1. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 P020039_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде 2) тармақшаның 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген 1-бөлімінде "30" деген сан "49" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.