Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Инфракос" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнде орналасқан "Байқоңыр" кешенiнiң 20-алаңындағы ғимараттар емдеу мекемесiн ұйымдастыру үшiн республикалық меншіктен Қызылорда облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетiмен және Қызылорда облысының әкiмiмен бiрлесiп,
заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген ғимараттарды қабылдап
алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 12 шілдедегі
N 767 қаулысына
қосымша
Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілетін
"Байқоңыр" кешенінің 20-алаңы ғимараттарының
тізбесі
_________________________________________________________________________
Р/с Құрылыс шифры Құрылыстары атауы Пайдалануға
N берілген жылы
_________________________________________________________________________
1. В 20-20 БӨП 1983
2. В 10529-29 келушілер бөлмесі 1990
3. В 10529-24 солдат дүкені 1990
4. ВР 1700 кірпіш монша 1990
5. ВК 529-27 бетонды модуль 1990
6. - екі қабатты казарма -
7. - екі қабатты казарма -
8. - екі қабатты казармаға -
жапсырма құрылыс
_________________________________________________________________________
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.