Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
5-тармақтың з) тармақшасы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесінде:
мына:
"Қара металдардың қалдықтары мен 7204
сынықтары; қайта қорытуға арналған
қара металдар құймалары (шихталық
құймалар)
Темiр жол немесе трамвай 7302-ен*
жолдарына пайдалануға арналған
қара металдар бұйымдары:
рельстер, рельстердi қосуға және
бекiтуге арналған қатырма рельстер
және тiстi рельстер, ауыстырғыш
рельстер, нығарланып
қиыстыратын шаңбақтар,
ауыстырғыш аспалар және басқа да
көлденең жалғағыштар, түйiстiрушi
жапсырмалар және астарлар,
сыналар, тірек тақталары, ілмекті
рельс бұрандалары, көпшiктер
және тартқылар, көтерме аяқтар,
көлденең белдiктер және басқа да
бөлшектер
Темiр жол немесе трамвай 8607*
локомотивтерінің немесе жылжымалы
құрамның бөлiктерi
Мыс қалдықтары мен сынықтары 7404 00
Өңделмеген қайталама алюминий 7601 20 910,
қорытпалар: кесек түрінде басқалар 7601 20 990, 7603-7616
және олардан жасалған бұйымдар (тек қайталама
қорытпалардан)"
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі