Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 P020203_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының
Асқар Қуанышұлы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Байланыс және
ақпараттандыру жөнiндегi
комитетi төрағасының
орынбасары;
Матаев - Қазақстан Журналистер
Сейiтқазы Бейсенғазыұлы одағының төрағасы
(келiсiм бойынша);
Сыздықова - "Қазақстанның болашағы
Бақыт Ахметқызы үшiн" жастар қозғалысының
Астана қаласы бойынша
төрайымы, Қазақстан халықтары
ассамблеясының мүшесi
(келiсiм бойынша);
көрсетілген құрамнан Есенғараев Асқар Батылханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі