Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама" жобасын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы мен Кредитанштальт фюр Видерауфбау арасындағы Қаржыландыру туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Александр Сергеевич Павловқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, "Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама" жобасын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы мен Кредитанштальт фюр
Видерауфбау арасындағы Қаржыландыру туралы шартқа қол қоюға өкiлеттiк
берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi тартылатын
грант қаражатын мақсатты әрi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
КРЕДИТАНШТАЛЬТ ФЮР ВИДЕРАУФБАУ, Майндағы Франкфург
("KfW")
және
Қаржы министрлігі
тұлғасында
Қазақстан Республикасының Үкіметі
өкілдік ететін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
("Алушы")
арасындағы
2.556.459,41 евро
сомасына
_________________
Қаржыландыру туралы шарт
-Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі бағдарлама-
Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мен Қазақстан
Республикасының Yкiметi арасындағы әлi күшiне енбеген Қаржылық
ынтымақтастық туралы келiсiм ("Үкiметаралық келiсiм") негiзiнде Алушы мен
KfW мынадай Қаржыландыру туралы шартты жасасады:
1-бап
Сомасы және мақсатты пайдалану
1.1. KfW Алушыға 2.556.459,41 евроға дейiнгi мөлшерде өтемсiз
қаржылық демеу (грант) ұсынады.
Егер 3.2-бапта өзгеше көзделмесе, грант қайтарылуға жатпайды.
1.2. Алушы гранттың барлық сомасын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне ("Денсаулық сақтау министрлiгi") дотация түрiнде жiбередi. Алушы Денсаулық сақтау министрлiгiне грант қаражатын тек Туберкулезге қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама ("Жоба") шеңберiнде жеткiзiлетiн әрi жүзеге асырылатын зертханалық жарақтандыруды, медициналық техникалық жабдықтарды, шығыс материалдарын, мониторинг пен қадағалау, сондай-ақ консалтинг қызметтерiн жүзеге асыруға арналған көлiк құралдарын қаржыландыру үшiн пайдалануды тапсырады; бұл ретте қаражат бiрiншi кезекте шетел валютасында пайда болған шығыстарды төлеу үшiн пайдаланылады. Денсаулық сақтау министрлiгi мен KfW Ерекше келiсiмде Жобаның егжей-тегжейiн, сондай-ақ грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жеткiзілiмдердiң, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн анықтайды. Грант қаражаты есебiнен қаржыланатын жеткiзілiмдердi, жұмыстар мен қызметтердi орналасқан жерi Германия Федеративтiк Республикасы болатын және өз
шаруашылық қызметiнiң елеулi бөлiгiн ГФР-да жүзеге асыратын компаниялар
жүзеге асыруға тиiс; бұл компаниялардың жобалық жеткізiлiмдерi, жұмыстары
мен қызметтерi де негізiнен Германияда шыққан болуы тиiс.
1.3. Алушы төлейтiн салықтар мен басқа да мемлекеттiк (қоғамдық)
алымдар, сондай-ақ импорттық кеден баждары грант қаражаты есебiнен
қаржыландырылмайды.
2-бап
Қаражатты төлеу
2.1. KfW грант қаражатын Жобаның iске асырылу барысына сәйкес
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң талап етуi бойынша төлейдi. Денсаулық
сақтау министрлiгi мен KfW Ерекше келiсiм шеңберiнде төлемдердi жүзеге
асыру тәртiбi мен, әсiресе, гранттың төленген сомаларын мақсатты пайдалану
есебiнiң тәртiбiн белгілейдi.
2.2. KfW 2005 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қаражатты төлеуден бас
тартуға құқылы.
3-бап
Төлемдердi тоқтата тұру және қаражатты қайтару
3.1. KfW төлемдердi тек мына жағдайларда ғана тоқтата тұра алады:
а) егер Алушы КfW-ға қатысы бойынша өзiнiң төлем мiндеттемелерiн
белгіленген мерзiмдерде орындамаса;
б) егер осы Шарттан немесе осы Шартқа Ерекше келiсiмнен туындайтын
мiндеттемелер бұзылса;
в) егер Денсаулық сақтау министрлiгi төленген грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы куәлiктi ұсына алмайтындай күйде болса немесе
г) Жобаны iске асыруды, пайдалануды немесе оның мақсатын болдырмайтын немесе оларға елеулi қатер төндiретiн төтенше жағдайлар туындаған кезде.
3.2. Егер 3.1-баптың б) немесе в) тармақтарында аталған мән-жайлардың бiрi орын алатын болса және KfW банкі белгілеген мерзiмде жойылмайтын болса, бұл ретте бегiленетiн мерзiм кемiнде 30 (отыз) күн болуы тиiс, KfW мынаған құқылы:
а) 3.1-баптың б) тармағына сәйкес мән-жайлар жағдайында барлық төленген соманы дереу қайтаруды талап етуге;
б) 3.1-баптың в) тармағындағы жағдайда Денсаулық сақтау министрлiгi сомалардың мақсатты пайдаланылғаны жөнiнде есеп бере алмайтындай болса, оларды дереу қайтаруды талап етуге.
4-бап
Шығыстар мен мемлекеттiк (қоғамдық) алымдар
Осы Шартты Германия Федеративтiк Республикасынан тыс жерде жасауға және жүргiзуге байланысты пайда болатын барлық салық пен өзге мемлекеттiк (қоғамдық) алымды, сондай-ақ грант төлеу кезiнде пайда болған қаражат аудару мен трансферт бойынша барлық шығынды Алушы көтередi.
5-бап
Шарттық мәлiмдемелер және өкiлдiк
5.1. Осы Шартты орындау кезiнде Алушының өкілдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрi және ол КfW-ға атаған, олардың қол қою үлгiлерiн өзi куәландыратын адамдар болады. Алушының тиiстi уәкiлетті тарапынан айқын керi шақырып алу КfW-ға келiп түскен сәтте ғана өкiлдiкке
құқылық аяқталады.
5.2. Осы Шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар, сондай-ақ уағдаласушы
тараптардың осы Шарт негiзiнде жасаған өзге де мәлiмдемелерi немесе
хабарламалары жазбаша түрде ресiмделуге тиiс. Мәлiмдемелер мен
хабарламалар төменде көрсетiлген немесе Шарт бойынша серiктеске аталған
басқа да мекен-жай бойынша олар келiп түскен сәтте алынды деп есептеледi:
КfW: Германия Федеративтiк Республикасы
60046 Майндағы Франкфрут
Кредитанштальт фюр Видерауфбау
а/ж 11 11 41
Телефакс: (069) 74 31-29 44
Телекс: 4 15 25 60 кw d
Алушы: Қазақстан Республикасы
473000 Астана
Жеңiс көшесi, 33
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
Телефакс: 007-3172-117762
Жобаның орындалуына Қазақстан Республикасы
жауапты ведомство 473000 Астана
Мәскеу көшесi, 66
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлiгi
Телефакс: 007-3172-337327
6-бап
Жоба
6.1. Алушы Денсаулық сақтау министрлiгiне мыналарды тапсырады:
а) тиiстi қаржылық және техникалық қағидаттарды сақтай әрi өзі мен KfW арасында келiсiлген Жобалық тұжырымдамаға мейлiнше сай іс-қимыл жасай отырып, Жобаны дайындауды, жүзеге асыруды, пайдалануды және қолдауды;
б) көзделген жеткiзiлiмдердi сатып алуды және бөлудi, сондай-ақ Жоба мониторингін жүзеге асыруды тәуелсiз, бiлiктi германдық инженер-консультанттарға тапсыруды;
в) ГФР-да өткiзiлген ашық конкурс нәтижесінде iрiктеп алынған әрі өзiнiң орналасқан жерi Германия Федеративтiк Республикасы болатын және өз шаруашылық қызметiнiң елеулi бөлiгiн ГФР-да жүзеге асыратын компанияларға грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын консалтинг қызметтерiне, сондай-ақ медициналық техникалық жабдықтарды, шығыс материалдарын және зертханалық жарақтандыруды жеткiзуге мердiгерлiктер берудi; бұл компаниялардың жобалық жеткізілiмдерi, жұмыстары мен қызметтерi де негiзiнен Германияда шыққан болуы тиiс;
жергiлiктi рынокта кемiнде үш ықтимал жеткiзушiнiң коммерциялық ұсыныстарын салыстырмалы бағалау негiзiнде мониторинг пен қадағалау үшiн қажет әрi грант есебiнен қаржыландырылатын, егер бұл көлiк құралдарын жабдықтарды жеткiзу конкурсына енгiзу орынсыз болған жағдайда, бұл көлiк құралдарын жеткiзуге тапсырыс берудi;
г) осы грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жобалық жеткiзiлiмдер, жұмыстар мен қызметтер бойынша барлық шығысты және жеткізілiмдер, шығыстар мен қызметтер бойынша шығысты айқын анықтауға болатын кiтаптар мен құжаттар жүргiзудi немесе жүргiзу тапсыруды;
д) KfW уәкiлеттiк берген адамдарға кез келген уақытта Жобаны iске асыру мен пайдалану үшiн мәнi бар кiтаптар деректерiмен және басқа да барлық құжатпен танысу үшiн мүмкіндiк берудi, сондай-ақ Жобаны және онымен байланысты барлық объектiнi көру үшiн мүмкiндiктi қамтамасыз етудi;
e) КfW-ға Жоба мен оны одан әрi дамыту туралы ол сұраған барлық мәлiметтi және есептi ұсынуды;
ж) дереу әрi өз бастамашылығы бойынша Жобаны орындауды немесе оның мақсатын болдырмайтын немесе елеулi қатер төндiретiн барлық мән-жай туралы КfW-дi хабардар етудi.
6.2. Денсаулық сақтау министрлiгi мен KfW Ерекше келiсiм шеңберiнде 6.1-баптың егжей-тегжейiн анықтайды.
6.3. Алушы:
а) Жобаны жинақтық қаржыландыруды қамтамасыз етедi, КfW-дiң сұрауы
бойынша оған осы қаржылық грант қаражаты есебiнен қаржыландырылмайтын
шығыстарды жабу туралы куәлiк ұсынады, сондай-ақ,
б) тиiстi техникалық және қаржылық қағидаттарға сәйкес Жобаны және
осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру кезiнде Денсаулық
сақтау министрлiгiне қолдау көрсетедi, атап айтқанда, оған Жобаны iске
асыру үшiн қажеттi барлық рұқсатты бередi.
6.4. Грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жеткiзiлiмдердi
тасымалдау үшiн Алушы танысқан Үкiметаралық келiсiмнiң ережелерi
қолданылады.
7-бап
Әр түрлi
7.1. Егер осы Шарт ережелерінің бiрi жарамсыз болып табылса онда ол осы Шарттың қалған ережелерiн қозғамайды. Осыған байланысты пайда болуы ықтимал кемдiк үшiн осы Шарт мақсатына сәйкес келетiн реттеу қолданылатын болады.
7.2. Алушының осы Шарттан туындайтын талаптарды басқаға беруге немесе кепiлдiкке салуға құқығы жоқ.
7.3. Осы Шарт Германия Федеративтiк Республикасының қолданыстағы заңына бағынады. Орындалатын жерi Майндағы Франкфурт қаласы болып табылады. Даулы жағдайларда осы Шартты түсiндiру үшiн негiз Шарттың немiс тiлiндегi мәтiнi болып табылады.
7.4. KfW мен Алушы арасындағы осы Шарт негiзiнде пайда болған
құқықтық қатынастар Жобаның аяқталу сәтiнде, алайда осы Шартқа қол
қойылған күннен бастап 15 (он бес) жылдан аспай аяқталады.
7.5. Осы Қаржыландыру туралы шарт негiзiнде Шарт жасалған
Үкіметаралық келiсiм Келiсiм күшiне енгеннен кейiн күшiне енедi.
Екi-екiден немiс және орыс тiлдерiнде төрт түпнұсқада жасалды.
Майндағы Франкфурт, Астана,
_____________________ ж. __________________ ж.
Қазақстан Республикасының
КРЕДИТАНШТАЛЬТ Үкiметi өкілдiк ететiн
ФЮР ВИДЕРАУФБАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.