"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндiрілетін тауарлар мен көрсететiн қызметтердi конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің 2003 жылға арналған номенклатурасы бекiтілсiн.
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестіктерi құратын ұйымдардан өндiрiлетiн тауарлар мен көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды осы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнің 30 пайызынан кем емес көлемде, заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1435 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан өндiрiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2003 жылға арналған номенклатурасы
1. Азық-түлiк тауарлары:
1) нан, нан-тоқаш тағамдары;
2) макарон тағамдары;
3) консервіленген ет;
4) шұжық тағамдары.
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
1) тiгiн өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
3) арнайы киiм;
4) теріден тiгілген киiмдер және оның бұйымдары, терi бас киiмдер;
5) төсек-орын керек-жарақтары;
6) электротехникалық бұйымдар;
7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшiн қосалқы бөлшектер (сүзгiштер, электр сымдары, мәуесектер);
8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
9) мал байлайтын шынжыр;
10) рабица торкөзi;
11) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
12) тұрмыс, мектеп және кеңсе жиhазы;
13) кеңсе тауарлары;
14) құрылыс материалдары:
тротуар тақталары;
ағаш бұйымдары;
шегелер;
терезе және есiк жақтаулары;
15) қыл тазалау-мәуесек бұйымдары;
16) тығындау бұйымдары;
17) қатырма қағаз бұйымдары;
3. Қызмет көрсетулер:
1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
2) полиграфиялық;
3) салт-ғұрыптық;
4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерiн көрсету;
5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.