Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Транзиттiк тасымалдар жөніндегi ЭКО Негiзгi келiсiмiн және
Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi ЭКО Негiзгі келiсiмiне Қосымшалардың
мәтiндерiне қол қою туралы Хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына
енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi ЭКО Негiзгi келiсiмiн және
Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi ЭКО Негізгі келiсiмiне Қосымшалардың
мәтiндерiне қол қою туралы Хаттаманы бекiту туралы
Алматы қаласында 1998 жылғы 9 мамырда жасалған Транзиттiк тасымалдар
жөнiндегi ЭКО Негiзгi келiсiмi және Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi ЭКО
Негiзгi келiсiмiне Қосымшалардың мәтiндерiне қол қою туралы Хаттама
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАР ЖӨНIНДЕГI ЭКО НЕГIЗГI
КЕЛIСIМІ
КIРIСПЕ
УАFДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР:
Өз елдерi арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты қолдау,
дамыту және нығайту НИЕТIН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП,
мемлекеттердің аймақтық және халықаралық тұрғыда өскелең
қарым-қатынасын СЕЗIНЕ ОТЫРЫП,
бiрде-бiр ел оның теңiз жолы бар-жоқтығына қарамастан қалған әлемнен
оқшау қалмау тиiстiгi КӨЗҚАРАСЫН ҰСТАНА ОТЫРЫП,
көлiк және коммуникациялардың оңтайлы, үйлестiрушi және өзара тиiмдi
жүйесiн дамытуға және қолдауға ҰМТЫЛА ОТЫРЫП,
БҰҰ АТМЭӘК Азия-Тынық мұхит аймағының жер үстi көлiгi инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi бiрiккен жобасын және БҰҰ Бас хатшысының теңiз жолы жоқ, Орталық Азиядағы жаңа тәуелсiз әрi дамушы мемлекеттердегi, сондай-ақ оларға көршi мемлекеттердегi (А/49/150) транзиттiк көлiктiк жүйелерiнiң ағымдағы жағдайы мен келешектегi iс-қимылдың ұсынылатын нұсқалары туралы баяндамасын және ЭКО аймағындағы көлiк және коммуникациялар инфрақұрылым мен трансұлттық құбыр желілерінiң желiсін дамыту туралы Ашхабад Декларациясын (1997 жыл) НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, сондай-ақ,
Құрлықiшiлiк мемлекеттердiң транзиттiк сауда жөнiндегi конвенциясында (1965 жыл) және Сауда, кеден және көлiк бойынша халықаралық басқа да халықаралық конвенцияларда, Транзиттiк сауда бойынша 1995 жылғы ЭКО келiсiмiнде жарияланған қағидаттар мен ережелерге СIЛТЕМЕ ЖАСАЙ ОТЫРЫП,
аймақтық және халықаралық, сауда үшiн және теңiз жолы жоқ
мемлекеттердің экономикалық дамуы үшiн барабар транзиттiк-көлiктiк
уағдаластықтардың зор маңызын ТАНИ ОТЫРЫП;
Уағдаласушы Тараптар арасында жүктердiң, жолаушылардың және теңдеме
жүктің үзiлiссiз, жылдам және тиiмдi қозғалысына ықпал етуге өздерiнiң
адалдығын РАСТАЙ ОТЫРЫП, төмендегiлер туралы келiстi:
I БӨЛIМ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Анықтамалар
Осы Келiсiмнiң мақсатында:
а) "теңiз жолы жоқ мемлекет" теңiз жағалауы жоқ мемлекеттi бiлдiредi;
b) "транзиттiк мемлекет" аумағы арқылы транзиттiк тасымал жүзеге асырылатын, теңiз жолы бар немесе жоқ мемлекеттi білдiредi;
с) "транзиттiк тасымал" адамдарды, теңдеме жүктi, жүктердi және көлiк құралдарын бiр немесе одан да көп Уағдаласушы тараптардың аумағы арқылы келiсiлген бағыттар бойынша өткiзудi білдiредi, мұндай аумақты жүктi қайта тиеп немесе қайта тиеместен, қоймаға жинамастан, қайта жасақтамастан кесiп өту немесе көлiктiң бiр түрiнен басқа түрiне беру Уағдаласушы тараптың аумағында басталатын немесе аяқталатын бүкiл жолдың бiр бөлiгi ғана болып табылады;
d) "рұқсат" екiншi Уағдаласушы тарапта тiркелген автокөлiк құралының сол Уағдаласушы тараптың аумағына кiруiн-шығуын немесе транзитпен өтуiне құқық/мүмкiндiк беретiн Уағдаласушы тараптардың бiрiнiң құзыреттi органы берген құжат.
e) "iшкi тасымал" жүктердi немесе жолаушыларды тиеу Уағдаласушы тарап аумағының бiр жерiнде, ал түсiру сол Уағдаласушы тарап аумағының екiншi бiр жерінде жүргiзiлетiн тасымалды бiлдiредi;
f) "көлiктiк құрал" контейнерлер мен басқа да көлiктiк жабдықтарды қоса алғанда жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi, тасымалдау үшiн пайдаланылатын кез-келген құралды білдiредi;
g) "тасымалдаушы" өзiнiң немесе оның атынан жүк жөнелтушiмен/жүк қабылдаушымен немесе жолаушымен жүктердi немесе жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдауға шарт жасасқан жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсаты бар кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны білдiредi;
h) "жүк жөнелтушi" өзi немесе оның атынан не ол арқылы тасымалдаушымен жүктердi тасымалдау шартын жасасқан кез келген тұлғаны немесе жүктi тасымалдау шартына байланысты өзi немесе оның атынан жүктi тасымалдаушыға ic жүзiнде тапсыратын кез келген тұлғаны бiлдiредi;
i) "экспедитор" жүк жөнелтушiмен көлiктiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi ұсынуға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны білдiредi;
j) "жүк қабылдаушы" жүк қабылдауға уәкiлеттiк берiлген заңды немесе жеке тұлғаны білдiредi;
k) "көлiктiк-экспедиторлық қызметтер" жүктердi тасымалдауға, бiрiктiруге, қоймаға жинауға, қайта тиеуге, қаптауға немесе үлестiруге қатысты қызмет көрсетулердiң кез-келген түрiн, сондай-ақ осыған байланысты көмекшi және консультативтiк қызметтердi, кедендiк және қаржылық мәселелердi қоса алғанда, бiрақ шектелмей, тауарларды ресми мәлiмдеудi, жүктердің сақтандырылуын қамтамасыз етудi, сондай-ақ төлемдердi алуды немесе оларды қамтамасыз етудi және құжаттарды ресiмдеудi білдiредi;
l) "жүк" жануарларды қоса алғанда, жүктер мен тауарлардың барлық түрлерiн білдіреді. Егер жүктер табандықта немесе сол сияқты тасымалдауға арналған құралда контейнерлерге бiріктірiлсе немесе олар буылып-түйiлсе, егер оларды жүк жөнелтушi ұсынса, "жүк" сөзi тасымалдау немесе орап-түюге арналған осы заттардың бәрiн бiлдiредi;
m) "тасымалдау шарты" соның негiзiнде тасымалдаушы бiр Уағдаласушы тараптан екiншiге сыйақы үшiн жүктi немесе жолаушыларды және теңдеме жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мiндеттенетiн кез-келген шартты білдiредi;
n) "жолаушы" оның атынан немесе оның өзiмен жасалған тасымалдау шартын орындау үшiн сыйақыға немесе тегiнге тасымалданатын кез-келген жеке тұлғаны білдiредi;
о) "теңдеме жүк" тасымалдау шарты бойынша тасымалданатын барлық заттарды, соның iшінде көлiк құралдарын қамтиды, бiрақ коммерциялық тасымалдар үшiн пайдаланылатын автобустар мен жүк автомобильдерiн қоспайды деп түсінілуi тиiс;
р) "iшкi заңнама" Уағдаласушы тараптың аумағында қолданылып жүрген ұлттық және жергiлiктi заңдардың және нормативтiк-құқықтық актiлердiң жиынтығын білдiредi;
q) "кедендiк бақылау" кедендiк iс туралы iшкi заңнаманы және Уағдаласушы тараптардың халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Уағдаласушы тараптардың кедендiк органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығын білдiредi, олардың орындалуын бақылау кедендiк органдарға жүктеледi;
r) "әкелiм баждары, салықтар мен алымдар" жүктердi әкелу кезiнде немесе соған байланысты iшкi заңнамаға сәйкес алынатын, бiрақ көрсетiлген қызметтердiң құны кiрмейтiн кедендiк баждар мен барлық салықтарды, алымдар мен басқа да сомаларды бiлдiредi;
s) "контейнер":
i) оған жүктер салуға арналған толық немесе iшiнара жабық сыйымдылықты;
іі) тұрақтылық сипаты бар және осыған орай көп мәртелiк пайдалануға қызмет ету үшiн жеткiлiктi берік;
ііі) жүктердi аралық артық тиеусiз, көлiктiң бiр немесе бiрнеше түрлерiмен тасымалдауды жеңiлдету үшiн арнайы құрастырылған;
iv) тез тазалау мүмкiндiк болатындай етіп, соның iшiнде көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне қайта тиеу кезiнде, арнайы құрастырылған;
v) жеңiл тиеу және түсiру мүмкiн болатындай етiп құрастырылған көлiк жабдығын бiлдiредi.
t) "қауiптi жүктер" тасымалдау немесе сақтау және т.с.с. кездерде адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға, мүлiк қауiпсiздiгiне, тасымалдануына әлуеттi елеулi қатер туғызатын жүктердi бiлдiредi;
u) "Уағдаласушы тарап" осы келiсiмге қол қоятын және оған қосылатын мемлекеттің үкiметiн білдiредi.
2-бап
Мақсаттар мен мiндеттер
Транзиттiк тасымалдар бойынша Негiзгi Келiсiмнiң және оның қосымшаларының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi болып мыналар табылады:
i) Уағдаласушы тараптардың аумағы бойынша жүктердiң, жолаушылардың және теңдеме жүктiң қозғалысын жеңiлдету және осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес транзиттiк көлiктi барлық қажеттi қолайлылықтармен қамтамасыз ету;
іі) Уағдаласушы тараптардың аумағы арқылы транзиттiк тасымалдар
кезінде керексiз кiрiстердi болдырмау мақсатында жүктердің жолаушылардың
және теңдеме жүктiң сақталуын қамтамасыз ету;
ііі) кедендiк қызметтердi алдау және салықтардан жалтару жағдайларын
болдырмау үшiн Уағдаласушы тараптардың ынтымақтасуы және олардың
күш-жiгерін үйлестiру, транзиттiк тасымалдарға қатысы бар қажеттi
әкiмшiлiк мәселелердi келiсу.
3-бап
Қолдану саласы
Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы тараптардың аумағында басталатын
немесе аяқталатын транзиттiк тасымалдарға қолданылады.
II БӨЛIМ
ТРАНЗИТ ЕРКIНДIГI
4-бап
Транзиттi жеңілдету
Әрбiр Уағдаласушы тарап екiншi Уағдаласушы тарапқа өз аумағы бойынша
транзит үшiн осы Келiсiмде және оның Қосымшаларында белгiленген шарттарда
қажеттi қолайлылықтарды ұсынады.
5-бап
Кедендік баждар, салықтар және басқа баждар мен алымдар
Автокөлiкпен тасымалданатын транзиттiк тасымалдар елдiң iшкi заңнамасына сәйкес нақты қызметтер көрсету үшiн алынатын алымдарды қоспағанда, ақылы автомагистральдарда жүру төлемiн, автожолды ұстау үшiн төлемдi қоса алғанда кедендiк баждардан, салықтардан және басқа алымдардан босатылады.
III БӨЛIМ
ТРАНЗИТТIК-КӨЛIКТIК БАҒЫТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
6-бап
Автожол, темiр жол және iшкі су жолдары бағыттарының
қызметi мен техникалық сипаттамалары
1. Уағдаласушы тараптар 1-Қосымшада көрсетiлген, әр Уағдаласушы тараппен нұсқалған автожол, темiр жол және транзиттiк iшкi су бағыттарын қабылдайды.
2. Қосымша бағыттарды, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамаларын Транзиттiк-Көлiктiк Үйлестiру Кеңесi (TKYK) кезең-кезеңмен ұсынатын болады.
3. Нұсқалған транзиттiк бағыттар бойынша автожолдарды, темiр жолдарды және iшкi су жолдарын салу немесе қайта жаңарту кезiнде II және III қосымшаларда атап өтiлген ең төмен сипаттамалар назарға алынатын болады.
7-бап
Құрамдастырылған және мультимодальды тасымалдар
1. Уағдаласушы тараптар құрамдастырылған және мультимодальды тасымалдардың дамуын қолдайды және жәрдемдеседi.
2. Құрамдастырылған және мультимодальды тасымалдарды орындау жөнiндегi операциялар халықаралық танылған құжаттар мен рәсімдерге негiзделуi тиiс.
8-бап
Қызмет көрсетудiң шекаралық құралдары
Уағдаласушы тараптар автомобиль мен темiр жол тасымалдары және iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасы үшін, сондай-ақ мультимодальдық тасымалдар үшiн қажеттi көлiктiң әр түрлерiмен пайдаланылатын құрамдастырылған терминалдар, шекаралық өткелдер пункттерi, темiр жол табанының бiр енiнiң қос дөңгелегiн екіншісiне ауыстыру, паромдық өткелдер, порттар, навигациялық құралдар және жалпы қабылданған радиожиілiктер сияқты барабар қолайлылықтарды және тиiстi қондырғыларды қамтамасыз етедi.
9-бап
Транзиттiк жүктердiң тазартылуын жеделдету жөнiндегі шаралар
1. Уағдаласушы тараптар транзиттiк жүктердің үзiліссiз және жылдам қозғалуын қамтамасыз ету үшiн:
а) шектес және көлiктік құралдар мен жүктердiң қаралуы бiр жерде жүргiзiлуге, сөйтiп қайта түсiру және тиеу қажеттiлiгiнің алдын алатындай болып орналасуы тиiс тағайындалған шекаралық өткелдерде бақылау аймағы бар посттарды орнатуға;
b) шекаралық нысаншылдықтарды жылдам ресiмдеу үшiн қажеттi адами ресурстардың бар болуын қамтамасыз етуге;
с) жүктердi сақтау үшiн қоймалық алаңдарды қамтамасыз етуге;
d) шектес шекаралық посттардың жұмыс сағаттарын үйлестiруге;
e) жүктердiң тазартылуын күтiп тұрған контейнерлер, жүк автомобильдерi және басқа да көлiк құралдары үшiн барабар алаңдарды қамтамасыз етуге;
f) сенiмдi почталық және телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi қамтамасыз етуге;
g) Уағдаласушы тараптар арасында жүктердiң жылдам және тиiмдi транзитiн қамтамасыз етуге және тауар-көлiк жүк құжаттарының бiрыңғай нысанын қабылдауға күш-жiгерiн салады.
10-бап
Транзиттiк тасымалдардың қауіпсiздігі
1. Уағдаласушы тараптар транзиттiк бағыттар бойынша тасымалдау кезінде қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктiң және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi барлық шараларды қабылдайды.
2. Уағдаласушы тараптар олардың аумағында жүктердің транзиттiк тасымалын орындайтын көлiк құралдарының апатына әкелген жол-көлiк оқиғалары жағдайында, әсiресе бұл жолаушыларға, қауіптi жүктер мен тез бүлiнетiн тағамдарға байланысты болған жағдайларда мүмкiн болған барлық көмектi қамтамасыз етедi.
11-бап
Кеңселерді ашу
1. Уағдаласушы тараптар транзиттiк тасымалдармен айналысатын көлiк компанияларына осындай тасымалдарды орындау мақсаттары үшiн өзiнің аумағында кеңселер ашуға рұқсат беретiн болады.
2. Осындай кеңселердi ашу Уағдаласушы тараптардың iшкi заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Көп мәртелiк кiру және транзиттiк визалар
1. Уағдаласушы тараптар автокөлiк құралдарының жүргізушілеріне және транзиттiк тасымал бойынша операциялармен айналысатын және визалық талаптар аясына жататын тұлғаларға әрбiр Уағдаласушы тараптың аумағында әрбiр кiрген сайын транзит үшiн 15 күн бойы болу және бұған қоса, тиеу мен түсiру орнында 5 күнге дейiн болу құқығымен бiр жылға көп мәртелiк кiру және транзиттік визалар беруi тиiс.
2. Қызметшiлердiң сырқаты немесе денесiне зақым келуi, көлiк құралының оқиғасы немесе сынып қалуы жағдайында виза мерзiмi тиiсiнше ұзартылады.
3. 1 және 2-тармақтарда айтылған визаларды беру рәсiмi Уағдаласушы тараптардың iшкi заңнамасына сәйкес жүргiзiлуі тиiс.
IV БӨЛIМ
ТЕҢIЗ ПОРТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
13-бап
Теңiз порттары және олардың жабдықтары
Теңiз порттары бар Уағдаласушы тараптар өз мүмкіндiктерінің шегiнде шетелдiк кемелерге, басқа Уағдаласушы тараптарға шетелдiк кемелер үшiн ашық порттарда қажеттi порттық қуаттарды, басқа шетелдiк пайдаланушылар төлейтiн, белгiленген тарифтерден аспайтын шарттарда және бағалар бойынша ұсынуға мiндеттенедi.
V БӨЛIМ
АВТОЖОЛ ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
14-бап
Қозғалысты реттеу
1. Уағдаласушы тараптар олардың елдерiнің аумақтарында қолданылатын жол қозғалысының ережелерi өзiнiң маңызды бөлiгiнде Жол қозғалысы туралы конвенцияның (1968 жыл) және Жол белгiлерi мен дабылдары туралы конвенцияның (1968 жыл) ережелерiне сәйкес болуы үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы Конвенциялардың қатысушылары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптар оларға қосылу үшiн қажеттi қадамдар жасайды.
15-бап
Автожол тасымалына арналған рұқсаттар
1. Егер автожол тасымалының бар болуы жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi транзиттiк тасымалдаудың шарты болып табылса, онда осындай рұқсаттар iшкi заңнамаға сәйкес берiлетiн болады.
2. Уағдаласушы тараптар жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi қандай да болмасын шектеусiз және квотасыз автомобильмен тасымалдауға арналған рұқсаттарды беру үшiн қажеттi талаптарды үйлестiретiн және жеңілдететiн болады.
16-бап
Көлiктiк қызмет көрсетулер
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап екiншi Уағдаласушы тарапта тiркелген көлiк құралдарына өзiнiң аумағында транзиттiк тасымалға қызмет көрсетулер ұсынуға рұқсат етедi.
2. Мүдделi Уағдаласушы тараптан арнайы рұқсат болмаған жағдайда бiр Уағдаласушы тарапта тiркелген көлiктiк құралдары екiншi Уағдаласушы тараптың аумағында жүктердің, теңдеме жүктiң және жолаушылардың iшкi тасымалы үшiн пайдаланыла алмайды.
17-бап
Көлiк құралдарын уақытша әкелу
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап екiншi Уағдаласушы тараптың көлiк құралдарына өзiнің аумағында iшкi заңнамаға сәйкес болуға рұқсат етедi.
2. Тасымалдаушы Уағдаласушы тараптардың кез-келгенiнiң шекарасынан өткен кезде, осы Келiсiмге сәйкес берiлген рұқсаты бар болған жағдайда "карнет де пассаж" немесе басқа кепiлдiк құжат ұсынуға міндетті емес.
18-бап
Көлiк құралдарына техникалық талаптар
Автомобиль транзиттік тасымалдары үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары автомобиль көлемдерiне, олардың жүкпен бiрге шектi салмағына, бiлiкке түсетiн жүктемесiне және ІV-қосымшада баяндалған басқа да параметрлеріне қатысты техникалық талаптарға сәйкес болуы тиiс.
19-бап
Отын және жағармай заттарын беру
Әрбiр Уағдаласушы тарап екiншi Уағдаласушы тарап көлiк құралдарының оның аумағындағы жұмысы үшiн қажеттi отын және жағармай заттарын, Уағдаласушы тараптар белгiлеген шарттарда алуға құқығы бар екендiгімен келiседi.
20-бап
Жүргiзушi куәлiктерiн өзара тану
Уағдаласушы тараптар екiншi Уағдаласушы тараптар берген, транзиттiк тасымалдар үшiн пайдаланылатын және Жол қозғалысы туралы конвенцияға (1968 жыл) сәйкес болуы тиiс көлiк құралдарының санаттары үшiн жарамды жүргiзушi куәлiктерiн таниды.
21-бап
Көлiк құралдарының техникалық жағдайы туралы куәлiктердi өзара
тану
Уағдаласушы тараптар екiншi Уағдаласушы тараптар берген және Жол қозғалысы туралы конвенцияға (1968 жыл) сәйкес болуы тиiс көлiк құралдарының техникалық жағдайы туралы куәлiктердi таниды. Уағдаласушы тараптар өздерiнiң көлiк құралдарына тұрақты техникалық қарауды жүргiзуге міндеттенедi.
22-бап
Үшінші тұлға алдындағы жауапкершілiкке қатысты автокөлiк
құралдарын сақтандырудың сызбасы
1. Уағдаласушы тараптар транзиттiк тасымалдар барысында туындайтын, үшiншi тұлға алдындағы жауапкершiлiктi жабу үшiн өздерiнің автокөлiк құралдарын сақтандыру жөнінде қажеттi қадамдар жасайды.
2. Уағдаласушы тараптар V-қосымшада белгiленгенге сәйкес үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiкке қатысты автокөлiк құралдарын міндеттi сақтандырудың халықаралық сызбасын жасауға міндеттенедi.
3. Үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiкке қатысты автокөлiк құралдарын міндеттi сақтандырудың халықаралық сызбасы, транзит елінде немесе елдерінде және тағайындау орнында үшiншi тұлғалар алдындағы жауапкершiлiкке қатысты, кем дегенде автокөлiк құралдарын мiндеттi түрде сақтандыруды реттейтiн заңдар мен ережелер бойынша қажеттi барлық кепілдiктердi ұсынуға тиiстi.
23-бап
Алымдар және басқа да төлемдер
Уағдаласушы тараптар басқа Уағдаласушы тараптардың көлiк құралдарына қатысты алымдарды және басқа да төлемдердi iшкi заңнамаға сәйкес қолданады.
VI БӨЛIМ
ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГIМЕН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ
ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
24-бап
Транзиттiк тасымалдар
1. Уағдаласушы тараптардың аумақтарын байланыстыратын темiр жолдар бойынша транзиттiк тасымалдар, Уағдаласушы тараптардың шекаралас темiр жол әкiмшiлiктерiмен жасасқан шарттарда белгiленген халықаралық тарату станциялары арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
2. Шекаралық станциялар және ауыстыру станциялары 1-қосымшада келтiрiлген. Тарату станцияларында жылжымалы құрамның техникалық және коммерциялық қарауы сияқты негiзгi технологиялық операциялар жүзеге асырылады.
3. Уағдаласушы тараптар өздерiнің темiр жол әкімшiлiктерiне темiр жолдар арасындағы келiсімдердi жасасуға және осы Келiсiмнiң және оған Қосымшалардың тиiстi ережелерiне сәйкес шараларды жүргiзуге көмек көрсетеді.
4. Уағдаласушы тараптар ТЖЫҰ, RIV, RIC және ППВ Темiр жолдар арасындағы ынтымақтастық ұйымдарының базалық құжаттарын ескере отырып, вагондарды пайдалану ережелерiн әзiрлейдi.
5. Уағдаласушы тараптар жолаушылар мен жүктердің халықаралық темiр жол тасымалдары үшiн ережелер мен рәсімдердi Халықаралық жолаушылар тасымалы туралы келiсiмнiң (ХЖТК), сондай-ақ ТЖЫҰ және UIC шеңберінде жасасқан Халықаралық жүктер тасымалы туралы келiсiмнiң (ХЖүкТК), СОТIF/СIМ, CIV ережелерiн ескере отырып әзiрлейдi.
VII БӨЛIМ
IШКI СУ КӨЛIГIМЕН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
25-бап
Iшкi су көлiгi
1. Уағдаласушы тараптар iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасы Уағдаласушы тараптардың кемелерi және экипаждары үшiн олардың iшкi заңнамасына сәйкес транзиттiк тасымалдары үшiн еркiн және ашық болуы тиiс екендiгiне өз келiсiмiн білдiредi.
2. Уағдаласушы тараптар Халықаралық Электрбайланыс Одағының ережелерiне сәйкес iшкi су жолдарында жүзетiн барлық кемелерге барабар навигациялық құралдар ұсынуға және бiрыңғай радиожиiлiктердi қабылдауға өзiне міндеттеме алады.
3. Навигациялық құралдар, радиожиiлiктер және қызмет көрсетудің басқа да құралдары кемсiтпеушілік негiзде ұсынылуы тиiс, ал оларды пайдаланғандығы үшiн ақы, егер осындай болса, iшкi заңдарға сәйкес алынады.
26-бап
Кеме құжаттары
Транзиттiк тасымалдармен айналысатын кемелердің бортында Халықаралық теңiз тасымалдарын жеңілдету жөнiндегi конвенцияға сәйкес Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдарының кез-келген талабы бойынша көрсетiлуi керек құжаттар болуы тиiс.
VIII БӨЛIМ
АВТОМОБИЛЬ КӨЛIГIМЕН ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРI
27-бап
Жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi
Уағдаласушы тараптар жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi автомобильмен тасымалдау ережелерiн VI-қосымшаға сәйкес қолданады.
IX БӨЛIМ
КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ
28-бап
Кедендік транзиттiк жүйенi құру
1. Уағдаласушы тараптар өз аумақтары бойынша жүктердiң қозғалысын жеңілдету мақсатында халықаралық кедендiк конвенцияларға сәйкес жүктер мен көлiк құралдары үшiн кедендiк транзиттiк жүйені құрады.
2. 1975 жылғы МДП кiтапшасын қолдана отырып Жүктердi халықаралық тасымалдау туралы конвенцияға қатысушы болып табылатын Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның ережелерiн өзара қолданатын болады. Осы Конвенцияның тараптары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптар бұл Конвенцияның ережелерiн ұстанбауы мүмкiн.
3. Осы Конвенцияның тараптары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптар, оған өзiнiң қосылу мүмкiндiгiн қарастырады.
29-бап
Кедендік рәсiмдерді жеңiлдету және үйлестiру
Уағдаласушы тараптар VII-қосымшаның ережелерiне сәйкес олардың аумақтары бойынша транзитпен өтетiн көлiк құралдарының, жолаушылардың және теңдеме жүктiң кедендiк бақылауын жеңiлдету жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
X БӨЛIМ
ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ РӘСIМДЕР
30-бап
Құжаттарды шоғырландыру және келiстiру
1. Уағдаласушы тараптар құжаттама мен рәсімдер транзиттiк операциялардың тиімдiлiгінде әсер ететiн қаржылық және уақытша шығыстардың маңызды элементтерi болып табылатынын мойындайды және мұндай шығыстар мен кідiртулердi ең аз мөлшерге келтiруге келiсiм білдiредi.
2. Сондықтан да Уағдаласушы тараптар:
а) құжаттар санын шектеудi және транзиттiк тасымалдар үшiн қажеттi рәсімдер мен нысандылықтарды мүмкiндiгiнше қысқартуға;
b) өзiнің құжаттамасын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сауда құжаттамасына арналған үлгi-формулярмен сәйкестiкке келтiруге;
с) мүмкiндiгiнше, тауарлық кодтар мен сипаттамаларды халықаралық саудада жалпы қабылданғандармен үйлестiруге;
d) транзиттiк тасымалдарда қолданылуға нұсқалған барлық құжаттар мен рәсiмдердiң қажеттiлiгi мен пайдалылығын мезгiл-мезгiл қайта қарап отыруды және
e) келiсiлген түрде артық деп есептелетiн және қандай да болмасын арнайы мақсатқа жауап бермейтiн нысандылықтарға қатысты кез-келген құжаттар мен талаптарды жоюға мiндеттенедi.
31-бап
Құжаттамадағы және рәсiмдердегi өзгерiстер туралы хабарлама
Уағдаласушы тараптар басқа Уағдаласушы тараптарды транзиттiк тасымалдар үшiн енгiзiлетiн нұсқалған құжаттар мен рәсiмдердегi кез-келген қосымша талаптар немесе өзгерiстер туралы алдын ала мәлiмдеуге міндеттi.
32-бап
Негiзгi құжаттама және рәсiмдер
Осы Келiсiмдi орындау үшiн Уағдаласушы тараптар қолданатын негiзгi құжаттар мен рәсiмдер VII-Қосымшада анықталған.
XI БӨЛIМ
БАСҚА ДА ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап
Үлкен жеңілдіктерді ұсыну
Осы Келiсiм жеңілдiктер ұсынылатын шарттар мен ережелер осы Келісімде iске асырылған қағидаттарға жауап берген жағдайда, осы Келiсімде көзделгеннен асып түсетiн транзит кезіндегi жеңілдiктердi алып тастауға ешбiр түрде әкелмейдi.
34-бап
Iшкi заңнама
1. Iшкi заңнама және осы Келiсiммен және оның Қосымшаларымен реттелмеген бөлiгіндегi көлiкке қатысты ережелер тең дәрежеде және транзиттiк тасымалдарға кемсiтушiлiксiз қолданылады.
2. Уағдаласушы тараптар транзиттiк тасымалдарға қатысты өздерiнің тәртiптерi, ережелерiн және әкiмшiлiк рәсімдерiн осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес үйлестiруге және жеңiлдетуге міндеттенедi.
35-бап
Халықаралық конвенциялар
Осы Келiсiм, дау кәсiпкерлiк қызмет жүргiзетiн негiзгi орны осындай конвенцияларға қатысушы мемлекеттерде орналасқан тасымалдау шарты тараптарының арасында ғана туындайтын жағдайда, осы Келiсiмде көтерiлетiн мәселелерге қатысты халықаралық конвенциялардың міндеттi ережелерiн қолдануға кедергi жасамайды.
36-бап
Мониторинг және Келiсiмнiң ережелерiн орындау
1. Уағдаласушы тараптар мониторинг және осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап алты ай iшiнде транзиттiк тасымалдарды үйлестiру жөнінде "Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесi" (TKYK) атты орган құруға келiстi.
2. Осы Кеңестiң мәселелерi ол туралы ереженi, құрамын, өкілеттiктерiн, бюджеттi қалыптастыру көздерiн қоса алғанда VIII-қосымшада келтiрiлген.
37-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Келiсiмнен және оның Қосымшаларынан немесе соларға байланысты туындайтын Уағдаласушы тараптар арасындағы барлық дауларды, қайшылықтар мен талаптарды және барлық бұзушылықтарды, тараптар арасындағы консультациялар арқылы реттеуге келмейтін iс-қимылды тоқтатуларды немесе жарамсыздықты дауға түскен Уағдаласушы тараптардың кез-келгенi ТКҮК-ке бере алады.
2. Консультациялар арқылы немесе ТКҮК бiтiстiруімен шешiлмеген дауларды, қайшылықтарды немесе талаптарды реттеу оларға тартылған Уағдаласушы тараптардың кез-келгенiнің өтiнiшi бойынша төрелiк арқылы жүзеге асырылады және тиiсiнше Уағдаласушы тараптардың келiсiмiмен таңдап алынған төрешілердің қарауына беріледі.
3. Егер дауласып отырған Уағдаласушы тараптардың қайсы бiр болмасын осы баптың төрелiк рәсiмiне жүгiне алмаса немесе егер TKYK төрешiлердi тағайындау туралы келiсiмге келе алмаса, осы Уағдаласушы тараптардың кез-келгенi Халықаралық экономикалық соттың президентiне Уағдаласушы тараптардың ешқайсысының да азаматтары болып табылмайтын және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Комиссиясының 1976 жылғы халықаралық сауда құқығы бойынша (ЮНСИТРАЛ) төрелiк ережелерiне сәйкес шешiм шығаруы үшiн дау оларға берiлуі тиiс төрешiлердi тағайындауды сұрай алады.
38-бап
Төрешiлердiң шешiмi
38-бапқа сәйкес тағайындалған төрешiлердің шешiмi дауға қатысушы Уағдаласушы тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады.
39-бап
Төрешiлердің баяндамасы
Төрешiлер барлық Уағдаласушы тараптарды даудың болуы мен сипаты және оны реттеудің жалпы жағдайлары туралы хабардар етедi; хабарламалар шешiм шығарылғаннан кейiн бiр айдың iшiнде ағылшын және орыс тілдерiнде таратылады.
XII БӨЛIМ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
40-бап
Депозитарийдiң функциялары
Осы Келiсiм және оған соңғы қол қоюы, бекiту немесе оған қосылу бойынша барлық құжаттар Депозитарийге сақтауға берiлуi тиiс. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығы осы Келiсiм Депозитарийiнiң функцияларын атқарады.
1. Депозитарий:
а) осы Келiсiмнің түпнұсқасын қабылдайды және сақтайды;
b) осы Келiсiм түпнұсқасының расталған көшiрмелерiн дайындайды және оларды осы Келiсiмнiң тараптары болуға құқығы бар Тараптарға және мемлекеттерге бередi;
с) осы Келiсiмге барлық қолдарды алады, онымен байланысты барлық құжаттарды, нотификацияларды және хабарламаларды қабылдайды және сақтайды;
d) осы Келiсiмге байланысты барлық қолдардың, құжаттардың, нотификациялар мен хабарлардың тиiстi және дұрыс нысанда ұсынылғандығын зерттейдi және қажет болғанда бұл мәселеге осы мемлекеттiң назарын аударады;
e) Тараптарды және осы Келiсiмнiң тараптары болуға құқығы бар мемлекеттердi осы Келiсiмге қатысы бар iс-қимылдар, нотификациялар мен хабарламалар туралы хабардар етедi;
f) осы Келiсiмнiң қатысушысы болуға құқығы бар мемлекеттердi осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi қолдардың, бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттардың сақталуға қашан алынғандығы туралы хабардар етедi;
g) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердi Келiсiмге қол қоюлар, бекiтулер және оған басқа мемлекеттердің қосылуы туралы хабардар етедi;
h) осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердi осы Келiсiмге түзетулердiң күшiне енгенi туралы хабардар етедi;
i) осы Келiсiмдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының хатшылығында тiркейдi.
2. Мемлекет пен Депозитарийдiң арасында, соңғының өз функцияларын орындау мәселесi бойынша қандай да болмасын келiспеушілік туындаған жағдайда Депозитарий немесе осы мемлекет мәселенi қол қойған мемлекеттердiң және Уағдаласушы тараптардың назарына жеткiзедi.
41-бап
Қол қою, бекiту, қабылдау, мақұлдау және қосылу
1. ЭКО-ға мүше елдер осы Келiсiмнің Уағдаласушы тараптары болуға құқығы бар. ЭКО мүшелерi болып табылмайтын басқа елдер ЭКО-ға мүше елдердің бiрауыздан келiсуiмен осы Келiсiмнің Уағдаласушы тараптары бола алады. Мемлекет мынадай жолдар арқылы осы Келiсiмнің Уағдаласушы тарабы бола алады:
а) оны одан кейiн бекiту, қабылдау немесе мақұлдау шартысыз қол қою; немесе
b) оны одан кейiн бекiту, қабылдау немесе мақұлдау шартымен қол қою; немесе
с) қосылу.
2. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 1-тармақта аталған қол қоймаған мемлекеттердің қосылуы үшiн ашық болады.
3. Бекiту, қабылдау, мақұлдау және қосылу туралы құжаттар Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының сақтауына берiлуi тиiс.
42-бап
Түзетулердің жарамдылығы
Осы Келiсiмге 41-бабының (1) (с) ережелерiне сәйкес қосылған кез-келген мемлекет Келiсiмге қосылу сәтiне күшi бар болған осы Келiсiмге барлық түзетулердi немесе жаңа Қосымшаларды қабылдаған болып есептеледi.
43-бап
Күшiне енуi
1. Осы Келiсiм, ең болмағанда бiреуi жағалаулық болып табылатын ЭКО-ға мүше алты мемлекет үкiметтерi бұдан кейiнгi бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы ескертусiз өздерiнiң қолдарын қойғаннан немесе бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттарды Депозитарийге сақтауға бергеннен соң алты айдан кейiн күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмдi бекiтетiн, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн 1-тармақта көрсетiлген күшiне енуi туралы талаптар орындалғаннан кейiн, осы Келiсiм осы мемлекет тиiстi құжатты сақтауға бергеннен соң 3 айдан кейiн күшiне енедi.
3. Осы Келiсiмге қосымшалар тиiстi Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдарымен келiсiлетiн және қабылданатын болады және оны барлық Уағдаласушы тараптар мақұлдаған күннен бастап, бiрақ негiзгi Келiсiм күшiне енгеннен кейiн күшiне енедi.
44-бап
Қолдану күнi
Әрбiр Уағдаласушы тарап транзиттiк тасымалдарға және соларға байланысты осы Келiсiм күшiне енген күнi немесе одан кейiн жасасқан жүктердi, жолаушыларды теңдеме жүктi тасымалдаудың шарттарына осы Келiсімнің ережелерiн қолданады.
45-бап
Күшін жою
1. Әрбiр Уағдаласушы тарап осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап екi жыл өткеннен кейiн Депозитарийге жазбаша хабарлама беру арқылы кез келген сәтте осы Келiсiмнің күшiн жоя алады.
2. Осы күшiн жою Депозитарий хабарламаны алғаннан соң бiр жыл
өткеннен кейiнгi айдың бiріншi күнінде күшiне енеді. Егер хабарламада
ұзағырақ мерзiм көрсетiлген болса, күшiн жою Депозитарий мұндай
хабарламаны алғаннан соң көрсетiлген осындай ұзағырақ мерзiм өткеннен
кейiн күшiне енедi.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН оған тиiстi түрде уәкiлеттiк алған төменде қол
қоюшы өкілдер көрсетiлген күнi өз қолдарын қойды.
Алматыда бiр мың тоғыз жүз тоқсан сегiзiншi жылғы мамыр айының
тоғызыншы күнi ағылшын тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Ауғанстан Ислам Мемлекетiнiң _______________________
Үкiметi үшiн
Әзербайжан Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Иран Ислам Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Пәкiстан Ислам Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Түрiк Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
Түркіменстан _______________________
Үкiметi үшiн
Өзбекстан Республикасының _______________________
Үкiметi үшiн
ЭКО Хатшылығының ағылшын тiлiнен биресми аудармасы
Nо. ССТС/ТСМ/80566 Тегеран, 1998 жылғы 26 мамыр
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) Хатшылығы Тегерандағы мүше елдердiң елшiлiктерiне өзiнің сый-қадiрін білдiрiп, Алматыда 1998 жылғы 9 мамырда өткен Министрлер Кеңесiнiң VIII Мәжiлiсi барысында ЭКО-ға мүше 9 ел қол қойған Транзиттiк Тасымалдар жөнiнде Негiзгi Келiсiмнiң негiзгi мәтiннің орыс тiліндегi аудармасының көшiрмесiн жолдау құрметiне ие болып отыр.
Хатшылық осы мәтiнге енгiзiлген, Транзиттiк Тасымалдар жөнiндегi
Негiзгi Келiсiм мәтiнiнің ағылшын нұсқасындағы 4-бетте (t) тармақшасының
қалып қойғандығы анықталғанын өкiнiшпен атап өтедi.
Дегенмен, осы Келiсiмге мүше елдердiң тиiстi сарапшылары оларды толық
пысықтағаннан кейiн мүше елдерге жiберетiн қосымшалардың енбегендiгiн атап
өту керек.
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) Хатшылығы жағдайды
пайдалана отырып, Тегерандағы мүше елдерге өзiнің оларға деген жоғары
құрметiн қайта білдiредi.
Барлық мүше елдерге
ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАР ЖӨНIНДЕГI
ЭКО НЕГIЗГI КЕЛIСIМIНЕ ҚОСЫМШАЛАР
МӘТIНДЕРIНЕ ҚОЛ ҚОЮ ТУРАЛЫ
ХАТТАМА
Уағдаласушы Тараптар Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi
келiсiмге қол қойғаннан кейiн мынадай Қосымшаларды қабылдады:
I ҚОСЫМША Нұсқалған автожол, темiржол және iшкi су транзиттiк
бағыттары.
II ҚОСЫМША Транзиттiк қатынастар үшiн пайдаланылатын автожолдардың
(ең төмен) техникалық сипаттамалары.
III ҚОСЫМША Транзиттiк қатынастар үшiн пайдаланылатын темiр жол көлiгi
жөнiндегi (ең төмен) техникалық сипаттамалар.
IV ҚОСЫМША Автожол көлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар.
V ҚОСЫМША Үшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершiлiкке
қатысты автокөлiк құралдарын сақтандыру.
VI ҚОСЫМША Автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережесi
VII ҚОСЫМША Кедендiк бақылау туралы ереже
VIII ҚОСЫМША Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесi (ТКYК)
туралы ереже
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшiн, оған тиiстi түрде өз мемлекеттерінің
үкiметтерi уәкiлеттiк берген төменде қол қойған өкiлдер осы Хаттамаға
қолдарын қойды:
Ауғанстан Ислам Мемлекетiнiң Үкiметi үшiн
.........................................................................
Әзербайжан Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Иран Ислам Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Қырғыз Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Пакистан Ислам Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Тәжiкстан Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Түрiк Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
Түркіменстанның Үкіметі үшін
.........................................................................
Өзбекстан Республикасының Үкiметi үшiн
.........................................................................
І қосымша
Карта/сызбалар және Уағдаласушы тараптардың аумағындағы
нұсқалған автожол, темiржол және iшкi су транзиттiк
бағыттары
(Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң Уағдаласушы
тараптары ұсынады және ЭКО жоғарғы органдарының бекiтуiне жатпайды)
I БӨЛIМ
НҰСҚАЛҒАН АВТОЖОЛ ТРАНЗИТТIК БАҒЫТТАРЫ
Әрбiр Уағдаласушы тарап оның аумағында нұсқаған автожол транзиттiк бағыттары қазiргi халықаралық (немесе ұлттық) нөмiрлеуге сәйкес төменде келтiрiледi.
Әрбiр бағытта шекаралық өту пункттерi (кiру/кету), олардың атаулары, сондай-ақ жүру жолындағы басты аудандық және облыстық қалалардың атаулары мен олардың арасындағы қашықтықтар көрсетiледi.
II БӨЛIМ
НҰСҚАЛҒАН ТЕМIР ЖОЛ ТРАНЗИТТIК БАҒЫТТАРЫ
Әрбiр Уағдаласушы тарап оның аумағында нұсқаған темiр жол транзиттiк
бағыттары, негiзiнен, Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ)
шеңберiнде жасалған Еуропа-Азия қатынасындағы құрамдастырылған
тасымалдардың ұйымдастыру және пайдалану аспектiлерi туралы келiсiмге
негiзделедi.
Бағыттардың белгiленуi:
а) Әрiптiк белгiлер
АСЕ - АGС, AGTC және ТЖЫҰ Келiсiмiне енгiзiлген бағыттар
АС - AGTC және ТЖЫҰ Келiсiмiне енгiзiлген бағыттар
А - тек ТЖЫҰ Келiсiмiне енгiзiлген бағыттар
б) Сандық белгiлер
- негiзгi бағыттар екі санмен белгiленген;
- негiзгi бағыттан тараған тармақтар үш санмен немесе бөлшек арқылы
белгiленген.
