Жинақтаушы зейнетақы қорлары комиссиялық сыйақысының шекті шамасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 13 қаңтар N 2

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары комиссиялық сыйақысының 2003 жылға арналған мынадай:
      инвестициялық кіріс сомасының 15 пайыздан аспайтын;
      бір айға зейнетақы активтерінің 0,02 пайыздан аспайтын шекті шамалары белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об установлении предельной величины комиссионного вознаграждения накопительных пенсионных фондов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2003 года N 2

      В соответствии с пунктом 1 статьи 48 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить на 2003 год следующую предельную величину комиссионного вознаграждения накопительных пенсионных фондов:
      не более 15 процентов от суммы инвестиционного дохода;
      не более 0,02 процента в месяц от пенсионных активов.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
            Премьер-Министр
      Республики Казахстан