Мемлекеттiк органдар мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерді ажырату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 маусым N 707

      Мемлекеттік органдар мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi ажырату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi құзыреттi орган, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегі, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі, өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау жөнiндегі мемлекеттiк органдар және өзге де мемлекеттiк органдар заңнамаға және әрбiр мемлекеттiк орган туралы ережелерге сәйкес мұнай операциялары саласындағы оларға жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бiр ай мерзiмде көрсетiлген қоғам:
      1) - 2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      3) теңіздегі мұнай операциялары және басқа да мұнай операциялары бойынша келісім-шарттарда келісім-шарттарға үлестік қатысу арқылы мемлекеттік коммерциялық мүдделерді білдіреді;
      4) Министрлiктен жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру, құжаттарға сараптама жүргiзу және Министрлiктiң тапсырмаларын орындау үшiн қажеттi барлық мәселелер бойынша ақпарат алуға құқылы деп белгiлей отырып, мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен өзара iс-қимыл шартын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2002 жылғы 29 маусымдағы
N 707 қаулысымен    
бекiтiлген      

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының
мұнай операцияларындағы өкiлеттiктерінің тiзбесi

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Ұлттық компания):
      1) мұнай мен газ ресурстарын пайдалану, ұдайы өндiру және одан әрi ұлғайту стратегиясын әзiрлеуге;
      2) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға;
      3) Каспий және Арал теңiздерi секторларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларына арналған конкурстар ұйымдастыруға;
      4) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық және ішкі жобаларына;
      5) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөніндегі барлық iшкi және халықаралық жобаларына;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне келiсiм-шарттардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептердi дайындауға қатысады.
      2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компания келiсiм-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiредi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      3. Ұлттық компания мұнай операцияларымен байланысты жаңа жобаларды дайындайды және iске асырады.
      4. Ұлттық компания мұнай мен газ кен орындарын iздестiру мен барлау, мұнай өндiру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүзеге асырады.
      5. Ұлттық компания республика мұнай-газ ресурстарының тиiмдi және ұтымды игерiлуiн қамтамасыз етедi және (немесе) жүзеге асырады.
      6. Құзыреттi орган жер қойнауын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Үкiметтiң бекiтуi үшiн инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығаруға осы тiзбеде оған тiкелей келiссөздердің негiзiнде Құзыреттi орган құрлықта да, теңiзде де қандай блоктар мен телiмдер ұсынуы тиiс екенiн көрсетiп, Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып, блоктар мен жер қойнауы телiмдерiнiң тiзбесiн және Ұлттық компанияның мiндеттi үлестiк қатысуымен әзiрленетін блоктар мен телімдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
      7. Құзыретті орган Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып, инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығаруға жататын жер қойнауы телімдерінің (блоктарының) тiзбесiн қалыптастырады.
      8. Ұлттық компания өзiнiң өкілдерi арқылы:
      1) инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөніндегi комиссиялардың;
      2) Мұнай мен газ кен орындарын әзiрлеу жөнiндегi орталық комиссияның;
      3) жер қойнауын мемлекеттiк сараптау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi органның жұмысына қатысады.
      9. Ұлттық компания Үкiмет бекiткен оның мiндеттi үлестiк қатысуы бар блоктар бойынша конкурстың негiзгi талаптарын қалыптастыруға қатысады.
      10. Ұлттық компания болашақтағы келiсім-шарт бойынша өзара міндеттемелерді белгілеу мақсатында Құзыретті органмен теңiздегi барлық iрi жобалар бойынша келiсiм-шарттардың жобаларын дайындауға қатысады.
      11. Ұлттық компания көмiрсутегілердi барлау, әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi бойынша корпоративтiк басқару мен мониторингті жүзеге асырады.
      12. Ұлттық компания көмiрсутегi шикiзатын сату, тасымалдау және мұнай-газ құбырларын пайдалану мәселелерi бойынша маркетингтi жүзеге асырады.
      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      14. Ұлттық компания үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттарда мердiгерлерге рұқсат беру құжаттарын алу үшiн материалдарды ресімдеуге жәрдем көрсетедi.

О разграничении полномочий в нефтяных операциях между государственными органами и закрытым акционерным обществом "Национальная компания "КазМунайГаз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2002 года N 707

      В целях разграничения полномочий в нефтяных операциях между государственными органами и закрытым акционерным обществом "Национальная компания "КазМунайГаз" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемый перечень полномочий закрытого акционерного общества "Национальная компания "КазМунайГаз" в нефтяных операциях.
      2. Компетентный орган по вопросам недропользования, государственные органы по использованию и охране недр, по охране окружающей среды, по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и иные государственные органы осуществляют возложенные на них функции в области нефтяных операций в соответствии с законодательством и положениями о каждом государственном органе.
      3. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (далее - Министерство) в месячный срок разработать и утвердить условия взаимодействия с закрытым акционерным обществом "Национальная компания "КазМунайГаз" при осуществлении полномочий в нефтяных операциях, определив, что указанное общество:
      1) исключен постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454;
      2) исключен постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454;
      3) представляет государственные коммерческие интересы в контрактах по нефтяным операциям на море и другим нефтяным операциям посредством долевого участия в контрактах;
      4) вправе получать у Министерства по всем вопросам информацию, необходимую для осуществления функций рабочего органа, проведения экспертиз документов и исполнения поручений Министерства.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454.
      4. Министерству природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям и иным заинтересованным государственным органам принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
        Премьер-Министр
      Республики Казахстан  

                                                  Утвержден  
                                         постановлением Правительства
                                             Республики Казахстан
                                          от 29 июня 2002 года N 707

 Перечень полномочий закрытого акционерного общества
"Национальная компания "КазМунайГаз" в нефтяных операциях

 
      1. Закрытое акционерное общество "Национальная компания "КазМунайГаз" (далее - Национальная компания) участвует в:
      1) разработке стратегии использования, воспроизводства и дальнейшего увеличения ресурсов нефти и газа;
      2) реализации единой государственной политики в нефтегазовой отрасли;
      3) организации конкурсов на нефтяные операции на территории Республики Казахстан, включая секторы Каспийского и Аральского морей;
      4) установленном законодательством порядке в международных и внутренних проектах Республики Казахстан по осуществлению нефтегазовых операций;
      5) установленном порядке во всех внутренних и международных проектах Республики Казахстан по транспортировке углеводородного сырья;
      6) подготовке ежегодных отчетов Правительству Республики Казахстан о ходе выполнения контрактов.
      2. Национальная компания представляет государственные интересы в контрактах с подрядчиками, осуществляющими нефтяные операции посредством обязательного долевого участия в контрактах.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454.
      3. Национальная компания подготавливает и реализует новые проекты, связанные с нефтяными операциями.
      4. Национальная компания осуществляет прикладные научные исследования в области поиска и разведки месторождений нефти и газа, нефтедобычи.
      5. Национальная компания обеспечивает и (или) осуществляет эффективное и рациональное освоение нефтегазовых ресурсов республики.
      6. Компетентный орган по согласованию с уполномоченным органом по охране недр формирует для утверждения Правительством для выставления на конкурс инвестиционных программ перечень блоков и участков недр с учетом предложений Национальной компании с отражением в данном перечне - какие блоки и участки должны быть ей предоставлены Компетентным органом на основе прямых переговоров как на суше, так и на море и перечень блоков и участков, разрабатываемых с обязательным долевым участием Национальной компании.
      7. Компетентный орган формирует перечень участков недр (блоков), подлежащих выставлению на конкурс инвестиционных программ, с учетом предложений Национальной компании.
      8. Через своих представителей Национальная компания участвует в работе:
      1) комиссий по проведению конкурсов инвестиционных программ;
      2) Центральной комиссии по разработке нефтяных и газовых месторождений;
      3) специально уполномоченного органа по государственной экспертизе недр.
      9. Национальная компания принимает участие в формировании основных условий конкурса по блокам, имеющим утвержденную Правительством обязательную долю ее участия.
      10. Национальная компания участвует в подготовке проектов контрактов по всем крупным проектам на море с Компетентным органом в целях определения взаимных обязательств по будущему контракту.
      11. Национальная компания осуществляет корпоративное управление и мониторинг по вопросам разведки, разработки, добычи, переработки, реализации, транспортировки углеводородов, проектирования, строительства, эксплуатации нефтегазопровода и нефтегазопромысловой инфраструктуры.
      12. Национальная компания осуществляет маркетинг по вопросам реализации, транспортировки углеводородного сырья и эксплуатации нефтегазопроводов.
      13. Исключен постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454.
      14. Национальная компания в контрактах с долевым участием оказывает содействие подрядчикам в оформлении материалов для получения разрешительных документов.