Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне статистикалық есеп мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
статистикалық есеп мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
1) 70-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
"1-3) тағайындалған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн табыс етеді;";
2) 87-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "уәкiлетті органға" деген сөздерден кейiн ", статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 94-баптың 4-тармағы ", сондай-ақ сот шешiмiнiң көшiрмесiн статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне жiбередi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат):
10-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
3. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "бухгалтерлiк және статистикалық есептердi" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп берудi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi