптар мемлекеттерiнің бiрiнiң аумағында тiркелу шартымен, олардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдай алады.
I - ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАРЫ
ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
2-бап
Тараптар мемлекеттерiнің азаматтардың Тараптар мемлекеттерiнің
аумақтарына кiруiн және шығуын, болуын реттейтiн заңнамасына сәйкес осы Келiсiм, Тараптар мемлекеттерiнің аумақтары арасындағы, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен өту кезiнде, автобус жүргізушiсiн қоса алғанда, тоғыздан артық адам тасымалдауға арналған автокөлiк құралдары пайдаланылатын барлық халықаралық жолаушылар тасымалдарына қолданылады.
1.2. МЕМЛЕКЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТАСЫМАЛДАР
3-бап
1. Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн "тұрақты тасымал" мағынасында, алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестелерi мен тасымалдау тарифтерiне сәйкес, белгiлi бiр бағыт бойынша автобуспен жолаушылар тасымалы түсінiлуi тиiс.
2. Осындай тасымалдар барысында жолаушылар алдын ала белгіленген аялдамаларда және басқа да ескерiлген пункттерде отырғызылуы және түсiрiлуi мүмкiн.
3. Осындай тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн, тiлек бiлдiрген кез келген жолаушы, жөнелту пункттерiнде және жүретiн жол бойындағы аялдамаларда, осы Келiсiмнің ережелерiне және Тараптар мемлекеттерiнiң тұрақты жолаушы тасымалын реттейтiн заңнамасына сәйкес автокөлiк құралының бортына, онда бос орын болған кезде алынуы тиiс.
4-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы тұрақты тасымалдар, осы Келiсiмнiң 22-бабында көрсетiлген Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары арасындағы келiсiм бойынша және осы Келiсiмнiң 23-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде ұйымдастырылады.
5-бап
1. Жолаушылардың тұрақты тасымалы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары берген, баспа тұлғаға беруге болмайтын тиiстi рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Рұқсатты Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, олардың аумақтары бойынша өтетiн бағыт бөлiгiне екi жаққа бiрдей негiзде бередi.
3. Рұқсаттың қолданылу мерзiмiн Бiрлескен Комиссия келiсуi тиiс.
4. Тасымалдарды жүзеге асыруға арналған рұқсат, аумағында тасымалдаушының компаниясы тiркелген Тарап мемлекетiнің құзыреттi органдарына тасымалдаушы берген өтiнiмнiң негiзiнде берiледi.
5. Өтiнiмнiң iшiнде тасымалдаушының атауы, жолаушыларды отырғызу мен түсiруге арналған аялдау пункттерi көрсетілген бағыт сызбасы, қозғалыс кестесi (бiр күнтiзбелiк жылға жарамды), километрмен көрсетiлген қашықтықтар, қозғалыстың мезгiлi мен жиiлiгi, сондай-ақ Бiрлескен Комиссия белгілейтiн жол жүру құны сияқты мiндеттi мағлұматтар болуы тиiс. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары қажеттi деп санайтын қосымша мәлiметтердi талап етуге құқылы.
6. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң құзыреттi органы екіншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органына қажеттi құжаттармен жинақталған барлық қабылданған өтiнiмдер туралы хабарлайды.
7. Өтiнiмдi Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары Бiрлескен Комиссия белгiлеген рәсiмдерге сәйкес мақұлдауы тиiс.
8. Тұрақты тасымалдарды орындауға рұқсат берiлген автокөлiк құралының барлық сапарлар кезiнде түпнұсқа сертификаты болуы тиiс.
6-бап
Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң тасымалдаушыларына екіншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi пункттiң арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыру рұқсат етiлмейдi.
1.3. ТҰРАҚТЫ ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАР
7-бап
1. Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн "тұрақты транзиттiк жолаушы тасымалы" мағынасында Тараптардың бiрiнiң аумағында басталып және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағын, осы екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында жолаушыларды отырғызусыз немесе түсiрусiз үшiншi мемлекетке барумен кесiп өтетiн, алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестелерi мен тасымалдау тарифтерiне сәйкес, белгiлi бiр бағыт бойынша автобуспен жолаушыларды тасымалдау түсініледі.
2. Тұрақты транзиттiк тасымалдар, тасымалдаушы өзiнің тiркелген мемлекетiнiң құзыреттi органдары арқылы алдын ала өтiнiм беруi тиiс транзит мемлекетiнiң құзыреттi органы берген рұқсаттардың негізiнде орындалуы тиiс.
1.4. ТҰРАҚТЫ ЕМЕС ТАСЫМАЛДАР
8-бап
Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн тұрақты емес тасымалдар:
1) ("жабық есiк сипатындағы" сапар), яғни автокөлiк құралы тiркелген Тарап мемлекетiнiң аумағында басталатын және аяқталатын, бүкiл сапар уақытында бiр жолаушыларды тасымалдау үшiн бiр ғана автокөлiк құралы пайдаланылатын тасымал;
2) өзi тiркелген Тарап мемлекетiнiң аумағына бос қайтатын автокөлiк құралымен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жолаушыларды тасымалдау;
3) тасымалдаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында алдын ала қол жеткiзiлген шарттың негiзiнде автокөлiк құралы тiркелген Тарап мемлекетiнің аумағына тасымалдау үшiн жолаушылар тобын жинау мақсатында, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жолаушыларсыз сапар шегу болып табылады.
9-бап
1. Осы Келiсiмнің 8-бабының 1) және 2) тармақшаларында олар үшiн шарттар ескерiлген тасымалдар, тiптi олар транзиттiк тасымалдар болып табылса да, ешқандай рұқсаттарды талап етпейдi.
2. Осындай жағдайларда жүргiзушіде жолаушылардың толық тiзiмiмен тиiстi түрде толтырылған жол ведомосi, тасымалдаушының аты мен мекен-жайы, автокөлiк құралының тiркелу нөмiрi, келу пунктi, екiншi Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарына кiрудiң және шығудың болжанған күнi болуы тиiс.
3. Автокөлiк құралы сынған жағдайда, Бiрлескен Комиссия белгiлеген рәсiмдерге сәйкес, ол талап етiлетiн рұқсатсыз басқа көлiк құралымен ауыстырылуы мүмкiн.
4. Егер осы Келiсiмнiң 8-бабының 3) тармақшасында ескертілген шарттар орын алса, онда тасымалды орындайтын көлiк компаниясы тiркелген бiр Тарап мемлекетiнің құзыретті органдары екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдарынан рұқсат сұрауға құқылы.
5. Құзыреттi органдар жыл сайынғы мөлшерiн осы Келiсiмде көзделген Бiрлескен Комиссия белгiлейтiн рұқсаттар бланкiлерiмен алмасуы тиiс.
1.5. АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛЫМЕН БАСҚА ТАСЫМАЛДАР
10-бап
1. Алдыңғы баптарда шарттары ескерiлмеген автокөлiк құралымен басқа тасымалдар жағдайында, екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдарында әр жеке жағдайда рұқсаттар алдын ала алынуы тиiс.
2. Рұқсат өз Тарабы мемлекетiнiң құзыреттi органдары арқылы екiншi Тарап мемлекетiнің құзыреттi органдарына өтiнiм берген әрбiр тасымалдаушыға берiледi.
3. Өтiнiмнiң iшiнде қозғалыс бағыты, келу пунктi, сапардың мақсаты туралы мәлiметтер және Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары талап етуi мүмкiн басқа ақпарат болуы тиiс.
4. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң құзыреттi органдары қабылданған өтiнiмдердi барлық қажеттi құжаттармен екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдарына беруi тиiс.
5. Екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары өтiнiм алынған күнiнен бастап 30 күн iшiнде қабылданған шешiм туралы хабарлауы тиiс.
6. Екiншi Тарап мемлекетiнің құзыреттi органдарының келiсiмi алынғаннан кейiн, тасымалдаушы тiркелген Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары рұқсатты беруi тиiс.
II - ЖYК ТАСЫМАЛЫ
2.1. ЕКI МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ ТАСЫМАЛДАР ЖӘНЕ
ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАР
11-бап
1. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген жүк тасымалдаушыда екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы берген, осы Келiсiмнiң 12-бабында ескерілген жағдайларды қоспағанда, немесе Бiрлескен Комиссияның екiжақты тасымалдар үшiн рұқсат беру жүйесiнен босатуға қатысты шешiмдерiне сәйкес, екi мемлекет арасында тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсаты болуы тиiс. Мұндай рұқсат тура және керi бағыттардағы тасымалдар бойы жарамды.
2. Тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдары мен жүргізушiлердiң екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына кiруi, жүруi және болуы өзара шартпен, мемлекеттiк қауiпсiздiк себептерi бойынша талап етiлгенде, ерекше мерзiмдер мен шарттарға, тексерiстер мен сақтық шараларына бағындырылуы мүмкiн.
3. Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн, егер тасымал үшiншi мемлекетке баруға, Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнің аумағы бойынша, аумағы арқылы автокөлiк құралы транзитпен өтетiн Тарап мемлекетiнiң аумағында жүктердi тиеудi немесе түсiрудi жүзеге асырмай өтсе, тасымал транзиттiк деп саналады.
4. Транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыру үшiн тасымалдаушыда осы Келiсiмнiң 12-бабында ескерiлген жағдайларды қоспағанда, немесе Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары өзгеше келiспесе, екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары берген рұқсат болуы тиiс.
12-бап
1. Екiншi Тарап мемлекеттерiнiң аумақтарына және аумақтарынан төменде келтiрiлген жүктердi әкелу мен әкетудi реттейтiн Тараптар мемлекеттерiнің заңнамаларына залалсыз осы Келiсiмнің 11-бабында ескерiлген рұқсаттардан:
1) мәйiттер мен қайтыс болғандардың күлiн тасымалдау;
2) көрмелерге ғана арналған заттарды тасымалдау;
3) театр, музыка, кинематография, спорт және цирк iс-шараларына, сондай-ақ радиохабарларды, кино және телевизиялық түсiрулердi жазуға арналған жабдықтар мен керек-жарақтарды тасымалдау;
4) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында iстен шыққан басқа жүк автокөлiк құралын ауыстыруға арналған бос жүк автокөлiк құралының қозғалысы және жөнделген бос автокөлiк құралының қайтуы. Ауыстыратын автокөлiк құралы iстен шыққан автокөлiк құралына берiлген рұқсатты пайдаланып, тасымалды жалғастыра алады;
5) дәрi-дәрмектердi, медициналық жабдықтар мен жарақтарды, сондай-ақ кезек күттiрмейтiн авариялық жағдайлар мен табиғи апаттар кезiнде сыни жағдайларды жою бойынша көмек көрсетуге арналған басқа заттарды тасымалдау;
6) почтаны тасымалдау;
7) тасымалдау шарты өзгертiлген жағдайда, әуежайға жеткiзiлетiн жүктердің тұрақсыз тасымалы;
8) жолаушылардың автокөлiк құралдарына тiркелген трейлерлерде немесе әуежайға бара жатқан немесе әуежайдан келе жатқан кез келген автокөлiк құралын пайдаланатын теңдеме жүк фургондарында теңдеме жүктi тасымалдау;
9) полиция немесе арнайы күзет ерiп жүретiн арнайы автокөлiк құралдарында құндылықтарды (асыл металдар және т.б.) тасымалдау;
10) теңiз және әуе тасымалдары үшiн қосалқы бөлшектердi тасымалдау босатылады.
2. Осы Бапқа сәйкес рұқсаттар талап етiлмейтiн тасымалдар тiзiмiн Бiрлескен Комиссия өзгерте алады.
3. Осы Бапта ескерiлген барлық тасымалдар Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында қолданылып жүрген және осы мәселенi реттейтiн белгiлi бiр ережелер мен нұсқамалардың шарттарына сәйкес қажет болуы мүмкiн барлық талаптарға бағынуы тиiс.
13-бап
Бiр де бiр рұқсат үшiншi тұлғаға берiлмейдi, ол кiмге берiлсе, сол тасымалдаушы ғана оны пайдалана алады және тасымалдаушыға бiр автокөлiк құралымен немесе құрамдастырылған автокөлiк құралымен (тiркемелi/жартылай тiркемелi автокөлiк құралы, тiркемесiз автокөлiк құралы, бiрiктiрiлген автокөлiк құралы), қолданысы бiр күнтiзбелiк жылдан аспауы тиiс рұқсатта көрсетiлген қолданыс мерзiмi бойы тасымалды жүзеге асыруға құқық бередi.
14-бап
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi пункт арасында жүк тасымалын жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларына сонымен қатар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағы мен үшiншi мемлекеттiң аумағы арасында және керiсiнше жүктердi тасымалдауға, егер рұқсаттардың арнайы мөлшерi туралы шешiм қабылдайтын Бiрлескен Комиссия өзгеше көздемесе, тыйым салынады.
III - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15-бап
1. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес автокөлiк компанияларына, автокөлiк құралдарының жарамдылығына, автокөлiк құралдары құжаттарының мазмұнына, жүргiзушiнiң бiлiктiлiгіне, сақтандыруды жабу мен үшiншi тұлғалардың алдында жоғары жауапкершiлiктi сақтандыруға және жолаушылардың өтемiне қойылатын техникалық және кәсiптiк стандарттарды белгiлеуi тиiс.
2. Сақтандыру полисiнiң мерзiмдерi мен шарттары барлық жағдайларда, тасымал соған жүзеге асырылатын Тарап мемлекетiнiң заңнамасында белгiлеген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
16-бап
Жол жүруге, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау үшiн қажеттi құжаттарды жасауға, жазбалар жүргiзуге, Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары арасында алмасу үшiн статистикалық мәлiметтердiң жазбасына арналған рұқсаттар беру үшiн рәсiмдер мен нысандылықтарды Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары келiсуi тиiс.
17-бап
1. Осы Келiсiм бойынша талап етiлетiн рұқсаттар, сондай-ақ басқа тасымалдау құжаттары осы Келiсiмде көзделген барлық тасымалдар кезiнде автокөлiк құралында болуы тиiс және Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының өкiлдерiне талап бойынша тексеру үшiн ұсынылуы тиiс.
2. Тасымалдау құжаттарын сапар басталар алдында толығымен толтыру керек.
3. Жүкпен немесе жүксiз келе жатқан автокөлiк құралының көлемдiк немесе салмақтық параметрлерi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген нормалардан артық болған жағдайда, тасымалдаушы екiншi Тарап мемлекетiнің құзыреттi органдарының арнайы рұқсатын алуы тиiс.
4. Тасымалдаушылар мен олардың автокөлiк құралдарының экипажы осы Келiсiмнің мақсаты үшiн, Тараптар мемлекеттерiнің әрқайсысының аумағындағы жол қозғалысы мен тасымалдарды реттейтiн ережелер мен қағидаларды сақтауы тиiс.
5. Тасымалдаушылар мен олардың автокөлiк құралдарының экипажы осы Баптың 4-тармағында ескерiлген ережелер мен қағидаларды бұзған жағдайда, олар аумағында бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауапты болады.
18-бап
1. Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң аумағына әкелiнетiндер кедендiк баждарды, кедендiк ресiмдеу үшін алымдарды және импорт кезiнде алынатын салықтарды төлеуден босатылады:
1) автокөлiк құралының тиiстi моделi үшiн көзделген, техникалық және конструкциялық жағынан қозғалтқыштың отын жүйесiмен байланысты негізгi сыйымдылықтардағы жанармай, сондай-ақ рефрижератор қондырғыларының жұмысы үшiн қажеттi, тiркемедегi немесе жартылай тiркемедегi жанармай;
2) тасымалдау кезiнде қалыпты тұтынуға қажеттi мөлшердегi, автокөлiк құралындағы жағармай материалдары;
3) халықаралық тасымалды орындайтын автокөлiк құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер керi әкелiнуi тиiс, ал алмастырылған қосалқы бөлшектер мемлекеттен шығарылуы не жойылуы тиiс не тиiстi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген тәртiппен айналымға түсуi тиiс.
2. Автокөлiк құралының жүргiзушiсi және экипажының басқа мүшелерi, баратын елде олардың болатын мерзiмiне сапарда қажеттi жеке бұйымдардың белгiлi бiр санын кедендiк алымдар мен импорттық баждардан босатылумен және оларды керi шығару шартымен уақытша кiргiзе алады.
3. Әрбiр Тарап екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарының өз аумағына, кедендiк баждарды төлеуден босатылумен, тыйымдарсыз және шектеулерсiз, оларды керi шығару шартымен кiруiне рұқсат беруi тиiс.
4. Тараптар мұндай автокөлiк құралдарының олардың аумағына уақытша кiруi үшiн кедендік ресімдерден өтуін талап етуі мүмкін.
19-бап
1. Осы Келiсiмге сәйкес орындалатын тасымалдар төлем күнiне жарамды рынок бағамы бойынша, еркiн айналыстағы валютада ресiмделуi және төленуi тиiс.
2. Тиiстi ақша аударымдары, алдыңғы фискалдық мiндеттемелердiң аяқталуы шартымен шектеулер мен кідiрiстерге бағынбауы тиiс.
3. Егер төлемдер туралы келiсiм Тараптар арасында жасалса, онда жоғарыда ескерiлген төлем, осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
20-бап
Шекарадан өтуге байланысты шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Тарап мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады және бұл шарттар реттемеген мәселелердi шешу кезiнде Тарап мемлекеттерiнiң әрқайсысының заңнамасы қолданылатын болады.
