Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi мен Орман, балық және аң аулау шаруашылығы комитетi Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31 мекен-жайындағы ғимаратқа орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң теңгерiмiне көрсетілген ғимаратты беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен
Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттік органдармен келiсiм
бойынша осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың
орналастырылуына байланысты iс-шараларды қаржыландыру көзi жөнiндегi
ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.