Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 маусым N 621. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 692 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 692  Қаулысымен

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200  Заңын  орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Емдік препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Емдік препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметті лицензиялау ережесінде: 
      21-тармақта: 
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) дәріхана қоймасының басшысында - жоғары фармацевтік білімінің, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің, емдік препараттарды қабылдауды, сақтауды және сатуды жүзеге асыратын қойма бөлімдерінің басшыларында - жоғары немесе орта фармацевтік білімінің;";

      22-тармақта: 
      6) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "шалғайдағы ауылдық жерлерде дәріхана, дәріхана пункттері және дәріхана дүңгіршіктері жоқ болған жағдайда дәрілік заттарды сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар фельдшерлік-акушерлік пункттер арқылы жүзеге асыра алады. Бұл ретте дәрілік заттар сапасының, қауіпсіздігінің және тиімділігінің сақталуын дәрілік заттарды сататын медициналық білімі бар, аттестатталған мамандар қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 25 және 26-тармақтармен толықтырылсын:

      "25. Аурулардың диагнозын қою, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын бұйымдарды, құрылғылар мен құралдарды (бұдан әрі - медициналық мақсаттағы бұйымдар) бөлшек сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 
      1) көп қабатты тұрғын немесе қоғамдық ғимаратта не бөлек тұрған ғимаратта (меншік иесінің объектіге мүліктік құқығын белгілейтін құжаттармен расталған) жабдықтарды сақтауды, сапасын, түгелдігін және жұмыс істеу қабілетін тексеруді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларға қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын бөлшек сатуды ұйымдастыру үшін санитарлық ережелермен нормаларға, өрт және техника қауіпсіздігіне сәйкес келетін медициналық бұйымдар дүкеніне арналған бөлек есігі бар үй-жайлар мен алаңдар; 
      2) медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуын, сапасын қамтамасыз етуге арналған жабдық, тиісті жиһаз, құралдар, санитарлық-гигиеналық киім және өртке қарсы мүкәммал; 
      3) медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиет проспектілер, каталогтар, нұсқаулықтар; 
      4) сатылатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуына, сапасына жауапты қызметкерлердің 5 жылда бір рет біліктілігін көтеруден өтуі, фармацевтік немесе медициналық білімі. 
      26. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: 
      1) көп қабатты тұрғын немесе қоғамдық ғимаратта не бөлек тұрған ғимаратта (меншік иесінің объектіге мүліктік құқығын белгілейтін құжаттармен расталған) жабдықтарды сақтауды, сапасын, түгелдігін және жұмыс істеу қабілетін тексеруді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларға қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын көтерме сатуды ұйымдастыру үшін санитарлық ережелер мен нормаларға, өрт және техника қауіпсіздігіне сәйкес келетін көтерме сауда қоймасына арналған бөлек есігі бар үй-жайлар мен алаңдар; 
      2) медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуын, сапасын қамтамасыз етуге арналған жабдық, тиісті жиһаз, құралдар, санитарлық-гигиеналық киім және өртке қарсы мүкәммал; 
      3) көтерме сауда қоймасының басшысында - жоғары фармацевтік немесе медициналық білім және 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, ал медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуына, сатылуына жауапты адамдарда - 5 жылда бір рет біліктілігін көтеруден өтуі, жоғары немесе орта фармацевтік білімі;
      4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиет, каталогтар, проспектілер, нұсқаулықтар.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2002 года N 621. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 5 июля 2005 г. N 692

      Во исполнение Закона Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2200 Z952200_  "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 P001624_  "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 44-45, ст. 530) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 21:
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) высшего фармацевтического образования, стажа работы не менее трех лет по специальности, у руководителя аптечного склада, высшего или среднего фармацевтического образования у руководителей отделов склада, осуществляющих прием, хранение и реализацию лечебных препаратов;";
      в пункте 22:
      подпункт 6) дополнить абзацем следующего содержания:
      "6) при отсутствии аптек, аптечных пунктов и аптечных киосков в отдаленных сельских местностях реализацию лекарственных средств могут осуществлять юридические или физические лица в соответствии с законодательством Республики Казахстан через фельдшерско-акушерские пункты. При этом сохранность качества, безопасности и эффективности лекарственных средств обеспечивают аттестованные специалисты с медицинским образованием, реализующие лекарственные средства.";
      дополнить пунктами 25 и 26 следующего содержания:
      "25. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании деятельности, связанной с розничной реализацией изделий, устройств и приборов, используемых с целью диагностики, профилактики и лечения заболеваний (далее - изделия медицинского назначения), включают наличие:
      1) помещения и площадей для магазина изделий медицинского назначения в многоэтажном жилом или общественном здании с автономным входом либо в отдельно стоящем здании (подтвержденные правоустанавливающими документами имущественных прав собственника на объект), соответствующих санитарным правилам и нормам, пожарной и технической безопасности для организации хранения, проверки качества, комплектности и работоспособности оборудования, розничной реализации изделий медицинского назначения, запасных частей и расходных материалов к ним;
      2) оборудования, соответствующей мебели, приборов, санитарно-гигиенической одежды и противопожарного инвентаря для обеспечения сохранности, качества изделий медицинского назначения;
      3) справочной литературы, проспектов, каталогов, инструкции по эксплуатации и обеспечению качества изделий медицинского назначения;
      4) фармацевтического или медицинского образования у работников, ответственных за хранение, качество реализуемых изделий медицинского назначения, прошедших повышение квалификации один раз в 5 лет.
      26. Квалификационные требования, предъявляемые при лицензировании деятельности, связанной с оптовой реализацией изделий медицинского назначения, включают наличие:
      1) помещений и площадей для оптового склада изделий медицинского назначения в многоэтажном жилом или общественном здании с автономным входом либо в отдельно стоящем здании (подтвержденные правоустанавливающими документами имущественных прав собственника на объект), соответствующим санитарным правилам и нормам, пожарной и технической безопасности для организации хранения, проверки качества, комплектности и работоспособности оборудования, оптовой реализации изделий медицинского назначения, запасных частей и расходных материалов к ним;
      2) оборудования, соответствующей мебели и приборов, санитарно-гигиенической одежды и противопожарного инвентаря для обеспечения сохранности и качества изделий медицинского назначения;
      3) высшего фармацевтического или медицинского образования и стажа работы не менее 3 лет у руководителя оптового склада, высшего или среднего фармацевтического образования у лиц, ответственных за хранение, реализацию изделий медицинского назначения, прошедших повышение квалификации один раз в 5 лет;
      4) справочной литературы, каталогов, проспектов, инструкций по эксплуатации и обеспечению качества изделий медицинского назначения.".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан