"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 868

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегi орталық" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметiнiң негізгі мәні салық берешегiнiң есебіне салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн, сондай-ақ жекелеген негiздемелер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi сатуға байланысты iс-шараларды жүргiзу болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiріс министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтсін және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын.
      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 P011508_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiріс министрлігiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi туралы (бұдан әрi - Комитет) ереже бекiтілсiн."
      2) 3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi 
туралы ережеде:
     3-тармақтың төртiншi абзацындағы "табылмайтын" деген сөз "табылатын" 
деген сөзбен ауыстырылсын.
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай 
мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру 
жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
     
     Мамандар:
            Омарбекова А.Т.
            Икебаева А.Ж. 
     
      
      


Некоторые вопросы открытого акционерного общества "Агентство по реорганизации и ликвидации предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2002 года N 868

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать открытое акционерное общество "Агентство по реорганизации и ликвидации предприятий" путем преобразования его в закрытое акционерное общество "Центр по работе с финансовыми задолженностями" (далее - Общество) со 100-процентным участием государства в уставном капитале.
      2. Определить основным предметом деятельности Общества проведение мероприятий, связанных с реализацией ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика в счет налоговой задолженности, а также имущества, поступившего в собственность государства по отдельным основаниям.
      3. Министерству государственных доходов Республики Казахстан и Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить устав Общества и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры, необходимые для реализации настоящего постановления.
      4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2001 года N 1508 P011508_ "Вопросы Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства государственных доходов Республики Казахстан" следующие изменения:
      1) пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Утвердить прилагаемое Положение о Комитете по работе с несостоятельными должниками Министерства государственных доходов Республики Казахстан (далее - Комитет).";
      2) подпункт 1) пункта 3 исключить;
      3) в Положении о Комитете по работе с несостоятельными должниками Министерства государственных доходов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в абзаце четвертом пункта 3 частицу "не" исключить.
      5. Министерству государственных доходов Республики Казахстан в месячный срок внести предложения по приведению ранее принятых актов Правительства в соответствие с настоящим постановлением.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан   


(Специалисты: Склярова И.В.,
              Пучкова О.Я.)