21-бап
1. Құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң ресми жарияланған жазалау шараларына қарамай, екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң ережелерi бұзылған жағдайда, аумағында автокөлiк құралы тiркелген Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары, екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдарынан хабар алысымен мына шаралардың бiрiн қабылдау туралы шешiм қабылдайды:
1) жүрген мемлекетiнiң заңнама талаптарын сақтау қажеттiлiгi туралы тасымалдаушыға ескерту;
2) бұзушылық қайталанған жағдайда, төменде келтiрiлген, 3) немесе 4) тармақтарда көзделген шаралардың қолданылатынын ескерту;
3) бұзушылық жасалған мемлекетте жолаушылардың немесе жүктердің тасымалын жүзеге асыруға арналған рұқсатты уақытша тоқтата тұру;
4) бұзушылық жасалған мемлекетте жолаушылардың немесе жүктердiң тасымалын жүзеге асыруға арналған рұқсатты алып қою.
2. Екi Тарап мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бiр-бiрiн қабылданған шаралары туралы хабардар етедi.
22-бап
1. Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келiссөздерi арқылы шешiледi.
2. Осы Келiсiмдi қолдану бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң құзыретті органдары:
Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн:
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
Италия Республикасының Үкiметi үшiн:
Инфрақұрылым және көлiк министрлiгi болып табылады.
23-бап
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және оларға байланысты ағымдағы мәселелердi шешу мақсатында осымен Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын және мынадай басты функциялары бар Бiрлескен Комиссия құрылады:
1) жолаушылардың тұрақты тасымалы бойынша өз пiкiрiн бiлдiру және, егер қажет болса, екi Тарап үшiн өзара мүдде тудыратын, мұндай тасымалдарды қамтамасыз етуге арналған рәсiмдер туралы уағдаласу;
2) 8, 9, 11 және 14-баптарда ескерiлген, жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған рұқсаттар мөлшерiн бiрлесiп белгілеу немесе екiжақты және транзиттiк тасымалдау жағдайында рұқсаттардан босату туралы мәселенi шешу;
3) 5, 8, 9, 10 және 11-баптарда ескерілген рұқсаттар бланкілерiнiң нысанын әзiрлеу және оларды беру рәсiмдерiн белгiлеу;
4) осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындайтын проблемалар мен мәселелердi шешу;
5) екi мемлекет арасындағы автомобиль тасымалдарын жеңiлдету және дамытуға жағдай жасау бойынша барлық тиiстi шараларды қабылдау;
6) екi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасында рұқсат етiлген, өзара қағидатта негiзделген, салықтардан босатуды ұсыну жөнiнде құзыреттi органдармен келiсiмдердi белгiлеу мүмкiндiгiн қарау.
2. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары, Тараптардың бiрiнiң сұранысы бойынша мәжiлiсi, Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында кезекпен өткiзiлетiн Бiрлескен Комиссияға өздерiнiң өкiлдерiн тағайындауға тиiс.
24-бап
Осы Келiсiмде ескерілмеген барлық мәселелер Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасымен немесе Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледi.
25-бап
1. Осы Келiсiмде ескерiлген жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi мен қызметшiлерi, олар аумағында тасымалдарды жүзеге асыратын Тарап мемлекетiнде қолданылып жүрген заңнама мен әкiмшiлiк ережелерiн, атап айтқанда, тиiстi аумаққа кiрудi және болуды реттейтiн нормаларды сақтауға және құрметтеуге тиiс.
2. Тараптар, жүктердiң қозғалысын реттеу нысаны да болуы мүмкiн ұлттық қауiпсiздiк тұрғыдан пайымдаумен, өзара келiсiлген, еркiн қозғалыс құқығынан бас тарту құқығын өздерiне қалдырады.
СОҢҒЫ ШАРТТАР
26-бап
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi барлық мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
2. Әрбiр Тарап екiншi Тарапты жазбаша хабарландыру арқылы осы Келiсiмнiң күшiн жоюы мүмкiн. Тиiстi Тарап хабарлама алған күннен бастап үш ай өткен соң Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылады.
Осыларды растау ретiнде өз Yкiметi тиiстi түрде уәкiлеттiк берген төменде қол қойған Өкiлдер осы Келiсiмге қол қойды.
__________ қаласында 200 __ жылғы "___"_______________ екi түпнұсқа
данада әрқайсысы қазақ, итальян, орыс және ағылшын тiлдерiнде
жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiк туындаған
жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн