Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiне (Салық кодексi) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексіне) өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. 10-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
"немесе сенiмгерлiк басқаруға" деген сөздер "қаржы лизингiнiң мәселелерін реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес сыйақы түрiнде" деген сөздерге ауыстырылсын;
"депозиттер" деген сөзден кейiн "(салымдар)" деген сөзбен толықтырылсын;
20) тармақшада "кәсіпкер" деген сөзден кейiн ", жеке нотариус, адвокат" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жағдайларда мәмiлелер бойынша бағаларды қолдану дұрыстығы мәселесi жөнiнде ақпарат пен құжаттарды ұсыну.".
3. 15-баптың 3-тармағында "Салық органдарына" деген сөздерден кейiн "аймақаралық салық комитеттерi," деген сөздермен толықтырылсын.
4. 16-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) салық тексерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тарту;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң K941000_ 49-бабының
2-тармағындағы 4) тармақшада көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны
тарату туралы сотқа талап-арыз беру;".
5. 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жергіліктi атқарушы органдар бiржолғы талондарды берудi
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.".
6. 31-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында "есептеген" деген сөзден
кейiн "жер салығы бойынша ағымдағы төлем сомасынан басқа," деген сөздермен
толықтырылсын.
7. 32-баптың 2-тармағындағы "сомалары туралы" деген сөздерден кейiн
", сондай-ақ салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы" деген сөздермен
толықтырылсын.
8. 40-баптың 3-тармағында "1,5" деген сан "2" деген санға
ауыстырылсын.
9. 42-баптың 1-тармағында "шешiмдi" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң
249-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен
толықтырылсын.
10. 46-бапта:
1) 3-тармақта "1,5" деген сан "2" деген санға ауыстырылсын;
2) 5-тармақта:
"шешiм қабылданғанда" деген сөздерден кейiн ", не оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы анықтау қабылданғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
"осындай шешiм" деген сөздерден кейiн "немесе анықтау" деген сөздермен толықтырылсын.
11. 49-бапта "салық төлеушiге мерзiмiнде орындалмаған салық
мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолданғаннан кейiн,"
деген сөздер алынып тасталсын.
12. 68-бапта:
1) 1-тармақта "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн ", салық агентi"
деген сөздермен толықтырылсын.
2) 2-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"резидент емес жеке тұлғаның жеке табыс салығының болжанған сомасы
туралы өтiнiш;";
алтыншы абзацта "келiсiмдер" деген сөз "халықаралық шарттар" деген
сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"шот-фактуралар тiзiлiмi;";
3) 3-тармақта "декларациясы, есеп-қисабы" деген сөздер "есептiлiгi"
деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 4-тармақта:
"декларациясы мен есеп-қисабында" деген сөздер "есептiлiгiнде" деген
сөзбен ауыстырылсын;
"оларға" деген сөз "оған" деген сөзге ауыстырылсын.
13. 69-баптың 3-тармағында:
"Салық есептiлiгiне" деген сөздердiң алдынан "Қағаз тасығыштағы"
деген сөздермен толықтырылсын;
"басшы мен бас бухгалтердiң" деген сөздер "салық төлеушiнiң" деген
сөздермен ауыстырылсын;
"және заңды тұлғаның электронды мөрiмен" деген сөздер алынып
тасталсын.
14. 89-баптың 2-тармағында:
"сақтанушы" деген сөз "сақтандырушы өзi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық органдарын" деген сөздерден кейiн "сақтанушы салық төлеушiнiң
атауы және тiркелу нөмiрiн, сондай-ақ кiрiс сомасын көрсете отырып есептi
салық кезеңiнен кейiнгі айдың iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
15. 94-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2) 2-тармақтың 1) тармақшасында:
", сондай-ақ сенiмгерлiк басқаруға алынған мүлiк үшiн" деген сөздер
алынып тасталсын;
"1,5" деген сан "2" санға ауыстырылсын;
3) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы және Лондон банкаралық рыногының ставкасы қолданылатын ұзақ мерзiмдi сипаттағы (бiр жылдан астам) шарттар бойынша жыл сайын шарт жасаған күннен бастап қайта қаралып отырады.".
16. 96-баптың 4-тармағы алынып тасталсын.
17. 110-бапта:
1) 1-тармақтың IX тобы "Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген активтер" мынадай мазмұндағы 7 кiшi топпен толықтырылсын:
"7 Басқалары 7".
2) 2-тармақта "Салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын.
18. 118-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 115-бабының 2-тармағында көрсетiлген кiрiстер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртіппен ұсынады.".
19. 121-баптың 1-тармағында "ұйымдарға қызметiнiң айрықша түрi болып табылатын" деген сөздер "ұйымдарға жылдық жиынтық табысының 90 процентiнен кем емес, қызметтiң мынадай түрлерiнен алуға (алынуға) тиiстi кiрiстер құрайтын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. 126-баптың 6-тармағында "күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн ", бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
21. 128-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн корпорациялық табыс салығын тиiстi бюджеттерге төлеудi жүзеге асырады.
4. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер аванстық төлемдер мен корпоративтік табыс салығы сомасының есеп-қисабын аванстық төлемдер мен корпоративтік табыс салығы бойынша декларация сомалары есеп-қисабын тапсыратын бiр мезгілде өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi бойынша салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіп пен нысанда табыс етуге мiндеттi.
5. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiстi аванстық төлемдер мен корпоративтiк табыс салығының салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша сомасы жөнiнде салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органы расталған уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiп пен нысанда есеп-қисапты осы баптың 4-тармағында көрсетiлген есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде табыс ету жолымен тиiстi салық органын хабардар етуге мiндеттi.".
22. 131-бапта:
1) 1-тармақта:
"Төлем" деген сөздiң алдынан "Егер осы баппен өзгеше көзделмесе, " деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
"резидент-банктерге" деген сөздiң алдынан "борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыны қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын;
"қорларына," деген сөзден кейiн "және" деген сөзбен толықтырылсын;
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" және "және борыштық бағалы қағаздар бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
6) тармақшада "эмитент" деген сөздiң алдынан "резидент банктерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Төлем көзiнен ұсталынуға жатпайды:
1) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
2) орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн инвестициялық табыстар.".
23. 144-баптың 1-тармағында:
1) 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әскери мiндеттерiн орындауына байланысты алған арнайы атақ белгiленген тәртiппен берiлген iшкi iстер органдарының және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне әскери қызметi мiндеттерiн орындаған кезде әскери қызметшiлерге берiлетiн төлемдердiң барлық түрi;";
2) 15) тармақшада "бiржолғы" деген сөз алынып тасталсын;
3) 30) тармақшада "жеке тұлға" деген сөздiң алдынан "олардың қызметiн жүзеге асыру мақсаттарында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокаттан алған мүлiкті қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын.
24. 147-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агенттерi өзiнiң тұрған жерi бойынша есептіден кейiнгi айдың 5 күнiне дейiн есептi ай үшiн салық төлеудi жүзеге асырады";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Салық агенттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіпте тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер бойынша салық төлеудi жүзеге асырады.".
25. 151-баптың 3) тармақшасында "мүліктік" деген сөз алынып тасталсын.
26. 154-бапта:
"заңды тұлғалармен және жеке кәсiпкерлермен" деген сөздер "салық агенттерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сондай-ақ" деген сөзден кейiн "қызметiне байланысты кiрiсi бойынша жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға және адвокаттарға олардың қызметiнде пайдаланылатын мүлiктер бойынша төлемдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
27. 161-баптың 1 тармағының үшiншi абзацы алынып тасталсын.
28. 164-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мынадай резидент жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi:
1) арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағандағы, жеке кәсiпкерлер;
2) резидент болып табылатын және төлем көзiнен жеке табыс салығы салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы жұмысынан табыс алатын шетел мемлекетiнiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептерiн беру салық жылы iшiнде осы Кодекстiң 126-127-баптарына сәйкес жүргiзiледi.".
29. 171-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жүктелетін адамдар;".
30. 172-баптың 1-тармағы "Жеке табыс салығы бойынша" деген сөздердiң алдында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
31. 178-баптың 2) тармақшасында "агенттiк," деген сөз алынып тасталсын.
32. 183-бапта:
1) 1-тармақ "облигацияларды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақта "табыс алынған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағымен белгiленген мерзiмде" деген сөздерге ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстарды резидент емеске төлейтін тұлға табыс төленген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде төлем сомасы туралы эмитенттiң тiркелу орны бойынша салық органын хабардар етуге мiндеттi.".
33. 189-баптың 3-тармағында "белгiленген" деген сөзден кейiн "тәртiппен және" деген сөздермен толықтырылсын.
34. 190-бапта:
1) 2-тармақ "облигацияларды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстарды резидент емеске төлейтiн тұлға табыс төленген сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде төлем сомасы туралы эмитенттiң тiркелу орны бойынша салық органын хабардар етуге мiндеттi.".
35. 191-бапта:
1) мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген резидент емес-жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағымен белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.";
2) 2-тармақта "осы Кодексте" деген сөздер "осы Кодекстiң 126-127-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. 192-баптың 1-тармағында:
"отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын.
"кешiктiрмей" деген сөзден кейiн "немесе күнтiзбелiк жылдың 20
қаңтарынан кешiктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
37. 196-бапта:
1) 2-тармақтың 2) тармақшасында:
үшiншi абзацта:
"негізгi құралдар" деген сөздерден кейiн "бастапқы (ағымдағы)" деген
сөздермен толықтырылсын;
"негiзгi құралдарының" деген сөздерден кейiн "бастапқы (ағымдағы)"
деген сөздермен толықтырылсын.
төртіншi абзацта:
"еңбекақы қорының" деген сөздер "еңбекақы шығыстарының сомасы" деген
сөздермен ауыстырылсын;
"еңбекақы қорының жалпы сомасына" деген сөздер "еңбекақы бойынша шығыстардың жалпы сомасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтың 1) тармақшасының үшiншi абзацында "қызметкерлердiң еңбекақы қорының" деген сөздер "еңбекақы бойынша шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
38. 198-бапта:
1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзiнен табыс салығын төлеу күнiне шартты банктiк салым туралы шарты болмаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуға мiндеттi.";
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық агентi:
1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi осы салық органына берiлетiн мұндай шартты өзiнiң тiркелу орны бойынша салық органында тiркеуге;
2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған сәттен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде өзi тiркелген жерi бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.";
3) 12-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
"осы баптың 11-тармағында аталған құжаттарды салық органынан алған кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "инкассалық өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей" деген сөздерге ауыстырылсын;
"сомасын" деген сөз "сомаларын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"есептелген банк сыйақыларымен" деген сөздер "және есептелген банк сыйақыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Шартты банктiк салымдар орналасқан банктер тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей салық агенттерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша есеп беруге мiндеттi.".
39. 199-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Резидент еместiң тұрақты мекемесiне байланысы жоқ Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдаланудан түскен кiрiстi резидент емеске төлеу сәтiнде салық агенті, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алатын болып табылса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса, резиденттiгiн растайтын құжат болған кезде халықаралық шарттың тиiстi ережелерiн қолдануға құқылы.
Салық агентi салық органына берілетiн төлем көзiнен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыс және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеу немесе толық төлемеуге соқтырған халықаралық шарттардың ережелерiн заңсыз қолдану кезiнде салық агентi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
40. 203-бапта:
бiрiншi абзацта "Мемлекеттiк" деген сөз "1. Осы Кодекстiң 198-бабын қолданған жағдайда, мемлекеттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның төртiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Кодекстiң 202-бабын қолданған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау кезiнде, сондай-ақ көрсетiлген өтiнiштi беру кезiнде
салық органы:
жұмыстарды (қызмет көрсетудi) орындауға немесе өзге де мақсаттарда
келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерi;
жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау кезiнде резидент емес заңды
тұлғалардың құрылтайшы құжаттарының көшiрмелерiн қабылдайды.".
41. 207-баптың 1-тармағы "салығын төлеушiлер" деген сөздерден кейiн
"мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын.
42. 208-баптың 3-тармағында "10000" деген сан "12000" деген санмен
ауыстырылсын.
43. 211-баптың 3-тармағында:
1) тармақшада "бiрлiгiнiң құны" деген сөздерден кейiн "салық кезеңi
үшiн жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын" деген сөздермен
толықтырылсын;
2) тармақшада:
бiрiншi сөйлемде:
"құрастыру" деген сөзден кейiн "(монтаж, орнату)" деген сөздермен
толықтырылсын;
"жөнелтуi" деген сөзден кейiн "және (немесе) объектiлердi салу" деген
сөздермен толықтырылсын.
44. 215-баптың 2-тармағындағы 4) тармақшаның бесiншi абзацындағы "көлiк ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын.
45. 216-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Негiзгі қаражат ретiнде лизинг алушымен алынуына жататын қаржы лизингiне мүлiктi беру кезiнде сату бойынша айналымды жасау күнi қаржы лизингiнiң шартына сәйкес, бiрақ осы шарт бойынша лизинг алушы мiндеттемесiн орындау күнiнен кешіктiрмей лизингтiк төлемдi алу мерзiмi келген күн болып табылады.".
46. 217-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"8. Негiзгi қаражат ретiнде лизинг алушымен алынуға жататын қаржы лизингiне мүлiктi беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасын қоспастан, айналымды жасау күнiне лизинг төлем мөлшерi негiзiнде айқындалады.
9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналымның мөлшерi оның комиссиялық сыйақысы негізiнде айқындалады.".
47. 222-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгінде "сынығының" деген сөзден кейiн ", олардан өңделген өнiмдер және сляб" деген сөздермен толықтырылсын.
48. 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Нөлдiк ставкасы бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi жүзеге асыру бойынша айналым:
1) тауарларды тасымалдау, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын пошталар;
2) транзит жүктерiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау;
3) халықаралық қатынастарда адамдар мен жолжүктердi тасымалдау;
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал магистралды құбыр желiсi жүйесi бойынша экспортталатын тауарларды тасымалдау - сатып алушыға не сатып алушыға дейiн көрсетiлген тауарларды одан кейiнгi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын тауарларды берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайларда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау, халықаралық деп саналады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша экспортталатын тауарлар бiрнеше көлiк ұйымдарымен жүзеге асырылатын жағдайда, халықаралық тасымалдаудың басы ретiнде Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымының тауарларды (поштаны, жолжүктi, жолаушыларды) тасымалдауды бастау орны танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi, жолаушыларды) тасымалдау бiрнеше көлiк ұйымдарымен жүзеге асырылатын жағдайда көлiк ұйымының көлігі арқылы Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар (пошта, жолжүк, жолаушылар) әкелiнген тасымалдаулар халықаралыққа жатады.".
49. 225-бапта:
1-тармақша "(коллекциялық маркалардан басқа)," деген сөздерден кейiн ", таңбаланған хатқалталарын және тілекхаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды өңдеу" кеден режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсету;
12-2) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдаулармен байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: жүк тиеу, жүк түсiру, артық жүк тиеу, (ағызу-құю), тауарларды жабдықтау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын пошталар бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктерi; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсетудi; халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңiз портының қызмет көрсетуi;".
50. 234 баптың 1-тармағының 10) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
51. 235-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеткiзушi Қазақстан Республикасының аумағына өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн басқа да құжат қойылды. Егер жеткiзушi осы Кодекстiң 207-бабындағы 1-тармаққа сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 3-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгiсiмен жазылады;";
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
"1-1. Лизинг берушiнiң шығыстары, оның ішінде қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алумен байланысты қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналымының мақсаты үшiн шеккен шығыстар ретiнде қарастырылады.";
3) 2-тармақта:
1) тармақша "осы тармақтың 1-1) және 1-2) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) оларда қосылған құн салығымен бөлiнген қойылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағымен белгiленген ставкадан аспайтын салық сомасы;
1-2) осы Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазып берiлген шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын салық сомасы, бiрақ осы Кодекстің 217-бабының 8-тармағына сәйкес айналымдарды жасау күнiне айқындалатын лизинг берушінiң салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан астам емес;";
4) 4-тармақтың бiрiншi бөлігінде "Қосылған құн салығы" деген сөздер "Егер басқасы осы баптың 4-1-тармағымен көзделмесе, қосылған құн салығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
"4-1. Егер осы тармақта көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткiзу бойынша айналымды жасау күнінен кейiн шот-фактураның көшiрмесi жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураның көшiрмесi күнiне келетiн салық кезеңiнде есепке алуға жатады.
Осы тармақтың ережесi мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi) жеткiзушiлер төлеуге жататын қосылған құн салығына қолданылады:
электр энергиясы, су, газ;
байланыс қызмет көрсетуi;
коммуналдық қызмет көрсетуi;
қосылған құн салығымен салық салынатын банктiк операциялар.".
52. 237-баптың 1-тармағындағы 2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"негiзгi құралдардың бүлiнуi, жоғалуы жағдайында, негiзгi құралдарының теңгерiм құнына жататын құн бөлiгiнiң есебiнен қосымша құн салығы алынып тасталады;".
53. 242-бапта:
1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) тауарлардың түсiрілгенiн, жұмыстардың орындалғанын, қызметтiң көрсетiлгенiн растайтын құжаттың нөмiрi, күнi және атауы.";
2) 4-тармақта "өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктірiлмей жазылады және" деген сөздер алынып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"5-1. Оларға беретiн лизинг мәнiне лизинг берушi жазып беретiн шот-фактурада сыйақы және қосылған құн салығы сомасын оған енгiзбестен қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасынан ескере отырып көрсетiледi.
5-2. Жүктi жiберушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға шот-фактураның көшiрмесi, егер көрсетiлген тасымалдау көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүзеге асырылса, экспедитор арқылы жүзеге асырылады. Осындай шот-фактураларда салық салынатын айналымының мөлшерi көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде тасымалдаушылар және басқа да жеткiзушiлер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызмет көрсетушiлер құнының есебiмен көрсетiледі.
Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың көшiрмесi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.".
54. 247-баптың 3-тармағындағы "оларда салық салынатын айналымы 150000 теңгеден асатын" деген сөздер алынып тасталсын.
55. 250-баптың 1-тармағында:
"Құрал-жабдықтардың, " деген сөзден кейiн ", ауылшаруашылық техникасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"өзiнiң өндірiстiк қажеттiлiктерi үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң" деген сөздер "қосалқы бөлшектердi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкелу" деген сөздермен ауыстырылсын.
56. 251-баптың 2-тармағындағы 1) тармақшада:
"тұрақты" деген сөзден кейiн "(жыл iшiнде бiр айда екi жеткiзiлiмнен кем емес)" деген сөздермен толықтырылсын;
"салық салынатын тауарларды" деген сөздерден кейiн ", өз өндiрiсiнiң тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн)" деген сөздермен толықтырылсын.
57. 252-баптың 4-тармағындағы 1) тармақша ", сондай-ақ электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн жеткізушiлерге" деген сөздермен толықтырылсын.
58. 261-баптың 3-тармағы "тiркеген кезде" деген сөзден кейiн "жоспарланған (бiрақ мәлiмдеген түсiмнен 50 проценттен артық емес)" деген сөздермен толықтырылсын.
59. 265-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Көтерме өткiзу саласына одан әрi өткiзу үшiн құрылымдық бөлімшелерге
бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын тиеу де
жатқызылады.".
60. 271-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз:
1) салық кезеңiнiң алғашқы он күнi iшiнде жасалған операциялар
бойынша айдың он үшіншi күнiнен;
2) салық кезеңiнiң екiншi он күнi iшiнде жасалған операциялар бойынша
айдың жиырма үшiншi күнiнен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерiнде жасалған операциялар бойынша
есептi айдан кейiнгi айдың үшіншi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке
аударылуға тиiс.";
2) 4-тармақ алынып тасталсын.
61. 273-баптың 4-тармағында "- өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына және есептердiң көшiрмелерiн" деген сөздер алынып тасталсын.
62. 315-баптың 1-тармағында:
"(бұдан әрi - салық төлеушiлер)" деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақша ", шетелдiк жеке тұлғалардың филиалдары және өкiлдiктерi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "және кәсiпкерлер" деген сөздердің алдынан "қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын.
63. 317-баптың 3-тармағында:
"қоспағанда, " деген сөзден кейiн "қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, " деген сөздермен толықтырылсын;
"жеке нотариустар, адвокаттар" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн бес айлық есептiк көрсеткiш және әрбiр қызметкер үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.".
64. 321-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiпте тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады.".
65. 322-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есебiн тапсырады. Төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органы растаған құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есебiнiң тиiсті қосымшалары есептi беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiпте салық органдарына берiледi.".
66. 340-бапта:
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық мiндеттемелерi туындаған және (немесе) кемiген кезде ағымдағы
төлемдер мөлшерi осы баптың 7-тармағына сәйкес берiлген есеп айырысуларға
сәйкес түзетiледі.";
2) 7-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
"туындаған" деген сөзден кейiн "және (немесе) кемiген" деген
сөздермен толықтырылсын.
67. 347-бапта:
1) 1-тармақта:
"Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткiш)" деген бағандағы "10,0"
деген сан "12,0" деген санмен ауыстырылсын;
1-бағандағы бесiншi жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Двигатель қуаты 55 кВТ-тан кем емес мотоциклдер, мотороллерлер,
мотошаналар, шағын көлемдi кемелер - 1,0
Двигатель қуаты 55 кВТ-тан кем емес мотоциклдер - 10,0";
2) 3-тармақта:
бiрiншi абзац "Салық төлеудiң" деген сөздердің алдынан "Егер осы
тармақпен өзгеше белгiленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"жеке тұлғалар үшiн пайдаланылу мерзiмi 20 жылдан асқан ТМД елдерi
шығаратын жеңiл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша түзету коэффициентi
- 0.".
68. 348-баптың 4-тармағы алынып тасталсын.
69. 351-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "(соның iшiнде Қазақстан
Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
резидент емес заңды тұлғалар)" деген сөздер алынып тасталсын.
70. 359-баптың 3-тармағында "айдан" деген сөз "тоқсаннан" деген
сөзбен ауыстырылсын.
71. 369-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен
толықтырылсын:
"Бұл ретте, рыноктарда сату бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге
асыратын тұлғаларға осы Кодекстiң 370, 371, 379-баптары қолданылмайды.".
72. 370-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi "жеке кәсiпкердiң" деген
сөздерден кейiн "мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда,"
деген сөздермен толықтырылсын.
73. 374-баптың 1-тармағындағы 3) тармақшада "1,0" деген сан "1,5"
деген санмен ауыстырылсын.
74. 377-бапта:
1) 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкаларда салық салынуға тиiс:
---------------------------------------------------------------------------
Тоқсандық табысы ! Ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
1500,0 мың теңгеге дейiн қоса Табыс сомасының 3 процентi
алғанда
1500,0 мың теңгеден жоғары - 3000,0 45,0 мың теңге + 1500,0 мың
мың теңгенi қоса теңгеден асатын табыс сомасынан
5 процент
3000,0 мың теңгеден жоғары 120,0 мың теңге + 3000,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан
7 процент
---------------------------------------------------------------------------
3. Заңды тұлғалардың табысына мынадай ставкалар бойынша салық
салынуға тиiс:
---------------------------------------------------------------------------
Тоқсандық табысы ! Ставкасы
---------------------------------------------------------------------------
3000,0 мың теңгеге дейiн қоса Табыс сомасының 5 процентi
алғанда
3000,0 мың теңгеден жоғары - 150,0 мың теңге + 3000,0 мың
6000,0 мың теңгенi қоса теңгеден асатын табыс сомасынан
7 процент
6000,0 мың теңгеден жоғары 360,0 мың теңге + 6000,0 мың
теңгеден асатын табыс сомасынан
9 процент
---------------------------------------------------------------------------
2) 4-тармақта "кемiнде үш еселенген" деген сөздер "жеке кәсiпкерлердiң кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.
75. 379-баптың 1-тармағында:
"салықтардың" деген сөзден кейiн "және басқа да мiндетті төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi;".
76. 382-баптың 2-тармағындағы 2) тармақшада:
бiрiншi абзацта "куәландырған жер пайдалануға құқық беретін актiнiң (кейiнгi жер пайдалану туралы шартты қоса алғанда, уақытша жер пайдалану шарттарының)" деген сөздер "растаған жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "Жер пайдалану құқығына актiсi" деген сөздер "жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат" деген сөздермен ауыстырылсын.
77. 388-баптың 1-тармағында "жер салығы," деген сөздерден кейiн "жер учаскесiн пайдалану үшін төлем, " деген сөздермен толықтырылсын.
78. 428-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасындағы саудада;
7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан.".
79. 78-тарау және 432, 433, 434, 435, 436, 437-баптар алынып тасталсын.
80. 471-баптың 2-тармағындағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орман иелерi - тамырына жiберетін ағаштар үшiн:
орманды күтiп-баптау кезiнде ағашты кесудi, санитарлық кесудi
(iрiктеп және жаппай), құндылығы шамалы орман ағаш екпелерiн жаңғыртуға
байланысты кесудi жүзеге асыру;
жол салу, өртке қарсы аралықтар жасау, тұзақтау ағаштарын отырғызу,
көң-қоқысты тазалау, орманға қауiпті аурулар таратуға аралық буын болуы
мүмкiн қажеттi шамалы ағаш-бұталар түрлерiн кесу, орман құрылғысын жүргізу
кезiнде;".
81. 495-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
"кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"шағымдардан," деген сөзден кейiн "орындау парағының көшiрмесiн беру
туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару
туралы арыздардан" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес
Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан
Республикасының Үкіметi уәкілеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль
қою үшін;
13) жүргiзушi куәліктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттік тiркелгенi
туралы куәлiктерiн, мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн бергенi
үшін.".
82. 496-баптың 1-тармағында:
"кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"шағымдардан," деген сөзден кейiн "сот бұйрығын шығару туралы,
апелляциялық шағымдарға қосылу туралы арыздардан," деген сөздермен
толықтырылсын;
9) тармақшада "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен
ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - талап-арыз жүргізу тәртібiнде талап-арызбен сотқа жүгінген кезде дауға түскен соманы ескере отырып есептелген ставканың 50 проценті;".
83. 500-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшiн - 20 процент;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жүргізушi куәлiгiн бергенi үшін - 125 процент;
көлiк құралдарының мемлекеттiк тіркелгенi туралы куәлiктi бергенi
үшiн - 125 процент;
автомобильге мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгісiн бергенi үшiн -
285 процент;
мотокөлiкке, автомобильге тiркемеге мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк
белгiлерiн бергенi үшiн - 140 процент;
көлiк құралын айдап апарғаны үшiн мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк
(транзиттiк) белгiлерiн бергенi үшін - 35 процент.".
84. 501-бапта:
6) және 10) тармақшаларда "кассациялық" деген сөз "апелляциялық"
деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақшаның он бесiншi абзацында:
"кассациялық шағым" деген сөздер "шағым" деген сөзбен ауыстырылсын.
85. 507-бапта:
1) 2-тармақта:
1) тармақшада:
"кассациялық шағым" деген сөздер "апелляциялық шағым, сот бұйрығын енгiзу туралы өтiнiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "уәкiлеттi органдардан нотариаттық маркаларды сатып алған" деген сөздер "жасалған нотариалдық iс-әрекеттi тiркеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарының мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгілерiн бергені үшін - тиiстi құжаттарды және мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгілерiн бергенге дейiн;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қою үшiн - апостиль қойғанға дейiн.";
2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттiк баж соған уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңды мәнi бар iс-қимылдар жасаған және (немесе) құжаттарды берген орны бойынша аударылады.".
86. 521-баптың 1-тармағындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасындағы болатын орны бойынша - осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар;".
87. 524-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Резидент заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшесi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өтiнiш берген кезде есепке қою туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде тiркеу туралы куәлiктiң, есептi тiркеу туралы куәлiктiң, статистикалық есеп карточкасының, құрылтай құжаттарының белгiленген тәртіппен расталған көшірмесiнiң бiр данасын тапсырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өтінiш берген кезде есепке қою туралы өтінiшпен бiр мезгілде:
1) белгiленген тәртiпте расталған инкорпорация туралы сертификат немесе резидент емес заңды тұлға тiркелген орган, тiркелген нөмiрi, тiркеу күнi және орны туралы ақпараты бар, ұқсас сипаттағы басқа құжат;
2) құрылтайшы құжаттар көшiрмесiнiң бiр данасын тапсырады.
Осы Кодекстiң 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент емес тұлға өтiнiш берген кезде есепке қою туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде:
1) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралын Қазақстан Республикасының тиiсті органында тiркелгенiн (тiзiлiмге енгiзу) растайтын, белгiленген тәртiпте расталған құжаттардың;
2) Осы Кодекспен көзделген салық салу объектiлерiне қатысты (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару) құқығын растайтын құжаттардың;
3) сауда тiзiлiмiнiң көшiрмесi немесе инкорпорация туралы сертификат немесе резидент емес заңды тұлға тiркелген орган, тiркелген нөмiрi, тiркеу күнi және орны туралы ақпараты бар, ұқсас сипаттағы басқа құжаттың;
4) құрылтайшы құжаттар көшiрмесiнiң бiр данасын тапсырады.
Резидент заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшесi, сондай-ақ резидент емес заңды тұлға тапсыратын құжаттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Тiркеу есебiне қойған кезде салық төлеушi жеке тұлғалар туралы мәлiметтердiң құрамына олардың мынадай дербес деректерi:
1) тегі, аты және әкесiнiң аты;
2) туған күнi мен жерi;
3) тұрғылықты мекен-жайы (резидент емес жеке тұлғалардың болған орны);
4) кәмелетке толмағандар үшiн туу туралы куәлiктiң, Қазақстан Республикасы ішкi iстер органдары берген жеке куәлiктiң, Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн төлқұжаттың сериясы мен нөмiрi кiредi.".
88. 525-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлгеннен басқа, резидент емес салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарып тастау Қазақстан Республикасынан кеткен және ондай резидент еместің Қазақстан Республикасында салық мiндеттемесiн орындаған кезде жүзеге асырылады.
Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген резидент емес - салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодексте көзделген салық салу объектiлерiне қатысты құқығы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару) тоқтаған жағдайда және Қазақстан Республикасындағы салық мiндеттемесiн орындағанда жүзеге асырылады.".
89. 526-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша Кодекстiң 198-бабында көзделген есептi салық агенттерi тiркелген орын бойынша салық органдарына беруге.".
90. 527-бапта:
1) 1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар болатын жерi бойынша";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiне ие резидент еместер - салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша.";
2) 2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын" деген сөздер "осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын.
91. 531-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "өндіру мен" деген сөздерден кейiн "(немесе) көтерме" деген сөздермен толықтырылсын.
92. 533-бапта:
1) 4-тармақтың 2) тармақшасы "орындалуын" деген сөзден кейiн ", банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген міндеттемелерді орындауын, сондай-ақ трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселесi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-тармақтың 3) тармақшасында "лицензияның," деген сөзден кейiн "бiр жолғы талонның" деген сөздермен толықтырылсын.
93. 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "бойынша" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың осы Кодексте белгіленген мiндеттемелердi орындауын және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттік бақылау мәселесi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
94. 535-бапта:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1.1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселесi бойынша тексеру жүргiзу мерзiмi нұсқама тапсырылған кезден бастап жүз сексен жұмыс күнiнен аспауы тиiс.";
2) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi iшiнде халықаралық келісiмдерге сәйкес шетелдiк мемлекеттерге салық қызметi органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәліметтер алу туралы сұрау салу сәттерiнiң арасындағы уақыт кезеңiнде де тоқтатыла тұрады.".
95. 536-бапта:
1) 1-тармақтың 6) тармақшасында "адамдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылған өзге де тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-тармақта "түрi" деген сөзден кейiн ", банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындауын және трансферттiк бағалар қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселесi" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-тармақта "тiркелген күнi" деген сөздерден кейiн "осы Кодекске сәйкес тексеру жүргiзуге тартылатын тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты" деген сөздермен толықтырылсын.
96. 546-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацында "Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "тиiстi уәкiлеттi орган"
деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақта "осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген
тәртіппен тауар чектерiн" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган
бекiткен нысан бойынша тауар чегiн" деген сөздерге ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 2003
жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.