Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Құқықтық саясат жөнiндегi кеңестiң 2002 жылғы 7-8 қарашадағы N 23-12/И-1020 мәжiлiсi хаттамасының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанында Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну стандарттарын әзiрлеу жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлу отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну стандарттарын әзiрлеу жөніндегi комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 28 қаңтардағы
N 102 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің жанындағы Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну стандарттарын әзiрлеу жөнiндегi комиссияның құрамы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлiмұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi,
төрағаның орынбасары
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы
Зауытбек Қауысбекұлы Мемлекеттік қызмет iстерi
жөніндегі агенттігінің
төрағасы (келiсiм бойынша),
төрағаның орынбасары
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Жанпейiсқызы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрi
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрi
Ким - Қазақстан Республикасының
Георгий Владимирович Әдiлет министрi
Сүлейменов Қайырбек - Қазақстан Республикасының
Шошанұлы Iшкi iстер министрi
Бұлғақбаев - Қазақстан Республикасы
Болатбек Ақылбайұлы Қаржы полициясы
агенттiгінiң төрағасы
Сапарбаев - Қазақстан Республикасы
Бердiбек Мәшбекұлы Кедендiк бақылау
агенттiгінің төрағасы
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы прокурорының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Нұриманов - Қазақстан Республикасы
Мақсұт Әнуарбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Әкiмбеков - Қазақстан Республикасы
Назымбек Қыздарбекұлы Премьер-Министрiнiң
Кеңсесi Қорғаныс және
құқықтық тәртіп бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Егiнбаева - Қазақстан Республикасы
Жанна Дачеровна Премьер-Министрiнiң
Кеңсесi Заң бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2003 жылғы 28 қаңтардағы
N 102 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну стандарттарын әзiрлеу жөнiндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы Мемлекеттiк қызметтер көрсетудi ұсыну стандарттарын әзiрлеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгi міндеттерi, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тiзбелерi мен оларды ұсыну стандарттарын, сондай-ақ әкімшілiк рәсiмдердi регламенттейтін және оңайлататын тиicті нұсқаулықтарды әзiрлеу және бекіту;
2) құқық қорғау органдарында мемлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
4. Комиссия жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тиiстi мемлекеттiк органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкiлдерiн, азаматтарды қатыстырып, тақырыптық мәжiлiстер өткізуге;
2) Комиссиядағы жұмыс үшiн ғалымдар, қоғамның белсендi өкілдерi, мемлекеттiк басқару органдары өкілдерi қатарынан сарапшылар мен консультанттарды және өзге де мамандарды тартуға;
3) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, талдамалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық құқықтық кесiмдердi алуға;
4) үкiметтiк емес ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлеу мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ескертулердi есепке алуды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауап беретiн төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Мемлекеттiк органдардан Комиссияның құрамына мемлекеттік орган бiрiншi басшысының немесе басшы орынбасарының деңгейiнде мәртебесi бар өкілдерi кiредi.
7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігiне (келiсiм бойынша) жүктеледі.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
9. Комиссия мәжiлiстерiнде қарауға арналған мәселелер тiзбесi қажеттiлігіне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.
10. Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша жөнелтiледi.
11. Комиссия мәжiлiсiнің нәтижелерi бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
12. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
13. Комиссия мүшелерінің айрықша пiкiрге құқығы бар, ол білдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжiлiсiнің хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
14. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгіне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен сиретпей өткiзiледi және оны төраға шақырады. Шұғыл шешiм қабылдау қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
15. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның мәжiлiсiне, сондай-ақ ұсыныстары қаралатын мүдделi мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалары қатыса алады.