Қазақстан Республикасының дүниежүзілік көлік жүйесіне одан әрі кірігуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің
Көлік министрлері еуропалық конференциясының жұмысына қауымдастырылған
мүше ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуы туралы ұсынысы
мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көлік
министрлері еуропалық конференциясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қауымдастырылған мүшелігін белгіленген тәртіппен ресімдесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.