Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Америка Құрама Штаттарының жаңа дипломатиялық өкiлдігі объектiлерiнiң құрылысын салу үшiн Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жер учаскесiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Өзара түсiністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Yкiметінің атынан оған қағидатты емес сипаттағы
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, көрсетiлген
меморандумды жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Америка Құрама Штаттарының жаңа дипломатиялық
өкiлдiгi объектiлерiнiң құрылысын салу үшiн Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне жер учаскесiн
беруі туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама
Штаттарының Yкiметі арасындағы
ӨЗАРА ТҮСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
1-бап
Америка Құрама Штаттары Үкiметінiң Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Вашингтон қаласындағы (Колумбия округi): Солтүстiк-батыс жағындағы 16-шы көше, 1401, мекен-жайға орналасқан мүлiктердi жекеменшiкке сатып алуға берген құқығына айырбас ретiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне Астана қаласындағы Манас көшесiне орналасқан ("Ақбұлақ-4" шағын ауданы ауданындағы) 8,614 га жер учаскесi алаңын 49 жылға жалға алу құқығын бередi, ол - Америка Құрама Штаттарының дипломатиялық өкiлдiгi объектiлерiнiң құрылыстары үшiн қосымша төлемсiз әрқайсысы 49 жылдан тұратын ең кемi үш қосымша мерзiмге ұзартылу мүмкiндiгiмен, Америка Құрама Штаттары 300 000 (үш жүз мың) доллары көлемiндегi бiржолғы төлем төлеудi жүзеге асырады деген шартпен берiледi.
2-бап
Егер Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына шет мемлекеттерге жер учаскелерiн жекеменшiкке сатып алу құқығын беретiн өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Меморандум негiзiнде Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы (Колумбия округi) Солтүстiк-батыс жағындағы 16-шы көше, 1401, мекен-жайы бойынша ғимараттар сатып алуға айырбас ретiнде қосымша төлемсiз, жалға алу шеңберiнде жер пайдалану құқығын осы жер учаскесiне арналған жекеменшiк құқығына қайта ресiмдеуге
құқық береді.
3-бап
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен АҚШ-тың
Мемлекеттiк департаментiнiң Дипломатиялық миссиялар басқармасы алдын ала
мақұлдаған жағдайда, Тараптар мүлiктерi иелену және басқаға беру
құқықтарының, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан елдерден алған
ғимараттар мен жер учаскелерiне иелiк ету құқықтарының өзгермейтiндiгiне
кепiлдiк бередi.
4-бап
Америка Құрама Штаттарының Үкiметi қала салу мен сәулет саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайтын болады.
5-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның 1-бабында көрсетiлген жалға алынған жер учаскесi борыштардан, ауыртпалықтардан және үшiншi тұлғалардың құқықтарынан азат күйiнде берiледі.
6-бап
Халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей нормаларына, 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Меморандумның негiзiнде, Америка Құрама Штаттарының Үкiметiн берiлетiн жер учаскесiне қатысты салық пен алымның барлық түрлерiнен және басқа да төлемдер төлеуден, сондай-ақ Жалға алу шартын жасасуға және тiркеуге байланысты барлық шығыстардан, оның iшiнде (алайда, мұнымен шектелмей), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу кезiндегі нотариат, тiркеу және басқа алымдардан босатады.
7-бап
Дипломатиялық өкiлдiк ғимараттарының құрылысын салуға жұмсалатын барлық шығыстарды, сондай-ақ оны күтiп-ұстау мен жөндеудiң, электрмен, газбен, сумен және жылумен қамтамасыз етудiң, байланыс қызметiнiң шығыстарын Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтер мен тарифтерге сәйкес Америка Құрама Штаттарының Үкiметi дербес түрде төлейтiн болады.
8-бап
Америка Құрама Штаттарының Үкiметі жалға алған учаскедегi коммуналдық құрылыстардың техникалық жағдайын жасағаннан кейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi өз есебiнен немесе Астана қаласы әкiмшілігi есебiнен барлық қажеттi коммуналдық коммуникацияларға қосуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға уақтылы жәрдем көрсетуге келiседі.
9-бап
Америка Құрама Штаттарының Yкiметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген барлық қажеттi рәсiмдерді мiндеттi түрде сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi жер учаскесiнде жаңа ғимараттарды жобалау мен салу үшiн қажеттi құрылысқа арналған барлық рұқсаттарды, келiсiмдер мен бекiтулердi беруді ұйымдастыруға уақтылы жәрдемдесуге келіседi.
10-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның ережелерiн түсiндіру мен қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
11-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға, соның iшiнде осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның 2-тармағында көзделген, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Өзара түсiнiстік туралы меморандумның ажырамас бөлiктерi ретiнде жеке хаттамалармен ресiмделедi.
12-бап
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум қол қойылған күнiнен бастап
уақытша қолданылады және Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажетті
мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны
жiберген күннен бастап күшiне енедi.
__________________ қаласында 2002 жылғы "___"__________________
әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екі түпнұсқа данада
жасалды.
Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның қандай да бiр шарттарын
түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiліндегi
мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.