Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29 мекен-жайында орналасқан ғимаратты Қызылорда облысының коммуналдық меншiгiнен Қызылорда облысының облыстық, қалалық, ауданаралық экономикалық соттарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда облысы соттар әкiмшiсiн және Қызылорда облысы бойынша Құқықтық статистика және ақпарат орталығын орналастыру үшiн республикалық меншiкке беру туралы Қызылорда облысы әкiмiнiң ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қызылорда қаласы, Алтын Орда көшесi, 43; Скатков көшесi, 96; Абай даңғылы 25А; Нұрмақов көшесi 2, мекен-жайында орналасқан ғимараттар республикалық меншiктен Қызылорда облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі
жөнiндегi комитетi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және
Қызылорда облысының әкiмиятымен бiрлесiп, заңнамада көзделген тәртiппен,
осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген ғимараттарды қабылдап
алу-тапсыру жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асырсын.
4. Осы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.