"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сай дайындалған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынымына сәйкес және Алматы қаласы мен Алматы облысының өкiлдi және жергiлiктi органдарының пiкiрiн ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Алматы қаласының шекарасы оның шегiне Алматы облысының Қарасай және Талғар аудандарының жалпы алаңы 3723,0 гектар жерiн (қосымшаға сәйкес) қоса отырып өзгертiлсiн.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің "___"_________
N ____ Жарлығына
қосымша
Алматы қаласының шекарасына берілетін
Алматы облысы жерлері бөлігінің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
гектармен
------------------------------------------------------------------
Р/c! Аудандар ! Барлық ! Оның ішінде
N ! атауы ! жер !---------------------------------------
! ! !сүді.! көпжылдық !жайылым.!бау- !барлық
! ! !гер ! екпелер ! дықтар !бақ. !ауыл
! ! ! !-----------! !шалар!шаруа.
! ! ! !бар.!оның ! ! !шылығы
! ! ! !лығы!ішінде! ! !жайы.
! ! ! ! !баулар! ! !лымдары
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9
------------------------------------------------------------------
1 Қарасай 1075,5 54,5 43,1 43,1 533,5 - 631,1
2 Талғар 2647,5 - 58,8 58,8 1638,6 15,6 1713,0
Барлығы 3723,0 54,5 101,9 101,9 2172,1 15,6 2344,1
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы
---------------------------------------------------------
Р/с ! оның ішінде
N !--------------------------------------------------
!ормандар!су жайлаған! жолдар !құрылыс !барлық
! ! !салынған!салынған!өзге де
! ! ! ! !жерлер
---------------------------------------------------------
1 ! 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14
---------------------------------------------------------
1 186,4 2,5 42,0 133,1 80,4
2 734,0 17,0 20,6 52,1 110,8
Барлығы 920,4 19,5 62,6 185,2 191,2
---------------------------------------------------------