"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына және "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Сайрам ауданы жерiнiң жалпы ауқымы 27485 гектар бір бөлiгiн Шымкент қаласының әкiмшiлiк шекарасына қосу арқылы Оңтүстiк Қазақстан облысының Сайрам ауданы мен Шымкент қаласы шекараларын өзгерту туралы Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты мен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ұсыныстарына келiсiм берілсiн.
2. Осы қаулы оның жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі