Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын
ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796
қаулысына мынадай
өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 9-жолда 4-бағандағы "Президенттік Іс басқармасы" деген
сөздер "Бас прокуратура" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.