Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесiнiң қызметi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының
Үкіметі арасындағы Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды
үйлестіру кеңсесінің қызметі туралы келісімді бекіту туралы
2002 жылғы 19 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Түрік
Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды үйлестіру кеңсесінің қызметі
туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының
Үкіметі арасындағы Түрік Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларды
үйлестіру кеңсесінің қызметі туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрік Республикасының Үкiметi
(бұдан әрi Тараптар деп аталатын),
екi мемлекет арасындағы достық байланыстарға негiзделе отырып,
екі мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк ынтымақтастығын дамыту мақсатында, техникалық әрiптестiк ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Осы Келiсiм Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы ережелерiн айқындайды. Тараптар техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша (бұдан әрi "жобалық келiсiмдер" деп аталатын) қосымша келiсiмдер жасасуы мүмкiн. Жобалық келiсiмдерде, атап айтқанда, жобаның мақсатын, Тараптардың мiндеттемелерiн, қатысушылардың мiндеттерi мен ұйымдық мәртебесiн, сондай-ақ жобаның орындалу кестесi қамтылған бiрлескен тұжырымдама тiркеледi.
3. Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi,
Түрiк Тарапынан - Түрiк Республикасы Үкiметiнiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесi (БҮК), осы Келiсiм шеңберiнде әзiрленетiн ынтымақтастық бағдарламасын үйлестiредi.
4. БҮК Түркия iшiнде, әрi одан тысқары жерлерде де икемдi құрылымы мен үйлестiрушілік жұмысы арқасында техникалық көмек процестерiн ұтқыр басқаратын, Түрiк Республикасы Үкiметiнiң желiсi бойынша жұмыс iстейтiн дербес ұйым болып табылады. БYК-тiң негiзгi мақсаты - дамушы елдерге көмектесу. БҮК мiндеттерiне экономика, технология, инфрақұрылым, мәдениет және бiлiм салаларында жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты дамытуда
бағдарламалар мен жобалар әзiрлеу, сондай-ақ дамушы елдерге көмек көрсету
процестерiн басқару кiредi.
2-бап
1. Жобалық келiсiмдер мына салаларда БҮК көмегiмен түрiк Тарапынан
қолдауды көздеуi мүмкiн:
а) Қазақстандағы оқу консультациялық, ғылыми-зерттеу және өзге де
бағдарламалар;
б) жоспарлар, iзденiстер және сараптамалар әзiрлеу;
в) Тараптармен келiсiлетiн ынтымақтастықтың басқа салалары.
2. Қолдау:
а) мамандарды, нұсқаушыларды, консультанттарды, көмекшiлердi және қосалқы қызметкерлердi iссапарға жiберу (Қазақстан Республикасына түрiк Тарапының тапсырмасы бойынша iссапарға жiберiлетiн барлық персонал (бұдан әрi - "iссапарға жiберiлген мамандар" деп аталады);
б) материалдар (оқу, әдiстемелiк, бағдарламалық және басқалары) және
құрал-жабдық жеткiзу (бұдан әрi "материалдар" деп аталады);
в) Қазақстан Республикасының мамандарын және басшы кадрларын,
сондай-ақ ғалымдарын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
г) Тараптардың келiсуi бойынша басқа да тәсiлдер жолымен жүзеге
асырылуы мүмкiн.
3. Іссапарға жiберiлген мамандар өз қызметiн осы Келiсiмге және
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын болады.
3-бап
Түрiк Тарапы осы Келiсiм ережелерiне сәйкес:
а) БYК жұмысы үшiн қажеттi дербес компьютерлермен және басқа да
құрал-жабдықпен жарақтандыратын;
б) қазақстандық қызметкерлердi қоса алғанда, БYК қызметкерлерiн
iрiктеудi жүзеге асыратын, жұмыспен және жалақыларының уақытылы берiлуiн
қамтамасыз ететiн;
в) БҮК-тi қажеттi көлiкпен қамтамасыз ететiн;
г) өтемақы және шығыстарды төлейтiн;
д) техникалық көмек жобалары мен бiлiм беру бағдарламаларын
қаржыландыратын;
e) көрсетiлген көмектi үйлестiру мақсатында сарапшылар жiберудi және
оларға жалақы төлеудi жүзеге асыратын болады.
4-бап
Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
а) мемлекеттiк құпияға жататын мәлiметтердi қоспағанда, iссапарға
жiберiлген мамандарды жобаларды айқындау, жоспарлау және жүзеге асыру
кезеңiнде қызметтерiн жүзеге асыруға қажеттi деректермен қамтамасыз ететiн;
б) Қазақстандағы қызметi кезеңiнде iссапарға жiберiлген мамандардың
жұмысы мен демалысы үшiн жағдайлар жасауға ықпал ететiн болады.
5-бап
Түрiк Республикасының Үкiметi БҮК үйлестiрушiсiне дипломатиялық агент
мәртебесiн, ал Қазақстан Республикасының Yкiметi оған осы мәртебеге сәйкес
артықшылықтар мен иммунитеттер бередi.
6-бап
Әрбiр Тарап жобаларды айқындау және әзiрлеу мақсатында мына салаларда
жұмысқа мамандар жiбередi:
а) инфрақұрылым (көлiк, телекоммуникациялық жүйелер және басқалары);
б) жекешелендiру және жекешелендiруден кейiнгi қолдау бағдарламасы;
в) ирригация жүйесi;
г) ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу;
д) өнеркәсiп орындарын және қондырғыларды оңалту;
ж) өсiмдiк шаруашылығымен және мал шаруашылығымен байланысы бар
өнеркәсiп салаларындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту;
з) туризм;
и) денсаулық сақтау;
к) қоршаған ортаны қорғау;
л) ғылыми және мәдени ынтымақтастық;
м) Тараптармен келiсiлетiн өзге де салалар.
7-бап
Осы Келiсiм оның күшiне ену кезiнде iске асырылып жатқан Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастық жобаларына қатысты да қолданады.
8-бап
1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм бес жыл бойы күшiнде болады, содан кейiн, егер Тараптардың бiрде-бiрi осы Келiсiм күшiнде болатын кезектi мерзiм өткенге дейiн ең кем дегенде үш ай бұрын оның күшiн тоқтату ниетi туралы басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етпесе, осы Келiсiмнiң күшiнде болатын мерзiмi жыл сайын өздiгiнен ұзартылатын болады.
3. Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жекелеген хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
4. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты
Тараптар арасындағы даулар және келiспеушiлiктер өзара консультациялар
және келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
Астана қаласында, 2002 жылғы 19 наурызда әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс
және ағылшын тілдерiнде ек түпнұсқа данада жасалды және де барлық
мәтіндердің күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде
келiспеушілiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге
жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.