"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес, маңызды қорғану функцияларын орындайтын әрi ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Ертiс өңiрiндегi бiрегей қарағайлы ормандарды сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бегенев, Бородулиха, Бөкебай, Долон, Жаңасемей, Жарма, Канонер, Морозов, Новошульба және Семей орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Семей орманы" мемлекеттiк орман табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бесқарағай және Шалдай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ертiс орманы" мемлекеттiк орман табиғи резерваты" мемлекеттiк мекемесi болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын мемлекеттiк мекемелердiң ережелерiн бекiтсiн және оларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Құрылатын мемлекеттiк мекемелердiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына, ал осы аумақтардағы ормандар - "мемлекеттiк табиғи резерваттардың ормандары" - қорғалу санатына жатқызылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен құрылатын мемлекеттiк мекемелер жерiнiң шекараларын айқындауды қамтамасыз етсiн.
5. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкiмдiктерi құрылатын мемлекеттiк мекемелердің жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы аймақ шегiнде мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектiлерiн сақтауға және өсiмiн молайтуға терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, көрсетiлген жерлердiң сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн.
6. Құрылатын мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
7. <*>
Ескерту. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310
қаулысымен
.