Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi туралы келiсiмдi бекiту туралы
2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Президентi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮШ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАЛАРЫНЫҢ ТYЙIСУ НҮКТЕСІ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
өзара құрмет тұту, егемен теңдiк және аумақтық тұтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнің орналасқан орнын анықтау мақсатында
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Бұдан әрi үш мемлекеттің мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi деп аталатын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесi 4131.1 биiктiк белгiсiнде, Чатангат триангуляциялық пунктi бар Талас Алатауы жотасының су айрығында, оның Майдантал жотасымен тұтасатын ауданында орналасқан.
Үш мемлекеттің мемлекеттiк шекараларының осы түйiсу нүктесi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 3789.7 белгiсi бар биiктiктен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.99 километр, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан 4054.0 белгiсi бар биiктiктен оңтүстіккe қарай шамамен 2.61 километр және Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан 2850.5 белгiсi бар биiктiктен солтүстік-солтүстiк-батысқа қарай шамамен 4.63 километр қашықтықта орналасқан.
Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнiң мынадай координаттары бар:
Геодезиялық - В =42 0 15' 48".6 солтүстiк ендiк, L =70 0 56' 42".0 шығыстық бойлық;
Тiкбұрыштық - X =4 682 820.0, Y = 12 660 484.5.
Үш мемлекеттiң мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесінің орналасқан орны осы Келiсiмге қоса берiлiп отырған және оның орамас бөлiгiн құрайтын 1:50 000 масштабтағы бiрлесiп жасалған картада қызыл шеңбермен көрсетiлген.
Үш мемлекеттiң мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiнiң осы бапта көрсетiлген арақашықтығы мен биiктiктерiнiң белгiлерi, сондай-ақ геодезиялық және тiкбұрышты координаттары қоса берiлiп отырған карта бойынша белгiленген.
Координаттары мен биiктіктерінің белгiлерi 1942 жылғы координаттар жүйесiнде және биiктiктердiң Балтық жүйесiнде келтiрiлген.
2-бап
Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесiнен бастап мемлекеттiк шекара сызықтары iргелес мемлекеттер арасындағы мемлекеттiк шекара туралы тиiстi шарттарда қалай белгiленсе, солай өтетiн болады.
3-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жiберiлген күннен бастап күшiне енедi.
Шанхай қаласында 2001 жылғы 15 маусымда әрқайсысы қазақ, қырғыз, өзбек және орыс тілдерінде үш дана болып жасалды.
Топографиялық карта әрбiр мемлекет үшiн орыс тiлiнде үш балама болып әзiрленді.
Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндіруде келiспеушілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Қырғыз Өзбекстан
Республикасы Республикасы Республикасы
үшін үшін үшін