Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне диплом беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 тамыз N 936. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелеріне диплом беру ережесi бекiтілсiн.
      2. "Теңiз кемелерiнің басшылық құрамындағы адамдардың атақтары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 233 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 12, 144-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 



             Қазақстан Республикасы
      Yкiметiнiң
      2002 жылғы 22 тамыздағы
      N 936 қаулысымен
      бекiтілген
 

Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне
диплом беру
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне диплом беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының және Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияның және осы Конвенцияға 1995 жылғы түзетулердiң (бұдан әрi - 1978 жылғы Конвенция) негiзiнде әзiрлендi.
      2. Маманның дипломдары, бiлiктiлiк және арнайы куәлiктерi:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      2) Қазақстан Республикасының теңiз оқу орындарын бiтiрген шетел азаматтарына;
      3) кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радиомаман лауазымдарына орналасуға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астындағы кемелерде жұмыс iстейтiн немесе жұмыс iстеген шетел азаматтарына;
      4) кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радиомаман лауазымдарына орналасуға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде теңiз оқу орындарын бiтiрген және оны Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес дәлелдеген шетел азаматтарына берiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы астында жүзетiн және шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерiнiң кемелерiн, коммерциялық тасымалдармен айналыспайтын серуендiк яхталар мен қарапайым конструкциялы ағаш кемелердi қоспағанда, теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне маман дипломдарының, бiлiктiлiк және арнаулы куәлiктерiнiң мынадай түрлерi берiледi:
      1) дипломдар:
      кеме жүргiзушiлерiне:
      капитан;
      капитанның аға көмекшiсi;
      капитанның вахталық көмекшiсi;
      жалпы сыйымдылығы 500 регистрлiк тоннадан (бұдан әрi - р.т.) кем жағалауға жақын жүзетiн кемелердiң капитаны;
      жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанының вахталық көмекшiсi;
      кеме механиктерiне:
      бiрiншi разрядты;
      екiншi разрядты;
      үшiншi разрядты;
      кеме электромеханиктерiне:
      бiрiншi разрядты;
      екiншi разрядты;
      үшiншi разрядты;
      кеме радиомамандарына:
      Зiлзала кезiнде және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғаламдық теңiздiк байланыс жүйесiнiң (бұдан әрi - ЗҚҒТБЖ) бiрiншi сыныпты радиоэлектроншысы;
      ЗҚҒТБЖ екiншi сыныпты радиоэлектроншысы;
      ЗҚҒТБЖ операторы;
      ЗҚҒТБЖ шектеулі ауданының операторы;
      бiрiншi сыныпты радиооператор;
      екiншi сыныпты радиооператор;
      оператор-радиотелефонист;
      кеме дәрiгерi;
      2) кеме командасы тұлғалары үшiн бiлiктiлiк куәлiктерi:
      матрос;
      моторист;
      токарь-моторист;
      электрик;
      3) 1978 жылғы Конвенцияның талаптарына сәйкес берiлетiн командалық құрам және кеме командасының тұлғалары үшiн маманның арнайы куәлiктерi.
      4. Маманның дипломдарын, бiлiктiлiк және арнайы куәлiктерiн жасы 18-ден кем емес, тиiстi теңiз бiлiмi, теңiз кемелерiндегi жұмыс стажы бар, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiткен талаптар бойынша бiлiктiлiк комиссиясы өткiзетiн емтихандарды тапсырған, тұлғаларға, порттардың Теңiз әкiмшiлiгi бередi. Көрсетiлген емтихандардан оқуды аяқтағаннан кейiн бiр жыл бойы теңiз оқу орындарының түлектерi босатылады.
      5. Бiлiктілiк комиссияларын құру, емтихан өткiзу, маманның дипломдарын, білiктiлiк және арнайы куәлiктерiн және дипломдар мен білiктiлiк куәлiктерiнiң берiлгендiгiн куәландыратын растамаларды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi.
      6. Кеменiң экипаж мүшелерiнiң лауазымына орналасу үшiн әскери-теңiз бiлiмi бар тұлғаларға дипломдар мен бiлiктiлiк куәлiктерiн беру осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      7. Теңiз кемелерiнiң капитандары мен басқа да экипаж мүшелерiне берiлген дипломдар осындай дипломдардың берiлгендiгiн куәландыратын, теңiз сауда порттарының капитандары беретiн растамалар бар болған кезде жарамды болып есептеледi.
      8. Матростың, мотористiң, токарь-мотористiң және электриктiң бiлiктiлiк куәлiктерi бар тұлғаларға жүру тұғырында немесе машиналық үй-жайда вахтаға тұру жөнiндегi экипаж мүшелерiнiң мiндеттерiн атқаруға pұқсат етiледi.
      9. Капитанның, капитан көмекшiлерiнiң, кеме механиктерi мен кеме электромеханиктерiнiң бұл мамандықтарға оқыту теңiз кемелерiнiң командалық құрамын даярлау бағдарламасына енгiзiлсе, құтқару қайықтары мен салдары бойынша өртпен күрес бойынша маманның арнайы куәлiгi болмауы да мүмкiн.
      10. Ерекше жағдайларда, егер бұл адамдарға, мүлiктерге немесе қоршаған ортаға қауiп төндiрмейтiн болса, теңiз порты капитанының шешiмi бойынша теңiз кемелерi командалық құрамының тұлғаларына дипломмен рұқсат етілгенге қарағанда шектеулi мерзiмге бiр санат жоғары лауазымға орналасуға жеңiлдiктi рұқсат (бұдан әрi - жеңiлдiктi рұқсат) етiлуi мүмкiн.
      Капитанның немесе аға механиктiң лауазымына орналасу құқығына жеңiлдіктi рұқсат тек төтенше жағдайларда барынша қысқа мерзiмге берiледi.
      Егер тұлғаның дипломы болмаса, дипломның болуын талап ететiн ең төменгi лауазымға орналасуға жеңілдiктi рұқсат берiлуi мүмкiн.
      Жеңілдiктi рұқсаттар теңiзде жүзу қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды орындау үшiн маманның жеткiлiктi бiлiктiлiгi мен тәжiрибесi болған кезде 6 айдан артық емес мерзiмге берiледi.
      Теңiз көлiгi ұйымдарының басшылары мен теңiз кемелерiнiң капитандары маманның дипломы, бiлiктiлiк немесе арнайы куәлiгi не жеңілдiктi рұқсаты жоқ тұлғаларды жұмысқа жiберуге құқығы жоқ.
      Жеңілдiктi рұқсаттарды беру туралы ақпаратты теңiз порттарының капитандары Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ай сайын берiп отырады.
      11. Маманның дипломдары, олардың берiлгендiгiн куәландыратын растамалар бiлiктiлiк және арнайы куәлiктер:
      1) адам өмiрiне тiкелей қауiп төнген;
      2) мүлiк сақталмаған;
      3) теңiздiк қоршаған ортаға залал келтiрген жағдайларда теңiз кемелерiнiң экипаждары мүшелерінің құзыретсіздігі немесе өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармауы салдарынан порт капитандарының оларды алып қоюы, күшiн жоюы немесе олардың қолданылуын тоқтата тұруы мүмкін.
      12. Шет мемлекеттерi - 1978 жылғы Конвенцияға қатысушылар берген капитандардың және командалық құрам тұлғаларының дипломдарын тану Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлеген ережелер бойынша растамаларды беру арқылы жүзеге асырылады.
 

2. Дипломдарды алу үшiн қойылатын талаптар

      Кеме жүргiзушілерiнiң дипломдары
      13. Капитанның вахталық көмекшiсiнiң дипломын алу үшiн:
      1) оқу орындарының жоспарларына сәйкес капитанның, дипломы бар маманның немесе бiлiктi практика жетекшiсiнiң басқаруымен 12 айдан кем емес, соның iшiнде жалпы сыйымдылығы 500 р.т. және одан да көп өзi жүзетiн кемелердiң жүргiзу тұғырында вахтада тұру жөнiндегi мiндеттердi атқарумен 6 айдан кем емес палубалық команда құрамында өзi жүзетiн кемелерде жүзу стажы. Практикадан өту Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiткен нысан бойынша тiркеу кiтабына тiркелiп отырылуы тиiс;
      2) кемелiк радиомаманның дипломы;
      3) "Радиолокациялық қадағалау және бағыт сiлтеу" және "Автоматтандырылған радиолокациялық бағыт сiлтеу жүйесiн пайдалану" бағдарламалары бойынша тренажерлiк дайындықтан өткенi туралы оқу орны немесе сертификатталған оқу орталығы берген куәлiгi.
      14. Капитанның аға көмекшiсi дипломын алу үшiн:
      1) капитанның вахталық көмекшiсiнiң дипломы;
      2) кемелiк радиомаманның дипломы;
      3) жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем емес өзi жүзетiн кемелерде капитанның вахталық көмекшiсiнiң мiндеттерiн атқарумен 12 айдан кем емес жұмыс стажы болуы қажет.
      15. Капитанның дипломын алу үшiн:
      1) капитанның аға көмекшiсiнiң дипломы;
      2) кемелiк радиомаманның дипломы;
      3) жалпы сыйымдылығы 500 р.т. және одан да көп өзi жүзетiн кемелерде капитанның аға көмекшiсiнiң лауазымында 12 айдан кем емес жұмыс стажы болуы қажет.
      16. Жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем емес жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанының вахталық көмекшiсi дипломын алу үшiн:
      1) өзi жүзетiн кемелерде 12 айдан кем емес, соның iшiнде капитанның, дипломы бар маманның немесе бiлiктi практика жетекшiсiнiң басқаруымен жүргiзу тұғырында вахтада тұру жөнiндегi мiндеттердi атқарумен кемiнде 6 ай жүзу стажы;
      2) кемелiк радиомаманның дипломы;
      3) "Радиолокациялық қадағалау және жол сiлтеу" бағдарламасы бойынша тренажерлiк дайындығы болуы қажет.
      17. Жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем емес жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитаны дипломын алу үшiн:
      1) капитанның вахталық көмекшiсiнiң немесе жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем емес кемелер капитаны вахталық көмекшiсiнiң дипломы;
      2) кемелік радиомаманның дипломы;
      3) өзi жүзетiн кемелердегi капитанның көмекшiсi лауазымындағы 12 айдан кем емес жұмыс стажы.
      18. Кеме жүргiзушiлердiң дипломдары бар тұлғаларға:
      1) капитанның вахталық көмекшiсiне - кез келген кемелерде капитанның вахталық көмекшiсi лауазымына немесе жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем емес жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанының аға көмекшiсi лауазымына орналасуға;
      2) капитанның аға көмекшiсiне - қоса алғанда кез келген кемелерде капитанның аға көмекшiсiне дейiнгi лауазымға орналасуға;
      3) капитанға - қоса алғанда кез келген кемелерде, соның iшiнде жағалауға жақын жүзетiн кемелерде капитанға дейiнгi лауазымға орналасуға;
      4) жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанының вахталық көмекшiсiне - жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем жағалауға жақын жүзетiн кемелерде капитанның вахталық көмекшiсi лауазымына немесе осы кемелерде капитанның вахталық көмекшiсiнiң мiндеттерiн атқарумен өзi жүзетiн кемелерде 12 айдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжаты бар болған кезде капитанның аға көмекшiсi лауазымына орналасуға;
      5) жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанына - жалпы сыйымдылығы 500 р.т. кем жағалауға жақын жүзетiн кемелер капитанының лауазымына орналасуға рұқсат етiлуі мүмкiн.
      Жағалауға жақын жүзу болып, шығу пунктiнен 150 теңiз милясынан кем және жағалаудан 30 теңiз милясына дейiнгi ең қысқа жол бойынша бiр бағытта Қазақстан Республикасының жағалауымен бойлай жүзу есептеледi.
      Кемелер механиктерiнiң дипломдары
      19. Yшiншi разрядты кеме механигiнiң дипломын алу үшiн кемелiк техникалық құралдарға қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындаумен машина командасының құрамында өзi жүзетiн кемелерде 6 айдан кем емес жүзу стажы және оқу орындарының жоспарларына сәйкес кеме жөндеу жөнiндегi өндiрiстiк практикадан өткені туралы куәлiктiң болуы қажет. Практикадан өту Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiткен нысан бойынша тiркеу кiтабына тiркелiп отырылуы тиiс.
      20. Екiншi разрядты кеме механигiнiң дипломын алу үшiн үшiншi разрядты кеме механигiнiң дипломымен және бас қозғалтқыштарының жалпы қуаты 750 кВт-тан кем емес кемелерде вахталық механиктiң мiндеттерiн орындаумен өзi жүзетiн кемелерде 12 айдан кем емес жүзу cтажы болуы қажет.
      21. Бiрiншi разрядты кеме механигiнiң дипломын алу үшiн өзi жүзетiн кемелерде 36 айдан кем емес, оның iшiнде екiншi разрядты кеме механигiнiң дипломымен 12 айдан кем емес, және бас қозғалтқышының жалпы қуаты 750 кBт және одан артық кемелерде аға механиктiң мiндеттерiн орындаумен және/немесе бас қозғалтқыштарының жалпы қуаты 3000 кBт және одан артық кемелерде екiншi механиктiң мiндеттерiн орындаумен жұмыс стажы болуы қажет.
      22. Кеме механигiнiң дипломы бар тұлғаларға:
      1) үшiншi разрядты кеме механигiне:
      бас қозғалтқышының жалпы қуаты 750 кBт-тан кем кемелерде қоса алғанда аға механикке дейiнгi лауазымға орналасуға;
      бас қозғалтқыштарының жалпы қуаты 3000 кВт-тан кем кемелерде бас қозғалтқышының жалпы қуаты 750 кBт және одан артық кемелерде вахталық механиктiң мiндеттерiн орындаумен 12 айдан кем емес, оның iшiнде үшiншi механиктiң лауазымындағы, 8 айдан кем емес жұмыс cтажын растайтын құжаты болған кезде екiншi механиктiң лауазымына орналасуға;
      кез келген кемелерде қоса алғанда үшiншi механиктiң лауазымына орналасуға;
      2) екiншi разрядты кеме механигiне:
      бас қозғалтқыштарының жалпы қуаты 3000 кBт-тан кем кемелерде бас қозғалтқышының жалпы қуаты 750 кBт және одан артық кемелерде екiншi механиктiң лауазымындағы 12 айдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжаты болған кезде аға механиктiң лауазымына орналасуға;
      кез келген кемелерде қоса алғанда екiншi механиктiң лауазымына орналасуға;
      3) бiрiншi разрядты кеме механигiне - кез келген кемеде мамандығы бойынша кез келген лауазымға орналасуға рұқсат етілуi мүмкін.
      Кеме электромеханиктерiнiң дипломдары
      23. Үшiншi разрядты кеме электромеханигiнiң дипломын алу үшiн кемелiк электр жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындаумен машина командасының құрамында өзi жүзетiн кемелерде 6 айдан кем емес жүзу стажының болуы және оқу орындарының жоспарларына сәйкес кеме жөндеу жөнiндегi өндiрiстiк практикадан өтуі қажет.
      24. Екiншi разрядты кеме электромеханигiнiң дипломын алу үшiн үшiншi разрядты кеме электромеханигiнiң дипломымен электромеханиктiң лауазымында қуаты 750 кВт және одан артық электр жабдығы бар өзi жүзетiн кемелерде 12 айдан кем емес жүзу стажы болуы қажет.
      25. Бiрiншi разрядты кеме электромеханигiнiң дипломын алу үшін екiншi разрядты кеме электромеханигiнiң дипломымен электромеханиктiң лауазымында қуаты 1500 кBт және одан артық электр жабдығы жоқ өзi жүзетiн кемелерде 24 айдан кем емес жүзу стажы болуы қажет.
      26. Кеме электромеханигiнiң дипломы бар тұлғаларға:
      1) үшiншi разрядты кеме электромеханигiне:
      қуаты 3500 кВт-тан кем электр жабдығымен көсулiк электр қозғалтқыштары жоқ кемелерде электромеханиктiң лауазымына орналасуға;
      жалпы қуаты 750 кВт және одан артық көсулiк электрқозғалтқыштары бар кемелерде үшiншi электромеханиктiң мiндеттерiн орындаумен 12 айдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжаты болған кезде жалпы қуаты 3000 кBт-тан кем көсулiк электрқозғалтқыштары бар кемелерде екiншi электромеханиктiң лауазымына орналасуға;
      көсулiк электрқозғалтқыштары жоқ кемелерде екiншi электромеханиктiң лауазымына орналасуға;
      кез келген кемелерде қоса алғанда үшiншi электромеханиктiң лауазымына дейiн орналасуға;
      2) екiншi разрядты кеме электромеханигiне:
      жалпы қуаты 750 кВт және одан артық көсу электрқозғалтқыштары бар кемелерде екiншi электромеханиктiң мiндеттерiн орындаумен 12 айдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжаты болған кезде қуаты 3000 кBт-тан кем көсулiк электрқозғалтқыштары бар кемелерде аға электромеханиктiң лауазымына орналасуға;
      қуаты 5000 кBт-тан кем электр жабдығы бар көсулiк электрқозғалтқыштары жоқ кемелерде аға электромеханиктiң лауазымына орналасуға;
      кез келген кемелерде қоса алғанда екiншi электромеханиктiң лауазымына дейiн орналасуға;
      3) бiрiншi разрядты кеме электромеханигiне кез келген кемеде мамандығы бойынша кез келген лауазымға орналасуға рұқсат етiлуi мүмкін.
      Кеме радиомамандарының дипломдары
      27. Кеме операторы-радиотелефонисiнiң дипломын алу үшiн теңiз оқу орнында немесе оқу жоспарына сәйкес осы мамандық бойынша оқу орталығында дайындықтан өту қажет.
      28. Екiншi сыныпты кемелiк радиооператордың дипломын алу үшін:
      жоғары немесе орта теңiздiк арнаулы бiлiмi;
      оқу практикасын қоса алғанда, мамандығы бойынша жұмыстарды орындаумен кемелерде 6 айдан кем емес жұмыс стажы болуы қажет.
      29. Бiрiншi сыныпты кемелiк радиооператордың дипломын алу үшін:
      екiншi сыныпты кемелiк радиооператордың дипломы;
      орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн радиомаманның жұмысын орындаумен кемелерде 18 айдан кем емес, жоғары бiлiмдiлер үшiн - 12 айдан кем емес жұмыс стажы болуы қажет.
      30. ЗҚҒТБЖ шектеулi ауданы кеме операторының дипломын алу үшiн кеме жүргiзу мамандығы бойынша жоғары немесе орта теңiздiк арнайы білiмi болуы және оқу жоспарына сәйкес ЗҚҒТБЖ оқу-тренажерлiк орталығында дайындықтан өтуі қажет.
      31. ЗҚҒТБЖ кеме операторының дипломын алу үшiн:
      кеме жүргiзу мамандығы бойынша жоғары немесе арнайы орта теңiздiк бiлiмi;
      жедел радио байланыспен байланысты мамандық бойынша жұмысты орындаумен кемелерде 6 айдан кем емес жұмыс стажы болуы және оқу
      жоспарына сәйкес ЗҚҒТБЖ оқу-тренажерлiк орталығында дайындықтан өтуi қажет.
      32. Екiншi сыныпты ЗҚҒТБЖ кемелiк радиоэлектроншының дипломын алу үшiн мыналар қажет:
      1) жоғары теңiздiк радиотехникалық бiлiмi бар тұлғалар үшiн:
      радиооператордың не радиостанция бастығының лауазымында кемелерде 6 айдан кем емес жұмыс стажының болуы немесе жұмысты атқарумен;
      оқу жоспарына сәйкес бойынша ЗҚҒТБЖ оқу-тренажерлiк орталығында дайындықтан өтуi;
      2) орта теңiздiк радиотехникалық бiлiмi бар тұлғалар үшiн:
      радиостанция бастығының лауазымында кемелердегi 24 айдан кем емес жұмыс стажының болуы;
      оқу жоспарына сәйкес ЗҚҒТБЖ оқу-тренажерлiк орталығында дайындықтан өтуi және оқу жоспарына сәйкес жоғары теңiз оқу орны жанындағы арнайы білiктiлiк көтеру курстарында оқуы.
      33. Бiрiншi сыныпты ЗҚҒТБЖ кемелiк радиоэлектроншының дипломын алу үшiн мыналардың болуы қажет:
      жоғары теңiздiк радиотехникалық бiлiмi туралы диплом;
      екiншi сыныпты ЗҚҒТБЖ кемелік радиоэлектроншының дипломы;
      мамандығы бойынша жұмысты атқарумен ЗҚҒТБЖ аппаратурасымен жабдықталған кемелерде 24 айдан кем емес жұмыс өтiлi;
      34. Кемелiк радиомамандардың дипломы бар тұлғаларға:
      1) кемелiк оператор-радиотелефоншыға радиотелефон қондырғымен жабдықталған жалпы сыйымдылығы 300 р.т. кем кемелерде оператор-радиотелефоншының лауазымына орналасуға;
      2) екiншi сыныпты кемелiк радиооператорға жалпы сыйымдылығы 300 р.т. кем кемелерде мамандығы бойынша лауазымға орналасуға;
      3) бiрiншi сыныпты кемелiк радиооператорға жалпы сыйымдылығы 300 р.т. кем кемелерде мамандығы бойынша лауазымға орналасуға;
      4) екiншi сыныпты ЗҚҒТБЖ кемелiк радиоэлектроншыға жалпы сыйымдылығы 20000-ға дейiнгi жүк кемелерiнде және ЗҚҒТБЖ талаптарына сәйкес жабдықталған сыйымдылығы 250 жолаушыға дейiнгi жолаушылар кемелерiнде капитанның радиоэлектроника жөнiндегі көмекшiсi лауазымына орналасуға;
      5) бiрiншi сыныпты ЗҚҒТБЖ кемелiк радиоэлектроншыға ЗҚҒТБЖ талаптарына сәйкес жабдықталған кез келген жүк және жолаушылар кемелерiнде капитанның радиоэлектроника жөнiндегi көмекшiсi лауазымына орналасуға рұқсат етiледi.
      Кеме командасының бiлiктiлiк куәлiктерi
      35. Теңiзшiнiң, моторшының, токарь-моторшының, электриктiң бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн:
      1) оқу жоспарына сәйкес тиiстi мамандық бойынша оқу орталығында дайындықтан өту;
      2) теңiз кемесiндегi кемiнде 2 ай жұмыс стажын қоса алғанда, жағада немесе кемеде арнайы дайындықтан өту қажет.
 

Об утверждении Правил дипломирования членов экипажей морских судов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 августа 2002 года N 936. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 901.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 901 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О торговом мореплавании" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила дипломирования членов экипажа морских судов.

      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 февраля 1994 года N 233 "Об утверждении Положения о званиях лиц командного состава морских судов" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 12, ст. 114).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 22 августа 2002 г. N 936

Правила
дипломирования членов экипажей морских судов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила дипломирования членов экипажей морских судов (далее - Правила) разработаны на основании статьи 24 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании" и Международной конвенции о подготовке и дипломировании моряков и несении вахты 1978 года и поправок к этой Конвенции 1995 года (далее - Конвенция 1978 года).

      2. Дипломы, квалификационные и специальные свидетельства специалиста выдаются:
      1) гражданам Республики Казахстан;
      2) иностранным гражданам, окончившим морские учебные заведения Республики Казахстан;
      3) иностранным гражданам, работающим или работавшим на судах под Государственным флагом Республики Казахстан без права занятия должностей капитана судна, старшего помощника капитана, старшего механика и радиоспециалиста;
      4) иностранным гражданам, окончившим морские учебные заведения за пределами Республики Казахстан и подтвердившим его в соответствии с международными договорами Республики Казахстан без права занятия должностей капитана судна, старшего помощника капитана, старшего механика и радиоспециалиста.

      3. Членам экипажей морских судов, за исключением судов, плавающих под флагом Военно-Морских Сил Республики Казахстан и морских частей пограничной службы, прогулочных яхт, не занимающихся коммерческими перевозками и деревянных судов примитивной конструкции, выдаются следующие виды дипломов, квалификационных и специальных свидетельств специалиста:
      1) дипломы:
      судоводителей:
      капитана;
      старшего помощника капитана;
      вахтенного помощника капитана;
      капитана судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 регистровых тонн (далее - р.т.);
      вахтенного помощника капитана судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т.;
      судовых механиков:
      первого разряда;
      второго разряда;
      третьего разряда;
      судовых электромехаников:
      первого разряда;
      второго разряда;
      третьего разряда;
      судовых радиоспециалистов:
      радиоэлектроника первого класса Глобальной морской системы связи при бедствии и для обеспечения безопасности (далее - ГМССБ);
      радиоэлектроника второго класса ГМССБ;
      оператора ГМССБ;
      оператора ограниченного района ГМССБ;
      радиооператора первого класса;
      радиооператора второго класса;
      оператора-радиотелефониста;
      судового врача;
      2) квалификационные свидетельства для лиц судовой команды:
      матроса;
      моториста;
      токаря-моториста;
      электрика;
      3) специальные свидетельства специалиста для лиц командного состава и судовой команды, выдаваемые в соответствии с требованиями Конвенции 1978 года.

      4. Дипломы, квалификационные и специальные свидетельства специалиста выдаются Морскими администрациями портов лицам не моложе 18 лет, имеющим соответствующее морское образование, стаж работы на морских судах, годным по состоянию здоровья и сдавшим экзамены, проводимые квалификационными комиссиями по требованиям, утвержденным Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. От указанных экзаменов в течение одного года после окончания учебы освобождаются выпускники морских учебных заведений.

      5. Порядок образования квалификационных комиссий, проведения экзаменов, выдачи дипломов, квалификационных и специальных свидетельств специалиста и подтверждений, удостоверяющих выдачу дипломов и квалификационных свидетельств, устанавливаются Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      6. Выдача дипломов и квалификационных свидетельств лицам, имеющим военно-морское образование, для занятия должностей членов экипажа судна производится в соответствии с настоящими Правилами.

      7. Дипломы, выданные капитанам и другим членам экипажей морских судов, считаются действительными при наличии выдаваемых капитанами морских торговых портов подтверждений, удостоверяющих выдачу таких дипломов.

      8. Лица, имеющие квалификационные свидетельства матроса, моториста, токаря-моториста и электрика, допускаются к выполнению обязанностей члена экипажа по несению вахты на ходовом мостике или в машинном помещении.

      9. Капитан, помощники капитана, судовые механики и судовые электромеханики могут не иметь специальных свидетельств специалиста по спасательным шлюпкам и плотам, по борьбе с пожаром, если обучение этим специальностям включается в программы подготовки лиц командного состава морских судов.

      10. В исключительных случаях, если это не создает опасности для людей, имущества или окружающей среды, по решению капитана морского порта лицам командного состава морских судов может быть выдано на ограниченный срок льготное разрешение на право занятия должности на категорию выше, чем это позволяет диплом (далее - льготное разрешение).
      Льготное разрешение на право занять должность капитана или старшего механика выдается лишь при чрезвычайных обстоятельствах на максимально короткий срок.
      Если лицо не имеет диплома, льготное разрешение может быть выдано на занятие самой низшей должности, требующей наличия диплома.
      Льготные разрешения выдаются на срок не более 6 месяцев при наличии у специалиста достаточной квалификации и опыта для выполнения требований по безопасности мореплавания.
      Руководители организаций морского транспорта и капитаны морских судов не имеют права допускать к работе лиц, которые не имеют диплома, квалификационного или специального свидетельства специалиста либо льготного разрешения.
      Информация о выдаче льготных разрешений ежемесячно представляется капитанами морских портов в Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      11. Дипломы, подтверждения, удостоверяющие их выдачу, квалификационные и специальные свидетельства специалиста могут быть изъяты, аннулированы или действие их приостановлено капитанами портов вследствие некомпетентности или ненадлежащего исполнения членами экипажей морских судов своих обязанностей в случаях:
      1) прямой угрозы человеческой жизни;
      2) несохранности имущества;
      3) причинения ущерба морской окружающей среде.

      12. Признание дипломов капитанов и лиц командного состава, выданных иностранным государством - участником Конвенции 1978 года, осуществляется путем выдачи подтверждений по правилам, установленным Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

2. Требования для получения дипломов

Дипломы судоводителей

      13. Для получения диплома вахтенного помощника капитана необходимо иметь:
      1) стаж плавания на самоходных судах в составе палубной команды в соответствии с планами учебных заведений не менее 12 месяцев, в том числе не менее 6 месяцев с выполнением обязанностей по несению вахты на ходовом мостике самоходных судов валовой вместимостью 500 р.т. и более под руководством капитана, дипломированного специалиста или квалифицированного руководителя практики. Прохождение практики должно фиксироваться в книге регистрации по форме, утвержденной Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
      2) диплом судового радиоспециалиста;
      3) свидетельство, выданное учебным заведением или сертифицированным учебным центром, о прохождении тренажерной подготовки по программам "Радиолокационное наблюдение и прокладка" и "Использование системы автоматизированной радиолокационной прокладки".

      14. Для получения диплома старшего помощника капитана необходимо иметь:
      1) диплом вахтенного помощника капитана;
      2) диплом судового радиоспециалиста;
      3) стаж работы на самоходных судах не менее 12 месяцев с выполнением обязанностей вахтенного помощника капитана на самоходных судах валовой вместимостью не менее 500 р.т.

      15. Для получения диплома капитана необходимо иметь:
      1) диплом старшего помощника капитана;
      2) диплом судового радиоспециалиста;
      3) стаж работы не менее 12 месяцев в должности старшего помощника капитана на самоходных судах валовой вместимостью 500 р.т. и более.

      16. Для получения диплома вахтенного помощника капитана судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т. необходимо иметь:
      1) стаж плавания на самоходных судах не менее 12 месяцев, в том числе не менее 6 месяцев с выполнением обязанностей по несению вахты на ходовом мостике под руководством капитана, дипломированного специалиста или квалифицированного руководителя практики;
      2) диплом судового радиоспециалиста;
      3) тренажерную подготовку по программе "Радиолокационное наблюдение и прокладка".

      17. Для получения диплома капитана судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т. необходимо иметь:
      1) диплом вахтенного помощника капитана или вахтенного помощника капитана судов валовой вместимостью менее 500 р.т.;
      2) диплом судового радиоспециалиста;
      3) стаж работы на самоходных судах в должности помощника капитана не менее 12 месяцев.

      18. Лицам, имеющим дипломы судоводителей, может быть разрешено:
      1) вахтенному помощнику капитана - занимать должность вахтенного помощника капитана на любых судах или должность старшего помощника капитана на судах прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т.;
      2) старшему помощнику капитана - занимать должности до старшего помощника капитана включительно на любых судах;
      3) капитану - занимать должности до капитана включительно на любых судах, в том числе на судах прибрежного плавания;
      4) вахтенному помощнику капитана судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т. - занимать должность вахтенного помощника капитана на судах прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т. или должность старшего помощника капитана на этих судах при наличии документа, подтверждающего стаж работы на самоходных судах не менее 12 месяцев с выполнением обязанностей вахтенного помощника капитана;
      5) капитану судов прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т. - занимать должность капитана на судах прибрежного плавания валовой вместимостью менее 500 р.т..
      Прибрежным плаванием считается плавание в одном направлении вдоль побережья Республики Казахстан по кратчайшему пути менее 150 морских миль от пункта отхода и удалением от берега до 30 морских миль.

Дипломы судовых механиков

       19. Для получения диплома судового механика третьего разряда необходимо иметь стаж плавания не менее 6 месяцев на самоходных судах в составе машинной, команды с выполнением обязанностей по обслуживанию судовых технических средств и свидетельство о прохождении производственной практики по судоремонту в соответствии с планами учебных заведений. Прохождение практики должно фиксироваться в книге регистрации по форме, утвержденной Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      20. Для получения диплома судового механика второго разряда необходимо иметь стаж работы не менее 12 месяцев на самоходных судах с дипломом судового механика третьего разряда и выполнением обязанностей вахтенного механика на судах с главными двигателями общей мощностью не менее 750 кВт.

      21. Для получения диплома судового механика первого разряда необходимо иметь стаж работы не менее 36 месяцев на самоходных судах, из которых не менее 12 месяцев с дипломом судового механика второго разряда и выполнением обязанностей старшего механика на судах с главными двигателями общей мощностью 750 кВт и более и/или с выполнением обязанностей второго механика на судах с главными двигателями общей мощностью 3000 кВт и более.

      22. Лицам, имеющим диплом судового механика, может быть разрешено:
      1) судовому механику третьего разряда:
      занимать должности до старшего механика включительно на судах с главными двигателями общей мощностью менее 750 кВт;
      занимать должность второго механика на судах с главными двигателями общей мощностью менее 3000 кВт при наличии документа, подтверждающего стаж работы не менее 12 месяцев с выполнением обязанностей вахтенного механика на судах с главными двигателями общей мощностью 750 кВт и более, в том числе не менее 8 месяцев в должности третьего механика;
      занимать должности до третьего механика включительно на любых судах;
      2) судовому механику второго разряда:
      занимать должность старшего механика на судах с главными двигателями общей мощностью менее 3000 кВт при наличии документа, подтверждающего стаж работы не менее 12 месяцев в должности второго механика на судах с главными двигателями общей мощностью 750 кВт и более;
      занимать должности до второго механика включительно на любых судах;
      3) судовому механику первого разряда - занимать любую должность по специальности на любых судах.

Дипломы судовых электромехаников

       23. Для получения диплома судового электромеханика третьего разряда необходимо иметь стаж плавания не менее 6 месяцев на самоходных судах в составе машинной команды с выполнением обязанностей по обслуживанию судового электрооборудования и пройти производственную практику по судоремонту в соответствии с планами учебных заведений.

      24. Для получения диплома судового электромеханика второго разряда необходимо иметь стаж работы не менее 12 месяцев на самоходных судах с электрооборудованием мощностью 750 кВт и более с дипломом судового электромеханика третьего разряда в должности электромеханика.

      25. Для получения диплома судового электромеханика первого разряда необходимо иметь стаж работы не менее 24 месяцев на самоходных судах с электрооборудованием мощностью 1500 кВт и более с дипломом судового электромеханика второго разряда в должности электромеханика.

      26. Лицам, имеющим диплом судового электромеханика, может быть разрешено:
      1) судовому электромеханику третьего разряда занимать должность:
      электромеханика на судах, не имеющих гребных электродвигателей, с электрооборудованием мощностью менее 3500 кВт;
      второго электромеханика на судах с гребными электродвигателями общей мощностью менее 3000 кВт при наличии документа, подтверждающего стаж работы не менее 12 месяцев с выполнением обязанностей третьего электромеханика на судах с гребными электродвигателями общей мощностью 750 кВт и более;
      второго электромеханика на судах, не имеющих гребных электродвигателей;
      до третьего электромеханика включительно на любых судах;
      2) судовому электромеханику второго разряда занимать должность:
      старшего электромеханика на судах с гребными электродвигателями мощностью менее 3000 кВт при наличии документа, подтверждающего стаж работы не менее 12 месяцев с выполнением обязанностей второго электромеханика на судах с гребными электродвигателями общей мощностью 750 кВт и более;
      старшего электромеханика на судах, не имеющих гребных электродвигателей, с электрооборудованием мощностью менее 5000 кВт;
      до второго электромеханика включительно на любых судах;
      3) судовому электромеханику первого разряда занимать любую должность по специальности на любых судах.

Дипломы судовых радиоспециалистов

      27. Для получения диплома судового оператора-радиотелефониста необходимо пройти подготовку в морском учебном заведении или учебном центре по этой специальности в соответствии с учебным планом.

      28. Для получения диплома судового радиооператора второго класса необходимо иметь:
      высшее или среднее морское специальное образование;
      стаж работы на судах не менее 6 месяцев с выполнением работы по специальности, включая учебную практику.

      29. Для получения диплома судового радиооператора первого класса необходимо иметь:
      диплом судового радиооператора второго класса;
      стаж работы на судах с выполнением работы радиоспециалиста для лиц со средним образованием не менее 18 месяцев, с высшим образованием - не менее 12 месяцев.

      30. Для получения диплома судового оператора ограниченного района ГМССБ необходимо иметь высшее или среднее морское специальное образование по специальности судоводителя и пройти подготовку в учебно-тренажерном центре ГМССБ в соответствии с учебным планом.

      31. Для получения диплома судового оператора ГМССБ необходимо иметь:
      высшее или среднее морское специальное образование по специальности судоводителя;
      стаж работы на судах не менее 6 месяцев с выполнением работы по специальности, связанной с оперативной радиосвязью, и пройти подготовку в учебно-тренажерном центре ГМССБ в соответствии с учебным планом.

      32. Для получения диплома судового радиоэлектроника второго класса ГМССБ необходимо:
      1) для лиц с высшим морским радиотехническим образованием:
      иметь стаж работы на судах не менее 6 месяцев в должности радиооператора либо начальника радиостанции или пройти учебно- производственную практику на судах по специальности радиооператора в течение 6 месяцев;
      пройти подготовку в учебно-тренажерном центре ГМССБ в соответствии с учебным планом;
      2) для лиц со средним морским радиотехническим образованием:
      иметь стаж работы на судах не менее 24 месяцев в должности начальника радиостанции;
      пройти подготовку в учебно-тренажерном центре ГМССБ в соответствии с учебным планом и обучение на специальных курсах повышения квалификации при высшем морском учебном заведении в соответствии с учебным планом.

      33. Для получения диплома судового радиоэлектроника первого класса ГМССБ необходимо иметь:
      диплом о высшем морском радиотехническом образовании;
      диплом судового радиоэлектроника второго класса ГМССБ;
      стаж работы не менее 24 месяцев на судах, оборудованных аппаратурой ГМССБ, с выполнением работы по специальности.

      34. Лицам, имеющим дипломы судовых радиоспециалистов, разрешается:
      1) судовому оператору-радиотелефонисту занимать должность оператора- радиотелефониста на судах валовой вместимостью менее 300 р.т., оборудованных радиотелефонной установкой;
      2) судовому радиооператору второго класса занимать должность по специальности на судах валовой вместимостью менее 300 р.т.;
      3) судовому радиооператору первого класса занимать любую должность по специальности на судах валовой вместимостью менее 300 р.т.;
      4) судовому радиоэлектронику второго класса ГМССБ занимать должность помощника капитана по радиоэлектронике на грузовых судах валовой вместимостью до 20000 и пассажирских судах вместимостью до 250 пассажиров, оборудованных в соответствии с требованиями ГМССБ;
      5) судовому радиоэлектронику первого класса ГМССБ занимать должность помощника капитана по радиоэлектронике на любых грузовых и пассажирских судах, оборудованных в соответствии с требованиями ГМССБ.

Квалификационные свидетельства судовой команды

      35. Для получения квалификационного свидетельства матроса, моториста, токаря-моториста, электрика необходимо:
      1) пройти подготовку в учебном центре по соответствующей специальности в соответствии с учебным планом;
      2) пройти специальную подготовку на берегу или на судне, включая стаж работы на морском судне не менее 2 месяцев.