Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 101 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi шаралар" деген 5-бағанында:
030 бағдарламасының 034 шағын бағдарламасы кодының 4-тармағындағы "3" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "3 құжат" деген сөздер "5 құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасына:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi шаралар" деген 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жобалау, геологиялық барлау және геофизикалық жұмыстарды аяқтау;
2. Ұңғымаларды бұрғылау және сынақтан өткiзу;
3. Магистралды газ құбырының құрылыс-монтаж жұмыстары, оның iшiнде құбыр өнiмдерi мен желiлiк бөлiктiң жабдықтарын сатып алу;
4. Бұрын бұрғыланған ұңғымаларды жою;";
3) көрсетiлген қаулының 6-қосымшасына:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) 4235 бақылау бекетiнде жер қойнауының жай-күйi мен жер асты суларын ластанудан қорғауды режимдік байқауды жүзеге асыру мен мемлекеттiк бақылау";
4) көрсетiлген қаулының 10-қосымшасына:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дербес компьютерлер - 15 бiрлiк, принтерлер - 9 бiрлiк, офис сканері - 4 бiрлiк, автоматты берiп тұрумен желiстiк сканерлеу үшiн сканер - 1 бiрлiк, үздiксiз қоректену көздерi - 10 бiрлiк, факс - 2 бiрлiк, телефондар - 4 бiрлiк, автоматты свич - 6 бiрлiк, модем - 15 бiрлiк.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жабдықтарды сатып алу: компьютерлер - 15 бiрлiк, принтерлер - 9 бiрлiк, офис сканері - 4 бiрлiк, автоматты берiп тұрумен желiстiк сканерлеу үшiн сканер - 1 бiрлiк, үздiксiз қоректену көздерi - 10 бiрлiк, факс - 2 бiрлiк, телефондар - 4 бiрлiк, автоматты свич - 6 бiрлiк, модем - 15 бiрлiк.";
5) көрсетiлген қаулының 11-қосымшасына:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында:
"25" деген сан "81" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мынадай материалдық-техникалық құралдарды сатып алу: сервер - 1 дана, желілік принтерлер - 3 дана, желiлiк ықшам коммутаторлар - 3 дана, желiлiк маршрутизатор - 1 дана, желiлiк модем - 1 дана, желiлiк кабельдер - 2 бума, желiлiк платалар - 20 дана, желілiк розеткалар - 50 дана.";
6) көрсетiлген қаулының 12-қосымшасына:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында:
"81" және "2" деген сандар "46" және "6" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: мынадай материалдық-техникалық құралдарды сатып алу: дербес компьютерлер мониторларымен - 23 дана, түрлi-түстi мониторлар - 5 дана, көшіргіш машина - 1 дана, сканер - 1 дана, принтерлер - 5 дана, үздiксiз қоректену көздерi - 2 дана, желiлiк коммутатор - 4 дана, желiлiк кабельдер - 4 бума, желілiк маршрутизатор - 1 дана, бағдарламалық қамтамасыз ету - 6 пакет.";
7) көрсетiлген қаулының 13-қосымшасына:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны 298305 мың (екi жүз тоқсан сегiз миллион үш жүз бес мың) теңге.";
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында:
001-бағдарламасының 001 - кiшi бағдарламасы кодының 2-тармағындағы "Аэроғарыш комитетiн" деген сөздер алынып тасталсын, "421" деген сан "329" деген санмен ауыстырылсын;
8) көрсетiлген қаулының 15-қосымшасына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар Жарлығының 6-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ереженiң 11-тармағының 11)-19) тармақшалары.";
4-тармақ ", Каспий қайраңының қазақстандық бөлігi бойынша мұнай операцияларына арналған келiсiм-шарттар мен конкурстарды дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Каспий қайраңының қазақстандық бөлiгi бойынша мұнай операцияларына арналған келiсiм-шарттар мен конкурстарды дайындау;";
3-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Өнiмдi бөлу туралы екi келiсiмде және Каспий қайраңының қазақстандық бөлiгi бойынша мұнай операцияларына арналған конкурстарда мемлекет мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету.";
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi