Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына , "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1011 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегі конкурсты өткiзу үшiн мынадай құрамда комиссия құрылсын:
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Александр Сергеевич бiрiншi орынбасары, төраға
Өтембаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Epжан Әбілқайырұлы Әкiмшiлiгі Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
комиссия мүшелерi:
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Зейнолла Халидоллаұлы
Рахметов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы вице-министрі
Сәтқалиева - Қазақстан Республикасының Қаржы
Валентина Адамовна министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң
төрайымы
Есiмханов - депутат, Қазақстан Республикасы
Сағындық Өлмесекұлы Парламентiнiң Сенаты Экономика, қаржы және
бюджет жөнiндегi комитетiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша)
Қосмамбетов - депутат, Қазақстан Республикасы
Төлебек Қосмамбетұлы Парламентiнiң Мәжiлiсi Қаржы және бюджет
жөнiндегi комитетiнiң мүшесi
(келiсiм бойынша)
Зейнелғабдин - Республикалық бюджеттiң атқарылуын
Алтай Болтайханұлы бақылау жөнiндегi есеп комитетi
аппаратының жетекшiсi (келiсiм бойынша)
Әлжанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы Монетарлық операциялар департаментiнiң
директоры (келiсiм бойынша).
2. Конкурстық комиссия заңнамада белгiленген тәртіппен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2002 жылы жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшін тәуелсiз аудиторды таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзсiн және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын анықтасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі