Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мына жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар қайтарып алынсын:
1) Павлодар облысының Екiбастұз қаласында Екiбастұз тас көмiр кен орнын өңдеуге "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының Үкiметi берген 1995 жылғы 7 қыркүйектегi сериясы МГ N 571 лицензия;
2) Павлодар облысы Екiбастұз ауданының шегiнде Екiбастұз тас көмір
кен орнының 1, 2, 3, 4, 9, 10-учаскелерiнде көмiр өндiруге "Бiртұтас
электроэнергетикалық кешен" корпорациясының "Энергокөмiр" жабық
акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының Үкiметi берген 1997 жылғы
29 шiлдедегi сериясы МГ N 1334 лицензия.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.