III БӨЛIМ
НҰСҚАЛFАН IШКI СУ ТРАНЗИТТIК БАҒЫТТАРЫ
I. Каспий теңiзiнде:
1. Ақтау (Қазақстан) - Баку (Әзербайжан)
2. Ақтау (Қазақстан) - Махачкала (Ресей)
3. Ақтау (Қазақстан) - Нека (Иран)
4. Ақтау (Қазақстан) - Ноушахр (Иран)
5. Ақтау (Қазақстан) - Амирабад (Иран, пайдалануға берiлгеннен
кейiн)
6. Ақтау (Қазақстан) - Астрахань (Ресей)
7. Баку (Әзербайжан) - Астрахань (Ресей)
8. Баку (Әзербайжан) - Махачкала (Ресей)
9. Баку (Әзербайжан) - Нека (Иран)
10. Баку (Әзербайжан) - Энзели (Иран)
11. Баку (Әзербайжан) - Ноушахр (Иран)
12. Баку (Әзербайжан) - Түркiменбаши (Түркiменстан)
13. Нека (Иран) - Түркіменбаши (Түркiменстан)
14. Ноушахр (Иран) - Астрахань (Ресей)
15. Ноушахр (Иран) - Махачкала (Ресей)
16. Ноушахр (Иран) - Түркiменбаши ( Түркiменстан)
17. Түркiменбаши ( Түркiменстан) - Астрахань (Ресей)
18. Түркiменбаши (Түркiменстан) - Махачкала (Ресей)
19. Түркiменбаши (Түркiменстан)- Энзели (Иран)
20. Энзели (Иран) - Астрахань (Ресей)
21. Энзели (Иран) - Махачкала (Ресей)
22. Энзели (Иран) - Ақтау (Қазақстан)
II. Өзендер мен арналар:
1. Ертiс өзенi бойындағы кеме қатынасы бағыттары:
Өскемен - Семей - Павлодар (Қазақстан) - Омбы (Ресей) - Тобыл -
Ханты-Мансийск - Салехард - Кар теңiзi.
2. Пяндж және Амудария өзендерi бойынша кеме қатынасы бағыттары:
Бендер Шерхан (Ауғанстан) - Төменгi Пяндж (Тәжiкстан) Термез
(Өзбекстан) - Мукры (Түркiменстан).
II қосымша
ТРАНЗИТТIК ҚАТЫНАСТАР YШIН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
АВТОЖОЛДАРДЫҢ (ЕҢ ТӨМЕНГI) ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАРЫ
Транзиттiк қатынастар үшiн пайдаланылатын автожолдардың бiрыңғай (немесе толық үйлестiрiлген) техникалық сипаттамалары Уағдаласушы тараптардың аумағы арқылы өтетiн халықаралық бағыттар бойынша автокөлiк құралының кедергiсiз жүруi, жүргiзушiлер құрамы мен жолаушыларға қауiпсiздiк пен қолайлылықтарды қамтамасыз ету үшiн қажет. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi ережелер белгiленедi.
1-бап
1. Уағдаласушы тараптар осы Қосымшаның мақсаттары үшiн Халықаралық автомагистральдар туралы Еуропалық келiсiмнiң (AGR 1975 жыл), II және ІІІ қосымшаларының ережелерiн 1989 жылғы 24 маусымда күшiне енген оған жасалған түзетулердi ескере отырып, қолданатын болады. Осы Қосымшалардың атаулары:
- Халықаралық автомагистральдар жауап беруi тиiс (ІІ-қосымша ЕСЕ/Т S/16/АМЕND.2).
- E санатындағы жолдарды бiрегейлендiру және белгiлеу (III-қосымша, ЕСЕ/ТRАNS/16/АМЕND.2).
2. Жоғарыда аталған Келiсiмге қосылмаған елдер оған өзiнiң қосылу мүмкiндiгiн қарай алады немесе халықаралық транзиттiк тасымалдар үшiн нұсқалған автомобиль жолдарына қатысты АGR-да (1975 ж.) және осы Келiсiмге жоғарыда аталған Қосымшаларда көзделген ұқсас немесе қайшы келмейтiн техникалық сипаттамаларды қолданатын болады.
2-бап
Жаңа халықаралық автомагистральдарды салуда және бар желiлердi жаңғыртуда Уағдаласушы тараптардың тиiстi өкiмет орындары 1998 жылғы Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң IV қосымшасының (Автожол көлiк құралдарына қойылатын техникалық талаптар) 4 және 5-баптарында көрсетілген автокөлiк құралдарының өлшемдерiне, білiгiне түсетiн жүктемесiне және жалпы салмағына қатысты тасымалдаушылардың мүдделерiне жауап беретiн жағдайлар жасауға талпынатын болады.
3-бап
Уағдаласушы тараптар олардың аумағы арқылы өтетiн халықаралық бағыттар бойынша автокөлiк құралдарының кедергiсiз қозғалысына жәрдемдесу үшiн Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесi (ТКҮК) арқылы автожолдардың басқа да техникалық сипаттамаларын келiсе алады.
ІІІ қосымша
ТРАНЗИТТIК ҚАТЫНАСТАР ҮШIН
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕМIР ЖОЛ КӨЛIГI ЖӨНIНДЕГI
(ЕҢ ТӨМЕНГI) ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Темiр жол көлiгi жөнiнде төменде келтiрiлетiн техникалық сипаттамалар 1997 жылы Темiр жолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) шегiнде жасалған және Еуропа-Азия қатынасындағы құрамдастырылған тасымалдардың ұйымдастыру және пайдалану аспектiлерi туралы келiсiмге негiзделген және олар 1991 жылғы 1 ақпандағы Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың аса маңызды желiлерi және тиiстi объектiлер туралы Еуропалық келiсiмнiң (AGTC) (ЕСЕ/Т S/88) ережелерiмен келiсiледi.
ТРАНЗИТТIК ЖӘНЕ ҚҰРАМДАСТЫРЫЛҒАН
(МУЛЬТИМОДАЛЬДЫҚ) ТАСЫМАЛДАР ҮШIН ЗОР
МАҢЫЗЫ БАР ТЕМIР ЖОЛ ЖЕЛIЛЕРIНIҢ ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАРЫ
Транзиттiк және құрамдастырылған (мультимодальдық) тасымалдарға арналған аса маңызды темiр жол желiлерiнің параметрлерi төменде келтiрiлген 1-кестеде көрсетiлген. Осы кестенiң "А" бағанында көрсетiлген берiлген мәндердi темiр жолдарды дамытудың ұлттық жоспарына сәйкес қол жеткiзілуi тиiс маңызды мақсаттар ретiнде қарау керек. Осы мәннен кез-келген ауытқуды ерекшелiк ретiнде қарау керек.
Темiр жол желiлерi екi негiзгi санатқа бөлiнген:
А) қажет болған жағдайда жаңғыртылуы мүмкiн бар желiлер, ал егер
олардың жаңғыртылуы немесе бейiмделуi қиындықтар туғызса немесе болмайтын
болса, онда бұл желiлерге қойылатын талаптар жеңілдетiлуi тиiс.
В) салынатын жаңа желiлер.
А-кестесiнде көрсетілген параметрлер, сондай-ақ бұл қай жерде қажет
болса, темiр жолдар желiсiнiң құрамды бөлiгi болып табылатын темiр жол
паромдарымен тасымалдауда да қолданылады.
1-кесте
Транзиттiк және құрамдастырылған (мультимодальдық)
тасымалдар үшiн зор маңызы бар
Темiр жол желiлерiнiң параметрлерi
___________________________________________________________________________
N | Темiр-жол | А | В
р/с | желiлерiнiң | |
| санаттары | |
|________________|___________________________________|_________________
| Параметрлер | бар желілердің | жаңа
| |__________________________________ | желілердің
| | қазiргi болашаққа |
| | кезде жоспарланған |
___________________________________________________________________________
1 Жол табанның 1435 мм 1435 мм (1)
мөлшерi 1520 мм 1520 мм (1)
1676 мм 1676 мм
2 Жолдардың 1-2 1-2 1-2
саны
3 Тиеу көлемi ХЖҚК ТЖЫҰ/ТЖХО ТЖЫҰ/ТЖХО
(статикалық) 5-қосымша (2) "Б" (2) "Ц1"
4 Жолдардың бiлiгi 4,0-4,8 м 4,5-4,8 м 4,5-4,8 м
арасындағы ең аз
қашықтық
5 Есептiк ең аз 40-80 90-120 км/сағ 120 км/сағ
жылдамдық км/сағ (3) (3)
6 Вагонның бiлiгiне
мынадай
жылдамдықта
рұқсат етiлген
жүктеме:
100 км/сағ-қа 17,2-22,5 т 22,5 т 22,5 т
дейiн
100 км/сағаттан 20 т 20 т 22,5 т
аса
7 Ең көп еңіс Тағайындалмайды 12,5 мм/м
8 Қабылдау- 385-850 м 750-850 м 750-850 м
жөнелту
жолдарының ең
аз пайдалы
ұзындығы
___________________________________________________________________________
(1) Ұсынымдық сипаты бар
(2) ТЖХО (UIC) - Темiр жолдардың халықаралық одағы
(3) Құрамдастырылған тасымалдардың поездары үшiн ең аз параметрлер
Кестенiң 3-тармағына ескерту:
ХЖҚК 5-қосымшасында көрсетiлген тиеу (статикалық) көлемiнен
ерекшеленетiн шектеулерi бар темiр жолдар бұл туралы Уағдаласушы
тараптардың темiр жол әкiмшiлiктерiн хабардар етеді.
Кестенiң 5-тармағына ескерту:
Темiр жолдардың әкiмшiлiктерi жоғарыда келтiрiлген кестенiң
5-тармағында келтiрілген мөлшерден ерекшеленетiн жылдамдық бойынша уақытша
шектеулер енгiзуде бұл туралы Уағдаласушы тараптардың тиiстi темiр жол
әкiмшiлiктерiн хабардар етедi.
Жоғарыда келтiрiлген кестеде бар
кейбiр параметрлерге берiлетiн түсiнiктер
1. Жолдардың саны
Транзиттiк және құрамдастырылған (мультимодальдық) тасымалдардың желiлерi жеткiлiктi өткiзу қабiлетiн және қозғалыс кестесiн дәл сақтау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
Шын мәнiнде, бұл екi талапты кемiнде екi жолы бар желiлерде ғана сақтауға болады, алайда бiр жолды желiлердi де, егер келiсiмде көрсетiлген басқа параметрлер сақталатын болса, пайдалануға рұқсат етiледi.
2. Тиеудiң көлемi
Транзиттік және құрамдастырылған тасымалдардың желiлерi үшiн тиеудiң ең төмен көлемi 1-суретте көрсетiлген.
Жаңа желiлерде тиеудiң үлкен көлемдерiнiң қолданылуы, әдетте, өзiне қандай да бiр капитал салуды талап етпейдi және сондықтан ТЖХО Ц1 көлемi қабылданды.
ТЖХО Ц1 көлемi, атап айтқанда, мыналарға:
а) Автокөлiк құралдарын (биiктiгi 4 м және ені 2,5 м) тиеудiң Еуропалық көлемiне сәйкес болатын жүк автокөлiк құралдарын және автопоездарды (тiркемесi бар жүк автомобилi, бiрiктiрiлген көлiк құралы, тартқыш және жартылай тiркеме) жүктiк автокөлiк құралдарын және автопоездарды тасымалдауға, оның жүк алаңқайы рельстер деңгейiнен кем дегенде 60 см биiктiкте болатын арнайы вагондарда тасымалдауға;
b) енi 2,5 м және биiктiгi 4 м кәдiмгi жартылай автомобиль тiркемелерiн қуысы бар және кәдiмгi арбалары бар вагондарда тасымалдауға;
с) ені 2,44 м және биiктiгi 2,9 м контейнерлерді кәдiмгi темiр жол платформаларында тасымалдауға;
d) енi 2,5 м алынбалы шанақты кәдiмгi темiр жол платформаларында тасымалдауға жол бередi.
e) ені 2,5 м және биiктiгi 2,9 м контейнерлердi/алынбалы шанақтарды тиiстi вагондарда тасымалдауға.
Таулы аудандар арқылы өтетiн бар желiлерде тиеудiң көлемдерiне сәйкес келетiн немесе жолдың бiлiгi бойындағы биiктiгi бойынша кішкене асатын көптеген тоннельдер бар. Iс жүзiнде олардың ТЖХО Ц1 көлемiне дейiн артуы барлық жағдайларда экономикалық және қаржылық тұрғыдан алғанда мүмкiн емес.
Сондықтан, бар желiлер үшiн ТЖХО В көлемi алынған, ол атап айтқанда, мыналарға:
а) ені 2,44 м және биiктiгi 2,9 м ISO контейнерлерiн рельстер деңгейiнен табандықтың биiктiгi 1,18 м темiр жол контейнерлік платформаларда тасымалдауға;
b) ені 2,5 м және биiктiгi 2,6 м алынбалы шанақтарды табандықтан биiктiгi 1,246 м кәдiмгi темiр жол платформаларында тасымалдауға;
с) қуысты арнайы платформаларда жартылай тiркемелердi тасымалдауға;
d) енi 2,6 м және биiктiгi 2,9 м контейнерлердi/алынбалы шанақтарды табандық деңгейi төмен арнайы платформаларда тасымалдауға жол бередi.
Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдардың бар желiлерiнiң көпшiлiгi ең болмағанда ТЖХО В көлемiн ұсынады. Басқа желiлер бойынша оларды осы стандартқа келтiру үшiн кеп капитал салу талап етiлмейдi.
3. Ең аз есептiк жылдамдық
Ең аз есептiк жылдамдық трассаның геометриялық сипаттамаларымен (қисықтар радиустарымен), қауiпсiздiк талаптарымен және жылжымалы құрамның тежеуiш коэффициенттерiмен айқындалады.
4. Бiлiкке рұқсат етiлген жүктеме
Бұл - транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарға арналған темiр
жол желiлерi көтеруге қабiлеттi бiр бiлiкке түсетiн рұқсат етiлген жүктеме.
Мұндай желiлер бар, сондай-ақ келешек ең қазiргi заманғы жылжымалы
құрамның қозғалысын көтеруi тиiс, атап айтқанда:
- ТЖХО "Ц" жiктемесiне сәйкес келетiн, бiлiкке 20 т жүктеме түсетiн
вагондарды. ТЖХО шешiмдерiне сәйкес бiлiкке түсетiн 22,5 т. жүктеме 100
км/сағатқа дейiнгi жылдамдық үшiн қабылданған. Бiлiкке 20 т. жүктеме шегi
ТЖХО ережелерiмен белгіленедi.
ТЖХО ережелерiне сәйкес, бiлiкке түсетiн жүктемелердiң көрсетілген
мәндерiне дөңгелектердiң диаметрлерi кем дегенде 840 мм болғанда жол
берiледi.
1-сурет
ТЖХО 506 OR кітапшасына сәйкес GА, GВ, GC тиеу көлемдері.
Рельс басынан бастап деңгей
ПАЙДАЛАНУ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ YШIН
ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕҢ ТӨМЕНГI ТАЛАПТАР
А. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарды ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
1. Өндiрiстің және тауарлар өтiмiнiң қазiргi әдiстерiмен себептелген көлiк ағындары қозғалысының тиiмділігi мен қозғалу шапшаңдығына кепілдiк беру үшiн транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс, атап айтқанда:
а) жөнелту/келу қызмет көрсетулердiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде клиентураның қажеттiлiктерiне (атап айтқанда, тиеу үшін жабудың кеш уақытын және жүктердi жеткiзудiң ерте уақытын белгiлеу) сәйкес жүзеге асырылуы тиiс;
b) "есiктен есiкке дейiн" тасымалдарының шапшаңдығы, жоғары дәлділік, тасымалдардың сенімдi мерзімдерi;
с) көлiк операциялары туралы ақпараттардың сенiмдiлiгi және дер кездiлігi, құжаттаманың қарапайымдылығы, шығынның аз қатерi;
d) Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық автожол қатынасында тасымалдануы мүмкiн стандартты контейнерлердiң және басқа да жүксыйымды қондырғылардың барлық түрiн тасымалдауды жүзеге асыруға қабiлеттiлiк. Осыған байланысты жүксыйымды қондырғылардың салмағына және мөлшерiне қатысты болжамды әзiрлемелердi ескеру керек.
2. Бұл талаптар мыналардың есебiнен жүзеге асырылуы тиiс:
а) "есiктен есiкке дейiн" автомобиль көлiгiмен тасымалдау жылдамдығына сәйкес немесе артық болуы тиiс тасымалдау жылдамдығын арттыру (барлық аялдамаларды ескере отырып жөнелту орнынан бару орнына дейiн арттыру);
b) клиентураның қалауы бойынша жүктердi таңертең жеткiзу үшiн жүк алушылардың жұмыстан тыс сағаттарын пайдалану (яғни тасымалдауды түн кезiнде жүзеге асыру);
с) жүктердi өңдеу жөнiндегi тиiстi жабдықтың және инфрақұрылым әлеуетiнiң жеткiлiктi санда бар болуы;
d) мүмкiндiгiнше тiкелей қатынастағы поездарды пайдалану;
e) байланыстың қазiргi заманғы жүйелерiн пайдалану есебiнен
тасымалдар ұйымдастыруды жақсарту жөнiндегi ұйымдастыру шараларды жүзеге
асыру.
3. Жоғарыда көрсетiлген талаптарды қамтамасыз ету үшiн поездар мен
инфрақұрылымда тиiмділіктiң жеткiлiктi деңгейi болуы тиiс, яғни тасымалды
ұйымдастыруға қатысы бар барлық ведомстволармен сақталуға тиiс ең аз
белгiлi стандарттарға сәйкес болуы тиiс.
В. Поездардың пайдалану-техникалық параметрлерi
4. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдар үшiн пайдаланылатын
поездар мынадай ең аз талаптарға жауап беруi тиiс:
II-кесте
___________________________________________________________________________
Мәндер (ең аз) | Қазiргi уақытта | Болашаққа
Параметрлер | | (мақсатты сияқты)
___________________________________________________________________________
Жылдамдық 60-90 сағ/км 90-100/100-120 сағ/км
Поездың ұзындығы 365-850 м 750-850 м
Поездың салмағы 600-3200 т 1500-3200 т
Бiлiкке түсетiн 20 т 22,5/20 т
жүктеме
___________________________________________________________________________
Егер тiкелей қатынастағы поездар қозғалысын ұйымдастыру мүмкiн болмаса, онда бiр топтың вагондары бiр бару орнына баруы тиiс болғанда, поездар мүмкiндiгiнше вагондар тобынан құрастырылуы мүмкiн. Тiкелей қатынаста жүретiн поездардың, мүмкiндiгiнше аз аялдауын оның iшiнде шекаралық өткелдерде аялдауын қамтамасыз ету қажет.
5. Жылжымалы құрам жылдамдыққа және бiлiкке түсетiн жүктемеге қатысты жоғарыда аталған талаптарға жауап беруi тиiс, сондай-ақ жүксыйымды қондырғылардың (сыйымдылықтардың) олардың салмағы мен мөлшерлерiн ескере отырып, барлық түрiн тасымалдауға қабiлеттi болуы тиiс.
6. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарды жүзеге асыратын поездар аса жоғары басымдылыққа ие болуы тиiс. Олардың қозғалу кестесiн тасымалдардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына қатысты клиентураның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратындай болып жасалуы тиiс.
С. Темiр жол желiлерiне қойылатын ең аз талаптар
7. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарға арналған темiр жол желiлерiнiң өткiзу қабiлетi бұл тасымалдарға пайдаланылатын поездардың бос тұрып қалуын болдырмау үшiн жеткiлiктi болуы тиiс.
8. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарға жоспарланған темiр жол желiлерiн жақсарту үшiн ТЖЫҰ, ТЖХО ұсынған параметрлердi пайдалану керек.
Д. Терминалдарға қойылатын ең аз талаптар
9. Терминалдардағы жүктердi тиiмдi өңдеу үшiн мынадай талаптар сақталуы тиiс:
а) жүктердi қабылдаудың ең соңғы мерзiмi мен вагондарды жөнелтудiң арасындағы, сондай-ақ вагондардың келуi мен түсiруге дайындығы арасындағы уақыттың үзiлуi бiр сағаттан аспауы тиiс;
b) терминалдарға жүктердi жеткiзетiн немесе тиейтiн автокөлiк құралдарының күту уақыты 60 минуттан аспауы тиiс;
с) терминалдың орналастырылуы мынадай түрде таңдап алынуы тиiс, оған:
- жүктердi жөнелтушiлер мен алушылар объектiлерiнен оған жедел және жеңiл баруға болатын болуы тиiс;
- темiр жол желiсi шегiнде ол темiр жол желілерiнiң магистральдарымен жақсы құрастырулары, ал вагондарды топтармен тасымалдау үшiн құрамдастырылған тасымалдардың жедел поездарына жақсы шығуы болуы керек;
10. Төменде келтiрiлген аралық станцияларға қолданылатын ең аз талаптарды, сондай-ақ терминалдарға да қолдануға болады.
Е. Аралық станцияларға қойылатын ең аз талаптар
11. Құрамдастырылған тасымалдар поездарының техникалық немесе пайдаланушылық себептермен тоқтаулары басқа аялдамаларда бәрiбiр жүзеге асыруға тура келетiн мақсаттардың (яғни шекаралық бақылау, локомотивтердi ауыстыру және т.б.) орындалуы үшiн де пайдалану керек. Мұндай аралық станциялардың инфрақұрылымы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
а) жолдардың түрлi үлгілерінің (қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсiру, кіреберiстiк, дөңгелектер жұптарын ауыстыру) қажеттi аялдамалардың ең аз ұзақтығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi өткiзу қабiлетi болуы тиiс.
в) жоғарыда көрсетiлген жолдардың тиеу көлемдерi пайдаланылып жүрген темiр жол желiлерiнiң параметрлерiне сәйкес болуы тиiс (ТЖХО "В" немесе ТЖХО "Ц1");
c) жолдардың ұзындығы құрамдастырылған тасымалдар үшiн пайдаланылатын толық құрамды поездарды қабылдау үшін жеткiлiктi болуы тиiс;
d) электр тартымын пайдаланған жағдайда жолдар екi тараптың да электровоздары өте алатындай (шекаралық станцияларда) болуы тиiс;
e) тиеу-түсiру, вагондар тобымен алмасу доңғалақтар жұбын ауыстыру жөнiндегi қуат, сондай-ақ шекаралық бақылау жүргiзудiң рәсiмi қажеттi аялдамалардың ең аз ұзақтығын қамтамасыз етуi тиiс.
11.1. Вагонда тобымен алмас станцияларында осы операцияларды жүзеге асыру үшiн аялдау ұзақтығы әрбiр жағдайда 180 минуттан аспауы тиiс. Бұған поездарды (шекараларды кесiп өтудi қоса алғанда, олардың жүру бағытының ұзындығы мүмкiндiгiнше ең үлкен болуы тиiс) тиiстi қалыптастыру арқылы, сондай-ақ вагондар тобымен алмасу станцияларында барабар инфрақұрылымды құру есебiнен қол жеткiзiлуi мүмкiн.
11.2. Шекаралық пункттарда құрастырылған тасымал поездары мүмкіндiгiнше аялдамауы тиiс, егер аялдамауға болмаса, онда олардың ұзақтығы тым аз (180 минуттан артық емес) болуы тиiс. Бұған:
а) әдетте шекарада жүргiзiлетiн мiндеттердiң орындалуын тездету арқылы немесе бұл мүмкiн болмаса, оны поездар техникалық, коммерциялық және/немесе әкiмшiлiк сипаттағы себептер бойынша бәрiбiр тоқтауға мәжбүр болатын iшкi жолдарда орындау арқылы;
в) тек қана бір аялдауды, оны да бiрлескен (ортақ) шекаралық станцияларда жүзеге асыру арқылы қол жеткiзілуi тиiс.
11.3. Доңғалақ жұптарын ауыстыру және қайта тиеу станцияларында қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн келешекте уақытты және шығындарды үнемдеу тұрғысынан алғанда тиiмдi технологияларды әзiрлеу қажет. Осындай станцияларда аялдау ұзақтығы мүмкiндiгiнше ең аз болуы тиiс. Доңғалақ жұптарын ауыстыру немесе қайта тиеу үшiн қолда бар құралдар аялдамалардың аз ұзақтығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болуы тиiс. Жүктердi басқа жолдың вагондарына ауыстыру үшiн пайдаланылатын стандарттар терминалдарда тиеу үшiн де пайдаланылуға жарамды болуы тиiс.
11.4. Паромдық айлақтарда/порттарда транзиттік және құрамдастырылған тасымалдар кезiндегi аялдаудың ұзақтығы мүмкiндiгiнше қысқа (мүмкiндiгiнше бiр сағаттан артық емес) болуы тиiс. Оған порттардағы паромдық айлақтардың тиiстi инфрақұрылымын құру және тиiстi паромдарды пайдалану (төмендегі 12-тармақты қараңыз) есебiнен, сондай-ақ мынадай шаралардың көмегi арқылы жетуге болады:
а) шекаралық бақылаудың қажеттi талаптарына жоғарыда 11.2-тармақта ескерiлген шараларды қолдану;
b) паромдар мен темiр жолдардағы қозғалыс графигiн келiстiру және кемелердi тиеудi жеделдету және/немесе құрамдарды қалыптастыру мақсатында ақпараттарды алдын ала ұсыну.
Ғ. Паромдық кемелерге қойылатын ең аз талаптар
12. Транзиттiк және құрамдастырылған тасымалдарға пайдаланылатын паромдық кемелер мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
а) олардың мөлшерлерi мен класы тасымалданатын жүктер мен вагондарға сәйкес болуы тиiс;
b) паромдық кемелердi тез тиеу мен түсiрудi, сондай-ақ жүктердi/вагондарды қалауды одан кейiнгi темiр жол тасымалының (қажет жағдайда құрамдастырылған тасымалдарды жолаушы және/немесе автомобиль тасымалдарынан бөлу) талаптарына сәйкес жүзеге асыру мүмкiншiлiктерi;
с) егер өткеру барысында жүк вагондарда қалатын болса, онда паромдық
кемелерге кiру оңай болуы керек, мұның өзi көп уақыт шығындарын қажет
ететiн сұрыптамалық операциялар қолданбай-ақ мүмкiндiк бередi. Тиеу
көлемi, бiлiкке түсетiн жүктеме және т.б. ТЖХО/ТЖЫҰ талаптарына сәйкес
болуы тиiс;
d) егер жүктердің орнын ауыстыруды вагондарсыз жүзеге асыру қажет
болса, онда паромдық және темiр жол терминалдары арасында мүмкін болатын
автомобиль тасымалын жүзеге асыру үшiн қысқа және сенiмдi автомобиль
жолдары болуы тиiс.
IV қосымша
АВТОЖОЛ КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1-бап. Анықтамалар
Осы Қосымшаның мақсатында онда қолданылатын сөз тiркестерінің мынадай
мәндерi болады:
Бiлiкке түсетiн жүктеме: Нақты бiлiктің немесе бiлiктер тобының барлық дөңгелектерiмен жол төсемiне түсiрiлетiн шын мәнiндегi жүктемесi;
Брутто салмағы: Тиелген көлiк құралының борттағы экипажбен және жолаушылармен бiрге шын мәнiндегi салмағы;
Ең үлкен рұқсат етiлген салмақ: Көлiк құралы тiркелген мемлекеттiң құзыреттi органы рұқсат етiлген деп жариялаған тиелген көлiк құралының ең үлкен рұқсат етiлген салмағы;
Жүксiз салмақ: Көлiк құралының экипажсыз, жолаушысыз немесе жүксiз, бiрақ жағармайдың толық қоры және әдетте бортта болатын аспаптар жиынтығы бар салмағы.
2-бап. Көлiк құралын қабылдау
Уағдаласушы Тараптар көлiк құралдары тiркелген басқа Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында қолданылатын техникалық талаптарға жауап беретiн және Талаптарға сәйкестiгi туралы куәлiгi немесе тiркелген елде осыған құзыреттi орган берген осы тәрiздi құжаты бар көлiк құралдарына жол бередi.
3-бап. Көлiк құралдарын кедендiк бақылаудағы транзиттiк
тасымалдарға бейiмдеу
Осы Қосымшаға сәйкес жүктердiң халықаралық автожол тасымалына
арналған көлiк құралдары 1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын (ХЖТ Конвенциясын)
қолданып Жүктердi халықаралық тасымалдау туралы кедендiк конвенцияға
2-қосымшада жазылған техникалық талаптарға сәйкес болып құрылуы керек.
4-бап. Көлiк құралдарының бiлiгiне және брутто салмағына
түсетiн ең көп жүктеме
1. Уағдаласушы тараптар аумақтарындағы бiлiкке түсетiн рұқсат етiлген
ең үлкен жүктеме мыналарды құрайды:
___________________________________________________________________________
| Қазiргi кезде | Болашаққа
| | тапсырма
___________________________________________________________________________
А) бiр бiлiк үшiн 6-12 т 10-13 т
ә) қосарланған бiлiк үшiн 10-22,5 т 16,5-20 т
Б) телiме бiлiк үшін 13-33 т 22-30 т
В) брутто-салмақ 36-40 т 40-42 т
___________________________________________________________________________
а) Осы тапсырма ЭКО аймағындағы Көлiк және коммуникациялардың онжылдығына (1998-2007) арналған iс-қимыл бағдарламасында берiлген мерзiмдерде жүзеге асырылуы мүмкін.
b) Егер бiр немесе одан да көп Уағдаласушы тарап осы тапсырманы орындауды жоғарыда аталған онжылдықтың аяғына қарай орындауды қамтамасыз ете алмаса, онда олар жүктердiң жүк алушыға дейiн кедендiк бақылаумен тауарлар транзитi тәртiбiнде қозғалу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн шаралар қабылдауы тиiс.
2. Уағдаласушы тараптардың iшкi заңнамасымен iс жүзiнде пайдалану үшiн белгіленген бiлiкке түсетiн рұқсат етiлген ең үлкен жүктеме 1-кестеде келтiрiлген.
3. Егер қандай да бiр Уағдаласушы тарап бiлiкке түсетiн рұқсат етiлген ең үлкен жүктеменiң нормативiн өзгертуге ниеттенсе, онда ол бұл туралы жаңа нормативтi енгiзу басталардан екi ай бұрын барлық Уағдаласушы тараптарды, сондай-ақ Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiн (ТКҮК) дипломатиялық арналар бойынша ресми хабардар етуi тиiс. Ондай болмаған жағдайда нормативтi өзгерткен Уағдаласушы тараптың кез-келген талаптары
жаңа нормативтi күшiне енгiзгеннен бастап үш айлық мерзiм өткенге дейiн
заңсыз болып табылады.
5-бап. Көлiк құралдарының ең үлкен көлемдерi
Жүктердi транзиттiк тасымалдауға пайдаланылатын көлiк құралдарының
көлемдерi мыналардан аспауы тиiс:
___________________________________________________________________________
| Қазiргi кезде | Болашаққа
| | тапсырма
___________________________________________________________________________
Енi бойынша: 2,50 метр 2,50 м
(Пакистан
аумағында - 2,75 м)
Биiктiгi бойынша: 4м 4-4,5 м
Ұзындығы бойынша:
- қатты базамен -
- жартылай 11-12 м -
тiркемемен 17,4 м 24 м
- автопоездардың 18-20 м
___________________________________________________________________________
1-кесте
Iшкi заңнамасына сәйкес Уағдаласушы тараптардың
аумақтарында қолданылатын бiлiкке түсетiн рұқсат етілген ең үлкен
жүктеме
___________________________________________________________________________
N Уағдаласушы | Рұқсат етілген ең үлкен |Рұқсат етiлген
тараптар | жүктемелер | ең үлкен
| | жүктемелер
| | брутто-салмақ
| | (тоннамен)
___________________________________________________________________________
1 Ауғанстан 10,0 16,0 22,0 36,0
2 Әзербайжан 10,0 16,0 22,0 36,0
3 Иран Ислам 13,0 20,0 26,0 40,0
Республикасы
4 Қазақстан 8,0 13,2 18,8 36,0
5 Қырғызстан 10,0 16,0 22,0 36,0
6 Пакистан 12,0 22,5 33,0 40,0
7 Тәжікстан 8,0 14,0 22,0 36,0
8 Түркия 10,0 16,0 22,0 40,0
9 Түркіменстан 6,0 10,0 13,0 36,0
10 Өзбекстан 8,0 16,0 24,0 40,0
___________________________________________________________________________
V қосымша
Yшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершiлiкке
қатысты автокөлiк құралдарын сақтандыру
Уағдаласушы тараптар автокөлiк құралдарын үшiншi тұлғалар алдындағы
азаматтық жауапкершiлiкке қатысты сақтандыру халықаралық автокөлiк
тасымалдарын ұйымдастырудағы аса маңызды және қажеттi элементi болып
табылатынын мойындайды. Осы Қосымшаның мақсаттары үшiн мынадай ережелер
белгiленедi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Қосымшаның мақсаттары үшiн өз арасында
"Жасыл картаны" пайдалана отырып Халықаралық сақтандыру жүйесi бойынша
операцияларды басқару және жүзеге асыру үшiн жауапты болып табылатын
Бюролардың арасындағы Бiрыңғай Келiсiмнiң ережелерiн пайдаланатын болады.
2-бап
"Жасыл картаны" пайдалана отырып Халықаралық сақтандыру жүйесiнiң тараптары болып табылмайтын Уағдаласушы тараптар жоғарыда аталған Келiсiмге қол қою үшiн қажеттi қадамдар жасайтын болады.
3-бап
1. Уағдаласушы тараптар осы Қосымшаның мақсаттары үшiн барлық Уағдаласушы тараптар "Жасыл картаны" пайдалана отырып Халықаралық сақтандыру жүйесiне қосылғанша автокөлiк құралдарын үшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершiлiкке қатысты сақтандырудың уақытша сызбасын қолданатын болады.
2. Сақтандырудың бұл уақытша сызбасын iске асырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнiң Сақтандыру шағын комитетi айқындайды.
3. Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап Уағдаласушы тараптың әрқайсысы үш айдың iшiнде нақты ұлттық сақтандыру компаниясын немесе ұсынылған уақытша сақтандыру сызбасында Автокөлiк құралдарын сақтандыру жөнiндегi Ұлттық Бюро ретiнде қатысуға уәкiлеттi басқа арнайы ұйымды белгiлеуге өзiне мiндеттеме алады.
4-бап
Транзиттiк-көлiктік үйлестiру кеңесiнiң Сақтандыру шағын комитетiнiң құрамына Уағдаласушы тараптардың әрқайсысынан екі өкiлден кiредi: сақтандырудың қадағалау органынан және Автокөлiк құралдарын сақтандыру жөнiндегi Ұлттық Бюроның функцияларын орындайтын ұйымнан (уәкілеттендiрiлген сақтандыру компаниясы).
Көрсетiлген Сақтандыру шағын комитетi өкiлеттіктерiнің аясына мыналар кiредi:
а) сақтандыру тарифтерiн анықтау және сақтандырудың өтеуiн алу мен талап-арыздарды төлеу тәртібi (меншiкке зиян келтiргенi және денеге зақым келтiргенi үшiн) туралы ережелердi дайындау;
b) Уағдаласушы тараптар арасында сақтандыру саласындағы көптарапты келiсiмнің жобасын және оның қол қойғаннан кейiнгi мониторингiн әзiрлеу;
с) Yшiнші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершiлікке қатысты автокөлiк құралдарын сақтандыруға арналған сақтандыру куәлiгiн дайындау;
d) Уағдаласушы тараптардан түсетiн ұсыныстар мен ескертпелердi қарау, туындаған даулы мәселелердi Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнiң шешуiне шығару, қажеттi құжаттардың жобаларын Уағдаласушы тараптар үкiметтерiмен келiстiру;
e) Транзиттiк тасымалдар бойынша Негiзгi келiсiмнiң ережелерiн орындауды жеңiлдету үшiн сақтандырудың басқа кез-келген мәселелерiн қарау.
5-бап
Жоғарыда берiлген баптардың ережелерiн орындау үшiн Уағдаласушы тараптар мынадай шаралар қабылдайды:
а) олардың аумағында құрылған және үшiншi тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершiлiкке қатысты автокөлiк құралдарын сақтандыратын сақтандыру компаниясынан немесе компанияларынан Уағдаласушы тараптардың келiсiмдерiмен айқындалған деңгейде сақтандырулық жабудың ең аз деңгейiн қамтамасыз етудi талап етуге міндеттенедi;
b) Осы Қосымшаның ережелерiн орындауға қажеттi iшкi заңнаманы
үндестiредi, және
с) "Жасыл картаны" пайдалана отырып Халықаралық сақтандыру жүйесiнiң
ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы тараптардың ұлттық бюролары төлейтiн
соманың өтемi үшiн ақшалай қаржыларды аударуға рұқсат етедi.
6-бап
Сақтандыру шағын комитетi дайындаған ұсыныстар Транзиттік-көлiктiк
үйлестiру кеңесiнiң (ТКҮК) мақұлдауына берiледi.
VI қосымша
АВТОМОБИЛЬ КӨЛIГIМЕН ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСI
I БӨЛIМ
Жүктердiң халықаралық тасымалын ұйымдастыру
1-бап
Жүктердiң халықаралық тасымалы
Транзиттiк тасымал жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң Уағдаласушы тараптары арасындағы Автомобиль көлiгiмен жүктердiң халықаралық тасымалы 1956 жылғы 19 мамырдағы Жүктердi халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияның (ЖТШК) ережелерiне және оның 1978 жылғы 5 шiлдедегi
Хаттамасына (Женева қаласы) сәйкес жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттер жоғарыда аталған конвенцияның тараптары болып
табылмайтын болса, онда олар Транзиттік тасымал жөнiндегi негiзгi
келiсiмнің Уағдаласушы тараптарының тасымалдаушыларына тиiстi жағдайларды
ұсына алмайтын болады.
II БӨЛIМ
Халықаралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
2-бап
Жолаушылар билетi
1. Жолаушылар билеті халықаралық құқыққа сәйкес тасымалдау шарты
болып табылады.
2. Жолаушыларды тасымалдау кезiнде тасымалдаушы жеке және ұжымдық
билеттер беруге мiндеттi.
3. Билетте тасымалдаушының аты, сондай-ақ қарама-қарсы мәндегi ешқандай ескертулерге қарамастан, шарт осы Ережелер қағидаларының аясына жататындығы көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ билетте жолаушының аты мен түпнұсқа құжаттары көрсетiлуi тиіс.
4. Билеттiң жоқтығы, ресiмделу қателiгi немесе жоғалуы осы Ережелердiң қағидаларымен реттеле беретiн тасымалдау шартының барлығына немесе растығына ықпал етпейдi. Билет жоқ болған, қате толтырылған немесе жоғалған жағдайда жолаушы билеттi берген келiсiм-шарт жасаушы тарапқа келiсiм-шартта қала беру үшiн өзiнің жеке куәлiгiн көрсетедi және растайды.
3-бап
Жол жүгiн тiркеу
Егер жолаушы өзiнiң жол жүгiн тапсырғысы келсе, ал тасымалдаушы қабылдап алса, онда тасымалдаушы жолаушының сұрауы бойынша қабылдап билетпен қоса орынның саны және оған тапсырылған жол жүгiнiң сипаты мен оның жарияланған құны көрсетiлген жол жүгiн тiркеу туралы түбiртектi немесе басқа кез-келген балама құжатты бере алады.
4-бап
Жолаушылардың дене зақымдарына жауапкершiлiк
1. Өлiммен немесе дене жарақаттарымен, соның iшiнде жолаушының мүгедектiгiне немесе жүйкесiнiң бұзылуына соқтырған ауыр дене жарақаттарымен байланысты шығын немесе залал үшiн, егер осы залалға соқтырған оқиға тасымалмен байланысты және жолаушы көлiк құралында болған уақытта әлде ол отырған және түскен кезде, әлде теңдеме жүктi тиеумен немесе берумен байланысты және тасымалдаушының немесе ол жауапты болатын, тасымалдау шартына сәйкес өз мiндеттемелерiн орындау үшiн қызметтерiне жүгiнген агенттер, қызметшiлер және басқа да тұлғалардың ұқыпсыздығына байланысты, осындай агенттер, қызметшiлер мен басқа да тұлғалар өз қызметтік мiндеттемелерiнiң шегiнде iс-әрекет жасағанда, осылар оның өз iс-әрекеттерi немесе қателiктерiндей болғанда тасымалдаушы жауапты болады.
Мұндай қателік немесе ұқыпсыздық соқтығысу, жарылыс немесе өрттен/өртке байланысты өлiм немесе дене зақымдары немесе толық мүшелену және/немесе жазылмайтын толық мүгедектiк немесе жүйкенiң бұзылуына басқалай дәлел жоқ жағдайда мойындалады.
2. Тасымалдаушы 1-тармақта көрсетiлген шығын немесе залал үшiн, егер ол шығын немесе залал:
а) көлiк құралындағы олқылықтар немесе оның жабдығындағы ақаулар нәтижесiнде болған болса, немесе
б) тағылып отырған қате немесе ұқыпсыздық тасымалдаушы көлiк құралын жалдаған тұлғаның немесе олар үшiн оның өзі 1-тармаққа орай жауап беретiн тасымалдаушы болып табылатын тұлғаның тарабынан жiберiлген болса жауап береді.
3. Жоғарыда берiлген 1 және 2-тармақтар ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн тасымалдаушы жолаушыларды сақтандыруға міндетті.
5-бап
Теңдеме жүктi жоғалтқаны және зақымдағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Жолаушы тасымалдаушыға өзiнiң теңдеме жүгiн берген кезде оның құнын жариялауы тиiс. Бұл актiнi ресiмдеу кезiнде тасымалдаушы теңдеме жүктің толық немесе iшiнара жоғалуына немесе зақымдануына, егер ол тасымалдау кезiнде тасымалдаушының немесе оған жауап беретiн тұлғалар қателігінің немесе ұқыпсыздығының салдарынан орын алған болса, жауапты болады. Мұндай қателiк немесе ұқыпсыздық керi дәлел болмағанда:
а) егер теңдеме жүктiң жоғалуы немесе зақымдануы соқтығыстан, жарылыстан немесе өрттен/немесе соларға байланысты болса; немесе
b) егер мұндай теңдеме жүк тасымалдаушыға берiлген болса: шарттың қағидаларына сәйкес өзiне жауапкершiлiк алған мезгiлден бастап соған құқығы бар тұлға оны алып шыққанға немесе оны сақтауға тапсырғанға дейiн мойындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының б) тармақшасының ережелерi басқа көлiк құралдарында тасымалданатын автомобильдерге де мұндай автомобильдерде болатын теңдеме жүкке де қолданылмайды.
3. Тасымалдаушы 1-тармақта айтылатын теңдеме жүктiң жоғалуына немесе зақымдануына жауап бередi, егер осы жоғалу мен зақымдану:
а) көлiк құралындағы ақаулардан немесе жабдықтардың бұзылуынан туындаған болса; немесе
b) тасымалдаушы көлiк құралын жалдаған тұлғаның тарабынан қателiк немесе ұқыпсыздық жiберiлсе немесе оның өзi тасымалдаушы болып табылса, 1-тармаққа сәйкес жауапты болатын болса.
6-бап
Жолаушылардың дене зақымдарын өтеу мөлшерi
Жолаушыларға келтiрiлген дене жарақаттары немесе өлiмi үшiн тасымалдаушыдан өтеуге талап етiлуi мүмкiн жолаушылардың дене жарақаттары үшiн өтелетiн жалпы сома, егер елдер арасындағы тасымалдар шартының қағидаларымен басқадай көзделмесе, Уағдаласушы тараптардың ұлттық заңнамасымен анықталады.
7-бап
Теңдеме жүктiң жоғалуын немесе зақымдануын өтеу мөлшерi
Осы Ережелерге сәйкес тасымалдаушы теңдеме жүктiң толық немесе ішінара жоғалуы немесе зақымдануы салдарынан болған залалды өтеуге жауапты болады. Залалды өтеу жоғалу немесе зақымдану мөлшерiне тең сомада талап етілуi мүмкiн, бiрақ бұл сома теңдеме жүктің жолаушы бұрын жариялаған құнынан артық болмайды, ал егер ондай болмаса, онда залалды өтеудің мөлшерi тасымалдаушының жауапкершiлiгi басталған елдің ұлттық заңнамасына сәйкес, бiрақ әрбiр жоғалған және зақымдалған теңдеме жүктiң әрбiр килограмы үшiн кем дегенде 5 АҚШ долларынан есептеледi.
8-бап
Сот және басқа да шығындарды өтеу
Осы Ережелердің 6 және 7-баптарында көзделген өтеулер мөлшерiне өтемi
немесе төлемi тасымалдаушыдан талап етiлуi мүмкiн, өз құқықтарын қорғауда
тараптар жасаған сот және басқа да шығындар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
есептелетiн пайыздар, егер істі қарайтын сот немесе трибунал оны қолдануға
болады деп есептесе, кірмейді.
VII қосымша
КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қолданылатын терминдер
Осы Ережелердiң мақсаттары үшiн және Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң 1-бабында бар анықтамаларға қосымша ретiнде мынадай негiзгi терминдер пайдаланылады:
Кедендiк өкімет орындары: кеден заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және импорттық және экспорттық баждар мен салықтарды жинау үшiн, сондай-ақ өзгелердің iшiнде жүк импортына, экспортына және транзитiне қатысты басқа да заңдар мен ережелердiң қолданылуы үшiн жауапты мемлекеттiк қызмет.
Кедендiк қамтамасыз ету: пломбы, мөр салу, цифрлы, әрiптi және өзге де белгiлер, бiрегейлендiру нөмiрлерiн салу, мөртабандар басу, тауарларды, фотосуреттердi сипаттау, тауарға жолдама және өзге де құжаттарды пайдалану арқылы кедендiк өкiмет орындары жүзеге асыратын жүктердi, көлiк құралдарын және тауарларды сыйдыруға қабiлеттi өзге де орындарды кедендiк бiрегейлендiрудiң әдiсi.
Кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi: кедендiк рәсiм, бұған сәйкес жүктер Уағдаласушы тараптардың аумағы арқылы жөнелту кеденiнен бастап жеткiзу кеденiне дейiн кедендiк бақылаумен тасымалданады.
Декларант: кедендiк бақылаудағы тауарлардың транзитi үшiн кедендiк жүк мәлiмдемесiне қол қоятын немесе соның атынан Мәлiмдемеге қол қойылған жеке немесе заңды тұлға.
Кедендiк бақылаудағы тауарлардың транзитi үшiн кедендiк жүк мәлімдемесi: мүдделi тұлғалар сол арқылы кедендiк бақылаудағы жүк транзитi үшiн өтiнiш жасайтын және кедендiк бақылаудағы жүк транзитiн жүзеге асыру үшiн кеден талап ететiн деректемелер толтырылатын белгілi нысандағы өтiнiш.
Жөнелту кеденi: кедендiк бақылаудағы тауарлардың транзитi басталатын Уағдаласушы тараптың кез келген кеденi.
Аралық кеден: кедендiк бақылаудағы тауарлардың транзитi барысында сол арқылы көлiк құралы немесе контейнер өтетiн Уағдаласушы тараптың кез келген кеденi.
Жеткiзу кеденi: кедендiк бақылаудағы тауарлар аяқталатын Уағдаласушы тараптың кез келген кеденi.
2-бап. Қолдану өрiсi
Осы Қосымшаның ережелерi кедендiк өкiмет орындары тиiмдi түрде мөрлейтiн жүктерге, сондай-ақ көлiк құралдарына, әлде кедендiк бақылаумен жүретiн мөрленбейтiн мынадай көлiк құралдарына қолданылады:
а) бiр Уағдаласушы тараптың аумағынан бiр немесе одан артық Уағдаласушы тараптардың аумақтары арқылы үшiншi елдің аумағындағы пунктке белгiленiп жолданған;
b) үшiншi елдің аумағынан Уағдаласушы тараптардың бiрiнің аумағындағы пунктке бiр немесе одан артық Уағдаласушы тараптардың аумақтары арқылы белгiленіп жолданған; және
с) бiр Уағдаласушы тараптың аумағынан екiншi Уағдаласушы тараптың аумағындағы пунктке бiр немесе одан артық Уағдаласушы тараптың аумағы арқылы белгiленiп жолданған.
3-бап. Кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi
кезiндегi баждар және салықтар
1. Уағдаласушы тараптар өздерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес көлiк құралдарына, сондай-ақ олардың мемлекеттерiнiң аумақтарына уақытша әкелiнiп қойған көлiк құралдарына салынған немесе пайдаланылатын жабдықтар мен бөлшектер үшiн жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде қосалқы бөлшек ретiнде пайдаланылатын жабдықтар мен бөлшектер үшiн қызмет көрсету және қалпына келтiру үшiн материалдарды уақытша әкелуге рұқсат беруге келiседi. Осындай бөлiктер мен жабдықтар үшiн кепілдiк және уақытша әкелу туралы құжат талап етiлуi мүмкiн.
2. Уағдаласушы тараптар, сондай-ақ мыналарға: келген бойда көлiк құралдарының штаттық сыйымдылықтарында болатын отын және жағар материалдарына; қосалқы бөлшектерге, керек-жарақтарға және жабдықтарға, яғни көлiк құралының бөлiгi болып табылатын жүктi тиеу, түсiру, жылжыту және сақтандыру үшiн арнайы жабдықтарға салынатын импорт баждарынан және салықтардан босатуға келiседi.
3. Кепілдiк берушi қауымдастықтың қаржылық қамтамасыз етуiмен немесе 1975 жылғы Кедендiк конвенцияның ХЖТ кiтапшасын пайдаланып тасымалданатын тауарлар қандай да болмасын негiзсiз кідiртулерге немесе шектеулерге ұшырамайды және кедендiк баждар мен салықтарды төлеуден босатылады.
4. Уағдаласушы тараптардың кепiлдiк берушi қауымдастықтары импорттық немесе экспорттық баждар мен салықтарды және қате iс-әрекеттерi Жасалған елдiң кедендiк заңнамасы мен нұсқаулықтарына сәйкес төленуi тиiс тиiстi алымдарды төлеуге мiндеттенедi.
4-бап. Кедендiк транзитке арналған бағыттар
Уағдаласушы тараптар Транзиттiк тасымалдар бойынша негiзгi келiсiмге Қосымшада ұсынған және жиыстырған транзиттiк бағыттар олардың аумақтарында кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi үшiн пайдаланылуы мүмкiн екендiгiне кепiлдiк береді.
5-бап. Шекаралық кедендердiң жұмыс уақыты
және кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитiнiң
мәселелерi бойынша құзыретi
1. Осы Қосымшаның мақсаты үшiн ортақ шекарада орналасқан тиiстi кеден қызметтерi Уағдаласушы тараптармен келiсiлген күн тәртiбiне сәйкес жұмыс iстейдi.
2. Уағдаласушы тараптар өзiнiң тиiстi шекаралық кеден қызметтерiн осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес кедендiк бақылауға алынып транзитпен тасымалданатын барлық тауарларға қатысты көзделген кеден нысандылықтарын орындауға уәкілеттендiредi.
6-бап. Тауарлар транзитi үшін жүк кеден мәлiмдемесi
1. Уағдаласушы тараптар халықаралық тасымалдағы көлiктiң кез келген түрiмен жөнелту кезiнде жүк кеден мәлiмдемесiн ресiмдейдi.
2. Транзиттiк тасымалдар 1975 жылғы ХЖТ Конвенциясына сәйкес жүзеге асырылған жағдайларда кеден мәлiмдемесi үшiн, осы Конвенцияның тараптары болып табылмайтын елдердi қоспағанда, ХЖТ кiтапшасы пайдаланылады.
3. Уағдаласушы тараптар осындай елдерге және кейiн қарай жүк жөнелткен кезде ұлттық кеден мәлiмдемелерiн және осы Қосымшаға 1-толықтыруда келтiрiлген мәлiметтердi көрсете отырып, тауар-көлiк жүкқұжатын пайдаланатын болады.
4. Тауар-көлiк құжаттамасында онда берген мәліметтерден басқа аралық шығу пункттерi (жөнелту пунктiнен жету пунктiне дейiн жүк жүруi тиiс бағыт) туралы ақпарат, сондай-ақ транзиттiк операциялардың көлемiн тиiстi түрде инспекциялау және бағалау үшiн қажеттi жүктiң таза салмағы туралы мәлiмет болуы керек.
7-бап. Кедендік қамтамасыз ету
1. Кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi үшiн пайдаланылатын кедендiк мөрлер, пломбалар және бекiткiштер осы Қосымшаға 2-толықтыруда жазылған ең төмен талаптарға сәйкес болуы тиiс.
2. Екiншi Уағдаласушы тараптың немесе үшiншi елдiң кедендiк өкімет орындары орнатқан және 2-толықтырудың талаптарына сәйкес кедендiк мөрлер, пломбалар және бекiткiштер осы Қосымшаның мақсаттары үшiн қабылданады. Уағдаласушы тараптар осындай шетелдiк кедендiк қамтамасыз етудi жеткiлiксiз немесе сенiмсiз деп есептегенде, немесе тауарларды қарауды олардың кеден өкiмет орындары жүзеге асырған жағдайларда өздерiнiң меншiктi мөрлерiн, пломбаларын және бекiткiштерiн қою құқығын сақтайды.
3. Уағдаласушы тараптар бiр бiрiне кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитiнiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын кедендiк мөрлердiң, пломбалардың және бекiткiштердiң үлгiлерiн ұсынады.
8-бап. Мөрленетiн көлiк құралдарына қойылатын
техникалық талаптар
1. Осы Қосымшаға сәйкес кедендiк мөрлер және пломбалармен тасымалдануға арналған көлiк құралдары мынадай:
а) кедендiк мөрлер мен пломбалар қарапайым және сенiмдi әдiспен салынатын;
b) жүктер көлiк құралының мөр басылған бөлiгiнен зақымдалудың немесе кедендiк мөрлер мен пломбаларды жұлудың көрiнетiн iздерiн қалдырмай алынбайтын/немесе орнатылмайтын;
с) оларда тауарларды жасыруға болатын ешқандай құпия орындар болмайтындай;
d) тауарлар орналасатын барлық орындар кедендік қарау үшiн қол жеткiзуге оңай болып құрастырылады және жабдықталады;
және осындай көлiк құралдары осы баптың 2-тармағына сәйкес кедендiк мөрлермен және пломбалармен тауарлар тасымалын жүзеге асыруға жарамдылыққа мақұлдау алуы тиiс.
2. Уағдаласушы тараптар қандай да болмасын қосымша инспекциялаусыз басқа Уағдаласушы тараптардың құзыреттi органдары мақұлдаған көлiк құралдарын, сондай-ақ кедендік мөрлер мен пломбалар бар тауарлардың халықаралық тасымалына арналған қажеттi техникалық талаптар мен көлiк құралдарына мақұлдау алу рәсiмiне сүйенген халықаралық құжаттарға сәйкес мақұлданған көлiк құралдарын қабылдауға міндеттенедi.
9-бап. Мөрленбеген көлiк құралдарына қойылатын
ерекше техникалық талаптар
1. Кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi үшiн кедендiк өкiмет орындарымен мөрленбейтiн көлiк құралдары осы Қосымшаға сәйкес тауарларды жасыруға болатын ешқандай да орындар немесе қуыстар болмайтындай түрде құрастырылады және жабдықталады.
2. Тауарларды жасыруға болатын барлық кедендiк қарау үшiн қол жеткiзiлiмдi болуы тиiс.
3. Уағдаласушы тараптарда жоғары салық салуға жататын тауарлар/заттар мөрленбейтiн көлiк құралдарында транзитке жіберілмеуi тиiс.
4. Мөрленбейтiн көлiк құралдарында тасымалданатын тауарлар/заттар көлiк құралдарын қарау жүзеге асырылатындай және мүмкiндiгiнше ауыртпалық келтiрмейтiндей бiр сортты және стандартты орамдарда болуы тиiс.
5. Осы Келiсiмге сәйкес мөрленбейтiн көлiк құралдарында тасымалданатын тауарлар Уағдаласушы тараптардың кiру және шығу пункттерiнде кедендiк алаяқтықты/заңсыз iс-әрекеттердi болдырмау мақсатында міндеттi түрде кедендiк қарауға жатады.
2-БӨЛIМ
ӨЗАРА ӘКIМШIЛIК КӨМЕК
10-бап. Ақпаратты беру
Уағдаласушы тараптардың кедендiк өкiмет орындары өтiнiшi бойынша жедел түрде бiр-бiрiне:
а) оларға қатысты түпнұсқа екендігінде күмән болғанда олардың аумақтарында толтырылған және қабылданған кедендер жүк мәлiмдемелерiне қатысты хабарлар;
b) соларға қатысты олардың аумақтарында салынды деп мәлiмденген мөрлер мен пломбалардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты бередi.
11-бап. Дәлсiздiктер туралы хабарлама
1. Уағдаласушы тараптардың кедендiк өкiмет орындары осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес транзиттiк тасымалды жүзеге асыруға байланысты анықталған кедендiк жүк мәлiмдемесiндегi кез келген маңызды қате немесе кез келген өзге де дәлсiздiктер туралы ол iстi зерттеу, тиiстi баждар мен салықтарды жинап алу мүмкiн болуы үшiн, сондай-ақ осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшiн жедел және кiдiрiссiз хабардар етедi.
2. Жалған декларация/заңсыз iс-әрекеттер немесе кедендiк мөрлердiң, пломбалардың және т.б. бұзылуы жағдайында жауапкершiлiк Уағдаласушы тараптардың тиiстi кедендiк өкiмет орындарымен бұзушылық айқындалған мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес анықталуы тиiс.
3-БӨЛIМ. ҚОЙМАЛЫҚ ОБЪЕКТIЛЕР
12-бап. Транзиттiк жүктердi қоймаға қоюға рұқсат
Уағдаласушы тараптар олардың мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында екiншi Уағдаласушы тараптың аумағынан жөнелтiлген/немесе аумағына жөнелтiлетiн жүктердi уақытша қоймаға, әлде мұндай сақтау транзиттiк тасымалды жүзеге асырғаннан кейiн, әлде дейiн немесе осындай тасымалдың кез келген кезеңiнде, мысалы шекаралық пункте осы жүктердi үшiншi елдегi олардың ең соңғы жеткiзу пунктiне жөнелту үшiн жеткiлiктi мерзiмге кеденнiң қоймасына қоюға рұқсат етедi. Өз кезегiнде Уағдаласушы тараптар қызмет көрсетудiң барлық қажеттi құралдарымен жабдықталған, өрттен қорғауды және жүктiң сақталуын қамтамасыз етудi қоса алғанда, қойма бөлмелерiн ұсынады.
13-бап. Қоймаға қойылған жүктерге қатысты рұқсат етiлген
операциялар
1. Кеден қоймасына қойылған жүктерге қатысты оларды тиiстi жағдайды сақтау үшін қажеттi қарапайым операциялар рұқсат етiледi. Кедендiк рұқсатпен және бақылаумен жүргiзiлетiн осындай операцияларға тазалау, шаңды кетiру, партияны бөлшектеу, жөнелтудi қалыптастыру, тиеу және түсiру, сұрыптау және жарамсыз болған бумаларды жөндеу немесе ауыстыру, сондай-ақ оларды жөнелтудi бастауға дейiн желдету, кептiру, оңтайлы сақтау температурасы үшiн жағдай жасау, қорғайтын майлар мен консерванттар, тоттануға қарсы жабын кiредi.
2. Сондай-ақ жүктерге қатысты оларды сақталған орнынан алуды жеңiлдету және әрi қарай тасымалдау үшiн қажеттi қарапайым операцияларға жол берiледi. Кеденнiң рұқсатымен және бақылауымен жүргiзiлетiн осындай операцияларға қатарластыру, өлшеу және таңбалау, сондай-ақ тиеу-түсiру, толықтыруға немесе жұмыс қалпына келтiруге байланысты қарапайым операциялар, кедендер қойманың шегiнде тиiмдi орналастыру мақсатында орын ауыстыру жатады.
14-бап. Қоймаға қою құжаттары
Жүктерге қоймаға әкелiнгеннен кейiн коммерциялық немесе көлiктiк iлеспе құжат бойынша, мысалы жүк манифестi, мультимодальды тасымалға арналған құжат, көлiк жүкқұжаты, әуе тасымалына арналған жүкқұжаты бойынша немесе кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитi үшiн кедендiк жүк мәлiмдемесi бойынша қабылданады. Кедендiк қоймаға орналастырылған жүктер қоймаға қоюға қатысты ұлттық кеден талаптарына сәйкес болуы тиiс.
4-БӨЛIМ. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
15-бап. Жүктердiң белгiлі партияларының
бiрiншi кезектілігі
Кедендiк бақылаумен тасымалданатын транзиттiк жүктерге кедендiк тазалау жүргiзетiн кез келген кеденде Уағдаласушы тараптар тiрi жануарлары, тез бұзылатын тауарлары және басқа да шұғыл талап етiлетiн жүктерi бар, олар үшiн тез тасымалдау қажеттi шарт болып табылатын жүк партияларына басымдылық бередi.
16-бап. Қайғылы оқиғалар
Кедендiк бақылаудағы тауарлар транзитiнiң бағытында болатын қайғылы және өзге де ойламаған оқиғалар туралы қайғылы немесе өзге де ойламаған оқиғалар болған жерге жақын орналасқан, болғанды куәландыратын кедендiк немесе өзге де құзыреттi органдарға хабарланады.
17-бап. Тауарлардың жоғалуы немесе жойылуы
1. Уағдаласушы тараптар әдетте есептелетiн импорттық баждар мен салықтардан екіншi Уағдаласушы тараптың аумағынан/немесе аумағына кедендiк бақылаумен тауарлар транзитi режимiнде жөнелтiлген жүктер қайғылы оқиға салдарынан немесе кездейсоқ жағдайлардан жойылғаны немесе қайтарымсыз жоғалғаны сенiмдi дәлелденген жағдайларда, әлде жүктің өзiнiң сипатына қарай жеткiлiксiздiгi аталып өтсе босатады. Тауар-көлiк жүкқұжатындағы тауарлар құнының мәлiмдемесi тауарлар жойылған (бүлiнген) жағдайда баждар/салықтар мөлшерiн бағалау үшiн мiндеттi болуы тиiс.
Кеден органдарының дәлелдемелерi Уағдаласушы тараптардың iшкi
заңнамасына сәйкес болуы тиiс.
2. Осындай жүктердiң қалдықтары:
а) жөнелту елiне қайтадан әкетiлуi мүмкiн, немесе
b) кедендiк бақылаумен кiрiстерге шығыссыз жойылуы немесе тауарлық
жарамсыздыққа келтiрілуi мүмкiн, немесе
с) кедендiк өкiмет орындарының келiсiмiмен қандай да болмасын
қаржылық салдарсыз қазына берілуi мүмкiн.
18-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдау
Қауiптi жүктердi тасымалдау Уағдаласушы тараптардың iшкi заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
19-бап. Осы Қосымша ережелерінің орындалуына шолу
Уағдаласушы тараптардың кеден әкiмшіліктерiнiң өкiлдерi (транзиттiк
сауда жөнiндегi ЭКО комитетiнiң мүшелерi) Уағдаласушы тараптардың
қайсыбiрiнiң немесе Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнiң өтiнiшi
бойынша осы Қосымша ережелерiнің орындалу барысын бақылау үшiн жылына
кемiнде бiр рет мәжiлiске жиналады.
VII қосымшаға
1-толықтыру
КӨЛIКТIК ЖҮКҚАҒАЗДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
1. Көлiктiк жүкқағаздың мынадай ерекшелiктерi бар:
а) жүкқағаздың берiлген күнi және оның жазылған орны;
b) жөнелтушінің аты және мекен-жайы;
с) көлiк операторының аты және мекен-жайы;
d) тауарларды қабылдау орны мен күнi және оның жеткiзу орны;
e) алушының аты және мекен-жайы;
f) тауардың жалпы сипаттамасы және оны қаптаудың әдiсi, қауiптi
тауарлар жағдайында оларды жеткізуге жарамды деп мойындау;
g) қаптамалардың саны және арнайы таңбалау мен нөмiрлеу;
h) тауарлардың брутто салмағы және олардың көлемi;
i) тасымалдау жөнiндегi алымдар (тасымалдау, алымдар, қосымша
алымдар, кедендiк баждар және жеткiзу сәтiнен бастап басқа да алымдар);
j) кедендер үшiн қажеттi нұсқаулықтар және басқа нысандылықтар;
k) шарттың қандай да болмасын бабына қарамастан тасымалдау осы
келiсiмнің шарттары бойынша жүзеге асырылатынына қатысты мәлiмдеме.
2. Қажет болғанда көлiктiк жүкқағаздың мынадай ерекшелiктерi болады:
а) артық тиеуге тыйым салынғаны туралы мәлiмдеме;
b) жөнелтушi төлеуге мiндеттенетiн алымдар;
с) "үстеме төлемнің" сомасы;
d) тауарлардың құны туралы мәлiмдеме және жеткiзу кезiнде ерекше
қызығушылық тудыратын сома;
e) тауарды сақтандыруға қатысты жөнелтушiнiң көлiк операторына
нұсқаулықтары;
f) жүктi тасымалдаудың келiсiлген мерзiмдерi;
g) көлiк операторына берiлген құжаттар тiзбесi.
3. Тараптар орынды деп есептесе қалауы бойынша көлiк жүкқұжатына
басқа да ерекшелiктердi енгiзе алады.
VII қосымшаға
2-толықтыру
КЕДЕНДIК МӨРЛЕРГЕ, ПЛОМБАЛАРFА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
БЕКIТКIШТЕРIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЕҢ ТӨМЕН ТАЛАПТАР
Кедендiк мөрлер, пломбалар және бекiткiштер мынадай ең аз талаптарды
қанағаттандыруы тиiс:
1. Мөрлерге, пломбаларға және олардың бекiткiштерiне қатысты жалпы
талаптар:
а) берiк және ұзақ төзiмдi болуы тиiс;
b) жеңiл және тез салынуы тиiс;
с) жеңiл тексерiлуi және бiрегейлендiрiлуi тиiс;
d) бүтiндiгiн бұзбай немесе бұзылғандығының көрiнетiн iздерiн
қалдырмай алып тастау мүмкiндiгi болмауы тиiс;
e) қайта пайдалану мүмкiндiгiнiң болмауы;
f) көшiрме жасау немесе қолдан жасау үшiн мүмкіндiгiнше күрделi болуы
тиiс.
2. Мөрлер мен пломбалардың физикалық сипаттамасы:
а) мөрлер мен пломбалардың нысаны мен мөлшерi кез келген бiрегейлендiру белгiлерi жеңiл оқылатындай болуы тиiс;
b) пломбаның әрбiр құлағының мөлшерi пайдаланылатын бекiткiштiң мөлшерiне сәйкес болуы тиiс және бекiткiш мөрленген пломба кезiнде орнында мығым ұсталатындай болып орнатылуы тиiс;
с) пайдаланылатын материал кездейсоқ сынуды болдырмау, өз қасиеттерiн уақытынан бұрын жоғалтпау үшiн (ауа-райының жағдайларына байланысты, химикаттардың әсерiнен және т.б.) жеткiлiктi түрде берiк болуы және оларды ашуға талаптануды анықтау мүмкiндiгiнiң қасиеттерi болуы тиiс.
3. Бiрегейлендiру белгiлерi:
Мөрлер, пломбалар және бекiткiштер:
а) "Кеден" немесе "Customs" деген сөздер пайдаланылған кеден мөрi
екендiгi көрiнетiндей;
b) халықаралық қатынастар үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралының
тiркелу елiн белгiлеу кезiнде пайдаланылатын белгiлердiң көмегiмен мөрдi
және пломбаны қай ел салғаны көрiнетiндей;
с) мөрдi, пломбаны салған кедендiк қызметтi немесе, мысалы кодтық
әрiптер мен нөмiрлердi пайдалану арқылы, кiмнiң өкiлеттiлiгiмен
салынғандығын бiрегейлендiру мүмкiндiгi болатындай болып тиiстi түрде
таңбалануы тиiс.
VIII ҚОСЫМША
ТРАНЗИТТIК-КӨЛIКТIК YЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСI (ТКYК)
ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1-бап
TKYK өкiлеттiктерi және құрамы
1. Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесi Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң (TTFA) мақсаттарына жету үшiн жауапты. Ол Уағдаласушы тараптар арасындағы транзиттiк тасымалдардың мәселелерiн бақылайды, орындалуын қамтамасыз етедi және үйлестiредi.
2. Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнің құрамына шекараларды кесiп өтудi қамтамасыз ету және халықаралық тасымалдарға жәрдемдесу жөнiндегi ұлттық ведомствоаралық комиссиялардың төрағалары немесе Уағдаласушы тараптардың транзиттiк тасымалдар мәселелерiмен айналысатын жоғары лауазымды өкiлдерi кiредi.
3. Кеңес Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң мақсаттарына жету үшiн өз функцияларын орындауда сүйенетiн өзiнiң меншiктi көмекшi органдарын тағайындай алады.
2-бап
Кеңестiң мақсаттары және функциялары
1. Кеңес транзиттiк-көлiктiк мәселелердi реттеумен байланысты мәселелердi Транзиттiк тасымалдар жөнiндегi негiзгi келiсiмнiң контекстiнде қарайды:
а) Уағдаласушы тараптар оларды шешуге жәрдемдесуге келiскен Транзиттiк тасымалдар саласындағы ынтымақтастықпен байланысты барлық мәселелердi зерделейдi;
b) Уағдаласушы тараптардың арасындағы Уағдаласушы тараптардың аумақтарында транзит жағдайын жақсартуға бағытталған аймақтық жобалармен байланысты мәселелерде келiсiмге қол жеткiзудiң жолдарын қарастырады;
с) Уағдаласушы тараптардың арасындағы транзиттiк тасымалдарды реттейтiн жалпы қағидаттар мен ережелердi қалыптастырады;
d) Келiсiмнiң ережелерi мен оның қосымшаларын бiрыңғай түсiндiрудi және қолдануды қамтамасыз етедi;
e) Келiсiмдi жаңа талаптармен және технологиялық әзiрлемелермен сәйкестiкке келтiруге бағытталған шараларды қарайды;
f) Транзиттiк-көлiктiк мәселелермен айналысатын басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.
3-бап
Кеңестiң мәжiлiстерi
1. Транзиттік-көлiктiк үйлестiру кеңесi жылына кем дегенде бiр рет жиналады.
2. Хатшылық арқылы бағытталған кез келген Уағдаласушы тараптың өтiнiшi бойынша транзиттік-көлiктiк үйлестiру кеңесi және оның көмекшi органдары кезектен тыс мәжiлiстер өткiзе алады.
3. Транзиттік-көліктік үйлестiру кеңесiндегi және оның көмекшi органдарындағы төрағалық осы органдардың мүшелерiнің iшiнен жыл сайынғы негiзде кезекпен жүзеге асырылады.
4. Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнiң кезектi мәжiлiстерi Уағдаласушы тараптардың әрқайсысында кезекпен шақырылады, олар мәжiлiстi ұйымдастыруды және оған қатысушыларды өз есебiнен қабылдауды қамтамасыз етедi. Кезектен тыс мәжiлiстер келiсiм бойынша Уағдаласушы тараптардың кез келгеніне жоғарыда аталған балама шарттарда өткiзiледi.
5. Транзиттiк-көлiктiк үйлестiру кеңесiнiң және оның көмекшi органдарының төрағалары өздерiнiң функцияларын келесi төрағалар өздерiнің функцияларын орындауға кiрiскенге дейiнгi сессияаралық кезеңдерде де орындайды.
6. ТКYК Хатшылығының және оның көмекшi органдарының функцияларын ЭКО Хатшылығы жүзеге асырады.
4-бап
Кеңестің және оның көмекші органдарының шешімдері
1. Транзиттік-көліктік үйлестіру кеңесінің шешімдері консенсуспен қабылданады. Консенсусқа қол жеткізу мүмкін болмағанда және Уағдаласушы тараптардың қайсысы үшін болмасын көпшіліктің пікірін қабылдау мүмкін болмағанда Транзиттік-көліктік үйлестіру кеңесі немесе Уағдаласушы тараптардың бірі Транзиттік тасымалдар жөніндегі негізгі келісімнің 37-39
баптарының ережелеріне сәйкес мәселені төрелік арқылы реттеу туралы сұрауы
мүмкін.
2. Кеңестің көмекші органдарының шешімдері консенсуспен қабылданады
және Транзиттік-көліктік үйлестіру кеңесінің мақұлдауын алуы тиіс.
Консенсусқа қол жеткізу мүмкін болмағанда мәселені шешу
Транзиттік-көліктік үйлестіру кеңесіне беріледі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.