Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы 2002 жылы және 2003 жылдың 1 тоқсанында отын-энергетика және су ресурстарын пайдалану туралы келiсiмдi iске асыру әрi Қазақстанның оңтүстiк аймағын 2002 жылғы көктеу кезеңiнде суғаратын сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының әкiмдiктерiмен және тиiстi ұйымдармен келiсiлген қосымшаға сәйкес 2002 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан қабылдайтын электр энергиясының көлемi және есесiне көмiр мен мазут беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Былай белгіленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi - оңтүстiк аймақтың суармалы жерлерiн суғару үшiн су беру бойынша үйлестiрушi;
2) "Қазақстан электр желiлерiн басқару жөнiндегi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "KEGOC" ЖАҚ) - Қырғыз Республикасынан жеткiзiлетiн электр энергиясын беру бойынша оператор.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қырғыз Республикасынан электр энергиясын алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын, бұл ретте 2002 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына электр энергиясын тарту осы қаулы шеңберiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникациялар, Мемлекеттiк кiрiс министрлiктерiмен және "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, 2002 жылғы көктеу кезеңiнде Қырғыз Республикасынан алынатын электр энергиясына өтемақы ретiнде берiлетiн көмiрдi және мазутты темiр жол көлiгiмен экспорттық қатынаста тасымалдауға заңнамада белгiленген тәртiппен бiр апта мерзiмде қолданыстағы тарифтердiң 0,5 коэффицентi мөлшерiнде төмен коэффициент белгiлесiн.
5. Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Бiшкек қаласының жылу электр орталығына дейiн көмiр мен мазут жеткiзу үшiн жылжымалы құрамды iркіліксiз беруiн қамтамасыз етсiн.
6. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулы шеңберiнде жасалатын келiсiм-шарттар бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiлетiн электр энергиясын, көмiр мен мазутты кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi келiсiмге сәйкес 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданбасын.
7. Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкiмдерi бiр апта мерзiм iшiнде көктеуге арналған суды үнемдеу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлесiн және олардың орындалуын қамтамасыз етсе.
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi көктеу кезеңiнде судың ұтымды пайдаланылуына бақылау орнатсын.
8. "KEGOC" ЖАҚ-қа заңнамада белгiленген тәртiппен Орталық Азия жиiлiк реттеушi энергия жүйесiнен қуаттарды реттеу жөнiндегi қызметтердi сатып алу және технологиялық шығындарды өтеу үшiн электр энергиясын Қырғыз Республикасына көмiр мен мазут берушi бiр көзден сатып алу жолымен Қазақстан БЭЖ Оңтүстiк бөлігінде электр тогының стандартты жиiлiгiн қолдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. "Кентаукенiшжою" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, "Тұранэнерго" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, "Қазатомөнеркәсiбi" ұлттық атом компаниясы", "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы", "Қазтрансойл" және "Жамбыл электр желiлерi" жабық акционерлiк қоғамдары, "КЕGОС", "Химияөркәсiбi", "Қызылорда аймақтық электр желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамдары және "Қазфосфат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі (келiсiм бойынша) апта сайын Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгiне қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасынан алынған
электр энергиясы көлемi және есесiне көмiр мен мазут беру туралы ақпаратты
ұсынсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2002 жылғы 17 шілдедегi
N 799 қаулысына
қосымша
Электр энергиясының, көмiр мен мазуттың өзара жеткiзілу
кестесi
__________________________________________________________________________
Тұтынушы Орта Электр Көмiрдiң
сағаттық энергиясы, қарсы
қуаты мың кВтс жеткiзiлiмi,
МВт тонна
__________________________________________________________________________
Оңтүстiк Қазақстан облысы
__________________________________________________________________________
"Тұранэнерго" мемлекеттiк 17-51 80000 15000 мазут
коммуналдық кәсiпорны
"Кентаукеніштарату" 15,5-19,7 19000 11870 көмір
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны
"Казатомөнеркәсiп" ұлттық 6,2-6,5 7700 4800 көмір
мұнай компаниясы" жабық
акционерлiк қоғамының
орталық кен басқармасы
"ҚазТрансОйл" жабық 2,4-2,5 3000 1870 көмір
акционерлік қоғамы Шығыс
филиалының Шымкент мұнай
құбыры басқармасы
__________________________________________________________________________
Қызылорда облысы
__________________________________________________________________________
"Қызылорда аймақтық электр 16-26 287500 179600 көмір
тораптық компаниясын ашық
акционерлiк қоғамы
"Казатомөнеркәсiп" ұлттық 3,36-3,56 4300 2680 көмір
атом компаниясы" жабық
акционерлiк қоғамының N 6
кен басқармасы
__________________________________________________________________________
Алматы облысы
__________________________________________________________________________
"KEGOK" ашық акционерлiк 20-23 2500 15600 көмір
қоғамы шығынның орнын
толтыру үшiн
__________________________________________________________________________
Жамбыл облысы
__________________________________________________________________________
"Қазфосфат" жауапкершiлігі 50 54000 33700 көмiр
шектеулi серiктестiгi
"Жамбыл электр тораптары" 70 86700 54200 көмір
жабық акционерлік қоғамы
"Химпром" ашық акционерлік 60 74000 46200 көмір
қоғамы
__________________________________________________________________________
Басқа тұтынушылар
__________________________________________________________________________
"Қазақстан темір жолы" 75 90000 45800 көмір
Ұлттық компаниясы" жабық
акционерлік қоғамы
__________________________________________________________________________
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б