БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасын iске асыруды жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасының Ұлттық үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі