"Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн жалгерлiк ақының бiр бөлiгiн 1999 жылғы кезең үшiн тауарлармен төлеу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ) 65 000 000 (алпыс бес миллион) АҚШ доллары мөлшерiнде STAND BY қайтарымсыз аккредитивiн республикалық бюджетке төлеуге мiндеттi және STAND BY қайтарымсыз аккредитивiн пайдалана отырып, шартты бағалар бойынша ресей рыногында ресей ұйымдары мен кәсiпорындарынан ресей тауарларын сатып алуды жүргiзуге уәкiлетті заңды тұлға болып анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан тарабынан уәкiлеттi банк болып анықталсын.
3. "Қазақстан темiр жолы" ҰK" ЖАҚ:
1) STAND BY аккредитивiнің шеңберiнде тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жалпы сомасы 65 000 000 (алпыс бес миллион) АҚШ долларына ресей рыногында ресей кәсiпорындары мен ұйымдарынан тауарлар мен қызметтердi сатып алуға шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн;
2) 65 000 000 (алпыс бес миллион) АҚШ доллары сомасына STAND BY аккредитивiнiң шеңберiнде ашылған аккредитивтердiң орындалуы туралы хабардар еткен күнi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен есеп айырысу жүргiзсiн;
3) есеп айырысуларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақы төлеу күнiне белгiленген ресми бағамы бойынша теңгемен жүргiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
осы қаулы күшiне енген күнiнен бастап 30 күн iшiнде Ресейдiң Сыртқы экономикалық қызмет банкiмен банкаралық келiсiм жасассын;
Ресейдің Сыртқы экономикалық қызмет банкiнен STAND ВҮ аккредитивi сомасының кемiгендігі туралы растама алғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн STAND BY аккредитивінің шотынан ақша алғандығы туралы жазбаша хабардар етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, он күндiк мерзiмде Ресей тарабы мен Ресейдiң Сыртқы экономикалық қызмет банкiн Қазақстан тарабы уәкiлеттiк берген заңды тұлға мен оның деректемелерi туралы жазбаша хабардар етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі "Қазақстан темiр жолы" ҰK" ЖАҚ-қа арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде есеп айырысудың аккредитивтік нысанын пайдалана отырып, бюджетпен есеп айырысу үшiн шот ашсын.
7. Ресейдiң Сыртқы экономикалық қызмет банкi аккредитивтердi орындамаған және осының салдарынан оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орындаған жағдайда, "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ оларды орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шығыстарын өтейдi.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Александр Сергеевич Павловқа жүктелсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі