"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамына "Сертификаттау орталығы" автономды коммерциялық емес ұйымымен (Тюмень қаласы, Ресей Федерациясы) жасалған 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 25 сатып алу-сату шартына N 1 толықтыруға және N 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес санда және номенклатура бойынша техникалық құжаттамасымен Ми-8 тікұшағына арналған авиациялық мүлікті (СЭҚ ТН кодтары 8803 10 900, 8803 30 900) Қазақстан Республикасына импорттауға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "N 405 авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген авиациялық мүліктің импортына лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген авиациялық мүлікті кедендік
бақылау мен кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика
және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетіне
жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.