Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2001 жылғы 26 сәуiрде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасы Yкiметiнiң арасындағы темiр жол көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Эстон Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
темiр жол көлiгi саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(2003 жылғы 29 наурызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Эстон Республикасының Үкiметi,
тең құқылы әрiптестiк пен өзара сыйластық қағидаттарын негiзге ала отырып,
екi мемлекеттің темiр жол көлiгi жұмысын үйлестiруге маңызды мән бере отырып,
жүктер мен Жолаушылардың екi мемлекеттiң арасындағы тiкелей халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдауды дамытудың ерекше маңыздылығын тани отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны бiлдіредi:
"Тараптардың құзыреттi органдары":
Қазақстандық тараптан: - Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi;
Эстондық тараптан - Эстон Республикасының
Көлiк және байланыс
министрлiгi.
"темiр жол әкiмшiліктерi":
Қазақстандық тараптан: - "Қазақстан темiр жолы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны;
Эстондық тараптан: - Құзыреттi орган уәкiлеттiк
берген темiр жол кәсiпкерiнiң
әкiмшiлігi.
Құзыреттi органдар мен темiр жол әкiмшiлiктерiнiң атаулары өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы кідiрiссiз құлақтандырады.
"қызмет персоналы" - екi мемлекеттiң темiр жол
көлiгiнiң осы Келiсiмнен
туындайтын мiндеттердi тiкелей
орындаушы қызметкерлерi
(лауазымды тұлғалар).
2-бап
1. Тараптар темiр жол көлiгi саласында өндiрiстiк, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы тiкелей халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдарды одан әрi дамыту және жетілдiру жөнiнде қажеттi көмек көрсетедi.
2. Тараптар тиiстi мемлекеттердiң аумақтарында қызмет персоналының бiлiктілiк куәлiктерiн өзара таниды.
3-бап
Тараптар белгiленген тәртiппен Тараптардың құзыреттi органдарына және темiр жол әкiмшiлiктерiне осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асырудың нақты жағдайларына қолданылатын тәптiштелген тәртiбiн көздейтiн шарттар жасасуға өкiлеттiк бередi.
4-бап
Қазақстан Республикасы мен Эстон Республикасының арасындағы тiкелей халықаралық темiр жол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға арналған тарифтердi белгiлеу қағидаттары, олар қатысушылары болып табылатын темiржол көлiгi саласындағы халықаралық шарттар негiзiнде анықталады.
5-бап
Екi мемлекеттiң арасындағы тiкелей халықаралық темiржол қатынасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау үшiн, сондай-ақ жүк вагондары мен контейнерлердi бiрлесiп пайдаланғаны үшiн темiр жол әкімшілiктерiнiң арасындағы есеп айырысулар мен төлемдер тәртiбi жекелеген шарттармен айқындалады.
6-бап
Тараптардың құзыреттi органдары тиiстi мемлекеттердiң аумақтарында тiкелей халықаралық темiржол қатынасы, транзитi үшiн кедергiлердiң туындауы туралы және осы кедергiлердiң жойылғандығы туралы кiдірiссiз хабарлауды қамтамасыз етедi.
7-бап
1. Тараптардың құзыреттi органдары және темiржол әкiмшiлiктерi өзара келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына өзiнiң қызмет персоналын жiбере алады.
2. Қызмет персоналы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында өз мiндеттерiн халықаралық нормаларға, ережелерге және болатын мемлекеттiң ұлттық заңдарына сәйкес орындайды.
8-бап
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындаған кез келген дау Тараптардың арасындағы тiкелей келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiледi.
2. Осы Келiсiмге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң 11-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.
9-бап
Осы Келiсiм Тараптардың олар жасасқан басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
10-бап
Осы Келiсiм мерзiмi белгiленбей жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын жолдаған күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.
11-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 30-шы күнi күшiне енедi.
Алматы қаласында 2001 жылғы 26 сәуірде әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тілдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң мәтiнiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Эстон Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн