Мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары мен түсiмдерiн бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасындағы төлем жасамау дағдарысының проблемаларын шешу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1644 P991644_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер мен өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында клирингтiк ұйымдар арқылы берешектердi есепке алу көзделетiн мәмiлелердi жасасу практикасын тоқтату туралы
мәселенi қарасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
А.С.Павловқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.